. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар

 

  1. Қылмыстың құқықтың түсінігі, пәні, саласы.
  2. Қылмыстық құқықтың қағидалары мен міндеттері
  3. Қылмыстық заңның түснігі
  4. Қылмыстық заң нормасының құрылымы
  5. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы
  6. Қылмыстық заңның кеңістікте, адамдарға қолданылуы
  7. Қылмыстық заңды талқылау
  8. Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі мен белгілері, қылмыстарды сатыға бөлу
  9. Қылмыстық жауапкершілік түсінігі және оның негіздері
  10. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түрлері
  11. Қылмыстық құқық бұзушылы құрамының түсінігі және оның маңызы
  12. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісінің түсінігі мен түрлері, қылмыс пәні
  13. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі мен белгілері
  14. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісіне түсінік
  15. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі мен маңызы
  16. Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағының түсінігі мен маңызы
  17. Қылмыстық құқық бұзушылықтың істелу сатыларына түсінік түрлері
  18. Қылмыстық құқық бұзушылыққа дайындалу
  19. Аяқталған қылмыс
  20. Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркімен бас тарту
  21. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысудың түсінігі
  22. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың түрлері
  23. Қылмыстық құқық бұзушылықтың көптігі оның түрлері
  24. Рецидив және оның түрлері
  25. Қажетті қорғану
  26. Мәжбүрлі қажеттілік
  27. Орынды тәуекел
  28. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
  29. Бұйрықты немесе шешімді орындау
  30. Қылмыс істеген тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру
  31. Қ.Р. қылмыстық құқығы бойынша жазаның түрлері мен салалары
  32. Қ.Р. қылмыстық құқығы бойынша жазаның түрлері мен салалары
  33. Айыппұл
  34. Белгілі бір құрметінен немесе білгілі бір лауазымнан айыру
  35. Түзеу жұмыстары
  36. Бас бостандығынан нектеу, қамау
  37. Бас бостандығынан айыру
  38. Өлім жазасы
  39. Қосымша жаза түрлері
  40. Шартты түрде соттау
  41. Жаза тағайындаудың бастапқы кезеңі
  42. Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін, ауырлататын жағдайлар
  43. Қылмыстың жиынтығы мен үкімнің жиынтығына қарай жаза тағайындау
  44. Аяқталмаған қылмыс пен рецедивті қылмысқа жаза тағайындау
  45. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату
  46. Жәбірлеушімен татуласуына және жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстың жауапкершіліктен босату.
  47. Жазадан босатудың түсінігі мен түрлері
  48. Амнистия мен рақымшылдық
  49. Екіқабат әйелдер мен кішкене баласы бар әйелдердің жазасын кейінге қалдыру

 

 

 

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:

 

1.Қылмыстық құқықтың пәнін қандай қоғамдық қатынастар құрайды?
А) қылмыстық жазаны орындау барысында туындайтын қоғамдық қатынастар
В) мемелекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар
С) қылмыстарды тергейтін органдар қызметінің тәртібі мен нысандарын реттейтін қоғамдық қатынастар
Д) қылмыстық жаза қолдану қаупінің көмегімен адамды қылмыс жасаудан айнытумен байланысты қоғамдық қатынастар
Е) сотталғандарға түзету шараларын қолдану барысында туындайтын қоғамдық қатынастар.

2.Төмендегілердің қайсысы қылмыстық құқықтың арнайы (салалық) принципі болып табылады?
А) демократизм;

В) гуманизм;
С) азаматтардың заң алдындағы теңдігі;
Д) кінәлі жауаптылық;
Е) заңдылық.

3.Қылмыстық кодекстің 188-бабының диспозициясы ұрлықты бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау деп белгілейді. Көрсетілген диспозиция қай түрге жатады ?

А) жай түрге;
В) күрделі;
С) сипаттаушы түрге;
Д) бланкетті түрге;
Е) сілтемелі түрге.

  1. Төмендегілердің қайсысы қылмыстық құқықтың қайнар көздерінің қатарына жатады?

 

А) халықаралық құқық нормалары;
В) рақымшылық актісі;
С) кешірім актісі;
Д) қылмыскерді беру актісі;
Е) құқықтық әдеттер.

5.Қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады:

А) кінә;
В) адамның жеке қасиеттері;
С) қылмыс құрамының белгілері бар әрекет;
Д) қоғамдық қауіпті зардаптар;
Е) әрекеттің объективтік белгілері.

  1. Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру қай уақыттан басталады?


А) қылмыскерді ұстау жөніндегі қаулы шығарылған сәттен бастап;
В) айыптау қорытындысы бекітілген сәттен бастап;
С) сот үкімі шығарылған сәттен бастап;
Д) айыптау үкімі күшіне енген сәттен бастап;
Е) қылмыс жасады деп айып тағылған сәттен бастап.

7.Қандай заңның кері күші бар?


А) жауаптылықты белгілейтін;
В) жауаптылықты күшейтетін ;
С) жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін;
Д) жауаптылықты ауырлататын;
Е) жауаптылықты аздап жоятын.

  1. Субъектісіне қарай талқылау түрлеріне төмендегілердің қайсысы

жатпайды?


А) аутентикалық;
В) доктринальдық (ғылыми);
С) соттық;
Д) сөзбе-сөз;
Е) грамматикалық.


  1. Қылмыстық жауаптылық қай уақытта тыйылады?

А) жазаның өтелмеген бөлігі жеңіл жазамен ауыстырылған сәттен бастап;
В) сот тағайындаған жаза өтелген сәттен бастап;
С) жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан бастап;
Д) сотталғандықтан арылған немесе алынған сәттен бастап;
Е) науқастануына байланысты жазадан босатылған сәттен бастап.

10.Адам өзінің іс-әрекетін қылмыс деп қате бағалайды, шындығында заң оны қылмыс қатарына жатқызбайды. Бұл қателіктің қай түріне жатады?

А) заңдылық қателік;
В) объект бойынша қателік;
С) жасалған әрекеттің уақыты жөніндегі қателік;
Д) себепті байланыстың өрістеуі жөніндегі қателік;
Е) жасалған қылмыс тәсілі жөніндегі қателік.


  1. Қылмыстық жауаптылық қай жағдайда сақталады?

 

А) рақымшылық немесе кешірім актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату;
В) жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату;
С) ескіру мерзімі өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
Д) жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
Е) жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

  1. Төмендегі адамдардың қайсысы Қазақстан Республикасының аумағында жасаған қылмысы үшін ҚР-ның қылмыстық заңдары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды?

 

А) елде тұрақтану ниеті бар шетел азаматы;

В) шетелдік саяхатшы ;
С) шетел мемлекетінің сауда өкілі;
Д) азаматтығы жоқ адам;
Е) шетел тұратын қазақстан азаматы.

13. Қазақстан Республикасының юрисдикциясы тарайтын аумаққа жатпайды?

А) ғарыш кеңістігіне ұшырылған ҚР-на тиесілі объект;
В) шетел елшілігінің аумағы;
С) шетел портындағы қазақстандық әскери су кемесі немесе әскери әуе кемесі;
Д) Қазақстан Республикасының елшілігінің аумағы ;
Е) ашық теңіздегі немесе әуе кеңістігінлегі Қазақстан портына тиесілі кеме.


  1. Қылмыс жасалған уақыт деп танылады:

А) қоғамға –қауіпті зардаптар пайда болған уақыт;
В) қоғамға қауіпті әрекет (әрекетсіздік) жүзеге асырылған уақыт;
С) дайындық әрекеттер жүзеге асырылған уақыт;
Д) аяқталмаған оқталу жүзеге асырылған уақыт;
Е) аяқталған оқталу жүзеге асырылған уақыт.

  1. Қандай заң іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын заң деп танылады?

А) жазаның ең жоғарғы мөлшерін төмендететін;
В) жазаның ең төменгі мөлшерін кемітетін;
С) іс-әрекетті декриминализациялайтын;,
Д) балама санкция көздейтін;
Е) сотталғандықты жою және алу мерзімін қысқартатын.

16. Заңды талқылауды грамаматикалық, логикалық, жүйелі және тарихи деп түрлерге бөлуге қандай жік (критерий) негіз болған?

А) талқылау көлемі;
В) талқылау субъектісі;
С) талқылау тәсілдері;
Д) талқылаудың құқықтық күші;
Е) талқылаудың көлемі мен субъектісі.


  1. Қылмыстық-құқықтық норманың қылмысты іс-әрекетті атайтын немесе сипаттайтын бөлігі қалай аталады?


А) санкция;
В) норманы қолдану шарты ;
С) гипотеза;
Д) диспозиция;
Е) жазаның түрі мен мөлшері.


18.Қылмыстық-құқықтық норма жазаның екі және одан да көп түрін көздейтін санкциясы қалай аталады?

А) салыстырмалы-айқындалған;
В) абсолютті-айқындалған;
С) сілтемелі;
Д) балама;
Е) бланкетті.

19.Қылмыстың заңға қайшылық белгісінің мазмұны қандай?

А) қылмыстық заңда көзделген тыйымды бұзады;
В) қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғып, оған зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады;
С) адамның іс-әрекет пен оның зардаптарына белгілі бір психикалық қатынасымен сипатталады;
Д) айыптыға міндетті түрде жаза тағайындау мүмкіндігінің көзделуімен сипатталады;

Е) мораль талаптарын бұзады.

20. Қылмыстарды санаттарға бөлуге негіз болған жікті(критерийді) атаңыз:

А) қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі;
В) кінә нысаны;
С) қоғамдық қауіпті зардаптардың сипаты;
Д) келтірілген зиян мөлшері;
Е) қылмыс субъектісі.

21.Кінәлі түрде істелген төмендегі қылмыстардың қайсысында қылмыстың істелу сатылары болуы мүмкін?

А) салақтықпен жасалған;

В) жеңіл ойлылықпен;
С) жанама қасақаналықпен;
Д) тікелей қасақаналықпен;
Е) қылмыстық пиғылмен.


  1. Төмендегі белгілердің қайсысы қоғамдық қауіпті әрекеттің сыртқы көрінісін сипаттайды?

А) кінә;
В) субъектінің жасы;
С) мақсат;
Д) себептілік байланыс;
Е) есі дұрыстық.

  1. Қылмыс құрамының элементтерінің қатарына жатпайды:

А) қылмыс құрамының объективтік жағы;
В) қылмыс құрамының субъективтік жағы;
С) қылмыс субъектісі;
Д) қылмыс заты;
Е) қылмыс объектісі.

  1. Қылмыс объектісінің қай түрі «қылмыстық қол сұғушылықтан» қылмыстық заңның көмегімен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп анықталады?

А) жалпы объект;
В) топтық объект;,

С) түрлік объект;
Д) тікелей объект;
Е) факультативтік объект.

  1. Ауырлататын және жеңілдедетін мән-жайлардың қылмыс құрамдары қалай аталады? 

А) қарапайым қылмыс құрамы;
В) негізгі қылмыс құрамы;
С) сараланған қылмыс құрамы;
Д) формальдық қылмыс құрамы;
Е) балама қылмыс құрамы.

26.Қылмыстық заңда көзделген қауіпті зардаптар аяқталған қылмыстың қажетті белгісі болып табылатын қылмыс құрамдары қалай аталады?

А) күрделі қылмыс құрамы;
В) формальдық қылмыс құрамы;
С) материалдық қылмыс құрамы;
Д) жеңілдетілген қылмыс құрамы;
Е) балама қылмыс құрамы.

  1. Қылмыстың кінәлілік белгісінің мазмұны қандай?

А) қылмыстық заңда көзделген тыйымды бұзады;
В) қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғып, оған зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады ;
С) адамның іс-әрекет пен оның зардаптарына белгілі психикалық қатынасымен сипатталады;
Д) айыптыға міндетті түрде жаза тағайындау мүмкіндігінің көзделуімен сипатталады;
Е) мораль талаптарын бұзады.

  1. Жасөспірімдерге тағайындалуы мүмкін бас бостандығынан айыру жазасының ең жоғарғы шегі қанша жыл ?

А) он жеті жыл;
В) он бес жыл;
С) бес жыл;
Д) он жыл;
Е) жиырма жыл.

  1. Сыртқы көрінісі белсенді іс-әрекетпен немесе нақты іс-әрекетті орындаудан бұлтарумен сипатталатын қылмыстық заңда тыйым салынған адамның саналы, ерікке бағынған іс-қимылы қалай аталады?

А) қоғамдық қауіпті іс-әрекет;
В) қоғамдық қауіпті әрекетсіздік;
С) қоғамдық қауіпті әрекет;
Д) қылмыс жасау тәсілі;
Е) қылмыс жасау құралы.


30.Аса қауіпті қайталау (рецидив) болып танылғандар бас бостандығын айыру жазасын қайда өтейді?

А) қоныс-колониясында;

В) жалпы режимдегі ТК-да;
С) ерекше режимдегі ТК-да;
Д) қатаң режимдегі ТК-да;
Е) күшейтілген режимдегі ТК-да.

31.Егер сотталған адам түзеу жұмысынан жалтарған болса, онда сот:

А) түзеу жұмысын бас бостандығынан айыру жұмысымен алмастырады;
В) ондай адамды түзеу жұмысын өтеу үшін басқа жерге жібереді;
С) түзеу жұмысын айыппұлмен алмастырады;
Д) түзеу жұмысын бас бостандығын шектеумен ауыстырады;
Е) түзеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен ауыстырады.


  1. Аралас жазаға жататындар:

А) бас бостандығынан айырмай түзеу жұмысы;
В) белгілі бір лауазымды қызметте болу немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдану құқығынан айыру;
С) қамауға алу;
Д) бостандықты шектеу;
Е) мүлкін тәркілеу.


33.Аяқталу сәті қылмыстық әрекеттің алғашқы сатыларына көшірілген қылмыс-құрамдары қалай аталады?

А) формальдық қылмыс құрамы;
В) қарапайым қылмыс құрамы;
С) күрделі қылмыс құрамы;
Д) материалдық қылмыс құрамы;
Е) жеңілдетілген қылмыс құрамы.


34. Қылмыс жасағаны үшін қоныс колониясында жазасын өтейтіндер:

А) қасақана қылмыс үшін сотталғандар;
В) бірінші рет қасақана ауыр қылмыс үшін сотталғандар;
С) бірінші рет абайсыздықпен істелген қылмыс үшін 7 жылдан аспайтын мерзімге сотталғандар;
Д) жазаның мөлшеріне қарамастан бірінші рет ауыр емес қасақана қылмыс жасағандар;
Е) екінші рет қасақана қылмыс жасағандар.


  1. Қылмыс жасау барысында кінәлі тарапынан белгілі бір ықпалға ұшырайтын материалдық дүниенің заттандырылған элементі дегеніміз-

А) қылмыс заты;
В) қылмыс объектісі;
С) қылмыс субъектісі;
Д) қылмыс қаруы;
Е) қылмыс жасау тәсілі.

You May Also Like

Екіншілік минералды ресурстар – косымша резерв, дәріс

Дәріс №9. Екіншілік минералды ресурстар – косымша резерв Сонымен өнеркәсіп пен түрмыс…

Қарбыз туралы мағлұмат

Қарбыз Тәтті, хош иісті, шырынды қарбыз кімнің де болсын жаз мезгілінде ең…

Әлеуметтану пәнінен сессия сұрақтары

 1 уровень «Әлеуметтану» терминін алғаш кім енгізгенін көрсетіңіз: A) О.Конт B) М.Вебер…

Условия жизнедеятельности волнистого попугая

Оглавление Введение……………………………………………………………………………… Волнистые попугайчики…………………………………………………………. 1.1. Особенности жизнедеятельности волнистого попугая……………………. 1.2. Условия содержания…