«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы»

Ахмет Байтұрсынов

Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ тіршілік көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды емес пе. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ізгі мамандықтардың бірі – тәрбиешілік дер едік. Тәрбиеші баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат болуындағы негізді қалайды. Мен тәрбиеші мамандығын таңдау арқылы оның негізгі міндеттерін шешуім керек, олар: мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, денсаулығын нығайту, дүниетанымын кеңейту, білім жолына түсіру – яғни тәрбиеші бола отырып өз елінің тірегі болатын Қазақстан азаматының қалыптасуына өз үлесімді қосамын. Бұрыннан келе жатқан педагогикалық іс-тәжірибеге сүйенсек:
Орташа педагог -баяндайды,
Жақсы педагог -түсіндіреді
Тәжірибелі педагог -көрсетеді
Ұлы педагог-шабыттандырады деген сөзге түгелімен қосылуға болады.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  жолдауында «Кәсіби – техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге, білім мен өндірістің өзара ықпалдастығын қалыптастыруға бағдар ұстануы керек» деп атап көрсеткен болатын.

Менің өмірдегі ұстанымым- жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма мамандығыма жауапкершілікпен қарау. Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол- адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі.  Осы ұстаным арқылы  117 жылдық тарихы, дәстүрі бар , қазақтың ұлы тұлғалары білім алған алаштың білім ордасы «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне» , «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша түстім. Қазіргі таңда 4 курс білім алушысымын.

Тәрбиешілік жолдағы басты мақсатым –  мектеп жасына дейінгі балалардың комуникативтік, танымдық, шығармашылық, іскерлік  қабілеттерін дамыту, жақсы нәтижелерге жету.

Егер өмірде қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам болып өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттасам бұл менің өмірімнің ең шынайы мәні. Мен осы «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне» түскелі бері қоғамдық шараларға атсалысып колледж ішілік, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарға, конкурс-олимпиадаларға қатысып келемін. Ұлылар дәстүрін ұлықтаған алаштың білім ордасының студенті болу әр жас буынға мақтаныш.

Сөзімді қорытындылай келе,  тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды, қалтқысыз еңбек ететінімді айтқым келеді. Өмірде жеңудің бәрі – жеңіс емес, сонымен қатар жеңілудің бәрі -жеңіліс емес! Осы қағиданы ұстанған адам ғана жақсы жетістікке жетеді.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Қараөрік қосылған борщ

Қараөрік қосылған борщ Қажетті өнімдер: 4 ас қасық грек жаңғағы, 300 г…

Қой етінің пайдасы?

Қақақтың халық емінде ерте заманнан бері төрт түліктің бірі қойдың терісі, өкпесі,…

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі жануар атаулары, шығарма

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық теңеулерге салыстырмалы талдау  Фразеологиялық…

«Қазақстан Республикасындағы стоматологиялық көмекті ұйымдастыру. Шет елдердегі стоматологиялық көмектің ұйымдастырылуы.»

«Қазақстан Республикасындағы стоматологиялық көмекті ұйымдастыру. Шет елдердегі стоматологиялық көмектің ұйымдастырылуы.» Тұрғындарға  стоматологиялық…