Ата өнері – балаға мұра

Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші, мен сол мақсатты қуып жүрген жандардың бірімін. Менің аты-жөнім Агадилов Дінмұхаммед, Қызылорда қаласы Қазанғап атындағы жоғарғы Музыкалық колледжінің ән салу бөлімінің 3 курс студентімін. Мен 2004 жылы 23 маусымда дүниеге келдім. Мен бойымдағы талантты бала кезден білгендей «еңбек, талант, жеміс» – деп, өзімді бірінші сахна төрінде дәлелдеп келемін және дәлелдей беремін. Менің бұл өнер жолына келуіме бірінші ұстазым Елибаева Салтанат, мен ол кісіге алғысымды айтып өтемін. Мені алғаш сахна төріне келуіме үлкен үлес қосқан жан. Менің бойымдағы өнер маған күш береді. Мен сол арқылы көптеген халықаралық байқауларда жеңісті қанжығама байладым. 2019 жылы Алматы қаласында өткен республикалық байқауда Бас жүлдені жеңіп алдым. Бұл жеңіс мен үшін ең үлкен жеңістердің бірі болды, әрі бұл жеңіс болашағымның анық көрінуіне себеп болды. Мен осы еңбектің арқасындда өзімді шыңдап келемін. Бұл дарынды бойыма дарытқан Аллаға рақмет айтамын. Қазіргі таңда үлкен өнер ордасында оқып жатырмын, арман мақсатымның бастамасы орындалғандай. Өнер жолындағы ағаларым, әпкелерім, достарымның маған деген қолдауы тау басындағы қол жетпес өнер алаңына апарып салады. Өнерімді өзіме, жанымдағы адамдарға ғана дәлелдеп қоймай, қоғамдық ортаменде тікелей байланыстамын. Мен үшін адамдардың көңіл күйі өте маңызды. Бұнымен менің айтқым келгені адамдарды сергіту, көңіл күйін көтеру мақсатында да көптеген іс-шаралар, концерттер ұйымдастыруды жөн көрдім. Мен жыл ішінде достарымызбен қарттар үйіне доғарғы дәрежеде концерт ұйымдастырдық. Бұнымен шектеліп ғана қоймай, «жетімге жеті бидай да тамақ» демекші, азда болса жетім балалардың көңілі үшін тәттілер апардық. Мен үшін бұл да үлкен жетістіктердің бірі. Мен тағы да дұрыс жолды таңдай білдім.

Жастарды рухани жақсы жағына бағыттау барысында, үлкен тренингтерді ұйымдастыру жөн деп ойладым. Бұл жерде мақсат қандай? Қазақстан елінің дамуына үлкен үлес қосатын шәкірттер тәрбиелеу. Проблемадан бас алмай, өне бойы тұнжырап, телефонға телміргеннің салдарынан, сан ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан дәстүріміздің деңгейі бой көтере алмай жатқаны жүрегімді қынжылтады. Батыстан келген жат қылық жастарымыздың санасын улауда. Нәтижесінде ата-анасын құлақ түрмейтін балалар, тәрбиеге келген де селқостық танытатын ата-аналар, сондай-ақ қарттар үйі мен жетімдер үйінің көбеюі айқын дәлел. Осынау жайсыз мәселелерді тоқтату әрбір қазақ үшін міндетті деп білемін. Бұны тоқтату жолын ата-бабамыз ежелден-ақ рухани бағытын қалдырып кеткен. Мәселен, сонау заманнан келе жатқан салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, көне жәдігер құндылықтарымыз арқылы шешімін таба аламыз. Қазіргі таңда қазақ елін өзге елден ерекшеліндіріп тұратын құнды жәдігерлерімізді дәріптейтін музейлер мен кітапханалар саны көп. Алайда, онда баратын жастарымыздың санының аздығы көкейіме ой салды. Қәзіргі таңда түрлі үйірмелер болғанымен, онда баруға қызығушылық төмен. Сондықтан қызығушылықты арттыру мақсатында түрлі іс-шаралардың болуы мен арнайы ойын-сауық орталықтарының ашылуы маңызды рөл атқарады деп ойлаймын. Сондай-ақ талантты, дарынды арбаға таңылған жандарды қолдау мақсатында, өнерлі жастарымыздың арнайы барып үйретсе, нұр үстіне нұр болатынына шүбәм жоқ.

Қорытындылай келе, «Өнерліге есік ашық» демекші, әрбір жан өзінің қабілетін дамытуға құқылы. Біз осы игі істеріміз арқылы еліміздің өркендеп, жандануына үлкен үлесімізді қосатынымызға нық сенімдімін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Talk to the animals, essay

TALK TO THE ANIMALS Only humans speak using words. But all species…

Клетканың химиялық құрамы

Барлық ағзалардың клеткаларының химиялық құрамдарынның ұқсастығы олардың шығу тектерінің бір екендігін дәлелдейді.…

Киіз үй және оның жабдықтары

Киіз үй және оның жабдықтары Киіз үй Шаруашылықтың шалқуына ілесе тас үй,…

Тың игерудің пайдасы

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді; 1) Тың игеру жылдары…