Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Сабынның бала денсаулығына әсері және оны үй жағдайында жасау технологиясы »

 Орындаған: Мектепалды даярлық сынып оқушысы

Ануарбекова Айнара

Тақырыбы: Сабынның бала денсаулығына әсері және оны үй жағдайында жасау технологиясы

Мақсаты:

Сабының бала денсаулығына әсері және оны үй жағдайындағы дайындау технологиясын зерттеу, үйрену.

Міндеттері:

-Керекті мәліметтер жинап, сұрыптау.

– Сабынның бала денсаулығына тигізер пайдасын анықтау;

-Семей  қаласындағы ашық дүкендер мен кіші маркетердегі жуғыш заттардың маркаларын анықтау;

-Үй жағдайындағы  сабынының жасалынуын үйрену

Тақырыпты зерттеу өзектілігі:

Балалар сабынның шығу тархын, жасалу жолдарын және адам ағзасындағы биологиялық жағынан пайдасын анықтау,балалар экологиялық таза сабынды жасауға болатындығын белмеуі, мәліметтің аздығы.

Қолданылған зерттеу әдістері:

– Зерттеу жұмыстарының мәтінін талдау;

– Сауалнама ( ата – ана мен оқушылар)

– Иіс сабынының жасалу жолы;

– салыстыру, интервью, кеңес алу, мониторинг жүргізу.

– Жалпы қорытынды

Жаңашылдығы :Балаларға бұрын білмеген немесе толық мән бермеген кейбір әдістерді жеткізіп, адамдар арасында жанашырлық, достық, сыйластық қарым-қатынастарды нығайтуға өз үлесімізді қосу.

Зерттеу обьектісі: Мектеп оқушыларының сабын жасауын бақылау.

 Болжам:

Егер біз, балалар осы аталып отырған сабынның  адам ағзасына кері әсер ететін биологиялық жақтарын анықтап, жуғыш заттардың ішіндегі иіс сабынын үй жағдайындағы жасалу жолын ұсынсақ,онда яғни өз айналамызда денсаулығы жақсы жандар артады деп ойлаймыз

Күтілетін нәтиже:

Егер,біз иіс сабынның жасалу жолдары таныстырып көрсетсек,сабын туралы деректер мен дәйектерді балалармен біргелікте талқылап, тиімді іс- шаралар қолдана білсек, өз денсаулығына сын көзбен қарайтын, іс-әрекетін басқара білетін жастар саны артуына үлес қосамыз

 Кіріспе сөз

Қазір барлығын білгім келеді, қолымнан келмейтін істерді үйренгім келеді. Өмірдің толқынынан, көшкен көшінен қалғым келмейді.Әлемдегі болып жатырған жаңалықтарды  уақытында біліп отырғым келеді. Сабынның үйде жасалу жолы туралы ойды тәрбиешім айтты. Содан сабынның пайдасы,түрлері туралы үй жағдайында жасалу жолын зерттей бастадым.   Бұл сабын жасау түрін тәп-тәуір табыс табатын бизнеске де айналдыруға болады.  Ғаламтордан сабын жасау туралы өте көп, әрі қызықты мәліметтер табуға болады. «Өнерді үйрен де жирен» демей ме дана халқымыз.

Егер адам өмірін бағаласа барлық іске үйренуге талпынады. Ізденуі басқа балалар  қызығушылығын оятады екен, достарыммен біргелікте, таңғажайып табиғаттан алынатын – сабын және үй жағдайында жасалу жолдары туралы мағлұмат бермекпін.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I тарау

1.1 Сабынның шығу тарихы

1.2 Сабының түрлері,тандау және сақтау

1.2 Сабынның бала денсаулығына пайдасы

II тарау

2.1 Қара және иіс сабынның  жасау жолдары

2.2 Сабынның үй жағдайында  жасалу технологиясы

2.3 Балалар мен жүргізілген сауалнама

Қорытынды

Глоссарий

Қолданылған әдебиеттер

1.1 Сабынның шығу тарихы

Сабын [1] – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған.   Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен: Қара қойдың терісін, Сабындап жусаң ағармас…Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:

Сабының сақар болды дені келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін

Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі.     Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Синаөз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Алскифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын — кристалл қатты заттар, 220 — 270°C-та балқиды; ыстық суда, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге ұшырайды. Мысалы, RCOONa+HOH®R—COOH+ +NaOH. Мұндағы R радикал, егер ол кіші мән H, CH3, C2H5, C3H7-ге тең болса сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары. Оларды глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады. Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған. Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақар, конифоль, нафтен, т.б.) қолданылады. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда,глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар. Тоқыма, былғары, металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады. [2]

2.1 Сабынның  түрлері, таңдау және сақтау

Археологтар сабынның пайда болу тарихын алты мың жылға шегерсе де, адамдар оған ұзақ уақыт бойында жуыну бөлмесінен орын бермей келді. Олар балшықпен, ағаш ұнтақтарымен, ұнмен, желіммен, кеуектаспен, жұмыртқа сарысымен жуынды. Мәселен, XIV Людовик патша шарап араластырылған сумен ғана жунып, әтірмен шыланған. Тек ХІХ ғасырда француз ғалымы Луи Пастер көптеген сырқаттың себепкері бактерия екендігін дәлелдегеннен кейін, әлем жеке гигиенаның тазалығына көңіл бөле бастады. Сабынның мәртебесі осы сәттен бастап жоғарылай түсті.

Сабын деген не?

Сабынды алу үшін кем дегенде үш компонент керек: май (өсімдік немесе жануар майы), күйдіргіш натр (немесе күйдіргіш калий) және су. Жо-жоқ, құрамын көріп шошына көрмеңіз, терідегі май мен кірді ерітетін тап осы заттар саналады. Ғылыми тілмен айтсақ, классикалық сабын – бұл май қышқылдарының тұзы (натрий немесе калий).

Өркениет сабындарды айналып өте алмады, нәтижесінде оның құрамына бояғыштар, иістендіргіштер, пішін ұстап тұрушылар, консерванттар, біріктіргіштер сынды синтетикалық компоненттер қосылады. Мұндай сабын қарапайым суда да, теңіз суында да жақсы көпіріп, оңай сақталынады. Алайда, бұл артықшылық біздің теріміздің синтетикалық жаңалықтарды дұрыс қабылдамайтындығын ақтай алмайды. Аллергия, терінің құрғауы, қабыршақтануы, иммунитеттің жоғалуы – міне осылар көпірік пен жарқын түстердің, жағымды иістердің «ақысы». Сондықтан, ең жоғарғы сортқа табиғи майдан жасалған сабындар жатады.

Сабын түрлері

Балалар сабыны

«Балаларға арналған» деген сөзді естісек, сабынды дәстүрлі түрде қауіпсіз, таза деп қабылдаймыз. Дұрысы – бейтарап деу, себебі, бұл сабындардың стандартты өндірілуі аллергия тудыруға қабілетті компоненттерді қосуда тартыншақтайды. Сіздердің ашық, қанық түсті балалар сабынын көрмейтіндіктеріңізді осылай түсіндіреміз. Сондай-ақ, бұл сабындарға жұмсартқыш, емдегіш (ланолин, түймедақ, календула, жебіршөп т.б.) компоненттер қосылады. Бұлардың мөлшері жеткіліксіз болғанымен, сезімтал терілі немесе аллергиясы бар адамдарға абайлап қолдануға болады.

Косметикалық сабын

Француз тілінің сөздігіне үңілсек, toilette сөзінің екі мағынасын көреміз: біріншісі – «тазалау», екіншісі – «ретке келтіру». Иіссулық сабын (туалетное мыло) да дәл осындай қасиеттерге ие. Теріні тазарта отырып, күтім көрсетесіз. Себебі, косметикалық сабынның құрамына крем (сыртындағы орамында «крем-сабын» деген көрсеткіш болады), глицерин, дәрілік шөптердің сығындысы, ланолин, күтім көрсететін өсімдік майы кіреді. Косметикалық сабын күн сайынғы қолданыс үшін де жарайды, терінің құрғауын, қартаюын қайтарады. Алайда, бұл сабын қосымша күтімнің (крем жағу сияқты) қажеттілігін жоққа шығармайды.

Сабын-скраб.Аталған өнімді сатып алмас бұрын сабынның құрамындағы қатты бөліктерге дайын болу керек. Олар тері бетіндегі өлі жасушаларды алып тастау үшін енгізілген. Олар синтетикалық (мәселен, полиэтиленді) та, табиғи (ұсақ кофе, құлпынай сүйегі) да болуы мүмкін. Сол себепті, скрабты сабынды негізгі қолданысқа алмаңыз, онымен аптасына бір рет қана жуыну керек.

Парфюмерлік сабын

Барлық ерекшелігін сөзсіз түсіндіріп тұрған әдемі атау. Яғни, бұл сабынның тек қана иісін бағалаңыз. Сізге иіс ұнап тұрса да, ұзақ уақыт сақталып, иіссудың орнын алмастыра алады деп үміттенбеңіз. Бәрібір үнемдей алмайсыз. Іш киімдерді жусаңыз ұтылмайсыз, ұйқы алдында да жуынып қоюға болады.

Бактерияға қарсы сабын

Сөйлейтін атауы бар тағы бір сабын. Бұлардың құрамында 90%-ға дейінгі тірі организмдерді өлтіретін триклозан деген зат болады. Яғни, бұл өнім арнайы мақсатта қолданылады. Сабынды көкке шыққанда, теңізге барғанда, жараны тану кезінде залалсыздандырушы құрал ретінде пайдаңызға асырыңыз. Қиындығы көп терімен күрес үшін антибактериалды сабынды сатып алу үлке қателік. Бұл сабынды күнде қолдану арқылы терінің иммунитеті мен дымқылдылығын құртасыз.

Шипалы сабын

Сабындар шипалы сығындыларымен жиі мақтанғандығымен, олардың концентрациясы емдеуге қабілетсіз болып келеді. Алайда, саны көптің арасында сапалылар да бар. Тек маман кеңесімен таңдасаңыз жетіп жатыр. Мәселен, қарамайлы сабынды синтетикалық түстендіргіш, иістендіргіштерсіз дайындайды. Қайың қарамайының қою, өткір, шайырлы иісіне екінің бірі шыдай бермейді. Қарамай мен күкірт – халықтың тері қиындықтарымен күресте мойындаған құралы. Қабыну, іріңдеу, ұшыққа қарсы қолдансаңыз болады. Алайда, барлық теріге бірдей қолдануға тыйым салынады.

Табиғи сабын

Ең алдымен еске салатынымыз: табиғи сабын мен қолдан жасалған сабын бір емес. Қанық түстер мен жағымды иістер арнайы бояғыштар мен иістендіргіштердің (шиенің, шабдалының, жасыл алманың, құлпынайдың эфир майлары, бұлар табиғатта кездеспейді) қосылғандығынан хабар береді. Қолдан жасалатын сабындарға да күйдіргіш сода мен май қосылады. Бұл жерде сабын қайнатушының арына байланысты, ол қандай шикізат қосады, мәзірін дұрыс жасай ма? Себебі, сабын қайнату асқан жауапкершілікті, пропорция бақылауын талап ететін жұмыс. Бір грамм майдың жетіспеуінің өзі химиялық күйікке апаруы мүмкін. Екінші жағынан сабын қайнатушы нағыз маман болса, жолымыз болды дейік. Ондай сабын кокос, пальма, жүгері, манго, жожоба, майларымен, глицерин сығындысымен, бал, сүтпен байытылады. Екеуінің де сыртқы түрі сүйкімсіз болғанымен, құрамы әлдеқайда сапалы болады. Табиғи сабын алғыңыз келсе, глицериндіге тоқтаңыз, олар түссіз әрі біртегіс келеді.

Калий сабыны Бұл сабынды сұйықтардың қатарына жатқызуға болады, дегенмен сыртқы көрінісі пастаны немесе сары майды еске түсіреді. Өндіру үшін күйдіргіш сақар (поташ) мен улы калий қолданылады екен. Дәл осы әдіспен хаммамға (түрік моншасы) арналған атақты бельди дайындалады. Бельдидің 30 пайызын ұнтақталған дәрілік шөптер құрайды. Моншаға арналған сабын скрабты, нәрлендіргіш, жұмсартқыш құралдарды алмастыра алады. Бельдиді қолдану үшін моншаға бару міндетті емес, өзіңізді еркелеткіңіз келсе үйде де жуыныңыз (өте қатты қабынуларға қарсы пайдаланбаңыз). Кемшілігі – сабынды кетіру үшін едәуір уақыт жұмсайсыз.

Сабынды қалай сақтау керек

Үй шаруасындағы қыз-келіншектің көпшілігі сабын суланып, езіліп тұрса да, тұрақты қалпын жоғалтпайды деп ойлайды да, сабын салғышқа қалай болса солай салып қояды. Шын мәнінде, сабын, әсіресе табиғи болса, қасиетін жоғалтып алады. Олар шектен тыс дымқылды ұнатпайды. Пайдаланып болғаннан кейін жақсылап шайып, шамаңыз келгенше құрғаққа қойыңыз. Сабын салғышта суы сорғитын тесік болса тіптен жақсы. Әлі басталмаған сабынды құрғақ, қараңғы жерде, табиғи сабынды қағазға орап сақтаңыз

Сабынды күнде қолданамыз. Алайда қарапайым сабын түрі теріні құрғататыны белгілі. Ол сабынмен бет терісін жуған дұрыс па? Денені ше?

Бет терісі нәзік, сезімтал келеді. Күнделікті жағылатын макияж бояулары мен күні бойы жиналған май, шаң-тозаңды жуу кезінде теріні қатты зақымдай аламыз. Қазірде бұл мақсатта сабынды жуынуға арналған гель мен көбіктер алмастырды. Бұл бет терісінің саулығы мен сымбаттылығына үлкен көмегін береді.

Қарапайым иіс сабынның ортасы сілті болады, сол себепті оны тұрақты түрде қолдану бет терісінің сыртқы қорғаныс қабатын бұзады. Тері ылғалдығынан айырылып, түрлі бактерияларға төтеп бере алмай қалады. Сабынды қолдану терінің қозуына, қабыршақтану мен қабынуына әкеле алады.Ал жуынуға арналған гель, көбіктердің рН көрсеткіші 5,5-ке тең. Бұл оның ортасы қышқыл екендігін көрсетеді. Бұндай құрал эпидермиялық қабатты зақымдамай, терінің ылғалдылығын сақтап, бактериялардың дамуына жол бермейді. Құрамында болатын қосымша ылғалдандырғыш және антибактериалды компоненттер теріге қосымша күтім көрсетеді.

Бетті жууда сабын емес, жуынуға арналған арнайы құрал қолданған әлдеқайда дұрыс. Алайда қазірде көптеген косметикалық компаниялар жуынуға арналған құралдарды үйреншікті сабын ретінде шығаруға көшті. Бұндай сабындар барлық шарттарға сай, ортасы сілтіден тұрмайды, ал құрамындағы пайдалы компоненттер жуынуға арналған гель мен көбіктерден еш кем емес.

Бет жуатын құрал таңдау

Жуынатын құралды қатты не гель түріне байланысты емес, сіздің теріңізге жағатындығына байланысты таңдау керек.

Құрғақ теріге крем тектес сабын не жуынатын құрал алу керек. Ол теріні тазалап, ылғалдандырады. Оның құрамында глицерин мен вазелин болған дұрыс. Бұл құрамдас бөліктер терінің қорғаныс қабатын қорғап, қалпына келтіреді. Мұндай сабын қатты көбіктенбей, оңай шайылады, сол себепті теріні құрғатып, тартып тастамайды. Құрғақ теріге арналған сабынға кокос, зәйтүн, ши майлары қосылғаны дұрыс.

Майлы теріні қабынуға қарсы компоненттері бар сабын не жуынатын гельмен жуып жүрген дұрыс. Қырмызы не шай ағашының экстракты сынды құрамдас бөліктер терінің майлануын азайтып, безеу шығуының мүмкіндігін кемітеді.

Пилинг-сабынның құрамында теріні терең тазалайтын бөліктер болады. Бет терісі үшін мұндай сабын тым қатты болады, оны денеге аптасына 2-3 рет қолданған дұрыс.

Бет терісін ретімен жуыңыз

Біріншіден, беттегі бояуды арнайы сұйықтықпен сүртіп алу қажет. Косметиканы бірден сабынмен не жуынатын гельмен жуған дұрыс емес. Ол бояуды соңына дейін кетірмей, бет терісін зақымдай алады. Макияжға арналған сұйықтықпен бояуды кетіргеннен кейін ғана бетіңізді арнайы сабынмен не гельмен жуыңыз. Бетті ақырын, мұқият тазарту керек, әсіресе, көз маңындағы теріні абайлап жуу керек. Артынан бетті тоникпен сүртіп, крем жаққан дұрыс.

Сабын туралы 3 аңыз:

Қарапайым сабынмен бет терісін жууға болмайды, бірақ ол дене терісіне жаға береді. Әрине дене терісін иіс сабынмен жууға болады, алайда сіздің теріңіз құрғақ болса, жуынуға, душқа арналған гель қолданғаныңыз дұрыс.

Кір сабын сабындардың арасында табиғи, сондықтан пайдалы. Кір сабынның құрамында химиялық қосындылар аз, алайда оның сілтілік көрсеткіші иіс сабындардан да асады. Ол теріңізді

Небір жарнамадан бактерияға қарсы сабындардың күші мен пайдасын айтып жатады. Бактерияға қарсы сабындар ағзаны кез келген зиянды заттардан 100% сақтайды деседі. Алайда, Америка дәрігер-ғалымдары оның пайдасынан залалы көбірек екенін анықтады.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Америка ғалымдары бактерияға қарсы сабындардың онкологиялық ауруларға жол ашатынын дәлелдеді. Көбіне бұл сабындарды спортшылар қолданады екен. Өзгелерге қарағанда олар тұмау, суық тию, тері ауруларына жиі ұшырайды. Бактерияға қарсы сабындар адам ағзасындағы сыртқы ортадан сақтайтын микробтардың көзін жойып, зиянды бактериялардың орналасуына жол береді.Бактерияға қарсы сабынмен тұрақты түрде жуыну теріні құрғатып жібереді. Сондай-ақ, терідегі қорғаныш қабықшасын жұқартады. Мұның салдарынан тері аурулары пайда болады. Бұл сабындар бетке әжімнің ерте түсуіне жол ашады.Бактерияға қарсы сабындарды қолдану тері рагына, инфекциялық созылмалы ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Оны әрдайым пайдалану өте қауіпті. Бұл сабындарды қажетіне қарай пайдаланған жөн. Мысалы, жарақат алып, инфекция түсіп кету қаупі төнгенде бұл сабындарды қолдануға, ит-мысықты ұстап, кейін қолыңызды бактерияға қарсы сабынмен жууға болады. Ал тұрақты түрде онымен жуынуға, бет-қолды ысқылауға, моншада пайдалануға болмайды. Сондай-ақ, бұл сабындармен жас балаларды шомылдыруға болмайды.

Бактерияға қарсы сабындардың сұйық гель түрі де бар. Екеуінің құрамы бірдей болғандықтан, ағзаға деген зияндығы да бірдей. Бактерияға қарсы сабын мен оның сұйығымен шаш жууға, денені ысқылауға болмайды.Әдетте, бактерияға қарсы сабын құрамында триклокарбан немесе триклозан элементтері кездеседі. Екі элемент те ағзаға кері әсерін тигізеді. Триклозан аллергиялық ауруларды, ал триклокарбан болса, эндокринологиялық ауруларды туғызады.

Жарнамаларда бактерияға қарсы сабындар иммунитетті күшейтеді деп айтып жатады. Керісінше, бұл сабындар иммунитетті әлсірететіне көз жеткізуге болатындай.

  1.3 Сабынның бала денсаулығына пайдасы

  Әдетте кірсабынды киім жуғандағы көмекші құрал ретіндеғ ана пайдаланамыз. Ал, біле білсеңіз, оның адам денсаулығына тигізер

пайдасы жетіп жатыр. Мәселен, баланың қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.

Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі.

Сондай-ақ, аптасына екі рет бетті кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.

Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны (веник) кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып, денеңізді сергітуге жақсы көмектеседі.

Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.

Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да пайдалы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.

Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.

Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.

Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер метал заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, аууханаға жеткізуден бұрын шұғыл алдын алу шарасын жүргізуге болады. Оны қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберугеболмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500 мл, ал балаларға 100-200 мл ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және матал заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады

Күйікке (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады. Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер метал заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, емханаға жеткізуден бұрын шұғыл құтқару жүргізуге болады.Қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500ml, ал балаларға 100-200ml ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және матал заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады.

Күйікке (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.

2.1 Қара және иіс сабынның жасалу жолдары
Бағзы халқымыз көшіп – қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір – қоңын, киім – кешегін, көрпе – жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй – іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес.

Сақар – күлден шығады
Бізде мұны «қара сабын» деп атайды. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Әуелі, сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған алаботаны бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның қапағын кептіріп, соның да күлін пайдаланатын болды. Алаботаның күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек – кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт – бес қалта (дағар) күлден, жарты қалта сақар алынады. Қалтадағы күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жұқа бұл жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына үлкен тегене қояды, күлдің үстінен сақылдап қайнаған суды құяды. Сол кезде күлдің сөлі, нәрі сумен бірге ағып, тегенеге жиналады. Сол суды тұнытып, астындағы тұнбасына қоспастан майланған қазанға құйып қайнату керек. Нілі сорғыған күлді ауыстырып, жаңалап, астындағы жиналған суды тұндырып, майланған қазанға дер уақытында құйып алу керек. Қарағай, қайың, тораңғы секілді бір қалыпты маздап жанатын ағаштармен қайнаған күлдің суы құрғақ сақарға айналады. Төрт – бес қазан күлдің сөлді суынан жарты қазан сақар жинауға болатынын ескерсеңіз, қыруар еңбектің жемісі арқылы келетінін бағамдай беріңіз. Мұнда ескеретін бір жайт, күнбағыстың яки алаботаның күлі болса да, оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғаны өте маңызды. Әдетте, тегенедегі күл суының түсі қызылкүрең бояуға жуық. Оны қайнату барысында, алған сақарыңыз майда, уытты болады. Бұл өзара қоспалар арқылы ажырату әдісі. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек. Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен қайнатар болсаңыз, үш – төрт күн қатарынан нілді суды қайнатқанда, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлай аласыз. Мұны үш – төрт түтін бірігіп, бірге алабота өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасап та жатады. Есесіне, үш – төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады.
Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де жетерлік. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары.

Қара қазан қайнаған
Біз сабынға қажетті ең негізгі қоспаны алуды үйрендік делік, енді сабынды қалай жасауға болатынын айталық. Ауыл – аймақта сабын жасау үрдісі үш – төрт ақ жаулықтыға ғана бұйыратыны бар. Өйткені, сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып – төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден «бісімілләны» айтып, Алладан игілікке істеуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды. Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салсаңыз, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосасыз. Бұл жерде қандай малдың немесе ненің майын қосуыңызға байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгеруі де мүмкін. Қазаныңыз үлкен болса, үш – төрт кесе сақар салып, соған сай май құясыз да, еппен қайната бастайсыз. Қазаныңыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырыңыз. Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды. Р рет қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отырасыз. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаңыз басын болды деуіңізге болады. Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі – үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар көбінесе кір – қоң жууға арналады. Жалпы, сабынды көптігіне қарай, үшке, беске, жетіге бөледі. Тақ санға бөлудің де өзіндік мән – маңызы бар екендігі анық. Кейде сабын әбден даяр болғанда оның ішіне жуылған, майдалап түтілген жүнді қосып жатады. Бұл жыл бойы істету үшін домалақтап жасаған сабыныңыз бөлініп кетпес үшін қолданатын амал.
 Бұзаушық
Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сынды. Бұл өзі михнаты көп жұмыс болғандықтан әрі кім көрінген жасай бермейтіндіктен, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, сабын қалап – сұрайтыны бар. Қазандағы сабынды үлкен шүберектерге әртүрлі деңгейде ораған соң, қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай ғып, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны бұзаушық деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда істетіледі. Мынау сенің бұзаушығың деп, қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Кейде көрші – қолаңның келіндері қасына жас баласын ертіп келетіндіктен, баласына арнайы бұзаушық жасап та беретін болған. Ауыл – аймақ сабын сұрап келсе, өзінен артылғанын беру дағдылы іс. Бірақ үлкен сабынды ортасынан бөліп, жартысын беру дәстүрі жоқ. Ондай кезде сабыннан берекет, үйден құт кетеді деп ырымдайды.

2.2 Сабынды үйде жасап үйренейік

Үй жағдайында сабын қайнату – өте жағымды және шығармашылық процесс. Өйткені, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды қосып, кез келген рецепт бойынша дайындай аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін жасауыңызға болады. Қысқасы, өз қиялыңыз жеткенше жасай беруініңзге болады. Ал сабын қайнату процесі әркімге де ләззат сыйлайтыны сөзсіз.Сабын жасау үшін:үккіш,ыдыстар(кішкентай және үлкен),бояу мен қоспасыз балалар сабыны,сабынның массасын езуге таза су немесе шөп қайнатпасы,глицерин және Е дәрумені,эфир майлары,сабынға арналған қалып(міндетті түрде сабынға арналған емес,кез келген пластмасса,шыны т.б),сұлы ұны,май (зәйтүн майы,бадам майы,өрік,шабдалы т.б)

Үлкен және кішкентай екі кастрөлді алыңыз. Үлкеніне толтырмай су құйып, отқа қойыңыз. Кіші кастрөлді үлкенінің ішіне салыңыз – осылайша су моншасын жасайсыз. Енді балалар сабынын ұсақ үккіштен өткізіңіз (оны алдын ала жылытып алуға болады) немесе арнайы сабынды негізді дайындаңыз.

Үлкен кастрөлдегі су қатты қызғанда, кішкентай кастрөлге аздап зәйтүн майын құйыңыз – әр 100 гр сабынға 2 ас қасық майдан есептеңіз. Май бірден дерлік ысиды, енді оның үстіне сабын ұнтағын себу керек. Артынша 100 мл ыстық су (не шөп қайнатпасын) құйып, араластырыңыз. Егер сіз сабынды арнайы дайын негізден жасасаңыз, су құйып қажеті жоқ. Егер балалар сабынынан қайнатсаңыз, қоспаның тым қою болып кетпеуін қадағалаңыз – оның консистенциясы құймаққа арналған қамырға ұқсас болуы тиіс, ал сабынды негізден жасалғаны біршама сұйық болып шығады.

Сабынға бояғыш, қоспа және дәрумендерді қосыңыз. Эфир майларын ең соңында, қалыпқа құяр алдында қосасыз.

Қоспаны қалыптарға құйыңыз. Балалар сабынынан жасалған қоспа болса, қалыпты алдын ала майлап алған дұрыс (зәйтүн, шабдалы, өрік, бадам майы, т.б.)

Жасалу жолы осымен аяқталды, енді қалыпқа құйылған балалар сабынының негізіндегі қоспаны 4-5 сағатқа, ал сабынды негізден қайнатылғанын 1-2 сағатқа қойыңыз. Осы уақыттан кейін сабынды қалыптан алуға болады. Егер оңай шықпаса, қалыпты бірнеше секундқа ыстық суға батырыңыз. Дайын сабынды целлофан немесе аспаздық қаптамаға орап қою қажет.

Мен үйде сабын жасадым..

Үй жағдайында жасалатын иіс сабынның бірнеше жасалу түрлері:

1-.Балаларға арналған сабын -4-5 дана.

-Су,шай 200 мл

-Шырғанақ майы — 200 мл.Ингредиенттерді қалауынша алады. Эфир майы.Е дәрумені,скраб,кофе.

2.“Балды” глицеринді сабын,суда ерітеміз және оған 3 ас қасық шырғанақ майые құямыз,2 ас өасық бал саламыз.Қосымша мандарин,апельсин сұйықтығынан бірнеше тамшы құямыз.

3.Сабын алу үшін натрий гидрооксидін, дистильденген су, ақ жусаннан алынған 3-4 тамшы эфир майы мен 20 грамм құйрық май қажет. Қоспаларды қайнатып, пішінге келтіріп, түсін таңдаймын. Бір сабын алу үшін бір апта уақыт кетеді.

2.3 Балалар мен жүргізілген сауалнама
( Даярлық топ шағын орталық балалары)

1.Сабынды  жиі қолданасыз ба?

а) иә б)кейде в)жоқ

2.Қара және иіс сабынның зиянын қаншалықты білесіз?

а)білмеймін б)орташа в)жоғары

3.Қандай сабынды қалданған пайдалы?

а)сұйық б)қатты в)иіс сабын

  1. Сабынның шығу тарихын білесіз бе?

а) білмеймін б)білемін в)соншалықты қызықтырмайды

5.Сабыннан  аллергияныз бар ма?

А) бар б) жоқ в)байқалған емес

  1. Сұйық сабынынң кемшілігін білесіз бе?

А) иә б) жоқ в)қызықтырмайды

Қатысқан оқушы саны 23 нәтиже: Сабын туралы сұхбат

сұрақтар Бастапқы алғанда Сұхбаттан кейін
1 Сабынның сіз білетін қандай пайдасы яки зияны бар? 19 23
2 Сабынның қанша түрі бар? 10 23
3 Ертеректе сабындар қалай жасалған? 5 20
4 Жалпы сабынның құрамы қандай? Неден жасалад 7 20
5 Сабынмен бет терісін жуған дұрыс па? 23 15
6 Бактерияға қарсы сабындарды қолданупайдалы ма? 20 18
7 Бактерияға қарсы сабындарды қолдану зиянды ма? 5 20

Сұхбаттың мақсаты: жуғыш заттардың құрамы жайында сапасы ,бағасына арналып алынады.(адамдардың жуғыш заттарды сапасы,бағасы немесе көлеміне қарай алуын білу.)

ІІІ. Қорытынды

Сонғы кездері танымал болып келе жатқан сабынды қолдан жасау– көп ғасырлардан бері белгілі кәсіп. Бұрынғы кезде сабынды қолдан қажеттілік үшін ғана жасаған болса, қазір  бұл адамдарға қуаныш әкелетін өнерге айналған. Қолдан сабын дайындау бизнесінің идеясы өте қарапайым және де бастаушы кәсіпкерге сай.

Небір жарнамадан бактерияға қарсы сабындардың күші мен пайдасын айтып жатады. Оның ағзаны кез келген зиянды заттардан 100% сақтайды деседі. Алайда, американдық дәрігер-ғалымдар оның пайдасынан залалы көбірек екенін анықтады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Америка ғалымдары бактерияға қарсы сабындардың онкологиялық ауруларға жол ашатынын дәлелдеді. Көбіне бұл сабындарды спортшылар қолданады екен. Өзгелерге қарағанда олар тұмау, суық тию, тері ауруларына жиі ұшырайды. Себебі, бактерияға қарсы сабындар адам ағзасындағы сыртқы ортадан сақтайтын микробтардың көзін жойып, зиянды бактериялардың орналасуына жол береді.

Мұндай сабынмен тұрақты түрде жуыну теріні құрғатып қана қоймай, сонымен қатар оның қорғаныш қабықшасын жұқартады. Мұның салдарынан тері аурулары пайда болады. Сондай-ақ, бетке әжім ерте түсе бастайды. Оның үстіне терінің қатерлі ісігіне, инфекциялық созылмалы ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Оны әрдайым пайдалану өте қауіпті. Бұл сабындарды қажеттігіне қарай пайдаланған жөн.

Әдетте, бактерияға қарсы сабын құрамында триклокарбан немесе триклозан элементтері кездеседі. Екі элемент те ағзаға кері әсерін тигізеді. Триклозан аллергиялық ауруларды, ал триклокарбан болса, эндокринологиялық ауруларды тудырады.

Қолдан жасалған сабын несімен тартады?
• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.
• Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл үшін өте маңызды.
• Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.
• Сабынды қолдан жасау барысында өзіннің,достарының қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы: түс, көлемі, пішіні – барлығы да арнайы тапсырыс бойынша жасалына алады.
• Қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.

Мен осы ғылыми жобамды екі жылға жоспарладым.Бірінші жылда жуғыш заттардың жалпы зияны мен пайдасын, дүкендер кіші маркеттегі бағаларын салыстырып зерттеп шықтым.

Осы екінші жылдағы 2013-2014 оқу жылында ғылыми жобамды сол жуғыш заттардың ішінен күнделікті қолданып жүрген сабынның жасалуын жолдарын ізденіп ,иіс сабынды жасадым. Иіс сабынның құрамындағы барлық қолданған заттар табиғи заттар,адамның терісіне ешқандай кері әсері жоқ екенін зерттедім. Яғни иіс сабынның бағасы 100 теңге болса,мен жасаған сабынның бағасы сол секілді, бірақ құрамындағы заттар 240 теңгені құрады. Мен осы бағадан 4 сабын жасадым. Анама, достарыма сыйладым. 6 сынып оқушыларымен ұйымдастырылған«Жуғыш заттардың пайдасы мен зияны»тақырыбында «Алты ойлау қалпағы» кешін өттіздім.

Ұсыныстар

  1. Сабынның сыртқы қорабын қоқысқа тастамай пайдаға жарату керек.Ол үшін сабынның қорабының құрамына тыңайтқыш қоспаларын қосу керек. Оны гүлдің топырағына жыртып салғанда гүлдің жақсы өсуіне септігін тигізеді.
  2. Оқушылар мен ұстаздар үшін: қалтада жүруге ыңғайлы, аузы дөңгелек, алақанға сипағанда тез жағылатын және микроб кетіретін қасиеті бар сабын болса. Себебі бор мен тақта сүртетін шүберекті пайдаланғаннан кейін қолымызды жай сумен жуып, ас жеу денсаулығымызға зиянын келтіреді.
  3. Мектепте қолдан сабын жасау үйірмесі ашылса. Сыныптарда технология пәнінен «Үй жағдайында сабын жасау әдісі» курсы өтілсе.

Глоссарий

Радикал(radical англ.сы, онда. Radikal) – химияда термин бөлшектің белгісі үшін бір немесе тағайынды уақыт немесе химиялық реакцияларда қатынасушылардың біртұтас көріністе сақталған, бірнеше атомнан құралады.

Дебо – Но – адамның есімі

«Алты ойлау қалпағы» – алты түрлі, әр түрдің өзіндік қасиеттері бар .

Зерттеу жұмыстарының күнтізбелік жоспары

2 жылға жоспарланған

2019-2020 оқу жылы – « Жуғыш заттармен жалпы танысу»

І Кіріспе кезеңі
1. Нұсқаулық сабақ: жобалар немесе зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеттері және болашақ жобалардың тақырыбын таңдау. 10.04.2019
2. Тақырып таңдауға кеңес беру және зерттеу жобасының түрі. 18.04.2019
3. Тақырыпты бекіту, мақсаттары және міндеттері. 15.05.2019
ІІ Іздестіру кезеңі
1. Библиографиялық жұмыс. Каталогтармен жұмыс.

Әдебиеттерді таңдау. Сөздіктермен, интернетмен жұмыс.

10-15.09.2019
2. Әдебиеттерге талдау жасау. 8-13.10.2014
3. Материалдарды жүйелеу. І тоқсанның соңында
4. Жоболау мен зерттеу жұмыстарын орналастыруға кеңес беру. 10.01.2019
5. Іс-әрекеттердің, тәсілдердің іске асыру жолдарын анықтаудың ғылыми – әдістемелік жобасын таңдау. 23.01.2020
6. Зерттеу, жобалауды жүргізуге кеңес беру. 13.02.2020
7. Нәтижеге жету және жүйелеуге байланысты көмек көрсету. 05.03.2020
8. Қорытындыны көрсету әдістерімен қалыбы (формасы). 20.03.2020
ІІІ Құрастарушы кезеңі
1. Зерттеуші өз мақсатын нақты көрсетуі. 2.04.2020
2. Мақсатқа жету үшін міндеттерін белгілеп, нақты қадам жасау. 9.04.2020
ІҮ Жалпылау кезеңі
1. Нақты болжам жасап, күтілетін нәтижені дәлелдеп, қорытынды жасау. 17.04.2020
2. Сұхбат, сауалнамалардың нақты математикалық көрсеткіштерін көрсету (слайд фильм). 3.05.2020
Ү Әдебиеттер тізімі
1. Жұмысқа қолданылған әдебиеттер тізбесін беру. 4.05.2020

 

2020-2021 оқу жылы

Иіс сабынның адам ағзасына әсері және оны үй жағдайында жасау технологиясы

Жұмыс мазмұны
І Кіріспе кезеңі
1. Нұсқаулық сабақ: жобалар немесе зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеттері қою,мәліметтерді қарастыру 10.08.2020
2. Тақырып бойынша мәліметтерді қарап, кеңес беру және зерттеу жобасын талдау 05.09.2020
3. Тақырыпты бекіту, мақсаттары және міндеттері. 25.09.2020
ІІ Іздестіру кезеңі
1. Библиографиялық жұмыс. Каталогтармен жұмыс.

Әдебиеттерді таңдау. Сөздіктермен, интернетмен жұмыс.

10-15.10.2020
2. Әдебиеттерге талдау жасау. 30.10.20
3. Материалдарды жүйелеу. І тоқсанның соңында
4. Жобалау мен зерттеу жұмыстарын орналастыруға кеңес беру. 1-5.11.2020
5. Іс-әрекеттердің, тәсілдердің іске асыру жолдарын анықтаудың ғылыми – әдістемелік жобасын таңдау. 23.11.2020
6. Зерттеу, жобалауды жүргізуге кеңес беру. 05.12.2020
7. Нәтижеге жету және жүйелеуге байланысты көмек көрсету. 10.12.2020
8. Қорытындыны көрсету әдістерімен қалыбы (формасы). 20.12.2020
ІІІ Құрастарушы кезеңі
1. Зерттеуші өз мақсатын нақты көрсетуі. 2.01.2021
2. Мақсатқа жету үшін міндеттерін белгілеп, нақты қадам жасау. 9.01.2021
ІҮ Жалпылау кезеңі
1. Нақты болжам жасап, күтілетін нәтижені дәлелдеп, қорытынды жасау. 10.01.2021
2. Сұхбат, сауалнамалардың нақты математикалық көрсеткіштерін көрсету (слайд фильм). 13.01.2021
Ү Әдебиеттер тізімі

 

You May Also Like

Жануарлар әлемі- кірпілер тіршілігі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Жануарлар әлемі- кірпілер тіршілігі Бағыты: биология Мазмұны Кіріспе. Негізгі бөлім. 1.1.Кірпінің…

Компьютерная зависимость современных школьников: причины и последствия, научный проект

Компьютерная зависимость современных школьников: причины и последствия Аннотация В данной исследовательской работе…

1916 жылы Торғай көтерілісінде қолданыста болған қару-жарақтар сипаты, ғылыми жоба

Тақырыбы: «1916 жылы Торғай көтерілісінде қолданыста болған қару-жарақтар сипаты» Пікір 1916 жылғы…

Туған өлке тарихы, ғылыми жоба