Баяндама

  Бастауыш сыныпта заманауи сабақтарды дамыту жолдары

               Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектеп  ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан – жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Баланы мектепке даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде иннова циялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарла малық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды   кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда педогог әр оқу іс – әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы педогог уа қытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.

Қазіргі замнауи тұлға күнделікті көлемді ақпаратты алу кезеңінде және бі лімнің үнемі жаңартылып отыру заманында өмір сүруде. Теледидар, ғалам тор,күнделікті баспа басылымдары өзінің жаңа өнімдерін ұсына отырып, оларды меңгерудің жаңа тәсілдерін талап етеді.Бастауыш сыныптан-ақ бас тап оқушылар ізденуді,түсінуді,өңдеуді,қолдауды және алған ақпаратты дұрыстығын бағалауды үйренеді.Әртүрлі ақпараттармен жұмыс істеу үрдісін де оқушылар өмір бойы оқу керектігін және ақпараттық ортада өмір сүру үшін үнемі өзіндік дамудың қажеттігін түсінеді.

Қай ғасырда болсын,қандай қоғамда болсын,ұрпақ тәрбиесі ешқашан назар дан тыс қалып көрген емес.Бүгінгі таңда алдымызға қойып отырған басты мақсат-оқушыларға тек білім,білік дағдыларын меңгеру ғана емес,өзін-өзі дамытуға ұмтылатын,ақылды,алғыр,ой-өрісі кең,ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын,талантты жастарды тәрбиелей отыра,еліміздің мүддесіне қыз мет етуге бағыт-бағдар беру.Үнемі дамып,өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.Бұл аса маңызды,мазмұнды,қоғамға қажетті шара болғандықтан әр түрлі  тәрбие меке мелері арқылы жүзеге асырылады.Әйгілі Платонның өзі «Балалар тәрбиесі-мемлекеттің маңызды міндеті» деп айқын айтқан еді.

Қазіргі білім саласындағы басты міндет-білім мазмұнына жаңалық енгізу дің жаңа жолдарын,яғни әдіс-тәсілдерін іздестіпу болып табылады.Ал осы қасиет мұғалім бойынан орын алып,мұғалімдеріміз жаңашылдыққа бетбұрыс жасап жатса,бұл еліміздің алға қойған мақсаттарының іске асқандығы емес пе?!

Мекткп ісін түрлендіру әр мектеп үшін өзіндік сипатта жүреді,себебі ол нақты әрбір мектептің,педогогикалық ұжымның сапалық ерекшіліктерін сипаттайтын бастапқы мүмкіндіктер деңгейлері мен жағдайлар жүйесіне бай ланысты болмақ.  [Мұғлімге арналған нұсқаулық,1 деңгей,3-бет]

Мұғалімдер алдында тұған мәселе –мектеп қабырғасынан құзыретті, адам гершілік қасиет мол,жан-жақты,алған білімдерінөмірде пайдалана алатын тұлға шығару.Осы негізде Қазақстан Республикасының мұғалімдер білік тілігін арттыру курсының І деңгей бағдарламасының басты мазмұны «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» деген мәселені шешігу бағытталған.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы [мұғалімге арналған нұс қаулық,бірінші деңгей,5 бет] жасаған құзыреттерді анықтау және іріктеу жо басы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитынХХІ ғасыр дағдылары ның моделі болып табылатыны сөзсіз.

Мұғалімнің негізі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап,белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту,оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру,жаңа технология ларды сабаққа тиімді пайдалана білуі,бір сөзбен айтқанда – оқу үрдісін

дамыту.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.Бүгін жаңа педагог моднлі – жаңалықтарды  қабылдауға даяр,өз ой – өрісін,іс – әрекетін өзгертетін,оқушыны рухани өсіре алатын тұлға деп санай мын.Ең бірінші алға қойған мақсатым – заман таладына сәйкес өзімнің, мек тептің өзгеруіне үлес қосып,мектептің даму бағдарламасын жаңа заманауи үлгіде құруды жіне жаңа технологияларды ары қарай жетік меңгеріп, тәжири беде қолданып,білгенімді әріптестеріме тарату.

Тәрбие негізінің бірі бастау бұлағы бастауыш сыныпта қаланатыны бәріміз ге мәлім.  Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің баспалдағы.Бастауыш сы нып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған қағаздың ақ парағы секілді таза,пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету,оның қабілетін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу,дұрыс түсініп қалыптастыру.Кез келген жаңа оқыту техноло гиясы мұғалімнен терең теориялық,психологиялық,педогикалық,әдістемелік білім,үлкен педогогикалық шеберлікті,шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп,оны ұғына білуді талап етеді.

Заманауи оқытудың нәтижесіне жету үшін,дәстүрлі білім парагдималарнан бас тарту болып табылады.Дәстүрлі жаңа білім беру,пәндік жаа іс- әрекет жасау (білік пен дағдыға айналатын),мұғалім тарапынан сұрақ-жауап алып, баға қою мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарын орындауды қамти алмайды және баланың өзіндік ізденуіне,дамуына, жаңа шыл іс-әрекет етуіне кедергі тудырады.

Бастауыш сыныпта жүргізілетін заманауи сабақ қандай болуы керек?Мұғалім сабаққа білім беру үдірісінің ұйымдастырушысы,оқушы – ізденушілік-зерттеушілік іс-әрекет субьектісі.Сабақ дамытушылық, коммуни кативтік,денсаулыққа зияны,әсері тимейтін әдістерді,технологияны қолдану бағытында жүргізіледі.Кз келген практик мұғалім үшңн сабақ қоңыраумен бірге басталмайды алдан-ала сол сабақты жоспарлау кезеңінен басталады. Сабақ жоспарын жазарда мұғалім ой елегінен сабақтың жүру барысын өткізіп,мақсатын,мазмұнын,әдіс-тәсілдерін,қол жетер нәтижесін анықтап алады.Мұғалім білім берудегі заманауи технологиялларды қолданады.

Өз іс-тәжірибемді жиі қолданылатын оқытудағы заманауи сабақтың бір неше әдістерін және түрлерін атап өтейін:

Жобалау технологиясы;

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;

Ақпараттық коммуникативтік технологиясы;

Денсаулық сақтау технологиясы.

Жобалау технологиясы

    Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгер мейінше интеллектуалды,кәсіби шебер,сауатты,жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған міндеттерін іске асырудың ең тиімді әдіс, тәсілдерді, ұйымдастыруға қойылған міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан – жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін табады.

Заманауи инновациялық әдістерді балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан – жақты дамуына тигізер үлесі өте зор. Жаңа қоғамға жаңа тұлға қажет. Мұндай азаматты қалыптастыру – қазіргі заманғы білім берудегі басты міндет. Оқытушы еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсетті. Білім берудің түрлері мен әдістерін жаңарту дың мақсаты – әр оқушының шығармашылық қабілетін барынша дамыту, ұлттық өнердің түрлі жанрларын білуге, жалпы ұлттық мәдениетке баулу болып табылады.

Демек, Елбасының «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген қағидасына сүйенсек, қазіргі қоғамдағы дамудың басты факторлары: білім, ғылым, саяси тұрақтылық екенін, яғни заман өзгергені мен,мемлекеттің өркендеуі білім-ғылымсыз мүмкін емес екеніне көз жеткіземіз.

Қазақстанның болашағы алдымызда отырған мектеп оқушылары. Сондықтан осы оқушыларға жан-жақты білім беру, өз пікірін айтып, дәлелдей алатын, білімді, білікті тұлға тәрбиелеу ұстаздарға жүктеліп отыр. Сондықтан ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса» деген қанатты сөзімен аяқтағым келіп отыр.

You May Also Like

Бет терісінің түлеуі дерттің белгісі ме?

Бет терісінің түлеуі тері ауруы немесе ағзадағы дерт белгісі болып табылады. Кей…

Жидектер қосылған сүзбе торты

Қажетті өнімдер: Қамыры үшін: – 2 сарыуыз; – 70 г сарымай; –…

Киелі Қазығұрт, өлең

Магмалық тау жыныстары

Магмалық тау жыныстары атқылаған тау жыныстары — магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер…