Күз–молшылық айы.

«Күздің бір күні – қыстың бір айын асырайды»

-деп халық даналығы бекер айтылмаған.

Әр мезгілдің өзіне тән қасиеті бар. Бірі жанына жылулық сыйласа, бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп те үлгереді.

Осы төрт мезгілдің ішінде ең кереметі күз маусымы болар.

Сарғайған жапырақтардың тал басында желге шыдас бермей жерге түскен сәті, көз алдында бүкіл әлем қоңырқай түске боялып, бейне бір салып қойған сурет секілді күйге енсе, асчпанның шелегі тесіліп қалғандай әр күн сайын тамшылар тамып, жаңбыр жауса, көңілің құлазыптұнғиыққа еніп кетерін анық.

Күз маусымы – адамзаттың сағыныш маусымы. Мектепке асыққан оқушының сағынышы, қара жерге асыққан жапырақтың сағынышы, егістіктегі мол жемісіне асыққан бағбанның сағынышы көздің жауын алады.

Күз мезгілі мерекелерімен де керемет! Қоңыр күзді алғашқы күні барша оқушылар «Білім күні» мерекесін қуанышпен қарсы алады. Сонымен қатар, «Алтын күз», «Тіл мерекесі» «Қарттар күні», «Ұстаздар күні»,  мейрамдары тойланады.

Күз дегеніміз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Олай дейтін себебім, күзде – егін, шөп, астық, көкөніс, жеміс – жидектер піседі. Ағаштың бейнесінен қуаныштың, қайғының көңіл – күйін байқауға болады. Дастархан әртүрлі тағамға толы болады. Күзде қыс мезгіліне дайындалу басталады. Сондықтан адамдар да, жануарлар да, құстар да, тіпті өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.

Күз осы 4 мезгіл ішіндегі ең асылы, ең әдемісі, ең алтыны болып саналады. Қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Күз дегеніміз- қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз- бұл кезде қыс қамы жасалынады. Бұл кезде ауамызды тазартатын жасыл ағаштарымыздың жап-жасыл түстері сарғайып, алтын түске боялады. Ағаштың жапырақтары түсіп, айнала алтын түске енеді. Әр мезгіл өзіне тән сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Сары жапыраұ, қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.

Күздің өзіне тән ерекшеліктері:

1) Адамдардың көбі бұл мезгілде үнатай жатады, айналасына қанағаттанбаушылық білдіреді. Болар-болмас нәрсеге мұңайып, бастарын қатырады. Күздің бірінші ерекшелігі де осы еді.

2) Күздің өзіне тән суық мінезі, иісі бар. Ешкімге мойынсұнбайтын тоңмойындығы тағы бар.

3) Күздің үшінші ерекшелігі — күзгі сарын, күздің дыбысы. Жылы жаққа ұшып кетіп бара жатқан құстардың қанат қағыстары мен қимастықпен қоштасқан үні, ағаш сыбдыры, ызғырық соққан жел, жел ырқымен қозғалған ағаш бұтақтары мен жапырақтар үні.

4) Қызыл, жасыл, сары, қоңыр сияқты түстердің алуан түрлілігі керемет үйлесім табады. Төртінші ерекшелікте осында. Күз мезгілінде ғана осыншама көп түстердің үйлесімін көруге болады.

5) Жауын-шашынның ең көп жауатын мезгілі де осы-күз. Жаңбыр ол-Алланың нұры. Бұл алтын күздің бесінші ерекшелігі.

6) Соншалық жаңбырдың, жапырақтардың мол қорын қай мезгілде көруге болады – әрине, күзде. Ағаштың алтын жапырақтары айналаны сары түске бояйды.

Кейбір адамдар осындай керемет ауа-райында саябаққа барып, біраз демалып, сергіп қайтқысы келеді. Себебі, тек осы мезгілде саябақтарға жаңа келбет  кіреді. Бұл алтын күздің жетінші ерекшелігі. Ең бастысы, күз — бұл төрт мезгіл ішіндегі ең молшылыққа, ең тоқшылыққа толы мезгіл

Күздің байлығы- бау- бақшамызда  әбден пісіп  жетілген көкөністер мен жемістер, егіннің иіліп тұрған  бастары,  қап-қап картоп,  малдың, құстың, аңның   әбден семірген  кезі.  Дастарқаның  молшылыққа , ет пен майға толы кезең.  Сонымен қатар күз кезінде  қауырт жұмыс,  қысқыға дайынындық.  Күздің  соңғы күндерінде дала есігін айқара  ашып, кіріп келетін қысқа деген дайындық  кезі.  «Күздің  бір күні, қыстың  бір айын асырайды»  деп  дұрыс айтылған.  Күзде ерінбей  еңбек етсең, қыста қысылмай өмір сүресің.   Жауын – шашынның көбеюі,  күннің суытуын, желдің суық ызғарынан күздің келіп қалғанын  да білеміз.   Күзде күннің көзі жиі жылулығын жер бетіне сыйлайды.

Күзіміз неткен көңілді! Күз мезгілі қандай тамаша! Күз дегеніміз –  байлық, молшылық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

SQL операторларын қолданбалы бағдарламаларға кірістіру

SQL операторларын қолданбалы бағдарламаларға кірістіру SQL тілін қолданбалы бағдарламаларда пайдалану мүмкіндіктері. SQL…

Автокөліктер тарихы

Балалар хирургиясының Қазақстанда және ТМД елдеріндегі даму тарихы. Ерекшеліктері. Деонтологиясы. Дәріс

«Хирургиялық аурулар» пәні «Балалар хирургия» модулі бойынша дәріс кешені №1 Дәріс. Тақырыбы:…

Жұмсарту және ұқалау. Массаждың адам денсаулығына пайдасы.

Үгудің ең күрделі тәсілі – илеу немесе жұмсарту. Басқа тәсілдерге қарағанда бұл…