Мазмұны:

  • Кіріспе
  • SPA технология туралы жалпы түсінік
  • SPA пайда болу тарихы
  • SPA технологиялар және емдік мақсатта қолданылуы
  • Флоатинг дамуы мен эксперимент
  • Заманауи SPA технология- флоатинг маңыздылығы
  • Флоатинг беретін әсері
  • NUVOLA – заманауи флоат камера
  • Қорытынды

Кіріспе

SPA  классикалық және заманауи, медициналық және экзотикалық, дәстүрлі технологияларды біріктіреді. SPA-технологиялар көңіл-күй мен адамның  сыртқы келбетінің жақсаруына бағытталған сауықтыру және қалпына келтіру синтезі.

Қазіргі таңда SPA технология -әр түрлі класстағы, деңгейдегі және форматтағы SPA обьектілерде қолданатын әдіс пен құрал-жабдықтар деп түсіндіріледі. Бұл SPA кеңістікті арнайы таңдалған технологиялар, жабдықтармен толтыру, технологиялық жобалау базасы болып табылады.

SPA технология

Spa сөзі латынның sanus per aquam – «су арқылы денсаулық» сөз тіркесінен шыққан дегенді жиі кездестіруге болады. Бірақ бұл мағына дұрыс емес. Латын тілінің грамматикасында мұндай тіркес қате болып саналады, өйткені sanus сөзі «денсаулық» емес, «дені сау» дегенді білдіреді және «су арқылы денсаулық» тіркесі латыншаға aquae vi sanus, aqua sanatus деп аударылады.

SPA (СПА) – бұл теңіз суы, жылы су, минералды немесе тұщы су, теңіз балдырлары, дәрілік өсімдіктер мен шипалы балшықпен емдеу бағдарламаларынан құралған кешенді сауықтыру шаралары. Мақсатыденеңізге, жаныңыз бен рухыңызға жаңа дем беріп, сауықтыру. Сонымен қатар, SPA-ға фитнесс-бағдарламалар, диеталық, регенерациялау мен дене мен бет терілерін жасарту бағдарламалары да кіреді. SPA (СПА) деп тағы сумен емдейтін шипажайларды атайды.

SPA   пайда болу тарихы

СПА сөзі бельгиялық Спа курортының атауынан шыққан. Ол бірнеше ғасыр бойы бальнеологиялық курорт болған. Тіпті Петр І де ем алатын болған.  XVI ғасырдан бері Спа бельгиялық туристердің сүйікті мекені. XVII ғасырдан Британияның минералды сумен емдейтін емханаларын Спа деп атай бастады, тек XX ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл сөз жаңа мәнге ие болып, СПА деп қонақүйлердің Wellness-алқаптарын атайтын болды. В 1910ж Манхэттанда алғашқы Day-SPA салон  ашылды. Оны Элизабет Арден ашқан болатынгоду на Манхэттене (Нью-Йорк) появился первый, созданный предпринимательницей Элизабет Арден, основательницей одной из крупнейших косметических империй США.

SPA технологиялар жәнемақсатта қолданылуы

СПА технология-  әр түрлі деңгейдегі СПА да қолданылатын әдіс-тәсілдер. SPA-технология арнайы сезім мүшелеріне әсер ету арқылы адамның денсаулығын қалпына келтіру де жатады. Мысалы:

  • Көру
    • Табиғи элементтерді қолданған интерьер, арнайы видео тб
  • Есту
    • Арнайы музыка, тыныштық пен дауыстар композициясы
  • Иіс
    • ароматерапия
  • Дәм
    • Фитобар, гурманотерапия,

SPA емдеу шараларының мақсаты ағзаны релаксациялау, сауықтыру болып табылады. Емдеу шаралары кезінде қолданылатын амалдар тері қабаты арқылы адамның ағзасына әсер етіп, зат алмасу процесін, қан айналымын жақсартады, ағзадан токсиндер мен боқаттардың (шлак) шығуына ықпал етеді. SPA-дан шыққан адамның жалпы жағдайы жақсарып, өзін сергек сезініп, көңіл-күйі көтеріледі.

SPA  технологиялар идеалды болу үшін келесі параметрлерге сай келу керек

  • Обьекті концепциясының сәйкес келуі. Мысалы: минералды су көзі бар SPA орталықтарда, жетекші SPA технология болып бальнеотерапия болады, банно-сауықтыру комплексінде- термотерапия, DAY SPA болса эстетикалық күтім жасау,арнай программалар.
  • Әлемдік керемет SPA орталықтарында ерекше, қымбат табиғат тартуларын қолданады. Мысалы: аромамайлар, балшық, балдыр, тұздардан косметикалық заттар көолдануы. Құмды тек жағажайдан ғана емес, сондай ақ SPA процедуралардан да көре аламыз (танымал Мальдив массажы, ыстық құмы бар көрапшалармен массаж)
  • Жаңа бағыт Eco SPA арнайы табиғи алқапты қалалық жағдайда қолдану. Кез келген SPA форматында дизайнға, табиғи гармония жасау мақсатында экологиялық материялдарды қолдану.
  • SPA бизнесіндегі мамандар, тапсырыс берушілер мен консультанттар СПа технология мен технологиялық проектті жиі шатастырады.
  • СПА технология технологиялық проектілеуде негізгі орын алатын бөлік
  • Технологиялық проект – Спа технологияны анықтау, қолдану арқылы СПА кеңістікте технологияны таңдау, СПА жабдықтарын орналастыру, тұтынушыларды орналастыру функциясын жобалау әрекеті.

СПА технологиялар  клиенттерге бір немесе бірнеше спа технологиялық база бойынша көрсетілетін СПА процедуралар менюін жасауға мүмкіндік береді.

  • Аквамедитация (сумен емдеу)
  • Ароматерапия ( иістер арқылы сауықтыру емдеу)
  • Винотерапия( вино лозасын қолдану)
  • Гурманотерапия( шоколад,кофе, трюфель)
  • Криотерапия( суықпен емдеу)
  • Стойнтерапия( тастарды қолдану, массаж)
  • Термотерапия(табиғи, қолдан жылылықты қолдану)
  • Озокеритотерапия
  • Хромотерапия( гүлмен, күнмен)
  • Флоатинг
  • Терапия по Кнейпу

Заманауи SPA технология- флоатинг маңыздылығы

ХХ ғ АҚШ та аэрокосмос саласындағылар депривация әдесін қолдана бастады. Яғни ол адам сезім мүшелерінің бірнеше уақытқа сыртқы әсерлерді сезбеуі. Мұндай әдіс ағзаның тез қалыпқа келуі, сергек болуына әсер етеді.  Осыдан кейін Джон Лилли қарапайым адамға арналған әдісті-флоатингті тауып, оның техникалық мүмкіндігін одан да арттыра түсті.

Қазіргі кезде Флоат система («float» (англ.)- « ауада жүзу» ) – бұл адам мүшесіне сыртқы әсерлердің тоқтауына, ағзаның демалуына әсер ететін инновациялық жүйе.

Флоатинг дамуы мен эксперимент

Өткен ғасырдың 50 жылдары ғалымдарды мидың дұрыс жұмыс жасауы үшін арнайы сыртқы импулстардың әсері қажет пе деген сұраққа жауап іздеді. Жауап алу мақсатында  американдық нейрофизиолог Д Лилли мен әріптесі Джэй Ширли  Ұлттық психикалық денсаулық институтында флоат-камера жасау үшін эксперимент жүргізілген болатын.  Флоат камерада адам көлденең жатып аквалангпен демалған болатын. Кейіннен аквалангтан баст тартты, және тұщы судың орнына тұзды суды қолданды. Ол адамның батып кетуден сақтапғ су бетінде қалқуына жағдай жасады. Адам денесімен бір температура болу үшін арнайы термостат, жылыту жүйесі орнатылды.  Камера ішіндегі адам сыртқы әсерлерден толық алсытатылды. Жарықтан, дауыстардан, иіс және бастысы өз денесі сезілмейтіндей болды. Д Лилли 50 жылдан астам уақытта өзіне бірнеше эксперимент өткізді. Қазіргі кезде осы технология  пен флоат камераны әлемнің мыңдаған спа орталықтарында қолданады.

Процедураны қабылдау ерекшелігі

Сіз флоатинг –капсулаға енесіз, ол  сыртқы дауыстар мен жарықтан алыстатылған қақпағы бар жабық бассейн. Ішінде жарықты өосуға болады.Капсула сумен толтырылған(15-25 см тереңдікте) құрамында тұз ерітілген (500кг дейін). Тұздың әсерінен адам суға батпайды. Ауа мен судың температурасы адамның температурасына сәйкес(35,5-36 градус), яғн ол антигравитация сезімін береді. Процедура басында арнайы музыка қойылады. Бұл әдісті Д.Лилли 60 бұрын зерттелген болатын.

Байланыссыз (құрғақ) флоат жүйесінде сумен толтырылған ванна тұрады, оның беті матрас төселген, адам сол арқылы суға енбей ақ процедураны алады.

Флоатинг беретін әсері:

  • Физикалық, психикалық стресстен айырылу
  • Эндорфин мен бақыт гормонын бөледі
  • Бұлшықет ауруы, аяқ пен омыртқа ауруынан айырылады
  • Қан қысымын, ұйқыны қалыпқа келтіреді
  • Наркотик, алкоголь, табак дегендерге құштарлықты төмендетеді
  • Лимфодренаж жоғарылайды(тұз құрамындаңы магнии әсерінен)
  • Салмақты қалыпқа келтіреді. 1 сеанста 0,5 кг дейін тастауға болады.
  • Тері жасарады, жұмсарады, антицелюлитті әсері бар
  • Энергия мен адам күшінін қалыпқа келуі. 1 сағат ваннаны қабылдау бірнеше сағат ұйқыны орын алады.
  • Ойлау қабілетін жоғарылатады, есте сақтау қаблетін жоарылатады.

Бұл стрессіз жүктілік деп айтсақ болады. Флоатинг  дүниеге келетін баланы сыртқы стрессті жағдайлардан қорғайтыны дәлелденген. Флоатинг қабылдаған жүкті әйелдер мен балалары тез ұйықтайды, ұйқы мен тамақтану режиміне оңай үйренеді. Бірнеше жылдар бойы Батыстың жүкті әйелдері флоатингті қабылдайды. Ол мидың демалуына ,ал Эпсома тұзы токсиндердің сыртқа шығуына әсер етеді.

NUVOLA – заманауи флоат камера

  • СПА-модуль NUVOLA 1 сеанста өзіне бірнеше процедураларды қосады:
  • Релаксация+Гидромассаж+ Термотерапия+ Хромотерапия+геолимфодренаж
  • Сондай ақ пилинг, массаж, стоунтерапия, шоколадотерапия, обертование

NUVOLA экологиялық материалдармен жасалған ваннаға ұқсас, поливенилхлорид жапқышы бар.Осының әсерінен адам өз киімімен процедура қабылдаса болады. Ол Спа орталықтарда орын аз болғанда, қолданылуы да өте ыңғайлы. Қатты қабаты, адамды судан көтеріп, массаж жасаушыға ыңғайлап орналастырады. Сондай ақ 90 пайыз Спа-технологиялық процедуралар жасауға мүмкіндік береді.

Қорытынды

  • Қорыта келе, СПА технология көңіл-күй мен адамның сыртқы келбетінің жақсаруына бағытталған сауықтыру және қалпына келтіруге бағытталған. СПА технологиялар клиенттерге бір немесе бірнеше спа технологиялық база бойынша көрсетілетін СПА процедуралар менюін жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде флоатинг технологиясы танымал, ол жас баладан жүкті әйелдерге дейін стресстен құтылуға, миды тынықтыруға, энергиясын қайта қалпына келтіруге бағытталған процедура.
You May Also Like

Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі

Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке…

Сүтті және сүт өнімдерін сақтауға арналған үй

Сүтті және сүт өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда сүт өнімдерін өндіруге (дайындауға) қатысы…

Мектепке дейінгі заманауи білім беру жағдайында ата-аналар мен білім беру қоғамдастығын шоғырландыру, баяндама

БАЯНДАМА  Тақырыбы:  «Мектепке дейінгі заманауи білім беру жағдайында ата-аналар мен білім беру…

«Азаматтық және өнеркәсіп гимараттарын сумен қамту және әкету»пәні бойынша тест сұрақтары

«Азаматтық және өнеркәсіп гимараттарын сумен қамту және әкету»пәні бойынша тест сұрақтары. Мамандығы:…