Жіберу желілері, тікбұрышты , шеңберлі толқынөткізгіштер
- Көлденең қимасы 165х83 мм тікбұрышты толқынөткізгіште 1,36 ГГц жиілікті толқынның қандай типі таралады. Егер толқынөткізгіш :
а) ауамен;
б)диэлектрикпен ε =2,5 толтырылса.
- Көлденең қимасы 16х8 мм тікбұрышты толқынөткізгіште Н10 типті негізгі толқын таралады.Жиілігі 11 ГГц.Егер жиілік критикалық жиіліктен 1,5 артық болса,толқынөткізгішті толтыратын,ортаның диэлектриктік өтімділігін табу керек.
- Көлденең қимасы 10,7х5,3 мм ,ауамен толтырылған,тікбұрышты толқынөткізгіште Н11 типті негізгі толқын таралады.Жиілігі 41 ГГц.Критикалық жиілікті, толқын ұзындығын, фазалық жылдамдықты табу керек.
- Ауамен толтырылған,тікбұрышты толқынөткізгіште Н10 типті негізгі толқын таралады.Фазалық жылдамдығы 4•108 м/с, жиілік 10 ГГц.Толқынөткізгіштегі толқын ұзындығы мен толқынөткізгіштің а енін табу керек.
- Көлденең қимасы 35х16 мм ,диэлектрикпен толтырылған,тікбұрышты толқынөткізгіште Н10 типті негізгі толқын таралады.Жиілігі 6,7 ГГц, фазалық жылдамдығы 2,8•108 м/с. Толқынөткізгіштегі толқын ұзындығы мен толқынөткізгішті толтыратын заттың ε диэлектриктік өтімділікті табу керек.
6.Ауамен толтырылған, көлденең қимасы 48х22 мм ,тікбұрышты толқынөткізгіште Н10 типті негізгі толқын таралады. Толқынөткізгіштегі толқын ұзындығы 9,4 см. Толқынөткізгішті толтыратын заттың диэлектриктік өтімділігі ε = 2,25. Толқынөткізгіште берілетін жиілікті, фазалық жылдамдықты табу керек.
- Ауамен толтырылған,квадратты толқынөткізгіште Е11 типті негізгі толқын таралады. Жиілігі 5 ГГц, Толқынөткізгіштегі толқын ұзындығы 9,43 см. Толқынөткізгіште берілетін толқынның фазалық жылдамдығын,қабырға өлшемін табу керек.
- Көлденең қимасы 19х8 мм , тікбұрышты толқынөткізгіште Н10 типті негізгі толқын таралады.Жиілігі 9ГГц, толқын ұзындығы 2,5 см. Толқынөткізгіште берілетін толқынның фазалық жылдамдығын, толқынөткізгішті толтыратын заттың ε диэлектриктік өтімділікті табу керек.
- Ауамен толтырылған тікбұрышты толқынөткізгіште Н10 типті негізгі толқын таралады.Жиілігі 10ГГц, толқын ұзындығы 3,96 см. 19ГГц жиілікте, Н01 толқын ұзындығы 2,57 см. Толқынөткізгіштің көлденең қимасын табу керек.
- Көлденең қимасы 35х16 мм , диэлектрикпен толтырылған ,тікбұрышты идеалды өткізгіштігі бар толқынөткізгіш берілген .Параметрлері ε =2,56 мен tgδ = 3•10-4. Фазалық жылдамдық пен, толқынөткізгіштегі толқынұзындығын табу керек, егер:
а) жұмыс жиілігі f0 =1,2•fкр ;
б) f0 =0,8•fкр
Толқын типі Н10
- 4,4ГГц-те , диаметрі 60мм болатын шеңберлі толқынөткізгіште толқынның қандай типі таралуы мүмкін. Толқынөткізгіш толтырылған:
а) ауамен;
б) ε =3 диэлектрикпен;
Бессель теңдеуінің түбірі μ11=1.841
12.Ауамен толтырылған шеңберлі толқынөткізгіш диаметрі қандай болу керек, егер, негізгі толқын Н 11, ал жиілік 10 ГГц болса.
- Негізгі толқын Н 11 типті, диаметрі 30 см болатын шеңбер толқынөткізгіштегі жиілік диапазонын табу керек. Толқынөткізгіш толтырылған:
а) ауамен;
б)диэлектрикпен ε = 2,56.
14.Диаметрі 16мм шеңберлі толқынөткізгіште Н11 типті толқын таралады.Жиілігі 13ГГц. Критикалық жиілікті,фазалық жылдамдықты, толқын ұзындығын табу керек, егер толқынөткізгіш толтырылса:
а) ауамен;
б)диэлектрикпен ε = 2,56.
Бессель теңдеуінің түбірі μ11=1.841
15.Диаметрі 55мм шеңберлі толқынөткізгіште Н11 толқын таралады. Толқынөткізгіш ауамен толтырылған, қабырғалары мыстан жасалған σ = 5,7•107 См/м, жиілік 4,6ГГц – ке тең. Сөну коэффициентін табу керек.
Бессель теңдеуінің түбірі μ11=1.841
16.Шеңберлі толқынөткізгіште , диэлектрикпен толтырылған ε = 2,08 өтімділікпен Е01 м/с толқын таралады.Толқынның фазалық жылдамдығы 3•108 м/с, жиілік 10 ГГц.Толқынның ұзындығы мен толқынөткізгіш диаметрін табу керек.
Бессель теңдеуінің түбірі ν01=2.405
- Шеңберлі толқынөткізгішті диаметрі 56 мм , 4•108 м/с фазалық жылдамдықпен Н01 типті толқын таралады. Толқынөткізгіш ауамен толтырылған.Берілетін толқын жиілігі мен толқын ұзындығын табу керек.
Бессель теңдеуінің түбірі μ01 =3.832
- Шеңберлі толқынөткізгіште , диэлектрикпен толтырылған ε = 2,08 өтімділікпен Е11 типті толқын таралады.Жиілік 8 ГГц.Толқынның ұзындығы 4,2см. Толқынөткізгіш радиусын, фазалық жылдамдығын табу керек.
Бессель теңдеуінің түбірі ν11=3.832
- . Шеңберлі толқынөткізгішті диаметрі 54 мм, Н11 типті толқын таралады. Толқын ұзындығы 4,8 см, жиілігі 6 ГГц.Толқынның фазалық жылдамдығы мен толқынөткізгішті толтыратын заттың ε диэлектриктік өтімділігін табу керек.
Бессель теңдеуінің түбірі μ11 =1.841
- Шеңберлі толқынөткізгішті диаметрі 30 мм, Н11 типті толқын таралады. Толқынөткізгішті толтыратын заттың диэлектриктік өтімділігі ε =2,25. Толқынның ұзындығы 19см. Берілетін толқын жиілігі мен фазалық жылдамдығын табу керек.
Бессель теңдеуінің түбірі μ11 =1.841
21.Көлденең қимасы 60 х 30 мм болатын ауамен толтырылған тікбұрышты толқынөткізгіш берілген.Тәуелділікті бейнелеңіз:
а) жиіліктің фазалық жылдамдығын;
б) толқынөткізгіштегі толқын ұзындығын:
бірдей масштабта графикте сакес қисықтарды көрсест:
1) Н10 типті толқында
2) Е11 типті толқында
- Көлденең қимасы 35 х 16 мм болатын ауамен толтырылған тікбұрышты толқынөткізгіш берілген. Н11 типті толқын таралады. Максималды амплитуда ЕХ 50 В/м.Жиілік 15ГГц.Максималды НZ амплитудаға сай келетін мәнді табу керек.
22.Шеңберлі толқынөткізгіште Н11 типті толқынның топтық жылдамдығы 2,25•108 м/с. Толқынөткізгіш ауамен толтырылған, жиілігі 10ГГц. Толқынөткізгіш диаметрін табу керек.
23.Тікбұрышты толқынөткізгіште тасымалданатын Н10 толқын қуаты 10кВт. Көлденең қимасы 50х 25 мм , ауамен толтырылған, жиілік 5 ГГц. Е өрістің максималды амплитудасын табу керек.
24.Диаметрі 52 мм шеңберлі толқынөткізгіште Н11 типті толқын таралады. Жиілігі 4,8 ГГц. Мына жағдайдағы топтық жылдамдықты табу керек:
а) толқынөткізгіш ауамен толтырылған
б) толқынөткізгіш диэлектрикпен ε = 2,08 толтырылған
Бессель теңдеуінің түбірі μ11 =1.841
- Көлденең қимасы 48 х 22 мм болатын тікбұрышты толқынөткізгіш берілген. Н10 типті толқын таралады. Толқын ұзындығы 9,4 см. Заттың меншікті диэлектрлік өтімділігі ε = 2,25. Толқынөткізгіште болатын фазалық жылдамдық пен жиілікті табу керек.
- Тікбұрышты толқынөткізгіште Н10 типті толқынның топтық жылдамдығы 2,75•108 м/с, жиілігі -7,5ГГц. Н01 типті толқынның топтық жылдамдығы 1,8•108 м/с. Толқынөткізгіштің көлденең қимасын табу керек. Толқынөткізгіш ауамен толтырылған.
- Қимасы 40×20 мм толқынөткізгіште Н10 типті толқын таралады. Генератор толқын ұзындығы λ0 = 55 мм. Фазалық , топтық жылдамдықты, толқынөткізгіштегі толқын ұзындығын Vф, Vгр, λв. табу керек
- . Қимасы 23×10 мм толқынөткізгіште Н10 типті толқын таралады. Генератор толқын ұзындығы λ0 = 35 мм. Табу керек – h, g , β, λв.
29.Ауамен толтырылған тікбұрышты толқынөткізгіштің көлденең қимасын табу керек. Егер, Е11 толқынның Vф=6·108 м/с. Жиілігі 5ГГц болса.
- d=50,8мм тең, шеңберлі толқынөткізгіште Е12 толқын таралады. Жиілігі 14 ГГц. Бессель теңдеуінің түбірі Е12 толқын үшін υ12=7.016. Берілетін толқынның фазалық жылдамдығын мен ұзындығын табу керек.