Тазалағыш ұнтақпен жұмыс жасау – көп үйбикелер үшін нағыз азаптың өзі. Барлық дүниелерді сырады, жұмыс істеп болған соң қолыңыз да былғанады. Ешқандай қорғаныс көмектеспейді, ұсақ шаңтозаңды бәрібір де жұтасыз. Ойлап қарасаңыз, духовканы тазалағаннан канализацияға қанша зиянды заттар түседі. Сол жер арқылы біз ішетін ауызсуға да зияны барады деуге болады. Түрлі табалар, пештерге және т.б. зиянды заттар қонып, солар арқылы біздің ағзамызға түседі. Ал енді осы асүй бұйымдарын экологиялық жағынан таза қоспалармен тазалау үшін, сізге сіркесу, ас содасы, тұз және аздаған газдалған су қажет болады.

Духовка

Духовкада жиналып қалатын кір мен май көзге аса байқала қоймайды. Бірақ оларды кетіру өте қиын. Сондықтан әрқашан профилактика жасап тұру қажет: духов-каны майлықпен, сіркесумен сүртіп тұру қажет.
Ет және басқа да майлы тағамдар пісіргеннен кейін, ыстық духовкаға ірі тұз сеуіп қоюға болады. Тұз майды сорады. Егер бұл көмектеспесе, ас содасы мен метал езгішті қолданыңыз. Кетіруге тым қиын дақтарға мүсәтір спиртін түнге қарай құйып қою ке-рек. Таңертең оңай-ақ жуып тастайтын боласыз.
Пеш
Пешті тазалауға ас содасы жарайды. Пештіңүстінелимон шырыны немесе сіркесу қосылған су сеуіп, ас содасымен сүртсеңіз, бүкіл майларды алып түседі. Егер пеш қатты кір болса, лимон шырыны мен ас содасын жағып, бірнеше минутқа  қалдырып қойыңыз. Содан кейін барып жуыңыз.
Ыдыс-аяқ жуатын шуңғылша
Әдетте шұңғылшаның беті көп сырылмайды. Сондықтан ірі тұз бен асқа арналмаған соданы қолдана аласыз. Шұңғылшада қоқыс жиналып қалмас үшін, 3-4 күнде бір қайнақ су құйып тұру керек. Егер бұдан кейін де қоқыс тұрып қалса, шұңғылшаға 1 стаңан сода,  стақан тұз себіңіз, 1 стақан сіркесу құйыңыз. 30 минуттан кейін шұңғылшаға 2 литр қайнақ су құйыңыз. Әрине, химиялық қоспалардан тұратын еріткіштер бұл жұмысты жылдам атқаратыны аның, біраң сабырлылыңпен біз көрсеткен әдісті ңолданатын болсаңыз, экологиялың жағынан тиімді болады.
Зең [плесень] Зең су көп жерде пайда болады. Уақ-уақ пайда болатын зеңнен құтылуға пачули майы көмектеседі. Суға бірнеше тамшыны тамызып, зең пайда болған жерге шашыңыз. Пачули түрлі көктерді жоя алады. Тағы да бір зеңмен күрес жүргізе алатын зат – сіркесу.
Крандар
Газдалған сулар экологиялың жағынан аса таза өнім болып саналмаса да, бірақ кез келген химиялың қоспадан жақсы болып есептеледі. Қаңтар мен дақтарды жақсы кетіреді.
Еден
Еден жуатын суға 2 қасың тұз қосып жіберіңіз. Тұз еденді дезинфекция жасап, кез келген кірді, дақты кетіреді. Тұзды сумен жуғаннан кейін, таза сумен тағы бір сүрту керек болады. Әйтпесе тұздан кейін еденіңіз сатала болып қалады.
Әйнектер
Әйнекті тазалау үшін, пластик бөтелке, жылы су, сіркесу және ескі газет ңажет. Бөтелкеге су құйып алып, үстіне 2 қасық сіркесу қосыңыз. Әйнекті осы суды шашып отырып сүртіңіз. Аздап сықырлайды, біраң әйнегіңіз тап-таза болады. Егер әйнек қатты кір болатын болса, ыстық сумен жуыңыз. Қайнақ су болып жүрмесін, әйтпесе әйнек сынып кетуі мүмкін.
Тоңазытқыш
Ыстың бу тоңазытңышты тазалайды және дезинфекция жасай алады. Сонымен қатар суға езілген сіркесу да зеңді кетіріп, жағымсыз иісті алады. Кірін кетіру үшін ас содасы қосылған сабынды сумен жуып, соңында таза сумен сүртіп алыңыз.

Ас үйдегі күміс буйымдар
Сода, ыстық су және фольга. Кастрөлге қайнақ су құйыңыз. 2 қасық сода және мыжылған фольга салыңыз. Фольганың үстіне күміс бұйымдарды қойыңыз. Қоспада бірнеше минут ұстаңыз. Содан соң аударыңыз. Осылай күмісті жылтыратуға болады.
Шәйнек
Газдалған су шәйнектегі ңаңты жақсы кетіреді. Газдалған суды шәйнекке құйып, қайнату керек. Содан соң щеткамен жуып тастаңыз.
Жағымсыз иіс
Жағымсыз иістерден құтылуға кофе дәндері мен цедра көмектеседі. Цедра мен кофе дәнін табада қуырып, жағымсыз иіс шығатын ыдысқа салып қойыңыз.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Асшаян мен картопты сорпа

Асшаян мен картопты сорпа Қажетті өнімдер: 100 г картоп езбесі, 40 г…

«Он жетіде от кешкен» Сұлтан Балхаев

«Он жетіде от кешкен» Сұлтан Балхаев 1925 жылы  сиыр жылының күзінде Маңғыстаудың…

Әнші болғым келеді

Әнші болғым келеді… Менің әжем әнді жақсы айтатын. Жан тартпаса да, қан…

«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға

1.Стронгтың айтуынша: «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – …………..»…