Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары

Организм үшін судың манызы өте үлкен. Ол көптеген органикалық және бейорганикалық заттарды, газдарды ерітіп олардың тасымаддануын, алмасуын қамтамасыз етеді; организмнің ішкі ортасын бірімен-бірін жөне сыртқы ортамен байланыстырады. Ересек адам денесінің 60%-ы, жаңа туған бала организмінің 80%-ы судан тұрады. Судың 70%-ға жуығы жасуша ішінде, 30%-ы оның сыртын-да орналасқан. Төулігіне организмге түсетін судың мөлшерімен, одан шығары-латын судың арасында қатаң тепе-теңцік болады. Организмде судың алмасуы электролиттердің алмасуымен тығыз байланысты. Судың алмасуы айналымдағы қанның көлемімен және осмостық қысымның деңгейімен реттелінеді. Айналым-дағы қан көлемі төмендеуі ірі артериялар мен жүрек қуыстарындағы көлемдік рецепторларды (волюморецепторлар) қоздырып, өлдостеронның түзілуін көбейтеді. Әддостерон бүйрек түтікшелерінде натрий иовдарының кері сіңірілуін үлғайтады. Натрий иондары қанның осмостық қысымын көтеріп, гипоталамус-тың осмостық рецепторларын қоздырады. Осыдан гипоталамустың супраопти-калық жөне паравентрикулалық ядроларында антидиурездік гормон (вазопрес-син) түзілуі артады. Ол бүйрек нефрондарының дисталдық өзекшелеріндегі эпи-

150

телий жасушаларының сыртқы қабығындағы У2-рецепторларын қоздырып, аде-нилатциклаза ферментінің белсенділігін артгырады. Осыдан жасуша ішінде цАМФ көп өндіріліп, протеинкиназа-А ферменті өсерленеді. Сол себептен жасуша ішіндегі суды өткізетін каналдар жасушаның сыртқы қабығымен бірігіп кетеді де, бүйрек өзекшелеріңдегі алғашқы несептен судың қанға қайта кері сіңірілуін қамтамасыз етеді. Осының нөтижесінде бүйректің несепті қоюландыру қызметі атқарылады.

Вазопрессиннід екінші қасиеті қан тамырларын жиыру. Ол қан тамырлары-ның тегіс ет жасушаларының қабықтарында — V,- рецепторларына өсер етіп, инозитолфосфатаза ферментін өсерлевдіреді. Содан инозитүшфосфат (ИҮФ) жөне диацшіглицерин (ДАГ) өндіріледі. Біріншісі жасуша ішіңде Са2+ иовдарын жүмыл-дырып, екішііісі протеинкиназа С ферментін өсерлендіріп, тегіс ет жасушалары-ның жиырьілуьш туывдатады.

Вазопрессиннің бүл екі әсері де жануарлар дамуындағы пайда болған қансы-раудан сақтандыруға бағытталған организмнің маңызды бейімделу жолдары. Біріншісінің нөтижесінде бүйрек өзекшелерінде судың кері қанға сіңірілуі болады да, айналымдағы қанның көлемін артгырады. Қан тамырларының жиырылуы нөтижесінде қан қысымы көтеріледі.

Су мен электролиттер алмасуының өзгеруі көптеген ағзалар мен жүйелердің қызметтері өзгеруіне және өмірге қауіп төндіретін гомеос-таздың қатты бүзылысы болып есептеледі.

Су мен электролиттер алмасуының барлық бүзылыстары екіге бөлінеді:

  • организмнің сусыздануы (гипогидратация), онын ауыр түрі — эксикоз;
  • организмнің сулануы (гипергидратация).

Олар өз алдына изосмостық (изотониялық), гипосмостық (гипото-ниялық) және гиперосмостық (гипертониялық) болып бөлінеді.

Осмостық белсенді заттардың мөлшерін судың көлеміне шағып есептеу қажет. Өйткені дене қызымы өзгеруіне қарай судың мөлшері де өзгеріп түрады және қан ллазмасының 94%-на жуығы ғана судан түрады. Сол себептен осмостық белсенді заттардың мөлшерін осмо-лялдық деп белгілеп, 1 кг судағы миллиосмоль өлшемімен (мОсм/кг Н20) өлшейді. Қалыпты жағдайда тіндер мен қанның осмолялдығы 280-290 мОсм/кг суға тең болады. Қан плазмасының осмолялдығын-да Na+ ең маңызды орын алады және ол осмостық әсерлі зат деп аталады. Сонымен бірге оның осмолялдығына глюкоза мен мочеви-наның азоты да қатысады. Осыған қарай қан плазмасының осмолял-дығы (Росм) мына өрнек бойынша анықталады: Росм = 2 Ө [Na+] плаз-мада + [глюкоза мг%] : 18 + қандағы зәрнәсілдің (мочевинаның) азо-ты : 2,88.

Мәселен: Na+ — 135 мМ/л,

глюкоза — 120 мг%,

қан зәрнәсілінің азоты — 14 мг% (5 м М/л) десек, сонда:

Росм =1 ө 135+120 : 18+14 : 2,88 = 281,5 мосм/л суда болады.

151Гипогидратация немесе сусыздану.

Организмнің сусыздануын, оның дөрежелерін жөне салдарларын ең алғаш XVII ғ. екінші жартысывда Өтебойдақ Тілеуқабьшұлы зертгеп анықтаған. Ол кісінін қолжазбасында хижраның 1060 ж. Есіл өзені тартьшып, кұдықтағы сулар жоғалып кеткені туралы баявдалады. Сонда адамдар мен жануарлар қатты шөлге ұшыраға-ны жазылады. Осыдан қанның қоюланатыны туралы дерек келтіреді. Организмнін сусыздануын бұл бабамыз: «дегду, кеберсу, күрғал кету» деп үш дөрежеге ажыра-тыпты. «Құрғап кету» бүгінгі тілмен айтқанда эксикозға дөлме дөл келеді.

Организмнің сусыздануы:

  • организмге су жеткіліксіз түсуінен (сусыз жерде адасып кеткеңде, өртүрлі апатгардың нәтижесінде адам сыртқа шыға алмай қалғанда, өңеш тарылуынан жұту бүзылғанда, ауыр сырқаттарда, шала туған балаларда, кейбір ми ауруларында т. б. жағдайларда адам су іше алмауынан);
  • судың организмнен тым артық шығарылуынан (іш өту, қүсу, қан кету, полиурия, гипервентиляция, қатгы терлеу, гиперсаливация, күйіктік ауру т. б. кездерінде тері жаралары арқылы т. с. с);
  • бүлардың біріккен әсерлерінен байқалады.
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету

Бизнес-жоба «Автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» Мазмұны Алғы сөз…………………………………………………………………………………………………… 3Кіріспе……………………………………………………………………………………………………… Жоба…

Емдік туризмдегі СПА технологиялар

Мазмұны: Кіріспе SPA технология туралы жалпы түсінік SPA пайда болу тарихы SPA…

Физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және нығайту

Тақырыбы: Физикалық және психикалық денсаулықты сақтау және нығайту Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім…

Ашу барда ақылға орын жоқ, өлең шумақтары

Ашу барда ақылға орын жоқ Ашу барда ақыл жоқ,саналы сөзім сөйлейд. Ашу-дұшпан,ақыл-дос,ашуға…