Майя тайпаларында ет жемес бұрын, аз уақытқа құмырсқаның илеуіне салып қояды екен. Құмырсқа илеуінде болатын қышқыл етті жұмсартатын көрінеді. Бастысы, көп ұстауға болмайды.
Еттің қаттылығына наразы болған адамдардан «Жас малдың етін алу керек еді!» деген сөзді көп естиміз. Жас малдың еті жұмсақ болатыны айдан анық, оған дау жоқ. Бірақ сатып алған етіңіз қатты болып шықса, не істеуге болады? Тіпті сатып алған етіңіз шикі күйінде әп-әдемі болғанмен, қуырғаннан кейін былғары сияқты қатып қалса, не істеуге бола-ды? Онда біз ұсынатын бірнеше қулыққа үйрететін тәсілдерге назар аударыңыз. Бұл кеңестер сізге қатты етті жұмсартып, түрін де жақсартып, сөлді етуге көмектеседі. Етті пісірер алдындағы көпшілікке белгілі тәсіл етті сылап, маринадтау.

Киви мен папая қосылған жеміс маринады
Қажетті өнімдер:
– 2 киви;
– 0,5 шай қасық тұз;
– ұнтақталған ақ бұрыш;
– аздаған құрғақ гүлшетен;
– сиыр етінің 6 стейкі.
Дайындалуы:
Кивидің қабығын аршып алыңыз. Ірі көзді үккіштен өткізіңіз. Тұз бен басқа дәмдеуіштерді қосыңыз. Осы маринадқа стейктерді 30 минутқа салып қойыңыз. Содан соң алып, қағаз майлықпен
ұрғатыңыз. Құрғақ табаға қуырыңыз. Жасыл паяменде дәл осылай істеңіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Еңбек нарығы және оны мемлекеттік реттеу, дәріс

№10 дәріс Тақырыбы Еңбек нарығы және оны мемлекеттік реттеу Мақсаты: Еңбек нарығы…

Информатика пәнінен емтихан сұрақтары

Емтихан сұрақтары Логика негіздеріне, логикалық байланыстарға, ақиқаттық кестесіне түсініктеме беріңіз    …

Сәбіз қосылган езбе сорпа

Сәбіз қосылган езбе сорпа Қажетті өнімдер: 400 г сәбіз, 2 ас қасық…

Алма мен үйрек аяғы

Алма мен үйрек аяғы Қажетті өнімдер: 1 үйрек аяғы (300-350 г), 60…