№10 дәріс

Тақырыбы Еңбек нарығы және оны мемлекеттік реттеу

Мақсаты:

Еңбек нарығы жайлы түсінік қалыптастыра отырып, еліміздегі халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғаудағы атқарылып жатқан іс-шаралар жөніндегі бағдарламалармен таныстыру.

жоспар:

1.Еңбек нарығы және  халықты еңбекпен қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.

2.Әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу.

3.Қазақстандағы халықты еңбекпен қамту мен әлеуметтік қорғаудағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар.

Еңбекбайлықтың атасы және аса белсенді принципі, жер оның анасы.

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі.

Нарықтардың басқа да түрлері сияқты еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығында екі жақты байланыс болады: жұмыс күші иесі – еңбекті сатушы, жұмыс беруші – еңбекті сатып алушы. Еңбек нарығында жұмыс күшін сатушы мен сатып алушылар арасындағы қатынас заңды түрде – келісім-шарт арқылы және еңбек заңдарына сәйкес тіркеледі. Еңбек ұсынысы нақты жалақы өскен сайын өсіп отырады.

       Американ экономисі П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

–         халықтың жалпы санымен;

–         жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

–         белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

–         халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

–         жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс); 

–         әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы); 

–         еңбек нарығында бірде-бір кәсіпорын және бірде-бір жұмысшының үстемдік ете алмауы; 

–         жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағаланады. 

Еңбек нарығын реттеуде мемлекет тікелей араласады: ол еңбек туралы заң қабылдайды, еңбекақының ең төменгі мөлшерін белгілейді, жұмысбастылық, қайта даярлау бағдарламаларын қабылдайды, еңбек субъектілері арасындағы келіспеушіліктерді делдал ретінде келістіреді және т.с.с. Сондықтан еңбек нарығы өзіндігінен реттеле алмайды. Осы жағдайлар қазіргі кезде еңбек нарығында 3 субъект бар екендігін білдіреді:

  • жалдамалы жұмыскерлер
  • жұмыс беруші фирмалар
  • мемлекет.

Жұмысбастылық пен еңбек нарығын реттеудегі мемлекеттің негізгі бағыттары мен әдістері өте көп. Олардың ішіндегі ең көп қолданатын бағыттар мынадай:

1.Жаңа жұмыс орындарын құру.

Ол әр түрлі жолдармен іске асырылады: болашағы бар және жоғары мультипликаторлық әсер беретін өндіріс салаларында жаңа тиімді жұмыс орындарын ашқан жұмыс берушілерді ынталандыру; еңбекпен қамтамасыз ететін органдарды қаржыландыру және т.б.

2.Шағын бизнесті қолдау және дамыту.

 Жұмыс орындарының (жұмыспен қамтамсыз етудің) ең көп санын шағын кәсіпкерліктің дамуы қамтамасыз ететіні белгілі. Әсіресе жеке еңбек іскерлігі,кооперативтер құру, шаруа қожалықтары сияқты нысандарды дамытуда үлкен рөлі атқарады. Сондықа шағын бизнесті қолдау негізгі бағыттардың бірі болып табылады.Мәселен, көптеген дамыған елдерде жеке кәсіпорын ашамын деушілерге субсидиялар; жеңілдіктер мен арендаға гимараттар алу және лизинг негізінде техникамен  қамтамасыз етуге көмектер беру қарастырылады.

3.Кадрларды кәсіптік дайында мен қайта дайындау ауқымының кеңейюі.

Бұл екі мәселені бірдей шешуге мүкіндік береді:

  • жұмыс күшінің ұсынысын азайтуға
  • экономика өзгеріске толы жағдайында оның білім деңгейі мен тәжирбиесінің жоғарлауына мүмкіндік береді.

Мемлекеттің халықты жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу – бұл нарықтық экономика көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынастарды қалыпты қолдау. Бұл қатынастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын қанағаттандыруы тиіс.

Мемлекет халықты жұмыспен қамтымай, салғырт қараған жағдайда, елде:

  • жұмыссыздар армиясын көбейтуге;
  • тұтынушы сұранысының төмендеуіне;
  • салық түсімнң төмендеуіне;
  • жәрдемақыға салықтың өсуіне;
  • қауіпті әлеметтік нәтижелерге әкеледі.

Еңбек нарығын мемлекет іштен (жұмыс берушімен және кәсіподақтармен) және сырттан (мемлекетпен) реттейді.

Еңбекпен халықты қамтуда мемлекет 2 жақты рөл атқарады:

1.Мемлекет жұмыс беруші ретінде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек нарығында дербес субьект ретінде көрінеді.

2.Мемлекет төреші (арбитр) – жұмыс беруші мен жалданушы жұыскер арасындағы даулы мәселелерді реттеумен айналысуы тиіс.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  • Жұмыс орындары жүйесінің дамуын реттеу
  • Жұмыс орындарын сұранысты реттеу
  • Мемлекеттің білім беру және қызметкерлерді кәсіби даярлауды дамыту

ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ

   Экономикалық белсенді халық – жұмыс күші, халықтың тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін бөлігі.Оған халық шаруашылығында жұмыс істейтіндер және жұмыссыздар жатады.

Экономикалық белсенді емес халық халықтың дәл осы уақытта қоғамдық өндірісте жұмыс істемейтін еңбекке жарамды бөлігі.

Әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу

Әлеуметтік қорғау – бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.

Әлеуметтік қорғаудың тиімді және кешенді жүйелері:

1)мемлекеттік жәрдемақылар;

2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;

3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;

4)  әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды

Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:

  • тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
  • негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу,
  • әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
  • халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
  • азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі.

           Әлеуметтік қорғау жүйесіне , оның маңызды элементі болып табылатын тұрғындардың  ақшалау табысын индекстеу кіреді.Оның мақсаты – инфляция келтіретін зиянның орнын толтыру болып табылады.

        Индекстеуге тұрғындардың бюджеттік көздерден алатын ақшалай табыстар жатады:

  • мемлекеттік зейнетақылар;
  • степендиялар ;
  • әлеуметтік мақсаттағы жәрдем ақша;
  • Жалақы;
  • азаматтардың жинақ банктегі ақша қорлары;
  • мемлекеттік заемдардың облигациялары және басқа да бағалы қағаздары

Қазақстандағы халықты еңбекпен қамту мен әлеуметтік қорғаудағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар.

Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт тұрақты не жұмыссыз немесе жалақысыз болады.

Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:

1.Уақытша жұмыссыздық  жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстыруымен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.

2.Құрылымдық жұмыссыздық ҒТР-ң, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.

  1. Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.

«ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаның мақсатыөзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықты табысты экономикалық еңбекке тарту, индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жолында кадрлық әлеуетті арттыруға негізделген.

Бағдарлама үш кезең бойынша жүзеге асырылады. 2011 жылы шаралар ілкі жоба ретінде атқарылады. Яғни, бағдарламаны іске асырудың тетіктері атқарылып, оның құқықтық қамтамасыз етілуі қарастырылады. Ал екінші кезеңі 2012-2015 жылдары, ал үшінші кезеңі 2016-2020 жылдары іске асырылады.

Халықты жұмысқа тарту негізінен 3 стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асады:

1.Жұмыссыздарды және өзін-өзі еңбекпен қамтып отырған азаматтарды өнімділігі жоғары іске тарту. Бұл ретте, әсіресе, ауыл халқы мен 25 жасқа дейінгі жастарға басымдық беріледі. Олардың қысқа мерзімде тегін білім алуына жағдай жасалады. 

    2.Үкімет ауыл-аймақтарда кәсіпкерлікті дамытуға күш  салмақ.    «Бизнеспен айналысам» деген ауыл азаматтарға 3 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі. Ол үшін өз ісін дөңгелетем дегендер арнайы оқу курстарын меңгеріп, бизнес жоспарларын ұсынуы тиіс. 

  3.Индустрияландыру бағдарламасына қажетті жұмысшылар даярланады. Қазір бағдарлама шеңберінде іске қосылатын нысандарға 100 мыңға жуық маман керек. Бұған да Президент жүктегендей

You May Also Like

Ата өнері – балаға мұра

Ата өнері – балаға мұра Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар…

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері   Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.…

Елдікті сақтаған ерлік, шығарма

«Елдікті сақтаған ерлік» (шығарма)  Біз – көп жылдар мен ғасырларға созылған ұзақ…

Мен-болашақ маманмын

«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра…