Қажетті өнімдер:
– 300 г тауық еті;
-4 бас пияз;
-100 г қаймақ;
-100 г майонез;
-1 ас қасық қыша;
-1 жұмыртқа;
– 2 қызанақ;
– қажетінше тұз, бұрыш;
– 2 жұқа лаваш.

Дайындалуы:
Тауық етін еттартқыштан өткізіңіз. Пиязды да өткізіңіз. Тұз, бұрыш қосыңыз. Қызанақты тілімдеп тураңыз. Жеке ыдыста қаймақ, майонез, қышаны араластырыңыз. Ірімшікті ірі көзді үккіштен өткізіңіз. Лавашты жайыңыз. Екіншісін біріншісінің шетінен 10 см шығарып жазыңыз. Соус жағыңыз. Фарш-ты тегістеп салыңыз. Тағы да соус жағыңыз. Қызанақтарды ортасына салыңыз. Оның үстіне ірімшік себіңіз. 1/3 бөлігін дайын тағамға себуге ңалдырыңыз. Беткі ңабатын соуспен майлаңыз. Ла-вашты ораңыз. Дөңгелек қалыпқа салыңыз. Қалған соусқа шикі жұмыртқа қосып, езіңіз. Осы қоспамен лавашты майлаңыз. Духовкада 20 минут пісіріңіз. Қалған ірімшікті себіңіз. Тағы да 10 минут пісіріңіз.
қыша – горчица

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!

«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!» Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір…

Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияларды жаңарту

АЙМАҚТЫ/РЕСПУБЛИКАНЫ ДАМЫТУ ҮШІН ӨЗ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖОБА Жоба аты: Білім беру жүйесіндегі…

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар, дәріс

Дәрістің тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар «Табиғи және техногендік сипаттағы…

Менің Отаным – Қазақстан, үш тілде шығарма