Жаңа технология – заман ағымы.

«Адамзат үшін XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа  технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру- бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз…

Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» – деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашаққа  үлкен есік ашып айқындап айтқан болатын.

Қазір педагогика ғылымында «оқытудың жаңа технологиясы», «оқытудың инновациялық технологиясы» деген ұғымдар кеңінен қолдануда. Технология – грек сөзі, түсіндірмелі сөздікте бұл – қандай да болсын жаңа істегі шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Білім беру саласындағы “технология” ұғымы өндірістік үдерістердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан туындағаны анық. Өндірістік үдерістердегі технология деп қолданғанда алдын-ала көздеген нәтижеге жеткізетін, белгілі бір сапалық және сандық деңгейлердегі өнім алуға кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін айтады. Кез-келген технологияның маңызы оның құрылымымен анықталады. Технология белгілі бір мақсатты жүзеге асырады. Ол үшін құралдар пайдаланылады, әдістеме жоғары деңгейге дейін жетіледі де, күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі.

Инновациялық іс-әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, Инновациялық технологияларды меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік т.б. қасиеттерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді, әр педагог өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Білім беру үрдісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін ұйымдастыру мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді. Қазіргі заманғы педагогтардың инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындай «Болашақта өркениетті елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім.» Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесіне айрықша тоқталған болатын.

Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техникада оның басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктер қажеттігі туындайды. Қазіргі мектепке дейінгі  ұйымдардың білім беру үдерісінде жаңа технологияларды  пайдалану жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс–тәсілдерін, жаңа педагогикалық технологияны игерген, психологиялық–педагогикалық диагностика үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог–зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.

Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп бағдарламасынан орын алған. Қазіргі заман талабына сай оқыту үшін ұстаздарға ізденімпаздық қажеттігін көрсетіп тұрғанын айтпасада түсінікті. Технология мен техниканың қарқынды дамыған мына заманда алған білімін қолданысқа енгізе алатын, жаңашыл ойланып, ел өркендеуіне өз үлесін қоса алатын білімді жастардың қолында екенін айтпасада айқын.

Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын жастар болғандықтан елбасымыздың алға қойған саясаты жастарды жаңаша, жаңа бағытқа білім беру мақсатында ұстаздардың алар орны ерекше. Себебі, кез – келген саланың жетік маманытек ұстаздан ғана бағыт – бағдар алып, білімдерін шыңға шығарары нақ.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жас ұрпақты жан – жақты дамытуға қосар үлесі зор.  Кез – келген жаңа білімді оқушы сезініп, түйсініп, қабылдайтындай етіп саналарына сіңіруде жаңа технологияның алар орны ерекше деп ойлаймын.

Сабақ өткізу барысында оқушыларды қадағалау, интерпритация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру –осы сабақтың өту барысн ашады.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.

Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады.

Ең бастысы: алдыңғы қатарлы әр технологияда қарастырылған, баланы қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның рухани жан- дүниесінің баюына және әр баланы жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік дамуына жағдай жасау мәселесі ескерілмейді. Осындай мәселелер тек әдістер, формалар мен құралдар түрінде ғана қолданылатын педагогикалық, білім беру жағдаяттарын тудырады.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына:аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану.

Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.

Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.

Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кеңінен пайдаланады.Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда.

Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиялық бағдарламаларға енгізілген ойын компоненттері үйренушінің танымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.

Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады.

Балалар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық сияқты дағдылары мен іскерліктері қалыптасу керек. Сондықтан іс әрекеттерді байланыстыра отырып, сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған болатын.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми техникалық прогресстің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енгізілді.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы балалардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын жаңаша педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Қуырылған тауық еті. Дайындау тәсілі

Қуырылған тауық еті. Дайындау тәсілі!!! Қажетті өнімдер: – 2 тал тауық төсі;…

Есеп және аудит

МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ- ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ             Есеп және аудит– БҰЛ…  Экономикалық…

Шаттық салаты

Қажетті өнімдер: – 2 тал тауық саны; – 4 жұмыртқа; -15 тал…

LANGUAGE CONTACT OF YOUTH IN KAZAKHSTAN

                                                      REASEARCH WORK THE EFFECT OF MULTILINGUALISM ON YOUTH LANGUAGE IN KAZAKHSTAN…