Жоспары:

Жыланның шағуы
Патогенезі
Клиникалық көріністері
Оқиға орнында көрсетілетін алғашқы көмек

Жыландар шағатын ең қауіпті уақыт- көктем, тек осы уақытта жыландар өте ызалы. Қандай жылан шағып алғанын білу – улы немесе улы емес – өте оңай: улы емес жылан шаққаннан кейін өркешті жара, ал улы жыланнан кейін, екі домалақ жара пайда болады.

Кезкелген бейтаныс жыланды улы деп санау тиіс, бірақ сапарға шығудың алдында зиянсыз және улы жыландардың түрін қарап алған жөн. Егер сіз кенеттен жорғалап келе жатқан жыланды байқасаңыз, қатып қалыңыз, оған кетіп қалуға мүмкіндік беріңіз. Егер жылан қауіп қалпын алса, артқа баяу шегініңіз. Жыланды шошытатын кенет қимылдар жасамаңыз! 

Оқ жыланның уында фосфолипаза, гиалуронидаза, лецитиназа және биологиялық белсенді заттар бар. У қанға сіңген соң фосфолипаза лицетинді белсендіреді, ол гемолитикалық және цитологиялық әсер етеді. Бұл қанда және тінде кардиотоксикалық, антикоагуляциялық және цитологиялық әсер көрсетеді. Жыланның уы қантамыр қабырғасының өткізгіштігін арттырады, сондықтан тіннің ісінуі мен қабынған ошақтың некрозы дамиды.

Клиникалық көріністері:

Шаққан жердегі қатты ауырсыну, осы жердің тінінің ісінуі, теріастылық қан кетулер;

Бас айналу, жүрек айну, бірден байқалатын әлсіздік, есінен таңу, артериялық қысымның төмендеуінен коллапс дамуы, ол пульстің әлсіз соғуымен көрінеді.

Шаққаннан кейін 8-36 сағат өткен соң мына белгілер байқалады:

Бас айналу, жалпы әлсіздік, жүрек айну;

АҚ төмендеуі; аз және сирек пульс;

Психикалық бұзылыстар: қорқыныш, қозу, қобалжу;

Ауыр жағдайларда және өте тез іште толғақ тәрізді ауырсыну, іш өту және беттің ангионевротикалық ісінуі;

Алғашқы минуттарында гипотензия немесе есінен таңу.

Айқын аллергиялық реакциялар өлімге алып келеді!

Қала сыртына шығатын адамдар міндетті түрде өздерімен бірге дәрі-дәрмек қорапшасында аллергияға қарсы (антигистаминді) препараттар: димедрол, супрастин, тавегил, пипольфен алып жүруі керек.

Көрсетілетін алғашқы жедел жәрдем:

Егерде улы жылан шағып алған жағдайда тез арада жылан уына қарсы сарысулы екпені егу керек;

Ал егерде травма бекетінен алыста болсаңыз жылан уы қанға сіңіп кетпеуін алдын алыңыз;

Улы емес жылан қауіпті емес. Тістеген жерді бәрібір залалсыздандыру керек;

Жылан шаққан кезде дереу арада уды сорып алу (ауызы, тістері таза және ауызды шаятын ерітінді болуы керек) керек. Осы жағдайда ғана улану болмайды;

Уды сорып алуды 15-20 минут жалғастыру керек;

Жгутты пайдалануға, ішке алкогольді сусындар беруге, шаққан жерді кесуге немесе жағуға болмайды!

Содан кейін жарақатты әлсіз ерітінді калий перманганатымен жуу керек, йод, спирт немесе көгілдір бриллиантпен залалсыздандыру керек.

Тері астына 1 мл. 0,1% адреналин ерітіндісін енгізу. Жергілікті адреналин ерітіндісін салуға немесе циркулярлы түрде 0,5% новокаин ерітіндісін салу керек;

Науқасқа енгізеді:

Глюкокортикостероидтар(кортизол 40-60 мг-нан, преднизолон 30-60 мг), гепарин;

С,Р,К,В витаминдері;

Оксигенотерапия тыныс бұзылысы кезінде;

Зақымданған шеткі мүшелерді шина көмегімен иммобилизация жасайды.

Тыныштық жағдайын сақтап, ыстық тамақ немесе сусын ұсыну(чай, кофе, бульон) керек;

Шаққан жерге суық немесе мұз түйіршіктерін басу;

 

You May Also Like

Емтихан және денсаулық, тренинг сабақ

“Қолданбалы бағдарлама Fine Reader”

Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім Сканер технологиясымен жұмыс. FineReader программасының жұмыс істеу әрекеті…

Есептеу техникасының даму тарихы, реферат

Жоспар 1. Компьютерлерге дейінгі кезең 2. Алғашқы есептеуіш машиналардың пайда болуы 3.…

Жер шарындағы ірі шөлдер туралы ақпарат

Жер шарындағы ірі шөлдер Атауы Түрі Орналасқан жері Шамамен ауданы,км2 Еуразия  …