Шығарма

«Жан құрбым» 

Жақсымен дос болсаң – жетерсің мұратқа,

Жаманмен дос болсаң – қаларсың ұятқа.

Менің аты-жөнім – Сәрсенбаева Нұрай. Мен Батыс Қазақстан облысы, Атырау қаласында тұрамын. Менің жан құрбым бар. Оның есімі – Қисметова Нұрлы. Ол да менімен бірге оқиды. Біз бір-бірімізді бала кезімізден  танимыз және де бір көшеде тұрдық. Нұрлы екеуіміз бала – бақшадан бастап доспыз. Ал қазір біз тоғызыншы сынып оқушыларымыз. Біз әлі де жақын құрбылармыз. Негізінен біз алты жыл бойы №6 орта мектепте озат оқушы болдық, бірақ Нұрлы өзінің апасы оқып жүрген мектепке көшпекші болды. Ол мектеп «математика – физика»  бағытындағы дарындылар мектебі екен, мен де «математика» пәнін жақсы көргендіктен осы мектепке өте қызықтым. Сонымен қатар, ол лицейге тек  жетінші сынып оқушыларын қабылдайды. Ал біз алтыншы сыныпты озат аяқтадық, яғни біз осы мектепке түсуіміз үшін емтихан тапсыруымыз қажет болды. Емтихан тек математика пәнінде болды. Біз екеуміз достығымызды үзбеу үшін, сол мектепке түсуге асығып емтиханға көп дайындалдық. Емтихан болатын күні бір – бірімізге сәттілік тілеп, емтихан тапсыруға бардық. Емтиханнан екеуімізде өттік және де бір сыныпта оқимыз деп шештік. Осы мектептің қазіргі аты – Атырау Қалалық мектеп – лицейі. Мектеп – лицейдің тәртібіне, біздің білімімізді және тағы да басқа талаптарына қарамастан біз әлі де біргеміз.Мектеп – лицей талаптары өте қиын, бірақ басында, яғни жетінші сыныпта оқу жылы екі семестрге бөлініп, біз екінші семестрге өту туралы емтихан, сынақ, срез тапсырдық. Сонымен қатар тек екінші семестрден өткендер ғана бір ай студенттер сияқты демалысқа шыққанымызға мәз болатынбыз, ал тапсыра алмағандар оқудан шығарылды. Ал келесі жылы, яғни Нұрлы екеуіміз сегізінші сынып оқушысы болған кезде біздің мектептің аты өзгеріп, оқу жылы төрт тоқсанға бөлінді, бірақ ережелері сол баяғыша қалпында қалды. Біздің лицейде көп оқушылар кетіп келгеніне қарамастан біз әлі біргеміз.

Мен үшін достық деген екі түрлі мағынадағы сөз. Достық екіге бөлінеді. Олар : адал және арам достық. Сонымен қатар құрбыларыңды достарыңды жан құрбыларыңнан айыра білу қажет. Жан құрбыңа әрқашан сенуге болады. Ол сені қандай жағдай болмасын қолдап, қасыңда болады. Сенімен бір жағдай болып қалса, саған психолог, мамандардың көмегі пайдасыз болады. Ал сол жағдайды жан құрбыңмен бөліссең , ол саған қалай және не істеу керек екенін айтады.Кейбір адамдар өзін доссыз жақсы өмір сүре аламын деп ойлайды, бірақ ол олай емес. ”Доссыз өмір бос ” демекші адам доссыз өмір сүре алмайды. Досы жоқ немесе досы аз адамдарға берер кеңесім дос табылмайды емес , табылады, бірақ жан досыңды іздеп табу қиын. Сондықтан қасыңдағы бар досыңмен мақтаныш бол. Ал егер сені досың сатып кетсе өмірден үміт үзбе, өмірде миллиардтаған адамдар бар. Ал солардың бірі сенің ең жақын досың болып қалуы әбден мүмкін.

Арам дос деп сені алдап немесе сенің құпияларыңды біліп барлығына айтатын, сені басқалардың көзінде мазақ қылатын, сені өз қажеттілігіне пайдаланатын адамды айтады. Сондықтан арам досты адал достан айыра білу қажет. Арам досыңнан кек  алғың келсе де,кек алмауың қажетсің, себебі кек алу жолында сен  шынымен де жаман адамның рөлін ойнайтын боласың.

You May Also Like

Автомобиль көлiгi

Автомобиль көлiгi елiмiздің тасымал кешенiнде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма,…

Window жүйесін орнату

Window жүйесін орнату. Компьютерге Windows XP неме Windows 7с жүйесін дисководқа салганнан соң…

Жүрек жылуы жоба

Жобаның мақсаты: Балалардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу; Еңбекке деген сүйіспеншілікті  ояту; Өзінің…

Тың игерудің пайдасы

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді; 1) Тың игеру жылдары…