Құрлық, су және әуе көліктерінің басты ерекшеліктері, құрамы және орналасуы. Өндірістің қоршаған ортаға әсері.


Тасымалдау алдында ескеретін факторлар:

жүктің көлемі,

жүктің салмағы,

тауарлардың құны,

арақашықтық,

транзит уақыты,

сенімділік,

көліктің қолжетімділігі,

тауардың бүлінуі

Құбыр желісі, құбыр тасымалы – көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау, сондай-ақ осындай тасымалдауға арналған құралдар, тетіктер, коммуникациялар жиынтығы.
Алғашқы мұнай құбыры Қазақстанның батысында: ұзындығы 154 км Доссор – Ракуша –Каспий мұнай құбыры

Дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбыры – “Достық” құбыры (5116 км). Ол Самара ауданынан Беларуське, Украинаға және Шығыс Еуропа елдеріне шығады.

Азия – Тынық мұхит аймағы елдеріне шығуға мүмкіндік беретін Қазақстан – Қытай мұнай құбырын салу жобасы жасалды.

Ол Атасу кенті (Қарағанды облысы) – Алашанкоу (Қытай) арқылы өтеді.
Ақтау – Баку бағыты бойынша Каспий арқылы Қазақстан мұнайын Баку – Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдауда республика үшін аса маңызды. Қазақстанда құбыр желісінің кеңінен салынып, пайдаланылуы нәтижесінде республиканың отын-энергет. балансында елеулі өзгерістер туды, мұнда мұнай мен газдың үлесі 70 – 75%-ға артты. Осыған орай Құбыр желісімен жүк тасымалдау көлемі де ұлғайды.

Автомобиль жолы –  автомобиль көлігінің жүруіне арнап салынған жол

Біздің елімізде aвтомобиль жолының жалпы

мемлекеттік,

республикалық,

облыс, жергілікті,

шаруашылық түрлері бар.

Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экономикалық орталықтар бір-бірінен алшақ болғандықтан жүк көп тасылады, яғни жол-көлік кешенінің жұмысына басқа елдерге қарағанда көбірек тәуелді.

Елімізде пайдаланатын aвтомобиль жолдарының ұзындығы 87,337 мың км, соның 17,67 мың км республикалық маңызы бар жолдар (93%-іне асфальт төселген), 69,667 мың км жергілікті жолдар (57%-іне асфальт төселген). Үш мыңнан астам көпірлер  бар.

Қазақстанның басты даңғыл жолдары:

Алматы-Астана-Қостанай;

Алматы-Петропавл;

Алматы-Талдықорған;

Алматы-Шымкент;

Қызылорда-Ақтөбе-Орал ауыл жолдары.

Өзбекстан мен Түркіменстан арқылы Иранның,

Түркияның, Пәкістанның теңіз порттарына шығатын халықаралық бағыттардағы автомобиль жолы

Темір жол көлігікөлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы рельс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады.

Темір жол — рельстермен  жүретін жүктерді және жолаушыларды тасымалдайтын бір түрі. Темір жолдың дәлме-дәл мәні — жер бетіндегі рельстермен жабдықталған қатынас жолдары және құрылыстары.

Темір жол көлігі 19 ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды.

Дүние жүзінде тұңғыш Темір жол көлігі 1825 Англияда Дж. Стефенсон салдырған ұзындығы 21 км “Стоктон – Дарлингтон” желісінде қатынады.

Бұдан кейін Темір жол көлігі 19 ғасырдың 30-жылдары Австрияда, Германияда, Бельгияда және Францияда пайда болды. 1830 жылда АҚШ-та, 1837 жылда Ресейде темір жол желілері ашылады. 1850 – 1870 жылда Азияда, Африкада, Оңтүстік Америкада, Австралияда салына бастады.

Су көлігіэнергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі.
Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды.

Әуе көлігі — әуемен жолаушылар, пошта және жүк таситын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен артықшылығы — жылдамдығында.

Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүз. соғыстан кейін пайда болды.

Франция мен Германияда көліктің бір түрі ретінде 1920 жылдан кейін дами бастады.

Ресейде алғашқы әуе жолы (Мәскеу—Төм. Новгород) 1923 жылы ашылды.

Ірі әуежайлар – О Хара (Чикаго), Хитроу (Лондон)

С) Ми шабуылы: Өнім/тауар үшін көлік таңдағанда қандай факторларды ескеру керек?

(Ж) Оқушылар жұппен негізгі факторлардың тізімін жасайды және сыныпта талқылайды. Мұның алдында мұғалім бір өнім үшін, мысалы, Үндістаннан Германияға апарылатын киім-кешек туралы шешім қабылдау үрдісінің мысалын көрсетуіне болады.

(Ж) Оқушыларға әртүрлі сценарийлер беріледі де, көлік түрін таңдау және өз таңдауларын негіздеу тапсырылады: қандай көлік түрі анағұрлым қолайлы болады? Сценарий мысалы: Аустралияның солтүстік-батысынан Қытайға темір рудасын, Кениядан Ұлыбританияға гүл мен көкөніс, Ресейден Украинаға газ экспорттау, Швециядан Таиландқа туристік саяхат

Факторлар: жүктің көлемі, жүктің салмағы, тауарлардың құны, арақашықтық, транзит уақыты, сенімділік, көліктің қолжетімділігі, тауардың бүлінуі және т.б.

Сценарий түрлері шексіз. Оқушылар алдымен көлік түрін өз беттерінше таңдап алып, сосын оны оның мүмкіндіктерін зерттейді. Оқушылар көлік маршрутына бірнеше көлік түрі енуі мүмкін екендігін есінде сақтауы тиіс

(С) Ми шабуылы: Өнеркәсіп қоршаған ортаға қалай әсер етеді? Экономикалық қызметтің қоршаған ортаға әсерінің (оң әсерін де, сонымен қатар теріс әсерін де) әр түрлі тәсілдерін қағазға сызып немесе проектормен көрсетіңіз.

(Т) Оқушылар шағын топтарда жұмыс істейді, олар өз идеяларын плакатқа түсіріп, сосын оны сыныпқа көрсетіп, таныстырады.

(Д) (қ) Оқушыларға қоршаған ортаға елеулі әсер ететін екі сала туралы ақпарат беріледі. Аляскада мұнай шығару және «Exxon Valdez» танкерінен мұнайдың төгілуі, Кениядағы, Шығыс Африкадағы туризм. Оқушылар осы салалардың қоршаған ортаға әсерін салыстырып, журналға мақала жазады. Оқушылар мұндай дамудың артықшылықтарынан басым түсетін кемшіліктер туралы пікірлерін де қосулары керек. Олар өнеркәсіп тудырған, тұрақты даму есебінен азаюы мүмкін экологиялық мәселелер туралы қорытындылар жасаулары тиіс.

Кейбір оқушылар айқын жаһандық жылынуды, мұнайдың төгілулерін, өндірістік қалдықтарды, визуалдық ластануды, мекен еті ортасының бұзылуын, пестицидтерді, су ресурстарының шектен тыс пайдаланылуын және т.б. байқамауы да мүмкін. Қоршаған ортаға сонымен қатар әлеуметтік және экономикалық жағдайлар енеді, мысалы, жергілікті халық пен олардың тек физикалық қасиеттері немесе биологиялық әртүрлілігі ғана емес, өмір сүру үшін қалай қаражат табатындығы, өмір сүру сапасы. Бұл сонымен қатар оң әсерлерді де ескеру қажеттігін білдіреді, мысалы, жергілікті халыққа жұмыс беру, мектептер мен ауруханаларға демеушілік көрсету, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, флора мен фаунаның тіршілік ортасын жақсарту (атом электр станциясы үшін қауіпсіз жер телімі жабайы табиғат үшін, оның кедергісіз дамуы үшін қолайлы).

You May Also Like

Музыка мамандығы

Мамандығым – мақтанышым! Музыка-адам жанын тебірентетін,ерекше күй кештіретін,көңіл-күй сыйлайтын өзге әлем. Ол…

Аталар мұрасы-халық қазынасы, Баяндама

Аталар мұрасы-халық қазынасы Баяндама Баяндаманың тақырыбы:  Аталар мұрасы-халық қазынасы. Аталардан қалған ұлағатты…

Лизингтің шығу тегі, пайда болуы

Лизингтің шығу тегі, пайда болуы. Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда…

Лагерьдегі қауіпсіздік ережелері

Лагерьдегі қауіпсіздік ережелері Әрбір лагерге келгеннен кейін бірінші минуттан бастап лагерь дүние…