Қажетті өнімдер:
– 2 тал тауық саны;
– 4 жұмыртқа;
-15 тал қараөрік;
– жарты стақан грек жаңғағы;
– 2 тісше сарымсақ;
– майонез;
– безендіру үшін – салат жапырағы, черри қызанағы;
– өсімдік майы.

Дайындалуы:
Тауық етін тұзды суда 30 минут асып алыңыз. Содан соң суытып қойыңыз. Жұмыртқаларды езгішпен жақсылап езіңіз. Табаны қыздырып, майлаңыз. Жұмыртқадан 4-5 талқұймақ пісіріңіз. Құймақтарды да суытып қойыңыз. Суыған етті ұсақтап тураңыз. Құймақты алдымен жолақшалап, содан соң төртбұрыштап тураңыз. Қараөрікті жуыңыз. Ұсақтап тураңыз. Егер қараөрік қатты болатын болса, үстіне ыстың су құйып қойыңыз. Жібіген соң ғана тураңыз. Грек жаңғақтарын қыздырылған табаға салып, бірнеше ми-нут құрғатып алыңыз. Содан соң пышақпен ұсақтап үгітіңіз. Сарымсақты ұсақтап тураңыз. Салаттың барлық өнімдерін салат ыдысына салыңыз. Майонез қосып, жақсылап араластырыңыз. Салатты порцияларға бөліп, салат жапырағының үстіне салып берсеңіз, әдемі көрінеді. Черри қызанақтары және грек жаңғақтарымен безендіруге болады. Бұл салат өте тойымды, сондықтан оны екінші тағам ретінде де ұсынуыңызға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Пословица недаром молвится

Пословица недаром молвится Предмет:  Русский язык и литература Автор работы: Рахимова Мадина Руководитель: Исетова Дильдора…

Өнер мектебінің балаларға пайдасы

Өнер мектебінің балаларға пайдасы Өнер мектебі манызы Білім беру стандарты тек белгілі…

Ілияс Жансүгіров атама арнау

Криптовалюта – деньги будущего Научный проект

Актуальность: Сегодня Bitcoin – современная цифровая валюта, которая прекрасно подходит для расчётов…