SQL операторларын қолданбалы бағдарламаларға кірістіру
SQL тілін қолданбалы бағдарламаларда пайдалану мүмкіндіктері.
SQL тілін интерактивті режимде қолданумен қатар, жоғары деңгейлі
процедуралық тілдерде жазылған бағдарламаларға SQL-операторларды
енгізу арқылы қолдануға болады. SQL-операторларды интерактивті қолдану
мысалы ретінде, MS SQL Server ортасының Query Analyzer терезесін атауға
болады.
SQL тілін қолданбалы бағдарламаларда пайдалану тәжірибеде екі
тәсілмен орындалады:
1.Кірістірілген SQL-операторлар. Жеке SQL-операторлар
бағдарламаның бастапқы қодына енгізіліп, базалық тілдің операторларымен
араласады. Бұл қадам, мәліметтер базасына шақыру жасайтын
бағдарламаларды жасауға мүмкіндік береді. Алдын ала компиляция
жасайтын арнайы бағдарламалар, SQL-операторларын МББЖ қосымша
бағдарламаларының сәйкес шақыруларымен алмастыру арқылы, бастапқы
мәтінді түрлендіреді, кейін ол компиляциядан өтіп, қарапайым тәсілмен
жиналады.
2. Бағдарламалаудың қолданбалы интерфейсін (API) пайдалану. Балама
(альтернативный) нұсқа бойынша бағдарламашыға, олар құрған
бағдарламалардан шақырулар жасауға болатын функциялардың стандартты
жиыны ұсынылады. API нақты нұсқасы, кірістірілген операторларды
қосудың функционалдық мүмкіндіктерін берумен қатар, бастапқы мәтінді
алдын ала компиляциядан өткізуді қажет етпейді.
Екі тәсіл де, операторларды статикалық SQL және динамикалық SQL
түрінде қолдануды ұсынады.
Статикалық SQL операторлары мәліметте базасының файлдары және
сақталатын процедуралары түрінде сақталады. Бірақ, бұл операторларды
қолдану бағдарламашылардың барлық талаптарын қанағаттандырмайды.
Динамикалық SQL операторлары бағдарламашы немесе соңғы
қолданушыға, қосымша орындалу кезінде операторларды құрып, оларды
мәліметтер базасын жіберуге мүмкіндік береді. этих операторов помещает
выходные данные в переменные программы. Динамикалық SQL, нақты
жағдайларда пайда болатын ерекше талаптарға байланысты SQL
операторларын жедел құрау арқылы, алдын ала жоспарланбаған
сұраныстарды жасауға арналған аспаптық құралдарда қолданылады.
Қолданбалы API құрамындағы кітапханалық функциялар жиыны
мәліметтер базасын қосу, әртүрлі SQL операторларын қолдану,
нәтижеленентін мәліметтер жиынынан жеке жолдарды таңдау т.с.с
қызметтерді атқарады.
Мәліметтер базасынан мәліметтер алу әдетте, МБ қосымшасы түрінде
оырндалған интерфейс көмегімен іске асырылады. Мәліметтер базасының
қосымшасын жасау үрдісін қарапайым түрде жасау үшін әртүрлі
технологиялар жасалды. Осындай технологиялар ретінде төменде
көрсетілген технологияларды қарастыруға болады:

ADO (Active Data Objects) – мәліметтер базасына қосылу үшін Webсерверлерде динамикалы интерактивтік Web-парақтар жасауға арналған
бағдарламалау моделі.
BDE (Borland Database Engine) – Borland фирмасының өнімдерін
қолдану арқылы орындалатын, қосымша мен мәліметтер арасындағы
интерфейс.
ODBC (Open Database Connectivity) – мәліметтер базасын қолданудың
біртұтас интерфейсін пайдалануды және SQL тілін қолдайтын стандарт.
Аталған компоненттер арқылы мәліметтер базасына рұқсатты
ұйымдастыру құрылымы 1 суретте көрсетілген:

Мәліметтер базасының қосымшалары
ADO BDE механизмі
OLE DB BDE
мәлімететтерінің
жергілікті орны
ODBC, SQL
мәліметтерінің
шалғайдағы орны
Мәліметтер
базасы (Oracle,
FoxPro, SQL
Server)
Басқа
мәліметтер(пошта
, видео, мәтін
және т.с.с)
Мәліметтер
базасы (Paradox,
dBase)
Мәтіндік файлдар
Мәліметтер
базасы
(Oracle,
Sybase, SQL
Server,
InterBase,
DB2)
және т.б.)
Мәліметтер
базасы
(Oracle,
FoxPro, SQL
Server, Access,
Excel т.с.с.)

1 сурет – Мәліметтер базасына рұқсат компоненттері
Суретте көрестілгендей ADO моделі OLE DB (Object Linking and
Embedding Databases – мәліметтер базасының объектілерін байланыстыру
және енгізу) технологиясына негізделген. OLE қайталап қолданылатын
бағдарламалық компоненттерді жасаудың объектілі – бағытталған
технологиясы, ерекше функцияларға ие объектілерді қосымшаларға бірге
орындауға мүмкіндік береді. OLE – қосымшалар үшін мәліметтер ретінде
мәліметтер базасының кестелері, мәтіндік файлдар, электрондық кестелер,
диаграммалар және басқада графикалық бейнелер бола алады.
BDE мехнизмі қосымшамен мәліметтер базасының арасындағы
интерфейс, жүйелік DLL (Dynamic Link Library) файлдарының жиыны
түрінде орындалады. BDE технологиясы C++ Builder, Borland C++, Delphi,
IntraBuilder и JBuilder өнімдерінде қолданылады.
ODBC стандартында SQL тілі мәліметтерге рұқсат алудың базалық
құралы түрінде қарастырылады. Бұл интерфейс Си тіліне кірістіріліп,
әмбебаптық жоғары деңгейді қамтамасыз етеді. Нәтижесінде бір қосымша,
бағдарлама мәтініне өзгерістер енгізбей, әртүрлі МББЖ мәліметтер базасына
рұқсат алады. Қосымшаның қолданушы таңдаған кез келген МББЖ-мен
байланысуы үшін, сәйкес ODBC-драйвері болса жеткілікті.
ODBC интерфейсінің элементтері:
Функциялар кітапханасы – қосымшаның, мәліметтер базасына
қосылуына, SQL-операторларды орындауға және нәтижеленетін мәліметтер
жиынынан ақпарат алуына мүмкіндік жасайды.
Қосылудың және МББЖ тіркеудің стандартты әдісі.
Мәліметтердің әртүрлі типтері үшін стандартты көрсетілім.
Қателіктер кодтарының стандартты жиыны.
X/Open и ISO CLI стандарттарының ерекшеліктерін қолдануға
негізделген SQL-операторлардың типтік синтаксисі.
ODBC архитектурасы төрт элементтен тұрады:
1)Қосымша. SQL-операторларды МББЖ-не жіберу және қайтарылатын
МББЖ мәліметтерін өңдеу үшін ODBC кітапханасының функцияларын
шақыруды орындайды.
2)Драйверлер менеджері. Қосымша талабы бойынша драйверлер
жүктеуді орындайтын компонент. Драйверлер менеджері DLL кітапханасын
білдіреді.
3)Мәліметтер базасының драйверлері. ODBC функцияларының
шақырылуын өңдейді және SQL-сұраныстарды нақты мәліметтер көзіне
бағыттайды, сонымен қатар алынған мәліметтерді қосымшаға қайтарады.
4)Мәліметтердің қайнар көзі (источники данных). Мәліметтер көзі
ретінде мәліметтер базасы, электронды кесте және т.с.с. Мәліметтер
базасындағы мәліметтерді МББЖ және операциялық жүйе.
Мәліметтердің қайнар көзі және ODBC. Клиенттік қосымшада ODBC
құралдарын қолдану кезінде мәліметтердің белгілі қайнар көзін пайдалану
орындалады және сол арқылы МББЖ қолданылады. Сонымен қатар, жалпы
ODBC ішкі жүйесі орнатылады, «драйвер – мәліметтер базасы» жұбы
анықталып, мәліметтер базасымен қосылу кезінде қолданылатын атау
беріледі. Сәйкес жұптар мәліметтердің қайнар көздерінің атауларымен
аталады, немесе аты қойылған мәліметтер көзінің аталуымен (Data Source
Names, DSN) белгіленеді. Мәліметтердің қайнар көзін жасауға басқару
панелінің терезесінен шақырылатын ODBC Data Source Administrator
утилиттері қолданылады. Мәліметтердің қайнар көзінің параметрлері: оның
атауы және сипаттамасы; қосылу орнатылатын сервер; аутентификация әдісі;
мәліметтер базасының атауы.
Негізгі әдебиеттер: 2 нег.249-254, 3 нег. 227-232
Қосымша әдебиеттер: 6 қос.503-507
Бақылау сұрақтары:
1. SQL тілін қолданбалы бағдарламаларда пайдаланудың қандай
мүмкіндіктеріі бар?
2. ODBC технологиясының ролі және архитектурасы қандай?
3. Мәліметтердің қайнар көзі (источники данных) деген не?
4. Мәліметтер базасының қандай драйверлерін білесіз?
5. ODBC интерфейсінің қандай элементтері бар?

You May Also Like

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын тиімді әдістер

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын тиімді әдістер Биылғы Елбасының жолдауын жарқын болашақты айқындайтын…

Бақытты балалық шақ

                                    Бақытты балалық шақ Мен өзімді бақытты бала санаймын.Тәуелсіз елімнің  арқасында  бақытты…

The teacher is the mother of the people

The teacher is the mother of the people Who is the teacher?…

Біз – бейбіт елдің ұланымыз, шығарма

Біз – бейбіт елдің ұланымыз! Қазақ деген – батыр халық. Ол еңкейгенде…