Автомобиль көлiгi елiмiздің тасымал кешенiнде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, фермер-кооператив, ұжымдар халық шаруашылығында маңызды қызмет етiп, еліміздің халқына тынымсыз еңбек iстеп келедi.

Өндірісті дамыту, еңбек өнiмділiгін арттыру, қopдың барлық түpін үнемдеу– бұл мəселелер тікелей автомобиль тасымалына жəне оның жүйелiктерi – автомобильдердi техникалық пайдалануға (АТП) катысты автомобиль паркiнiң жұмыс қабiлетiн камтамасыз етедi. Оның дамуы мен жəтiлдiрiлуi автомобиль көлiгiнiң даму өpiciмен айкындалады жəне елiмiздiң тасымал кешенiндегi орнымен; еңбек материалдық, жанармай күаттылығы жəне баска да қорларды тасымалдау, техникалық қызмет (TҚ), жөңдеу жəне автомобильдердi сақтау кезiндегi үнемдеудiң кажəттiлiгiмен; тасымал үдерiсiнiң қозғалыс құрамымен; тұрғындарды қорғау, жүргiзушi жəне қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету кажəттiлiгiмен де айқындалады.

Автомобиль көліктерінің алдында тұрған маңызды мақсаттардың бірі ол, автокөліктердің пайдалану сенімділігін жоғарылату. Бұл мəселенің шешуі бір жағынан автокөлік өнеркəсібінің автокөлік шығаруынан қамтамасыз етіледі, басқа жағынан автокөлігінің жылжымалы құралдарының техникалық пайдалануының əдістерін жетілдіру арқылы жылжымалы құралдарды дұрыс жағдайда күту үшін, керекті өндірісті базаның жасауын талап етеді жəне де прогресивті қорларды сақтайтын технологиялық процестерді кең пайдалануын, өндірістік процесстерді автоматизациялау, жұмысшылардың мамандығын көтеру, жол салуды кеңейту жəне сапасын көтеру.

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамын техникалық жарамды жағдайда ұстап тұру үшін жұмсалатын еңбек жəне материалдық шығындары автомобиль көлігіндегі жалпы шығындардың едəуір көп бөлігін құрайды. Техникалық ақаулар салдарынан көлік құралдарының бос тұруы мемлекеттің, халық шаруашылығының мақсаты үшін көптеген материалдық шығындар келтіреді. Осы шығындарды азайту автомобиль көлік саласындағы қызметкерлердің маңызды міндеті болып табылады.

Бұл материалдық жəне еңбек шығындарды өз кезегінде өндірістік процесстерді кең көлемде механикаландыру жəне автоматтандыру, сонымен қатар өндірісті басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру арқылы азайтуға болады. Бұл проблема бірінші жағынан, автомобиль жасау кəсіпорындарының сенімділігі жоғары жəне жаңа технологиямен автомобильдер шығару, ал екінші жағынан, автомобильдерді техникалық пайдаланудың тəсілдерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының еңбек көлемін азайту, автомобильдердің жөндеу аралықтарындағы жүретін жол көлемін ұлғайту арқылы шешуге болады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2030» экономикалық жəне əлеуметтік дамуының стратегилық бағыттарында Республикамыздың транспорттық-коммуникациялық кешенін ары қарай дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл бағыттарды орындауда осы саладағы жас мамандардың орны ерекше болмақ.

Қазіргі кезде көлік шаруашылығы еліміздің жалпы ішкі өнімінің 7,3 пайызын қамтамасыз етеді. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында деп аталған бұл маңызды құжат шын мəніндегі нағыз жаңаша серпілістің айқын бағыт – бағдары. Сондай-ақ, осы салада 572 мың адам жұмыспен қамтылған. Яғни, ел экономикасы үшін көлік саласының орны бөлек.

Мұнымен қоса, саланың алдындағы ірі міндеттер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кеңінен көрсетілген. Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында еліміздің көлік жəне коммуникация саласын дамытудың басты бағыттарын да айқындаған болатын. Елбасы былайша ой өрбітеді Қазақстанның көлік – коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кірігу болып қала береді. Көлік коммуникациялық кешенін дамыту Еуразия мен Азия арасындағы аралық көпір болып отырған еліміздің геостратегиялық орналасуының артықшылықтарын пайдалануды толығымен қамтамасыз етуге тиісті жүктердің тез өткізілуін ұйымдастыру жөнінде тиімді рəсімдер енгізу үшін көршілермен арадағы нақтылы уағдаластықтарды дамыту қажет.

Бүгінгі күні біздің техника саласындағы мүмкідігіміз зор. Көлік стратегиясындағы жаңа серпілістер дамуымыздың жаңаша сипаты. Алысты жақын еткен көлік-ғасыр күретамыры. Жолдау жолдарындағы көлік пен коммуникацияға бағытталған инфрақұрылымды дамыту күн тəртібіндегі ең бірінші мəселе. Оның басты кілті – зымырандай зырлаған көліктің қай -қайсысына да ие боларлықтай, ат жалын тартып мінген бойында намысы бар ұлттық мамандарды тəрбиелеп шығару – мерейлі міндет.

You May Also Like

Қуырылған баялды. Дайындау әдістері

Қажетті өнімдер: – баялдыны қалаған мөлшерде өзіңіз қосасыз; -1 бас сарымсақ; –…

Роман Аркадьевич Абрамович өмірбаяны

А.Ж.Т.: Роман Аркадьевич Абрамович Туған жылы: 1966 жылы 24 қазан Туған жері:…

Қолданбалы бағдарлама

Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения Windows; Windows application) — Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс атқаратынқолданбалы…

Қазақстандағы ұлттық менджменттің ерекшеліктері

1.Кіріспе. 2.Менеджменттің даму тарихы. 3.Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі. Х-ХІІ ғасырларда басқару саласындағы Қазақ…