1. Допты жоғарыдан және төменнен қабылдауды меңгерту.
2. Допты ойынға қосу және екі қолмен қабылдау.

Допты жоғарыдан және төменнен қабылдауды меңгерту.
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы 4-5 метр қашықтықта тұрып допты жоғарыдан қабылдау жаттығуларын орындайды.Ойыншы бастапқы қалыпта тұрады, серігі допты оның қолына лақтырады, ол серігіне жоғарыдан екі қолымен жоғарыдан қабылдау әдісін орындайды.Яғни допты жоғары лақтырып, қайтадан бастапқы қалыбымен допты жоғарыдан қабылдайды ары қарай серіктесіне көтеріп беру. Оқушылар орын алмасып тұрады. Әр топ оқушылары шеңберге тұрып топ басшысы ортадан допты лақтырып беру арқылы жаттығу орындалады.Допты жоғарыдан қабылдау тек саусақпен орындалады.
Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын қайталау.
Әріптесімен төменнен берудегі орындалатын жаттығулар жоғарыдан тура берудегі жаттығулар сияқты орындалады, тек төменнен қабылдау арқылы орындайды. Осылай ойыншы допты жоғары алға, жоғары жанына лақтырады, ойыншы допқа жүгіріп шығып допты төменен қабылдап, қайта береді.Допты енкейген қалыпта блекпен қабылдайды, және кеудемен құлап қабылдауға болады.
Допты ойынға қосу және екі қолмен қабылдау.Оқушыларды сабақтың мақсатына жеткізу үшін мен белсендікті арттыру бағытында, волейбол ойынының белсенді әдісін қолдандым. Допты дәл беру үшін қолды дұрыс ұстауға мән беру керек.
Допты астыдан ойынға қосу және жоғардан қабылдау.5–6 рет.(қайталау,жетілдіру.)
Оқушыларды екі қатарға қоямыз.Бірінші қатардағы оқушылар допты 5 рет екі қолмен төменнен беріп тұрады,ал екінші қатар 5рет допты қабылдап тұрады. Содан соң доп екінші қатарға ауысады. Осылайша бірнеше рет қайталаймыз.
Допты жоғарыдан беру техникасын доппен орындау барысында үйрету.
5-6 рет.(қайталау,жетілдіру.)
Бірінші қатардағы оқушылар допты өзінің алдына басынан жоғары лақтырып, содан соң допты жоғарыдан екі қолымен беріп тұрады. 5 рет берген соң екінші қатарға ауысады, бірнеше рет қайталайды.
Допты жоғарыдан беру және төменнен қабылдауды бірге қосып орындауды үйрету.
5-6 рет.(қайталау, жетілдіру.)
Оқушыларды екіге бөліп, жартысы допты береді, ал қарама-қарсы беттегі топ допты қабылдап тұрады, ауысып отырады.
Волейбол ойыны – еліміздегі ең көп таралған ойындардың бірі. Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті – жабдықтардың өте күрделі болмауы, тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие етеді. Онымен барлық жастағы адамдар айналыса алады. Волейбол олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізіліп келеді. Қазақстан волейбол командасы 1966 жылыдан бері сенімді ойын жолына көшкен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Азықтық минералды қосындылар

Минералды азық – малға қосымша азық ретінде берілетін табиғи және қолдан жасалынатын…

Тістің реставрациясы және көркемді үлгілеуі.

Жылдар өткен сайын науқастар стоматологияға жоғары талап қоюда. Көбіне назарларын пломбының косметикалық…

Бүйректі қалпына келтіретін 4 тағам

Бүйректі қалпына келтіретін 4 тағам. Бүйрек жұмысы бұзылуының бірнеше себептері бар. Диабет,…

Электрондық үкімет, Баяндама

Баяндама Тақырыбы: Электрондық үкімет.                                                  Электрондық үкімет     «Электрондық үкімет»…