Ізгілік тілесең – ізгі бол

Әрбір адам өзінің жақсы жақтарымен, яғни мінезімен оның ішкі жан дүниесімен адамды баурап алатындай қасиеті болуы керек. Егер адамның ішкі жан дүниесі сұлу болса, оның сыртқы жан дүниесі де сұлу деген сөз. Адамдарға әрқашанда көмек қолын созып көмектесіп жүрсе, ол өзіне мың есе болып қайтады. Мысалы, Әбу Насыр әл- Фарабидің туғанына 1150 жылдығына орай «Ізгілік тілесең – ізгі бол» деген қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акцияда көбіне мұқтаж жандарға азық-түлік, киім-кешек таратты. Міне, осыларды қаһарман адамдар деп атаймыз. Менің ойымша, «Ізгілік жоқ жерде әсемдік жоқ» деп ойлаймын. Ғалым Сократтың өзі, ізгілік адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі деген. Ізгілік әрқашанда өлмейді. Себебі, ізгілік – өнегеліктің ең биік шыңы. Ізгі, мейірімді, қамқор адам қашанда өзгелерге жақсылық ойлап, әрқашанда өзін бірінші орынға емес, өзгені қоятын адамдар жамандық атаулыдан аулақ болады. Ол тек өзгеге «жақсылығым түссе екен, тек рахметтерін, баталарын алсам екен» деген ізгі ниетте болады.                     «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Сондықтан, қолымыздан келгенше ата-анамыздың кішкентай кезімізден айтқан ақылдарын, өнегесін және кітаптан алған ақын-жазушылардың нақыл сөздерін оқыдық. Оны санамызда сақтап «жеті рет өлшеп, бір рет кесуіміз» керек. Яғни жаман жаққа бұзылып кетпес үшін, ойланып әрекет етуіміз керек. Сондықтан барлығымыз бойымызға тек ізгілік нұрын жинайық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Мұқағали Мақатаев шығармашылығы балалардың көзімен

«Мұқағали Мақатаев шығармашылығы балалардың көзімен.»   (1 слайд) Мұқағали Мақатаев- қазақ тарихындағы ең…

Халықаралық және ішкі туризмдегі көлік тасымалы

Халықаралық және ішкі туризмдегі көлік тасымалы Халықаралық туризмде көп жылдар бойы адамдарды…

Қауіпсіз жаяу жүргіншілер жолағы

Қауіпсіз жаяу жүргіншілер жолағы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, жыл…

Жіберу желілері

Жіберу желілері, тікбұрышты , шеңберлі толқынөткізгіштер Көлденең қимасы 165х83 мм тікбұрышты толқынөткізгіште…