Оқушыларды еркін қарым-қатынас жасауға, өз көзқарасын білдіруге, ойын
жеткізіп айтуға дағдыландыру тіл сабақтарындағы сөйлеу әрекетінің «Айтылым»
түрі негізінде қалыптасады. Бастауыш сыныптарда сөйлеудің коммуникативтік
қызметіне, яғни қарым-қатынас тілін дамытуға (монолог және диалог) көп көңіл
бөлінеді.
Монологтіқ сөйлеу – сөйлеу әрекетінің кең тараған түрі. Монологте белгілі бір
тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді.
Монологте сөйлеушінің ойы, пікірі, көңіл күйі, психологиялық ішкі толғанысы
көрініс табады.
Диалогтіқ сөйлеу – екі адамның арасындағы сөйлеу әрекеті. Диалогте сөйлеу
мен тыңдау әрекеттері қатар жүреді. Диалогте оқиға мен болмыс нақты тақырыпқа
құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады.
Сөйлеу әрекетінің «Айтылым» түрі бойынша қалыптастырушы және жиынтық
бағалау аясында төмендегі критерийлер мен дескрипторларды қолдана отырып,
өткізу ұсынылады.
Бағалау критерийі: білім алушы
 Сөйлеу әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана алады.
 Өз ойын жүйелі, еркін жеткізеді.
 Оқиғаның жүйесін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтап баяндайды.
 Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Жұмыс түрлері Дескриптор
Монолог Оқиғаның жүйесін сақтай отырып, баяндайды.
Сөздерді тақырыпқа сәйкес, орынды қолданады.
Ойын жүйелі түрде еркін жеткізеді.
Сөздерді мағынасына қарай қолданады.
Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
Сөздегі екпінді, дауыс ырғағын сақтайды.
Сөйлеудің белгілі бір формалары мен үлгілеріне сәйкес
Өз көзқарасына аргумент келтіріп, дәлелді пікір айтады.
Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
Диалог/сұхбат Тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады.
Сұхбаттасының сөзін тыңдайды және жағдаятқа сәйкес
пікірлеседі.
Сұхбаттасына сұрақ қояды.
Сұхбаттасының сұрағына сәйкес жауап береді.
Сөйлеу барысында тілдің эмоциялық жағын (одағай, еліктеуіш
сөздер), дауыс ырғағын, ымдау, қолдау шараларын
пайдаланады.
Сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын
сақтайды.
Өз көзқарасына аргумент келтіріп, дәлелді пікір айтады.
Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
Мәтінді
мазмұндау
Оқиғаның бірізділігін сақтай отырып, мәтіннің мазмұнын
жүйелі баяндайды.
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы)
сақтайды.
Сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.
Тыңдарманды қызықтыру үшін дауыс ырғағын/ вербалды емес
тілдік құралдарды қолданады.
Сурет бойынша
әңгімелеу/
сипаттап айту
Суреттің тақырыбын анықтайды және ат қояды.
Бейнеленген оқиғаға сәйкес әңгіме құрастырады.
Оқиғаның эпизодтары/үзінділері арасындағы байланысты
сақтайды.
Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
Оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды.
Оқиғаны өздігінен/ жетелеу сұрақтары арқылы / тірек
сөздердің көмегімен/ жоспар бойынша әңгімелейді/сипаттайды.
Оқиғаның мазмұнына қатысты көзқарасын білдіреді.
Заттардың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді орынды
қолданады.
Бейнелердің/кейіпкерлердің негізгі белгілерін (түр-түсі, пішіні,
көлемі, мөлшері, мінез-құлқы т.б) сипаттайды.
Бейнеленген заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын
анықтайды.
Сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
Оқиғаға қатысты қорытынды жасайды.

You May Also Like

Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығы саласындағы ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттері

Тақырыбы: Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығы саласындағы ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттері Жоспар Кіріспе…

«Көтібар-алмас қылыш, ел тірегі»

 «Жалпақ жұртыңды, исі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан,…

Презентация собственного проекта

Презентация собственного проекта Я – Уатханова Анель, мне 18 лет. Родилась я…

Арсан суын тұрмыста қолдану

Қапал арасан шипажайы Қысқша анықтама š»Қапал-Арасан» – санаторий. Ақсу ауданындағы Бүйен өзені…