«Хирургиялық аурулар» пәні «Балалар хирургия» модулі бойынша дәріс кешені

№1 Дәріс.

Тақырыбы:  «Балалар хирургиясының Қазақстанда және ТМД елдеріндегі даму тарихы. Ерекшеліктері. Деонтологиясы».

№1 Дәріс.

Тақырыбы:  «Балалар хирургиясының Қазақстанда және ТМД елдеріндегі даму тарихы. Ерекшеліктері. Деонтологиясы».

  1. Кіріспе – проблеманың маңызы.
  2. Жалпы қазақ еліндегі медицинаның дамуы (Әл-Фараби, Өтейбойдақ Тлеуқабыл ұлы).
  3. Қазақстандағы балалар хирургиясының дамуы мен болашағы.
  4. Академик К.С.Ормантаевтің балалар хирургиясының дамуына қосқан үлесі.
  5. Қазақстан балалар хирургтарының жетістіктері туралы.
  6. “Уақыт қанша өткенімен жақсының жақсылығы ұмытылмай олар есте болады”.
  7. Балалар хирургиясының ерекшеліктері және деонтология туралы.
  8. Сұрақтарға жауап беру.
  9. Қолданылған әдебиеттер.
  10. К і р і с п е

Балалардың бойындағы іштен туа біткен және жүре пайда болған аурулар мен кемістіктердің пайда болу себептерін (этиологиясын), дамуын (патогенезін) белгілерін (клиникасын), емдеу жолдарын эерттейтін және оларды, операция жасау арқылы емдейтін ілімді балалар хирургиясы ілімі деп атайды. Балалар хирургиясы, жалпы дені сау нәрестелер мен сәбилердің қалыпты анатомиясы мен физиологиясын, өсіп-өнуін зерттей отырып, олардың бойында кездесетін аурулардың алдын алумен, емдеумен, қалпына келтірумен шұғылданатын педиатрия деп аталатын ұлкен ғылым саласының ажырамас бір бөлігі.

  1. Жалпы қазақ еліндегі медицинаның дамуы.

Қазақ жерінде балаларды операция жасау арқылы емдеу тәсілдері, әрине өте ерте дұниеде-ақ басталғаны анық. Мысалы, қол-аяқ сұйектері сынған сәбилердің сынықтарын орнына салу арқылы емдеуді халық арасынан шыққан емшілер, яғни сынықшылар, соқталы іріңді (абцессті) жарып емдеуді оташылар, суық тиіп немесе ішіне жел қарысқан нәрестелерді емшілер жұзеге асырып отырған.

Жалпы қазақ еліндегі медицинаның дамуы жөнінде әңгіме қозғаған кезде, бұкіл дұние жұзі ғалымдары ол кісінің терең білімінің алдында бас иген, пір тұтқан Аристотельден кейінгі “Екінші Ұстаз” аталған, қазақ қалқының ұлы перзенті, киелі бабамыз Әл-Фарабидің атын ең бірінші атап өткеніміз жөн болар деймін.

Әбу Насыр Мухаммед 870 жылы Отырар (Фараб) қаласында туған, сол жердің атымен Әл-Фараби атанған. Медицина мен философиядан Багдатта білім алған. Аристотельдің логикалық шығармасы “Органға” түсініктемелер жазып “Екінші Ұстаз” деген, яғни бірінші ұстаз Аристотельдің ізбасары деген ең құрметті мәртебеге ие болды.

Қазақстан ғылымына еңбектірі сіңген Әл-Фараби ілімін зерттеуші ғұлама ғалымдар Әлкен Марғұлан мен Ақжан Машановтың мәліметтері бойынша, Әл-Фараби соқыр ішекке алғаш рет операция жасап емдеген екен.

Ежелгі қазақ жеріндегі медицинаның дамуы туралы сөз болғанда, атын атамай кетуге болмайтын адамның біреуі – ол XV ғасырда қазақ хандығын алғаш құрған Әз – Жәнібек ханның тапсырмасы бойынша, артындағы ұрпағына “Шипагерлік баян” атты медициналық ғылыми кітап жазып қалдырған ғұлама ғалым, қара ұзген шипагер, Өтейбойдақ Тлеуқабыл Ұлы екендігінде дау жоқ.“Шипагерлік баянды” оқысаңыз қазақ еліндегі шипалау ілімінің тұп төркіні тереңде, ғасырлар қайнауында, тіпті Әл-Фарабиден де әріректе жатқанына көз жеткізеді.

Ол кісінің жазып кеткен еңбектеріне ой жұгірте отырып, бір заманда скифтер, сақтар, тұркілер, қыпшақтар, қайсақтар, қазақтар аталған көшпенділердің өз алдына кемелденген медициналық жұйесінің, ғылыми атаулары мен сөздіктерінің адам анатомиясы мен физиологиясынан хабардар ете алатындай тұсініктемелерінің, дәрі-дәрмектерінің болғандығына көз жеткізесін.

Мысалы: Ұлы шипагер Өтейбойдақ Тлеуқабыл ұлы балаларды шешектен сақтандыруды былай жұзеге асырған. “Баланың шешек іріңін алып, тананың шап терісін тіліп, қан шыққан соң сол жерге жағады. Бір жұмадан соң, әлгі жер жұдырықтай болып томпайады.  Томпақты жарып, қамыс – қурай қуысымен бұйрек қабына құйып, кұн тимейтін салқын орынға қойып, ағашты қаламдай ұшкірлеп, шешек баланың білегіне жағып, жаққан жерді инемен сызып қойса болғаны”  дейді. (прививка).

Ғұлама генетикалық әдіс негізінде өзінің жеті атасына дейінгі шежіресін жаза білген.

“Жеті атадан ілгері қыз алысқандар бұгіннен бастап болмауы шарт жарғы, егер олай болса, болғанына көз жетсе, жұбайларды тек бас қылыштамақ шарт” деп жарлық шығартуы туыстас адамдардың некелесуінен тұқым қуалайтын ауруды болдырмау, дені сау, ақылды қазақ ұрпақтарының болуын көздегендіктен туындаған.

Хирургияның ХХ – ғасырдың аяғындағы дамуды технологиялық кезең деп атауға болады. Себебі қазіргі заманға сай техникамен жабдықтану мен мықты фармокологиялық әсерлермен хирургиядағы прогресс анықталады.

Қазіргі заман хирургиясының айқын жетістіктеріне жататындары:

  • трансплантология – ағзаларды көшіріп қондыру (жүрек, өкпе, бауыр, бүрек),
  • кардиохирургия, жүректі тоқтатып, ондағы ақауларды жойып, содан кейін оны қайтадан іске қосу. Жүрек тоқтап тұрған уақытта оның орнына жасанды қан айналу және өкпе вентиляциясының аппараттары жұмыс істеп тұрады. Ағзаның жалпы жағдайын сезімтал мониторлар көрсетіп, реттеп тұрады, бұл кардиохирургтардың жұмысын жеңілдетеді және көмектеседі,
  • қан тамыр хирургиясы және микрохирургия. Оптикалық техниканың дамуы мен арнайы микрохирургиялық құрал-сайманды кең қолдану, кездейсоқ апатты жағдайлардан кейін аяқтың немесе қолдың өзін немесе оның бір бөлігі ампутация жасағаннан кейін, оның қызметін толығымен қайта орнына келтіруге болады. Реплантация (тігу) жасалынады немесе терінің болмаса қандай да бір ағзаның (көбіне аш ішек) бір бөлігін алып пластикалық материал ретінде қажетті аймақтағы артерия мен вена тамырларына қосылады.
  • Эндовидеохирургия, қажетті техниканы пайдалана отырып, видеокамераның бақылауымен күрделі операцияларды хирургиялық кесу жасамай-ақ өткізуге мүмкіндік береді (қуыстар мен ағзаларды іштен қарау арқылы тастар, полиптер, қан-тамырларындағы тромбтар, өт қапшығы, құрт тәрізді өсінді алып тасталынады).

Эндовидеохирургиялық араласудан кейін жарақаттану аз болады, жұмысқа жарамсыздық мерзімі азады.

Кешегі күні елес болып саналған жоғарыда айтылғандар қазіргі заман хирургиясының тек азғана көріністері ғана. Хирургия басқа ғылымдар сияқты, әрдайым жаңарып, жетілдіріліп отырады және ол енді ХХІ ғасырдың хирургиясы деп аталады. 

3.4. Қазақстандағы балалар хирургиясының дамуы. Академик К.С.Ормантаевтың

балалар хирургиясының дамуына қосқан үлесі.

Қазақстанда бірінші рет Алматы мемелекеттік медицина институтының құрамында, 50 төсектік клиникалық базасы бар, балалар хирургиясы кафедрасы 1957 жылы ұйымдастырылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі болып Е.Н.Черкасова тағайындалды.

Ал 1964 жылы дәрігерлердің біліміне жетілдіру институтында балалар хирургиясының доценттік курсы ашылады, оның меңгерушісі болып, доцент Г.И.Раушенбах бекітілді.

Қазақстандағы жаңадан ғана шаңырақ көтерген балалар хирургиясының ірге тасын бекітіп, сапасын артырып, ғылымын дамытып жол көрсеткен Ресей балалар хирургиясының негізін салушы, ғұлама ғалым виртуоз хирург Сергей Дмитриевич Терновскийдің шәкірттері: академик Ю.Ф.Исаков., С.Я.Долецкий., Г.А.Баиров., профессорлар:- А.Г.Пугачев, В.М.Державин.

Бұл кісілердің аттары Қазақстан медицинасының тарихында алтын әріппен жазылуға тиісті.

1968 жылы доцент Е.Н.Черкасованың зейнетке шығуына байланысты, кафедра меңгерушісі болып доцент К.С.Ормантаев бекітілді.

Камал Сәруар Ұлы алғашқы кұннен бастап-ақ Қазақстанда балалар хирургиясы ілімінің шамасы келгенше жан-жақты дамытуға бел буады. “Жалғыздың ұні шықпас, жазудың шаңы шықпас” дегендей ол кісі  ұлкен істі бастамас бұрын, сеніп тапсырған ісін бұлжытпай алып кете алатындай талантты, талабы бар, еңбеккер бала дәрігерлерінен өзіне шәкірттер таңдайды. Білімді, білікті, мәдениетті, қолдары шебер маман иелерін дайындауға мақсатты тұрде кірісіп, өзі Мәскеуден 1971 жылы профессор А.Г.Пугачевтің жетекшілік етуімен 35 жасында “Балалардың екі өкпесінің созылмалы іріңді ауруларын хирургиялық жолмен емдеу” деген тақырыпта Іазақстанда бірінші болып ғылым докторы деген атаққа ие болды.

Камал Саруар ұлы Қазақстанда балалар хирургиясы метебінің негізін қалаушы болып есептеледі. Сол кісінің басшылығымен 60 кандидаттық және 108 докторлық диссертация қорғалып шәкірттері облыс орталығында, Астана мен Алматыда жауапты қызметтерді атқарып жұр.

  1. Қазақстан балалар хиургиясының жетістіктері туралы.

К.С.Ормантаевтың тікелей ұйымдастыруымен, жетекшілік етуімен докторлық диссертация қорғағандар.

  • Ақанзәріпұлы Заманбек – “Балалардың ішегін кесуге байланысты болатын асқынулар мен оның салдары” (Мәскеу, 1989 ж).
  • Жұмабеков Төлеген Алтай Ұлы. “Бас сұйегі мен миы ауыр жарақатталған балаларды интенсивті емдеу” (Мәскеу, 1990 жыл).
  • Мырзабеков Төребек Мырзабек Ұлы. “Екі өкпесі созылмалы ауруға ұшыраған балаларды хирургиялық жолмен емдеудің нәтижесі”. 1990 жыл.
  • Қожақан Ұлы Қасен–“Өңеші химиялық күйікке ұшыраған балаларды “анықтаумен” емдеу” (Мәскеу, 1991 жыл).
  • Қарабек ұлы Ағабек. “Төсі шұңқыр тәрізді деформацияланған балаларға диагноз қою мен емдеудің жаңа тәсілдері”. (Алматы, 1996 жыл).
  • Майлыбаев Бақытжан Мурат Ұлы. “Балалардағы қуықтың дисфункциясын төменгі интенсивті гелий-неон лазер сәулесін пайдалана отырып емдеу”. (Алматы, 1996 жыл).
  • Ешмухамбетұлы Сұлтанбек. “Балалардың зәраққыш – қуық сағасында кездесетін іштен туған кемістіктерді операция жасау арқылы емдеудің клинико-патогенетикалық негіздері”. (Алматы, 1998 жыл).

К.С.Ормантаевтың ғылыми еңбектеріне келсек 7 монография, 200-ден астам ғылыми мақалалар, 48 авторлық куәліктердің егесі.

  1. “Балалардағы ми шайқалуы” (Алматы, 1969 жыл, 7 баспа табақ).
  2. “Балалардың екі өкпесінің созылмалы іріңді аурулары” (А.Г.Пугачев пен бірге, Алматы, 1973, 17 баспа табақ).
  3. “Балалардағы зәр тасы ауруы”. (О.Я.Чичасова мен бірге, Алматы, 1975, 11б/т).
  4. “Балалар травматологиясы”. (Р.Ф.Марков пен бірге, Алматы, 1978 жыл 24 б/т).
  5. “Балалардың гематогенді остеомиелиті кезінде сұүек қуысын жуу”. (Т.Ж.СҰлтанбаев пен бірге, Ленинград, 1979 ж. 12 б/т).
  6. “Балалардағы ең ауыр бас-сүйек, ми жарақаты” (К.С.Ормантаев, Ленинград,1982, 20 б/т).
  7. “Экология және ана мен бала денсаулығы”. (С.Н.ЕшмухамбетҰлы мен бірге, Алматы, 1992, 7 б/т).

Қазақстанның тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнап мен К.С.Ормантаев пен бірге “Воронкообразная деформация грудной клетки у детей” деген монографияны жазып бітірдік. Қазір   қолдануда.

К.С.Ормантаевтың “Балалар травматологиясы” деген монографиясы 1979 жылы Аль-Фараби атындағы силықты жеңіп алса, Ешмухамбет Ұлы Сұлтанбектің “Балалар урологиясы” деген оқулығы “Абу Али Ибн Сина” атындағы силықты жеңіп алды.

Профессор Қ.Қ.Қожановтың қазақ тілінде жазылған мына еңбектері: “Балаларда кездесетін хирургиялы іріңді аурулар”, (Алматы, 1992 ж), “Балалардың шҰғыл хирургиялық ауруларының батыл белгілерін айқындау және емдеу жолдары”. (Алматы, 1995 жыл). “Балалар өңешінің кұйуі және емдеу жолдары”.

Қазақстан хирургиясының тарихына Ұлттық медицинаның қосылғанын ұлкен ұлес деп санаймын.

  1. “Уақыт қанша өткенмен жақсының жақсылығы ұмытылмай, олар есте қалады”

(Сколько бы времени не прошло, доброе дело каждого останется нашей памяти).

  • Батыр Курбанович Курбанов (өзбек) Ташкент қаласында туған. 1950 жылы Ташкент медицина институтының емдеу факультетіне тұскен. Кафедра ассистенті. 1992 жылы желтоқсанның 5-ші жұлдызында, тұнде операция жасап келе жатқанда апатқа ұшырап мезгілсіз қайтыс болды.
  • Элиас Рудольф Иванович(неміс) Донецк облысында туылған. 1941 жылы Р.Ивановичтың жанұясы репрессияға ұшыраған, Қазақстанның Павлодар облысы, Лебяжье ауданынна жер аударылған. 1956 жылы ақталып Алматы медицина институтына тұскен (қазақша емтихан тапсырған). Ассистент, доцент, м.ғ.д. 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы.

1975 жылы кандидаттық диссертациясы “Первично отсроченная аутокральнопластина при тяжелой ЧМТ у детей”-  деген тақырыпқа қорғаған.

Көпшілік студенттер Р.И.Элиаста оқығанды жақсы көретін. Ол кісінің оқу журналында көпшілігіне “4” пен “5”; өте сирек “3” қоятын. Марқұмның “топан су тобығынан келмейтін” маңғаз, мінезі жұмсақ, өзім дегенге өзегін жұлып беретін кеңпейіл, ақжарқын, білімі зор адам еді. Сұм ажал деген осы.

Р.И.Элиас республикамыздағы нейрохирургия ілімінің негізін қалаушы болып есептеледі.

  • Төребек Мырзабек ұлы Мырзабеков. Қызыл-Орда облысында туылған. 1962 жылы АГМИ-нің емдеу факультетін ұздік белгімен бітірген. 1970 жылы кандидаттық диссертацияны “Екі өкпесі созылмалы ауруға шалдыққан балаларды хирургиялық тәсілмен емдеудің нәтижесі” деген тақырыпта қорғаған. Доцент, Алматының Дәрігерлердің біліктілікті жетілдіру институтының, балалар хирургиясы курсының доценттік меңгерушісі.

Т.М.Мырзабеков – 120-дан астам ғылыми еңбектің авторы, СССР денсаулық сақтаудың ұздігі.

  • Қасым Қожақанұлы Қожақанов, Алматы облысында туылған. 1979 жылы кандидаттық, 1991 жылы докторлық диссертациясын қорғап, профессор атағын алды. КазГМУ педиатрия факультетінің деканы, 1- проректор- оқу әдістемелік бойынша.   Іазақстанның профилактикалық халық медицина академиясының  Академигі, 150-ден аса ғылыми еңбектің, 4 монографияның авторы.

Екеуіміз бірге “СССР-дің еңбегі сіңген өнертапқышы” деген атаққа ие  болдық (9 изобретения).

Қ.Қ.Қожақанов – Қазақстандағы балалар  торакалды хирургиясының негізін қалаушы.

  • Понамарев Геннадий Петрович. Перм облысында жұмысшы семьясында туылған.

1969 жылдан бастап АГМИ балалар хирургиясы кафедрасының ассистенті. 1976 жылы кандидаттық диссертацияны “Балалардағы бұйректің жабық зақымдануының диагностикасымен емдеу жолдары” деген тақырыпта қорғаған Ұстазым еді. Марқұм істеген ісіне өте мҰқият, айтқанды екі етпей орындайтын, жан дұниесі кіршіксіз таза, артық сөзі жоқ, ақ көңіл абзал азамат еді. Елпілдеп Ұшып – қонып жұретін. Біраз ауырып қайтыс болар алдында блокнотына мынадай сөздер жазып кетіпті (1997 жыл):  “Тем, что моя творческая жизнь состоялась, я обязан времени и людям, которые меня окружали, сформированы мое мировоззрение, совершенствовали мой профессиональный уровень. Для меня ориентиром и жизненным кредо был К.С.Ормантаев. Он для меня духовный и профессиональный учитель, ему я обязан тем, что я стал детским хирургом и педагогом”.

Медициналық этика мен деонтология 

Ата-балаларымыз “Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар”  деп айтқанда, баласы көп үйдің шаңырағы  ойын-күлкіге толы, дастарханы мол, пейілдері кең, ниеттері түзу, от басы, ошақ қастарының берекелі екендігіне көңіл бөлген. Халқымыз балаларының кішкентайынан алғыр, қырағы, өжет, ақылды, мәдениетті, кішіпейіл, бауырмал, сезімтал болып өсуіне ерекше жағдайлар жасап, әке-шешесін, ата-анасын, аға-қарындастырын, туған-туыстарын үнемі сыйлап, құрметтеуді талап еткен. Ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан ұлттық дәстүрлер мен салт-саналар негізінде тәлім-тәрбие беріп отырған. Әрбір нәрестенің жақсы болып өсуі, оның ата-анасы мен туған-туыстарының отбасындағы мейір – шапағатына, бір-біріне деген ыстық ықыласына тікелей байланысты.  Қашанда тәрбиелі шаңырақтан ғана тәрбиелі ұрпақ өсіп жетілетінін ұмытпау біздің парызымыз. Айналып-толғанып отырған сәбилерінің аяқ астынан науқастанып, ауруханадан келіп бір-ақ шығуы ата-анаға төбесінен жай түскендей әсер ететіні анық. Ал бүлдіршіннің ауруханада жалғыз өзінің қалуы ата-анаға қайғы-қасірет. Көзінің қарашығындай көретін бөбегін шырылдатып, бөтен біреулердің қолына сеніп тастап кету оңайға түспейтіні рас. Әрине, ауруханаға сырқаттанып түскен әрбір баланың не анасы, не әкесі бірге жатса сол жақсы. Дәрігерлер де осыны қалайды. Алайда ауруханалардың аздығы, ондағы палаталардың шектен тыс тарлығы көпшілік жағдайларда сырқат сәбилерді ата-анасынан ажыратып жалғыз өздерін жатқызуымызға мәжбүр етіп жүр.

Ауруханаға түсіп, бойларын үрей билеген бөбектер әркімнің бетіне үрке қарап, жүздері жылы, көздері мейірлі, сөздері жұмсақ, дауыстары дәрі жандардан өздеріне медет іздейді. Тапса қуанады, таппаса налыиды, жылайды.

Бір жағынан бойларындағы кеселдері жандарына батса, екінші жағынан ата-аналарынан ажырап, танымайтын ортаға түсуінің өзі олар үшін азап болып табылады. Мұндай сәттерде олардың күш-қуатын сақтауға, азабын жеңілдетіп, дәрі-дәрмектер жасалатын операциялармен қатар оларға ықыласты қарау таптырмайтын ем болып саналады.

Мінеки, осындай ауыр халде жатқан бүлдіршіндерге алғаш қол ұшын беріп, маңдайларынан сипап, ыстық ықыласын білдіріп, мейірімділік көрсететін жандар ауруханада істейтін медицина қызыметкерлері болуға тиіс. Біз көпшілік жағдайда “е ол әлі бала ғой, не біледі дейсің” деп жасөспірімдерге онша көңіл бөліп, үлкендігімізге салып өз білгендігімізді істеп жатамыз. Бұл мүлдем дұрыс емес. Сәби бәрін біліп, сезіп жатады. Шырқырап жылап жатқан нәрестені бойынан мейірімі төгілген жан қолына алып жұбататын болса, ол жылағанын дереу қойып, тsныштала қалады. Тіпті бөтен адамның еркелеткеніне еркелеп, күлдіргеніне күліп, ойнатқанына ойнап, нәресте болса да өзінше жауап береді.

Бала әбден сауығып шыққанша оның үйі-аурухана да, әке-шешесі – емдеуші дәрігер мен медбикеш болуға тиіс. Үйінде жүрген бала шешесі тарапынан қандай қамқорлық, мейірімділік, жылылық көріп келсе, дәл сондай қамқорлықты, мейірімділікті, жылылықты ауруханада жатқанда дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері тарапынан да сезінуі керек. Сырқат балаға қолайлы жағдай тудыру қажет. Сонда ғана бала жаңа ортаға тез үйреніп кетеді. Бекерден – бекер жылап, мазасызданбайтын болады. Бойларын билеген үрейден арылып, қорықпайтын дәрежеге жетеді. Дәрігерлер мен медбикешке деген сенімі артады. Көп жылғы дәрігерлік тәжірибемнен: кішкентай 2-3 жасар сәбилердің өздері-ақ өздерінің науқас екенін жан-дүниелерімен сезініп, бойларындағы кеселдерінен тезірек арылуға тырысатынын байқадым. Тіпті көпшілік жағдайларда, олар саналы түрде, емдеуші дәрігерлер мен медбикештерге қолқабыстарын тигізіп, көмектесуге тырысады. Ешкімнің зорлауынсыз-ақ, ешкімнің қыстауынсыз-ақ, ащы болса да дәрілерін өздері сұрап ішіп, әртүрлі күрделі тексерулерден қорқып қашпастан өз еркімен өтіп, ем-домдарын алып жүргендерін көрсең, іштей еміреніп кетесін. Кейде жаның ашып, аяйсың да.

Сырқаттар мен медицина қызметкерлерінің арасында тату-тәтті байланыс, достық қарым-қатнас, баланың әке-шешесіне сенгені сияқты бір-біріне деген сенімділік орнаған кезде ғана ауруға ем әсері байқалады. Егер науқас адам емдеп жүрген дәрігеріне,  қызмет істеп жүрген медбикештерге сенбесе, қаншама күшті дәрі-дәрмек алып жатса да, берген ем қонбайды. Жасаған операциялар да көпшілік жағдайда сәтсіз аяқталып жатады. Бұның бәрі өмірде әлденеше рет дәлелденген шындықтар. Өкінішке орай осы заманғы дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біразының аттарына заттары, айтқандарына істегендері сай келмей жатады. Әріптестерінің кейбіреуінің істейтін қылықтары, сөйлеген сөздері, жүріс-тұрыстары, адамдармен қарым-қатынастары, мінез-құлықтары, сырқатқа деген пейілдері “дәрігер”, “медбикеш” деген қасиетті атқа лайық емес. Дәрігер болғандықтан талай дәрігердің, талай медбикештің сырқатқа, оның туған-туыстарына деген оғаш қылықтарын, жат мінездерін, дөрекі сөздерін, өздерінің мамандықтарына деген немқұрайдылықтарын, өздерінен басқа адамға жандары ашымайтындықтарын көзіммен көріп, талай рет түңілгенім бар. Аппақ қардай ақ хадат киіп, сыртарынан жылтырағандарымен, іштерінде ит өліп жатқан қара ниетті, мәдениеті тым төмен, білімсіз дәрігерлер мен сауатсыз медбикештер бар екенін көргенде жүрегің ауырады. Солар үшін сен ұяласың. Ал енді сырқат жандар мұндай шала сауатты, мұз жүректі дәрігерлер мен медбикештерден қалай ғана шипалана қойсын-ау. Қайта дәреттеріне дерт, кселдеріне кесел қосылып, өмірі жазылмайтын созылмалы ауруға шалдығады.

Өзін-өзі сыйлайтын мәдениетті дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлері медициналық этика мен деонтологияның ғасырлардан бері жинақталған білім бұлағынан сусындап, бойына сіңіріп, өзін үнемі жетілдіріп отырғанда ғана жақсы дәрігер, үлгілі медицина қызметкері бола алады. Дәрігер үшін де, орта буын медицина қызметкерлері үшін де ең басты қағида – адамгершілікті, мейірімділікті, ілтипатты сақтай білу.

Бір кезде халқы құдайдан сенген, пір тұтқан, төредей күтіп сыйлаған дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің бұл күнде ел арасындағы абырой-атағы, сый-сияпаты, құрметі бұрынғыдай емес, әжептәуір төмендеп-ақ кеткен. Бұған кім кінәлі? Ең әуелі сол медицина қызметкерлері мен дәрігерлердің өздері кінәлі. Адам баласы өзін біреуге сыйлата алу үшін, ең әуелі өзі сыйласымды болғаны дұрыс. Өзің дөрекі, мәдениетсіз, білімсіз, санасыз, кір-қожалақ, салдыр-салақ болып тұрсаң сені кім сыйлайды? “Сыйға-сый, сыраға-бал” деп бұрынғылар бекер айтпаған. Мүмкін дәрігерлеріміз бен медицина қызметкерлеріміздің ел арасындағы қадір-қасиетінің тым төмендеп кетуі қоғамымыздағы болып жатқан экономикалық, саяси, рухани өзгерістер мен тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлардың өте нашарлап кетуіне де байланысты шығар. Қалай болған күнде де, ел басына қандай қиыншылық түссе де дәрігер болсын, орта буын медицина қызметкерлері болсын, өзінің қадір-қасиеті, намысы, мамандығының абырой-атағы үшін күресе білуі керек. Дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлерінің адам баласының денсаулығының сақшысы екенін қас қағым сәтке де ұмытуға қақылары жоқ. Ішкі мәдениеті үйлескен дәрігер мен медбикештер ғана сырқат жүрегіне жол тауып, адам жанының арашашысы бола алады. Тән жарасы мен жан жарасының шипагері бола білген адам ғана нағыз дәрігер, медбикеш деген атқа лайық бола алады. Ол үшін әрбір дәрігерлік этика мен деонтология ілімдерін үздіксіз оқып-үйренулері керек.

Этика дегеніміз – гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шыққан философиялық ұғым. Яғни адамдардың мінез-құлқы, әдептілігі туралы ілім. Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-қатынастардың озық үлгілерін, жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар жиынтығы.

Этика –  мораль туралы ілім, яғни адамгершілікті, ізеттілікті, кішіпейілділікті, әдептілікті оқытады.

Ал мораль дегеніміз қоғамдық сананың бір түрі немесе бір көрінісі. Адамдардың арасында ежелден қалыптасқан жақсы мінез-құлқы мен инабатты, адамгершілікке толы қарым-қатынастарын реттейтін принциптер мен жиынтық ережелерін мораль дейміз. “Адам-адамға дос, жолдас, бауыр” деген ұлағатты сөз этиканың ең негізгі қағидаларының бірі. Медициналық этика – медициналық қызметкерлер жұмысындағы гуманизм көрінісі, деонтологияның теориялық негізі болып саналады.

Деонтология – (гректің deon – тиіс, керек деген сөзінен шыққан) дегеніміз әрбір жеке адамның бүкіл адам баласы мен қоғамның алдындағы атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын этиканың негізгі бір саласы. Деонтологияның негізгі принциппі – адам жеке басының қамын ойламай, өз мүддесін халық пен қоғамның қажеттілігін саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен гармониялық түрде үйлестіре алуында.

Медициналық деонтология дегеніміз – медицина қызметкерлерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға тиіс кәсіптік парызы мен өтеуге тиіс борышын оқытатын ілім.

Дүние жүзі халықтарының әрқайсысының өздерінің ұлттық, діни, қоғамдық, мәдени ерекшеліктеріне қарай әр дәуірде денсаулықты сақтау этикасы мен медициналық этика жөніндегі көзқарастары әртүрлі болған. Тарихқа жүгінсек, әртүрлі қоғамдық экономикалық формацияларда адамның денсаулығы мен өнерін сақтауға байланысты этикалық нормалардың көптеген түрлері болғанына көзіміз жетеді.

Қай заманда болмасын дәрігерлер мен емшілерден, медицина қызметкерлерінен адамзатқа қызмет ету жолында олардың бойында адамгершіліктің, мейірімділіктің, ізгі ниеттіліктің, адамға деген сүйіспеншіліктің, жанашырлықтың мол болуын талап етіп отырған.

Біздің дәуірімізге дейін ІX ғасырда өмір сүрген атақты үнді дәрігері Суршат “Өмір кітабы” (Аюр-Веде) атты еңбегінде дәрігерге былай деген өсиет айтады: “Дәрігер іс жүзінде табысқа жетуі үшін; өзінің дені сау, мұнтаздай таза, қарапайым, шыдамды, сақалы қысқа етіп бастырылған, тырнақтары алынған, ақ жейде, жұпыны киім киген… болу керек. Сөйлеген сөзі жұмсақ, жағымды, тартымды және үлкен үмітпен айтылуы қажет. Дәрігердің ақ жүректі адал, қайғыға ортақтасқыш, сезімтал, тура мінезді, байсалды, ерекше сабырлы, асқан ақылды, әрқашанда жақсылық істеуге тырысып тұратын адам болғаны абзал. Жақсы дәрігер сырқатты үнемі уақтылы қарап, мұқият тексеруге міндетті. Қорқақтық және жасқаншақтық дәрігерге жат мінез…”.

Сол сияқты біздің дәуірімізге дейін VІІІ ғасырда өмір сүрген үнді дәрігері Чарака өзінің “Чарака-сумхита” деген дәрігер этикасында: “Көп жылдар бойы ұстазыңнан оқып-үйреніп қана қоймастан, өзіңде белгілі бір ақылдылық пен мінезділікке де тәрбиелеуің керек. Науқасқа кетіп бара жатқан өзіңнің ойыңды, сезіміңді тыныштандыр, мейірімді, адамгершілікті бол, істеген ісіңнен пайда іздеме, сырқатты аялай біл, сауығып кетсе қуан, тіпті жауыңды да емдеуге тырыс-бұл қасиеттердің бәрі дәрігердің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайды, адамгершілік қасиеттерің сенімді дініңе айналсын. Науқас туған-туыстарына, бала-шағасына, тіпті әке-шешеміне күдіктенсе де дәрігерге имандай сенуі қажет, сондықтан да сырқатқа оның балаларынан да, әке-шешесінен де артық қарауға тиіссің”.

Ежелгі медициналық этиканың бірі біздің дәуірімізге дейінгі XVІІІ ғасырда тастың бетіне қашалып жазылып, осы уақытқа дейін сақталып келген ертедегі Вавилонда (Бабылда) шыққан “хааурапи заңы”. Осы заң жазылған екі тас Ригадағы Павла Страдыня атындағы медицина тарихи музейінде сақтаулы. Онда: “Егер дәрігер кез келген адамға қола пышақпен өте жауапты операция жасап, оны өлтіріп алатын болса, немесе көзі катаракт (көз бұршағының иасқа, шелге айналуы, шел басуы) болып ауырған адамның катарактыны алу кезінде көзін зақымдап алса, ол дәрігерді қолын кесу арқылы жазалау керек” депті. Әрине, адамгершілік көзқараспен қарасаң бұл өте қатал жаза. Дегенмен, жаны ауырып, тәні зақымдалған адамдарды жазықсыздан-жазықсыз пышаққа салып, дәрігердің немқұрайдылығынан, білімсіздігінен, тасжүректілігінен өлтіріп алмаулары үшін емдеушілерді үнемі жинақылықта, сақтықта, не істесе де істеген ісіне толық жауап бере алатындай дәрежедегі сергектікте жүруді қажет ететін заманына лайықты заң болса керек.

Қателескені үшін дәрігердің қолын кесіп тастау арқылы жазалаудың өзі барып тұрған қатыгездік болғанымен, түптеп келгенде сырқатқа жандары ашығандықтан, емдеу кезінде дәрігердің өте ұқыпты болуын талап ететін, адамгершілікті көздеген ізгі ниеттен туындаған, әділетті көксеген, қатыгез болса да қайырымдылыққа шақыруға тырысқан өз дәуіріне тән қатал заң екеніне көзің жетеді. Ал енді біздің дәуірде, яғни адамзат мәдениетінің өркендеуі мен ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз дамуы кезеңінде дәрігерлердің тексеру, емдеу кезінде қателесуге, қателеспек түгіл мүлт кетуге қақылары жоқ. Мысалы, тек қана дәрінің немесе басқа да шипалық әсері бар құрал-жабдықтардың (рентгенмен, лазермен, ультрадыбыстармен, инемен т.б.) көмегімен емдеу кезінде терапевтің, невропатологтың, нефрологтың, ревматологтың, аллергологтың, инфекционистің жіберген қателері және операция жасау алдында диагнозын дұрыс қою кезі мен операция жасау кезінде жіберген қателердің арасы жер мен көктей. Тек қана дәрімен ғане емделетін кеселдердің дәрігерлері қате жіберсе, ол адам тез арада сауығып кете алмаса да, өміріне бірден қауіп төне қоймайды: ауруы созылмалыға айналып, ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалуы мүмкін де, немесе ілініп-салынып бір күн ауру, бір күн сау, таңды таңға, күнді күнге ұрып, әртүрлі маман дәрігер қабылдауында болып, олардың есігін қағып, босағасын тоздырып жазылып та кетпей, не біржолата ауырып та тынбай, күн өткен сайын ауруына ауру жамап, біртіндеп қатып-семіп, шөккен үстіне шөге беруі мүмкін. Сырт көзге онша білінбегенімен, тереңіне ой жіберсең көптеген созылмалы кеселдердің пайда болуының басты себептерінің бәрі дәрігерлердің шала сауаттылығы мен немқұрайдылағы, өресіздігі мен жалқаулығы екеніне оп-оңай-ақ көз жеткізуге болады.

Ал хирургтерге қателесуге еш болмайды. Болмайтын себебі, хируругтердің қателері, терапевтердікі сияқты, адамды созылмалы дертке шалдықтырып діңкелетіп қоймайды, өміріне қатер төндіреді. Хирургтердің ең қауіпті жері де осында, егер пышақ жүзі мүлт кетсе-бір қыршынның өмірін қиып түскені. Хирург науқасты емдеп, сауықтырып жіберуі үшін бірнеше сыннан сүрінбей өтуі керек. Алдымен “пәлен жерім ауырады” деп шағым айтып келіп отырған науқастың-мейлі ол жаңа туған нәресте болсын, мейлі ол самайына ақ кірген әже, ақ сақалды ата болсын-шағымын ынта-жігерімен тыңдап, мұқият қарап, тиісті анализдерін алдырып, қажетті құрал-жабдықтармен (рентгенмен, ультрадыбыспен, компьютерлі томограммамен, фиброгастроскоппен, цистоскоппен т.б.) тексеріп, дерттің диагнозын дәл қоюы керек. Ол үшін медициналық терең білім керек. Алдыңа келіп отырған адамдардың үлкенімен де, кішісімен де тіл тауып сөйлесіп, мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай әрқайсысының жан дүниесіне бойлай еніп, сана-сезімін баурап алатындай ерекше қасиетің болу керек. Науқастың алдында өзіңді-өзің мәдениетті ұстап, оның дертіне дауа бола алатындай етіп сыр шерте әңгімелесу арқылы, жасалатын операция (егерде операция жасауды қажет ететін кесел болса) мен ем қолдану ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Сонан соң осы операциядан кейін құлан+таза сауығып, аяғынан тік тұрып, ел қатарлы еңбек етіп, тіршілік құрап кететініне сырқатты нандыра алсаң ғана операция сәтті болып, қолданған емің қонатыны ақиқат. Егер әңгіме барысында науқас кейбір шикілігіңді байқап іштей секем алып, көңіліне сенімсіздік ұялатса, онда жасаған операцияның сәтті аяқталуы екіталай. Бұл тек қарттарды емдейтін хирургтер ғана қатысты емес, жарық дүниеге жаңа келген нәрестеден бастап он төрт жасқа келген жеткінщектерді емдейтін балалар хирургтеріне де қатысы бар көкейтесті мәселелердің бірі. “Өй, жаңа туған қызылшаха нәресте сенің қайсыбір әңгімеңді, мәдениетіңді, сылап-сипап еркелеткеніңді, жылы сөздеріңді түсінеді?“ деген дәрігерлердің арасында еш негізі жоқ жаңсақ пікір бар. Меніңше, ересек адамдар дәрігерлерден өзіне медеу болатын жүрек шымырлатар жылы сөзін, аялы ыстық алақанын қалай асыға күтсе, сәбилер де дәл солой күтетінінде күмән жоқ. Тіпті көздерін әлі аша қоймаған шала туған нәрестелердің өздері де “осы баланы қайткен күнде емдеп шығуым керек!” деп бар жан-тәнімен, шын ықыласымен сала емдеуге кіріскен дәрігердің құдіретті алақанынан, лүпілдеп соққан жүрегінен, үздіксіз шарқ ұрған сана-сезімінен тіршілігіне қажетті қосымша қуат алып жататындарын да сеземін. Әр нәрестенің жақынымен болған шынайы сұхбаттың өзі де, егер сол кісілердің сана-сезімінде дәрігерге деген бір сенім пайда болатын боса, сол сенімнің қуаты адам баласының көзіне көрінбейтін, әлі ашыла қоймаған құпия жолдармен нәрестенің бойына да дариды. Мүмкін ол сенім күші анасынан сәбиге ақ сүті арқылы дарыса, ал әкесінен және басқа жақындарының бойынан бөлінетін, әлі жөнді зертеліп ашыла қоймаған биотоктар арқылы даритын болуы керек. Ондай күш бар екеніне күн өткен сайын көзіміз жете түсуде. Бұдан ертеректе ата-аналарымыз: “Уа, аруақтар, бала-шаға, немере-шөберелерді қорғап-қолдап жүріңдер, түздегімізді – түзде, үйдегімізді үйде аман қылып, пәле-жалаңнан сақта, көзі жаманның көзінен, сұғы жаманның сұғынан сақта, ауру-сырқаудан аман қыл”, – деп ата-бабаларымыздың аруақтарына сыйынып жататынының үлкен мәні, негізі бар екеніне енді ғана түсіне бастағандаймыз. Осы бата, тілек күш-қуат бере отырып, тіршілікке деген ынтазарлыққа, өмір сүруге деген құлшынысқа, болашаққа деген құштарлыққа, кездескен кез-келген қиыншылықты адал еңбегімізбен, табан ақы, маңдай терімізбен жеңе біліп, сана-сезімімізге, жүрегімізге ғажайып бір күшті сенім ұялатады екен ғой! Мінеки, сол сенім құдіреті – медицина қаншалықты қажет екенін байқаймыз. Әр адамдағы сенім құдіреті сол адамның жүрек, ми, өкпе-бауыр, ішек-қарын, бүйрек тәрізді адам тіршілігіне өте қажетті ағзалардың қасиеттерінен кем емес, тіпті кейбір сын сәттерінде олардың өздерінің жұмыс істеу қабілеттерін жақсартып, аурудан мүлдем айықтырып жібере алатындығына көзіміз жетіп отыр. Сенім құретінің отаны ми екендігінде күмән жоқ. Туа біткен кемтарлық пен кембағарлықтан басқа, адамның бойында жүре пайда боған кеселдердің (сынық пен зақымданудан басқа) пайда болу себебінің негізінде орталық ми жүйесі ең негізгі рол атқарады, кез келген дертті емдеуді бастамас бұрын одан сауығып кететіндігі жөнінде сенім күшін ұялата білуіміз керек. Сонда ғана берген еміміз қонып, сырқат құлантаза сауығып кете алады.

Сырқаттың сана-сезімін түгелдей билеп алу көрінген дәрігердің қолынан келмейді. Ол үшін үздіксіз оқып, білімін жетілдіріп, тәжірибе жинап, жаттығып, үлкендерден үлгі-өнеге алып, өзін-өзі тәрбиелеп машықтануы қажет. Адамның жан-дүниесін, сана-сезімін билеп ала алатындай тума талант қасиеті бар адамдардан ғана данышпан дәрігерлер шыққаны тарихтан да белгілі. Олар: үнді дәрігері Сушрут (ІX ғ.б.Łэ.д.), қытайлық хирургтер Бинь Цяо (V ғ.б.э.д.) мен Хуа То (ІІ-ІІІ ғ.б.э.д.), грециялық Гиппократты (460-377 ж.б.э.д.), афшаналық жерлесіміз Әбу Әли Иби Сина (980-1037 ж.), орыс оқымыстылары Н.И.Пирогов (1810-1881 ж.), С.П.Боткин (1837-1889 ж.)ғ, С.Д.Термонский (1896-1960 ж.), қазіргі атақты балалар хирургтері С.Я.Долецкий, А.Г.Пугачев, Г.А.Баиров, А.И.Ленюшкин, тәжікстандық А.Т.Пулатов, қазақстандықтар К.С.Ормантаев, К.Қ.Қожақанов. Көп жылдар бойы сан қуып, сапаға көңіл аудармай кетуіміздің салдарынан бүгінгі күні дәрігерлік қабілеті бар жеткіншектер жоғары оқу орындарында білім алып жүр деп айта алмаймыз. Оның бір дәлелі-төмендемей отырған балалар мен аналардың өлімі. Дәрігерлердің сапасын жақсарту үшін не істеу керек?

Біріншіден, медицина институттына балаға деген сүйіспеншілігі мол, дәрігер болуға қабілетті жастарды қабылдауымыз керек.

Екіншіден, дәрігерлік мамандыққа мектеп жасынан бастап дәрігер болуға бейімі бар балаларды алдын-ала іріктеп алып даярлаған жөн. Оларды іріктеу кезінде тұқымында, отбасында емші, балгер, сынықшы, бақсы болып немесе осымен айналысқан шаңырақтарға баса көңіл аударған дұрыс. Осындай ерекше қасиеттері бар жастарға арнайы медициналық білім берілсе медицинада, биологияда небір ғажайып жаңалықтардың ашылмасына кім кепілдік береді. Бұрын бақсы-балгерлікті ескінің қалдығын уағыздап жүр деп бас көтертпей тұқыртып, тұншықтырып, білместік жасап келсек, енді сол қорсоқырлықтан арылып тіршілікке, өмірге шынайы көзқараспен қарап, адамзаттың ой-санасының, мүмкіншілігінің емін-еркін, бостандыққа шарықтай дамуына қолайлы жағдай жасап беретін уақыт жеткен сияқты. Бұл біздің болашақ ұрпағымыз үшін қажет.

Үшіншіден, оқуға қазақша мектепті бітіріп келіп түскен студенттер үшін барлық сабақты бірінші курстан бастап аяғына дейін ана тілінде жүргізуіміз керек. Сонда институт бітірген жастарымыздың арасынан суырылып алдыға шығып, өздерінің шын талант иесі екендіктерін ана тілінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ана тілінде кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғап, дәлелдеп беретін күн де алыс емес.

Төртіншіден, оқуға түскен жастарымыздың жақсы дәрігер болу-болмауы тек өздеріне ғана байланысты. Ол үнемі оқып ізденсе, ерінбей-жалықпай еңбек етсе алдына қойған мақсатына жетеді. Халқымыз егеменді, дені сау, мәдениетті елге айналу үшін бүгінгі дәрігеріміз саналы, сауатты, білімділігі мен шеберлігі, мәдениеті мен парасаты жоғары болу керек. Қазіргі білімнен сусындап, студенттеріміз келешекте халқын сүйген жақсы дәрігерлер болып шығуы үшін этика мен деонтология ілімінің атқаратын ролі зор.

 

You May Also Like

Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы

Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы 1.1 Қазақстан банк жүйесі – кеңестік дәуірде.…

Көлік тасымалдары және оның тиімділігі

Су көлігі       Су көлігі – энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі.…

Қылмыстық құқық, емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар

. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар   Қылмыстың құқықтың түсінігі, пәні, саласы. Қылмыстық…

Салық салудың заманауи жүйесі жағдайларында табысты бөлу және пайдалану

Жоспар  Кіріспе  ………………………………………………………………………………………………………  Салық салудың заманауи жүйесінің жағдайында табысты бөлу және пайдалану…