Халықаралық және ішкі туризмдегі көлік тасымалы

  • Халықаралық туризмде көп жылдар бойы адамдарды су бойынша тасымалдаудың түрлері басым болған. Бірақ уақыт өте келе, авиацияның даму мөлшеріне қарай оның маңыздылығы бірте-бірте қысқарды. Мысалға алсақ, кемемен Солтүстік Атлантика арқылы Франциядан АҚШ-қа баратын саяхат 80 сағат уақытты алады, ал ұшақпен тек қана 8 сағатта ұшып өтесіз. Осындай жағдай сонымен қатар Тынық мұхиты арқылы өтетін іскерлік рейстерде де байқалады. Бірақ Европаның батыс жағалаулары, Жерорта теңізі, Кариб теңізі, Азор және Атлантиканың басқа аралдары аймағында теңіз экскурсия-круиздері үлкен маңызға ие болып отыр.
  • Туризммен пайдалынатын көлік түрлері географиялық орнына, жердің табиғи жағдайына, сонымен қатар коммуникациялық желілердің дамуының дәрежесіне тәуелді. Туристік көлік және жалпы көлік: құрлық,  су (өзен, теңіз) және әуе көлік болып бөлінеді. Туристік тасымалдаудағы көліктің кейбір түрлерінің үлесі халықаралық  және ішкі туризмде әртүрлі болып құрылады. Қоғамдық көлік туристердің тікелей демалуының, тамақтану және көңіл көтеру орны болады. Осындай транспорттық туризм  халықтың демалуының айрықша әйгілі түріне айналды. Осы мақматқа негізінен су көліктерінің түрлері бейімді- кемелер осында жоғарғы категориялы қонақ үйлер сияқты комфортты демалу үшін жағдайлар жасалады. Ересек адамдар үшін ең тартымды «жылжитын үй» сияқты  жолаушы су кемелері болып табылады. Темір жол көлігі қызмет көрсетудің осындай жоғары деңгейін арнайы жылжымалы составты қолданғанда да көрсете алмайды, бірақ оның да құндылығы бар. Ол кейбір көрсеткіштер бойынша су көлігін озып кетеді.
  • Қазақстанда су көлігін қолданатын туризм әлі дамымаған. Ол гидрографиялық жүйенің нашар болуымен түсіндіріледі. Бірақ Республика адамдарының көпшілігі жыл сайын басқа елдердің теңіз және өзен туристік саяхаттарына қатысады.
  • Қазақстанда тарнспорттық туризмнің екі түрі кең таралған. Ол автомобиль және авиациялық туризмдердің түрлері. Халықаралық және ішкі туризмде жеке автомобиль (жеке туристер) және автобустар (экскурсиялар) арқылы тасымалдау маңызды орын алады. Мотоциклдермен, мопедтермен, велосипедтермен саяхаттау қазіргі кезде таралмаған.
  • Круиздік туризм ежелгі заманна пайда болғанға қарамастан, өзінің қарқынды дамуын 50-ші жылдардың аяғынан бастаған болатын. Круиздік саяхаттардың алғашқы гиді болып ағылшын жазушысы Уильям Теккерей саналады. Круиздік саяхат негізінен қысқы мерзімді экскурсиялар өткізілетін жағалаулардың бойымен жүргізіледі. Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді.
  • Әуе көлігі тек қана көлік қызметімен қатар, қонақ үй қызметін атқару керек. Көптеген ірі әуежайлар туристерді қарсы алуға және шығарып салуға қолданады. Әуе көлігі маусымдық түсулер кезінде чартерлік тасымалдау қызметін атқарады. Чартерлік тасымалдау кезінде салонның толық толтырылуы. Жеке шетел фирмаларға тарифті төмендетуге жағдай жасайды. Чартерлік тасымалдау үшін ұшақтарды жалға алудың екі түрі бар:
  • белгілі мерзімге ұшақты жалға алу;
  • белгілі күн мен сағатқа ұшақты жалға алу.
  • Ең алдымен авиа көлікке жолаушыларды тарту үшін льготалық тарифтер еңгізілген болатын. Әуе саяхаттардың әйгілігінің өсуі, көптеген мемлекеттерде осы транспорт түрінің басқа транспорт түрлерінен басымдылығының өсуіне әкелді. Ол негізінен аралдық немесе туристік сұраныстан шалғай жатқан елдерге қатысты. Әуе көліктің ішкі туристерді тасымалдау маңыздылығы байқалып отыр. Ол АҚШ сияқты үлкен территориясы бар елдер мен дамыған әуе желілері бар елдері (Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада, Аустралия).
  • Автотуризм деп- жеке көлікті туристік мақсатқа қолдануды айтады. Осындай саяхаттар бірнеше күнге немесе аптаға есептелген. Автотуризмнің ерекше белгісі болып: оның жоғары маневрлендігі, қорғалануы, қысқы мезгілде ұзақ қашықтыққа жүруі және көп туристік обьектілерді көріп шығуға болатындығы саналады. Жоғарғы маневрлігі автотуристерге уақытша түнеу орнына оралуға мүмкіндік береді. Туризмдегі әуе қатынастардың маңызы ұшақтардың тасу мүмкіншілігінің жоғарлауымен байланысты. Ол негізінен 50-ші жылдардан бастап байқалуда. Осы кезеңде ұшақтар пайда болған. Олардың жылдамдығы сағатына 700-950 шақырым. (Мысалы: ТУ- 104; каравелла; боинг-707). 60-шы жылдардың аяғында бірнеше жүз адамдарды сыйғыздыратын үлкен ұшақтар қолдануға берілді. (Мысалы: АҚШ-та   боинг-747).  Қазіргі  туризм осы заманға сай жаңа ұшақтарды пайдаланады.
  • Автомобильдік қатынастардың қарқынды дамуы жеңіл автомобильдер мен автобустарды шығарудың артуымен, автожолдар жүйесімен дамуымен және жақсарумен байланысты. Қазіргі жолдардың қалың жүйесі автомобиль арқылы елдің немесе басқа елдің әр түкпіріне жетуге болатындығын көрсетіп отыр. Автожолдардың жүйесіне автотуристерге қызмет көрсетумен байланысқан дамыған инфрақұрылым сәйкес келеді. Мысалы: қоршалған паркингтер, мотельдер, ресторандар, кафе, техникалық қызмет көрсету станциялары.
  • Автосаяхаттардың санында қазіргі кезде маңызды орынды- караванингтер алады. Олар автомобильдерге қосылған автоприцептер.
  • Көліктердің ішіндегі темір жол көлігі әртүрлі мемлекеттерді және мемлекеттердің әртүрлі региондары арасында байланыстарды орнату үшін  айрықша роль атқарады. Әрбір мемлекеттің экономикасының дұрыс дамуын қамтамасыз етеді және туристер көп қолданатын көлік түрі. Темір жол тасымалдауларының бірқатар ерекшіліктерін айтып өтуге болады: темір жол көлігінің тасымалдау мүмкіншілігінің жоғары болуы; шығатын пунктен, бару пунктіне тасымалдаудың жоғары жылдамдығы; үлкен қашықтықтарды өтудің мүмкіншілігі; метео жағдайға байланыссыз тасымалдаудың тұрақтылығы және т.б. осы қалалар арқылы темір жол көлігімен саяхаттың маршрутын жасау.
You May Also Like

Бухгалтерлік есептің даму тарихы экзамен сұрақтары

Бухгалтерлік есептің тарихын зертеу немесе есептің даму тарихы Бухгалтерлік есептің даму сатыларының…

ЕСЕПТЕРДІ ГРАФ АРҚЫЛЫ ШЕШУ

Мақсаты: Есептерді граф арқылы шешу тәсілдерін зерттеп, көрсету. Міндеттері: 1. Есептерді граф…

Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі, курстық жұмыс

Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар Мазмұны Кіріспе……………………………………………………………………………………… 1-тарау. Экономикалық процестегі мемлекеттің…

Тауың бауырынан салат

Тауың бауырынан салат Қажетті өнімдер: 7г қырыққабат, 3 қызанақ, 100 г зәйтүн…