Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения Windows; Windows application) — Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс атқаратынқолданбалы бағдарлама. Мұндағы графикалық интерфейстің ұйымдастыру ережелері, мәзір жүйесінің, диалогтық терезелерінің пішімдері Windows қолданбалы бағдарламаларының барлығына бірдей (мәзірдің көрінісі және орналасуы, тінтуірді және пернелерді пайдалану ережелері және т.б.) болады.

Қолданбалы бағдарламалар дестесі(Пакет прикладных программ; application program package) — белгілі бір саладағы мәселелерді шешуге арналған бағдарламалар мен оларды пайдалану тәсілдерінің жинағы. Олар магниттік дискілерде немесе таспаларда жазылып, компьютермен бірге жіберілуі мүмкін. Әрбір қолданбалы бағдарламалар бумасы нақты саладағы мәселелерді шешуге икемделген (мысалы, бухгалтерлік есеп, дифференциалдық теңдеулерді шешу және т.б.).

Қолданбалы бағдарламалар интерфейсі(Интерфейс прикладных программ; application programming interface) — 1) бағдарламалаушылар белгілі бір компьютерлік ортада қолданбалы бағдармалар жазуға пайдаланатын міндеттер жинағы (интерфейс); 2) операциялық жүйе орындайтын төменгі деңгейлік операцияларды жүзеге асыруға қолданбалы бағдарлама шақыратын процедуралар жинағы.

Қолданбалы бағдарламалау (Прикладное программирование; application programming) — қолданбалы мәселелер шешуге арналған бағдарламалау.

Қолданбалы (арнайы) бағдарламалық жасақтама (Прикладное (специальное) программное обеспечение; application software) — қолданбалы мәселелерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтаманың бөлігі.

Қолданбалы бағдарламаның негізгі терезесі(Основное окно приложения; Main application window немесе main window) — көп терезелі қолданбалы бағдарламалар үшін мәзірі мен туынды терезелері бар негізгі бағдарлама мен адам арасындағы өзара байланысты ұйымдастыратын терезе.[1]

Қолданбалы программалық жасақтама – әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:

–   жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

–   мәселелік бағытталған ҚПЖ;

–   интегралданған ҚПЖ

кіреді.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

–  мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

–  графикалық редакторлар;

–   электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;

–   мәліметтер қорын басқару жүйелері;

–   электрондық презентациялар және т.с.с.

Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар  –  белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

–   жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

–   таңбаларды айыру жүйелері;

–   статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;

–   ғылыми зерттеулер жүйелері

және т.с.с. жатады.

Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратындестелер (Lotus Works, Microsoft Office  және  т.б.)

Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары

Компьютерде пайдаланушының жұмысы көбнесе әртүрлі мәтіндік ақпараттарды өңдеумен байланысты. Мәтіндік ақпараттарды еңдеудің негізгі ұғымдары, міндеттері, әдістері мен құралдарына қысқаша шолу жүргізейік. Мәтіндік құжаттарды өңдеудің келесі негізгі қадамдарын атауға болады:

–  мәтінді енгізу;

–  редакциялау (соның ішінде пішімдеу түрлері);

–  құжатты сақтау;

–  жариялау;

–  құрылған құжатты іздеу және ашу;

–  аудару.

Мәтінді енгізу.  Мәтінді енгізуді пернетақтаның көмегімен, қағаздағы құжатты электрондық пішімге аударумен, дауыс арқылы, қолмен жазу арқылы енгізуге болады.

Редакциялау – терілген мәтінде өзгерту және шрифт, абзац пішімдерін орнату арқылы қажетті түрге келтеру.

Құжатты сақтау – мәтіндік құжатты дайындаудың маңызды қадамдарының бірі. Сақтауда мәтіндік құжаттың сақталу пішіміне көңіл аудару керек. Жиі қолданылатын пішімдерге – ASCII, RTF, DOC, HTML пішімдері жатады.

ASCII  (American Standard Code for Information Interchange)  –  ең алғашқы және ең қарапайым ұйымдастырылатын пішім (әрбір әріпке бір байт сәйкес).

RTF (Rich Text Format) – әртүрлі мәтіндік процессорлар арасында құжаттар алмасу пішімі. Ең негізгі ерекшелігі  –  оның ішкі ұйымдастырылуы пішімдеулердің барлық элементтерін (шрифт өлшемі мен параметрлері, абзац параметрлері, т.с.с.) беруді қамтамасыз етеді.

DOC  –  бұл Microsoft Word мәтіндік процессорының ішкі пішімі (MS Word 2000  және  MS Word 97 үйлесімді, ал одан көне нұсқалар үйлесімді емес).

HTML (Hypertext Markup Languange)  –  Интернетте Web-беттер құру үшін қажетті гипермәтінді белгілеудің әмбебап тілі. Word 2000 үшін doc сияқты ішкі пішімге жатады.

Мәтіндік құжатты жариялау. Құжатты құрып және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туады. Құжатты көрсету типтеріне байланысты жариялаудың үш түрі бар, олар:

–  құжатты басу (қағазда немесе таспада қатты көшірме жасау);

–  электрондық жариялау (электрондық поштаарқылы, тасуышта );

–  Web-құжаттар арқылы (Интернетте жариялау).

Құрылған құжатты іздеу және ашу. Құрылған құжатпен жұмысты қайта іске қосу үшін оны тауып және ашу керек. Бұл операциялар оның Web-бет түрінде жарияланғаны немесе сәйкес файлдық жүйеде сақталғанына байланысты олардың нақты іздеу және ашу мүмкіндіктерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

Мәтіндік құжаттарды өңдеуде кездесетін негізгі ұғымдар:

–  символ (таңба, әріп, цифра, т.с.с.). Әрбір символ шрифтімен, өлшемімен, кескін стилімен, түсімен анықталады;

–  абзац  –  аяқталған ойды білдіретін текст фрагменті, компьютер үшін Enterтүймешесінің екі басуы арасында орналасқан мәтін бөлігі.

–  колонтитул  –  документтің әрбір бетінде қайталанатын элемент (жоғарғы немесе төменгі колонтитул).

Мәтіндік  ақпаратты өңдейтін бағдарламалық құралдар. Мәтіндік құжаттардың күрделілігіне байланысты, олардың сапалық орындалу дәрежесіне байланысты текстік редакторлар, текстік процессорлар, үстелдік баспа жүйелерін анықтауға болады.

Текстік редакторлар – күрделі емес мәтіндік құжаттар дайындаудың негізгі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар.

Текстік процессорлар – кез келген күрделі мәтіндік құжаттар дайындаудың барлық күрделі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген программалық жабдықтар (MS Word, TeX, LaTeX, т.б. ).

Баспалық жүйелер – мәтіндік және иллюстративтік мәліметтерді компьютерлік теру, басып шығару, термелеу қызметтеріне арналған аппараттық және программалық жабдықтардың кешені.

MS Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіншіліктері. MS Word – Windows жүйесінде мәтіндік құжаттармен жұмыс істеудің қуатты процессоры. Қазіргі замандағы мәтіндік процессор пайдаланушыға төмендегідей қызметтерді тиімді орындауға мүмкіндік береді:

– мәтіндерді интерактивті режімде теру;

–  мәтінді редактрлеу (түзетулер жасау, символдарды пішімдеу, абзацтарды пішімдеу, беттерді пішімдеу, құжатты пішімдеу, ендірілетін объектілерді пішімдеу);

–  көп терезелілік режімді қолданып бірнеше мәтіндік құжатпен бір уақытта жұмыс істеу;

–  мәтіндерді импортау (экспорттау мүмкіндіктері, басқа қолданбалы жабдықтармен қарым-қатынас жасау);

–  арнайы таңбалармен жұмыс істеу (математикалық белгілер, формулалар редактрлері, индекстер, т.с.с.);

–  грамматикалық тексеру жүргізу, жолдарды автоматты тасымалдау;

–  ендірілетін объектілермен жұмыс істеу (графиктер, кестелер, кескіндер, суреттер, фигуралар, WordART колеккциялары, т.с.с.)

–  электрондық поштамен жұмыс істеу;

You May Also Like

Ізгілік тілесең–ізгі бол

Ізгілік тілесең – ізгі бол Әрбір адам өзінің жақсы жақтарымен, яғни мінезімен…

Шешендік өнердің қазақтарда дамуы

Тарихы ¨Шешендiк өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлiмдеуiнше, республикалық…

Электр энергикасы пәнінен зертханалық жұмыстар есебі

ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЕСЕБІ Электр техникалық зертханалармен жұмыс жасау кезіндегі…

Жылан шаққан кезде көрсетілетін алғашқы жедел жәрдем

Жоспары: Жыланның шағуы Патогенезі Клиникалық көріністері Оқиға орнында көрсетілетін алғашқы көмек Жыландар…