Наурыз сөзінің мағынасы

Наурыз сөзі парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн), яғни жаңа жылдың бірінші күні дегенді білдіреді. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды, Халықтың ежолгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш-күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі, Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан-жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, Мез болмайды» деген.

Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?

Бұл жөнінде мынандай аңыз бар. Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады, Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскөн қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді Ұлыстың ұлы күні деп жариялайды.

Наурыз неге жыл басы?

ТМД Астрономиялық геодезия қоғамының толық мүшесі  Ж.Сахиев: «Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім жылдың шартты түрде үш-үш айынан бөлінетіні белгілі. Астрономия ғылымына сүйенсек. Көктем наурыздың 22-сінен, жаз маусымның 22-сінен, күз қыркүйектің 23-сінен, қыс желтоқсанның 23-інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22-ші наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді».

Бұл мейрам баска халықтарға тән бе?

Көне мейрам – Наурызды әлемнің көп халықтары тойлаған, қазір де тойлайды. Сондықтан да оны халықаралық мейрам деп те атауға болады. Наурыз мейрамын ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардугаш», буряттар «сагаян сара», соғдылықгар «наусарсыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» дөп әрқилы атап, тойлаған.

Рим республикасында біздің дәуірімізден бұрынғы VIII ғасырдың орта шенінен бастап қолданылған күнтізбеде Жаңа жыл наурыз айынан басталып, қазіргі күнтізбелерінде әлі күнге дейін сақтапып отыр. Римдіктер жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен март деп аталған
* Наурыз күні ертедегі грек патшасы алтын тағынан түсіп, өзіне ұнаған қызметшісіне бір күн өз орнын берген.

* Байырғы Иран патшасы бұл күні әділ уәзіріне өз шапанын сиға тартқан.

Қазақ даласындағы наурыз

Жас Кеңес өкіметі Наурыз мейрамын халыққа қайта тарту еткенімен, ол 1926 жылы «діни мейрам» саналыпл, күрт тоқтатылды, Содан ол халқымыха 1988 жылы әзер оралды, Қазақтардың ежелгі ноным-сеинімі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Қазақтар Ұлыстың ұлы күнін жаны-тәні таза қалпында, жаңа киіммен, жақсы тілекпен қарсы алады Адамдар бір-бірімен жылы жүзбен амандасып, Наурыз  бата береді, Наурыз көже ішеді, араздасып жүрген ағайынды татуластырып, мүсәпір, мүгедектерге жәрдем береді, ұлттық ойындар өткізіп, ән жыр айтады, күй тартады, бітелген бұлақтардың көзін ашып, жерге тал отырғызады. Бұрындары қазақтар таң ата биік төбенің басына шығып, жаңа күнді қарсы алған.

Түркия еліндегі наурыз.

Түркияның түк-пір түкпірінде «Сұлтанй Наурыз», «Наурыздың тоғысы», «Наурыздағы мұз бұзылысы» және тағы да басқа атаулармен өткізіледі.
Оңтүстік Ана-долыда (Ғазиантеп) 22 Наурыз «Сұлтан Наурыз» деп аталады. Жергілікті халықтың сенімі бойымша, күн теңелетін түні белгісіз уақытта аяғындағы білезікті сыңғырлатып, кесте тоқи отырып, ғажап сұлу қыз батыстан шығысқа қарай аспанды кесіп, өтеді. Кейбір аңыздарда құс киімін кигеи жігіт деп те айтылады. Сұлтан Наурыз уақытын көрген адамдардың тілегі қабыл болады деген сенім қалылтасқан.
Шығыс Аиадолыда халық күн теңелген түні Он сегіз мын ғаламның барлық жанды жансыздары Тәңірге сәжде етеді деп ойлайды. Осы түні табынушылардың бір жылдағы болашағы анықталады деп сенеді. Сондықтан да қаріп қасірлерге, кембағалдарга жердем беріледі.

 

You May Also Like

Болейбол. Доп беруді жетілдіру, тура жоғарыдан қабылдау – жоғарыдан беру.

1. Допты жоғарыдан және төменнен қабылдауды меңгерту. 2. Допты ойынға қосу және…

Газ тарату станциясын автоматтандыру

ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫН АВТОМАТТАНДЫРУ Газ тең емес тұтынылады. Жазғы айларда жылу қондырғылар…

Дәрумендердің (витамин) адам денсаулығына пайдасы!

А витамині–(ретино -латын сөзі «ретина»-көздің тор қабаты).Ас қорыту, тыныс алу процестерінде және…

Отбасы құқығы шпор

14 жасқа толмаған бала өз атына банкке салынған салымға билік ете алады…