«Қазақстан Республикасындағы стоматологиялық көмекті ұйымдастыру. Шет елдердегі стоматологиялық көмектің ұйымдастырылуы.»

Тұрғындарға  стоматологиялық емдік профилактикалық көмегінің сапасының нәтижесін бақылау 

Осы сұраққа жауап беру үшін не білу қажет ?

  • Сапасы туралы түсінік
  • Сапасын бағалау
  • Сапасының нәтижесін бақылау

    Сапасының нәтижелігі деген не ?
(Контроль качества)

  • Берілген нысанның мінездемесі (совокупность характеристик данного объекта), басқа нысандардан ерекшеленеді;
  • Екі нысанның да функциональды тағайындалуы бірдей,бірақ та бір нысанның дәрежесі жоғары болып келеді.
  • Сонымен осындай терминдерді қолдану қажет: “Сапасы жоғары” , “Сапалы өте жоғары деңгейде”

ДДСҰ   (ВОЗ  1991)
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы

Медицина көмегінің  сапасы төрт компоненттермен беріледі:

1.Медицина көмегінің қауіпсіздігі

2.Медицина көмегінің қолжетімділігі

3.Медицина көмегінің тиімділігі

4.Науқастың қанағаттануы

Стоматологиядағы  стандартты сапа

  • Медициналық қызмет көрсетудің нәтижесі сапаны стандартты түрде бағалау болып табылады.Стоматологиядағы стандартты сапа нормативті құжат болып табылады,ол консенсус негізінде қарастырылады.Мұнда стоматологиялық қызмет көрсету және оның нәтижелеріне сай арнайы ережелер,жалпы қағидалар және мінездемелер  ұйымдастырылады.
  • Медициналық көмек көрсетудің сапасын жоғарылату, жұмыстың қарқынын күшейту,ем жүргізуді барынша қысқа мерзім ішінде жүргізу,науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медицина қызметкерлерін жала жабудан қорғау,керекті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігі,бұлардың барлығы стандарт тапсырмалары болып табылады.

Стоматологиялық поликлиникаларының негізгі жұмыс көрсеткіштері

Стоматологиялық   амбулаторлы поликлиникада

көмек көрсету арнайы құжаттар арқылы жүзеге

асырылады,бұған мынадай құжаттар кіреді:

  • Науқастың стоматологиялық жеке картасы (ф.№043/у);
  • Дәрігер стоматологтың күнделікті тіркеу картасы (ф.№037/у-88);
  • Диспансерлік бақылау картасы (ф.№030/у);
  • Амбулаторлық операцияларды жазатын журнал (ф.№069/у).
  • Стоматологиялық мекемелердің жұмысында қолданатын тіркеу құжаттары қазіргі таңда «Стоматологиялық қабылдауды ұйымдастыру формасы және дәрігер стоматологтардың жаңа жүйеге ауысуы » Денсаулық министрлігі СССР 25.01.88 №50 бұйрығы бойынша қарастырылған.

Дәрігер стоматологтың терапиялық қабылдау жұмысының көрсеткіштері

1.Күніне науқастарды қабылдау

2.Пломбы қою

3.Науқастарды санациялау

4.УЕТ бір тәулікте

5.Біріншілік науқастар (%)

6.Біріншілік науқастарды санациялау

7.УЕТ  бір қабылдау кезінде

8.УЕТ бір пломбыға

9.Бір пломбы қоюға келгендердің саны

  • Стоматологиялық көмек – арнайы медициналық көмектің ішіндегі кең тарағандарының бірі. Стоматологиялық көмек көрсетуде негізгі мақсаттарына жатады.
  1. Бет – жақ аймағының ауытқулары мен ауруларын алдын алу шараларын жүргізу
  1. Бет – жақ аймағының ауруларын ерте анықтауға бағытталған шараларды жүргізу және ұйымдастыру, оларды емдеу, қажеттілігі бойынша дер кезінде госпитализациялау және ортодонтиялық ем мен тіс протездеуді кіргізетін реабилитацияны іске асыру.
  2. Халыққа біріншілік, мамандандырылған, арнайы және жоғары мамандандырылған стоматологиялық көмек көрсету.
  3. Стоматологиялық ауруларды емдеу және диагностикалауға жаңа әдістерді енгізу.
  4. Стоматологиялық денсаулық мәселесіндегі халықтың гигиеналық сауатын және стоматологиялық профильдегі медициналық мамандардың дәрежесін әрдайым жоғарлатып отыру керек.
  5.  Қазақстан Республикасындағы стоматологиялық қызметінің жағдайы   мен даму мәселелері

ҚР стоматологиялық қызметінің қарқынды дамуына әсер еткен негізгі факторлар мыналар болған еді:

  • 1959 жылы республикадағы ең бірінші стоматологиялық факультеттің Алматы медициналық университетінде ашылды;
  • №737-ші бойынша СССР-дің министрлер советінің халыққа стоматологиялық көмекті жақсарту шаралары туралы жарлықтың шығуы
  • 1968 жылы 15-ші шілдеде №517-ші жарлығы бойынша орталық Комитет пен Министрлер Советінің «денсаулық сақтауды жақсарту мен елдегі медициналық ғылымды жетілдіру» туралы шығуы;
  • Бүкіл одақтық стоматологтар қауымының пленумымен бірге ҚазССР (1964ж.) стоматологтарының Республикалық конференцияға шақырылуы, кейіннен облыстық ғылыми медициналық стоматологтар қауымының жиналысы (1969 – 1970 ж.ж).
    • Республикалық стоматологияның   даму тарихында Қазақстанның стоматологтарының 1- ші съезі үлкен есте қаларлықтай оқиға болды (1974ж). Бұл съезде ауылды жерлердегі стоматологиялық және тіс протездік көмек 1968 жылмен салыстырғанда біршама жоғарылағаны жайлы,

    Жалғасуы

  • стоматологиялық бөлімдер мен клиникалардың жаңа құралдармен жабдықталып, көмек көрсету дәрежесі жоғарылағаны жайлы айтылды.1974 жылы халықтық стоматологқа қаралуы 14,9%-ға жоғарылады, яғни бұл көрсеткіш жалпы амбулаторлы – емханалық қаралу санынан алынған (1965ж.-13,6%)
  • 1953 жылға дейін Қазақстанда бет – жақ хирургиясының арнайы бөлімдері жоқ болғаны белгілі.Тек 1952 жылы Алматы қаласының денсаулық сақтау бөлімі №1 қалалық клиникалық аурухананың жалпы хирургиялық бар науқастарға арнап 20 төсек (койка) бөлді.АГМИ – дің стоматологиялық факультетінің ашылуымен байланысты бұл сан 70- ке жетті. 1965 жылы  республикада 185 стоматологиялық төсектер
  •      Қазақстан стоматологтарының  1- ші съезден (1974ж) 3 -съездге (1986ж.) дейінгі өткен аралық республикадағы стоматологтар қызметінің жоғары өсуімен сипатталды. Абылкасымова Е.А. мәліметтері бойынша 1960 жылы Қазақстанда 5 стоматологиялық емханалар 150-ге жуық стоматологиялық бөлімдер мен кабинеттер,Жалғасуы
  • 98 тіс – протездік бөлімдер, 75 стоматологиялық жатақ орындар болған. Соның ішінде 231 дәрігер-стоматологтар, 846 тіс-дәрігері және 333 тіс-техниктері өз жұмысын атқарған. Осыған орай халықтығ стоматологқа қаралуы да жақсарған.
  •      80-ші жылдардан бастап Қазақстанда стоматологиялық аурулардың алдын алуға арналған кешенді жүйелер белсенді түрде ене бастады. Леонтьев В.К. және басқа ғалымдар айтуы бойынша, емдік профилактикалық көмек пен мамандар саны қанша өссе де, стоматологиялық аурулардың төмендеуін тек алдын алу программалары мемлекеттік тұрғыдан жүргізіліп жүзеге асырғанда ғана жетуге болады.
  •       Республикалық стоматологиялық қызметтің дамуында 1987 жылы,27- ші мамырда     №621    бойынша
    ҚазССР   министрлігі     советінің  «Республикасындағы стоматологиялық көмекті» жақсартуға бағытталған қосымша шаралар» жайлы жарлығы елеулі оқиға болып саналады:
  • – стоматологиялық қызметтің даму перспективалары мен жаңа экономикалық көмекті ұйымдастыру
  • – стоматологиялық көмектің оптимальды дамуында үш негізгі субъектілерді бөліп қарастыруға болады:
  • 1). Мемлекеттік органдар, басқарудың териториальды мүшелері, қоғамдық ұйымдар (халық денсаулығы проблемаларын шешуге қатысатын субъектілер);
  • 2) Халық (население);
  • 3) Қазақстан Республикасындағы стоматологиялық қызметтің даму
  •   Шетелдердегі және ТМД (CHГ) мемлекеттердегі стоматологиялық   қызметтің дамуы. (ТМД ) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 

     (СНГ)   Содружества Независимых Государств

  • Стоматологиялық көмекке келушілер көптігімен ерекшелінеді (терапиядан кейін 2-ші орында). Стоматологиялық көмектің 99% емханалық жағдайда, ал 1% стационарда көрсетіледі.
  • 1,2,3-ші бүкілодақтық съезді (1923,25,28 ж.ж.) негізінен стоматологиялық қызметтің жаңа қауымдық формациядағы ұйымдастырылу сұрақтарын қарастырды. Ақырындап жеке тіс – дәрігерлік мектептер жабылып, институттарда одонтология (стоматология) кафедралары ашыла бастады.
  • Жалғасуы:
  • Ұйымдастыру сұрақтарынан басқа тісжегі және асқынуларын алдын алу, ауыз қуысын жоспарлы сауықтыру, ғылыми стоматологияның жетістіктері мен ғылыми жұмыстары жайлы да сұрақтар қарастырылды.
  • Бірақ репрессия жылдары мен Отан соғысы стоматологияның дамуына едәуір әсерін тигізді. Сонда да болса, сол жылдары дәрігер стоматолготардың жоғары дайындықтарын,жарақаттанғандарға маманданған стоматологиялық көмектің толық көрсетілгенін айтып өткен жөн.
  • 60-шы жылға дейін Украинадағы стоматологияның дамуы байқалған. Бұған Украинадағы Одесса қаласында 1928 жылы ашылған стоматология ғылыми зерттеу институты септігін тигізді.
  • Мәскеу қаласындағы 5-ші бүкілодақтық стоматологтар съезінің шақырылуы стоматологиядағы үлкен оқиға болды. Мұндай үлкен көлемдегі жиналыстар 1928 – ші жылынан бері болған жоқ еді. Бұл съезде 1500 ден астам делегаттар қатысты, соның ішінде барлық одақтық республикалар: Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румынья
  • 1962-шы жылы 5-ші бүкілодақтық съездің ашылу қарсаңында ғылыми зерттеу институты ашылды (директоры – акад. А.И.Рыбаков).Бұл стоматологиядағы ғылыми зерттеу жұмыстарының дамуында басты мекеме болып саналды.1968-ші жылы 5-ші бүкілодақтық стоматологтар съезі болды, бұл кезеңде стоматология облысында ғылыми зерттеулердің жүргізілуі, жоспарлау, мамандарды дайындау жүйелері толық қалыптасқан.
  • Жалғасуы:
  • Бұл съезде 1968-ші жылының басында СССР де 26791 стоматологиялық мекемелер (жеке және басқа мекемелер құрамындағы), 619 стоматологиялық емханалар бар екені айтылды.
  • Егер 1960 жылғы елдегі стоматологиялық көмектің дамуын сипаттайтын болсақ, бұл кезеңде келесі негізгі мен тенденцияларды айтуға болады:
  • стоматологиялық мекемелердің сандық және сапалық (1955 ж. 166 дан 1967 ж. 619 ға дейін) жоғарылауы;
  • даму қарқындылығының жүйелі өсуі.
  • стоматологиялық көмек мамандығының дифференсациялауы.
  • стоматологиялық алдын алудың сапасының жоғарылауы.
  • Жыл сайын өтетін дүниежүзілік санитарлық статистика бойынша, АҚШ – та тұрғындар дәрігер стоматологтармен қамтамассыз ету 80 – ші жылы аралығында тұрақты болып келе жатқаны байқалды, жалпы дәрігер есептік көрсеткіштеріндегі үлестері – 21.6%, Францияда – 18.4%, Данияда – 26%, Грецияда – 30%, Норвегияда – 28.6%, Швецияда – 29.4%.
  • Швециядағы 9000 дәрігер стоматологтардың тең жартысы мемлекеттік стоматологиялық мекемелерде істесе, қалғандары жекеменшікпен айналысады. Ал мемлекеттік мекемелер өз тарпынан балаларға, жасөспірімдерге, 20 жасқа дейінгі жастарға ақысыз көмек көрсетуге жауапты.
  • Ұлыбританияда стоматологиялық көмектің негізгі көлемі мемлекеттік жүйеден тыс дәрігерлер көрсетеді. Балалар, жүкті әйелдер, жас аналар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар сияқты тұрғындар мемлекеттік қаржы есебінен көмек алады. Жоғарыда көрсетілген топқа кірмейтін науқастар протездеу кезінде ортопедиялық көмектің 50% төлейді, қалғаны мемлекет бюджетімен жабылады.
  • Дания мемлекетінде балаларға стоматологиялық көмектің муниципалды Советке кіретін кабинеттер (90%) және жеке кабинеттерде (10%) көрсетеді. Жыл сайын әр балаға 1000 даттық крон жұмсалады. Ал үлкендерге стоматологиялық көмек жеке кабинеттерде жүргізіледі.
  • Мәліметтер бойынша АҚШ – та 1965 жылы стоматологиялық көмекке мемлекет тұрғысынан 2.8 млн. доллар бөлінген, ал 1985 жылы 27.1 млн. доллар болған. Бұл кезеңде стоматологтар саны 33% көбейген, сонымен қатар стоматологтар еңбегінің бағалануы да өскен. Мысалы,1965 жылы мамандардың орташа жалақысы 29200 болған болса,1985 жылы 212700 долларға дейін жоғарыланған. Жалпы АҚШ тағы стоматология дамуында мемлекеттік политиканың негізгі ролі атқаратыны сөзсіз. «Жеке стоматологиялық мектеп» деп аталатын мекемелердің үкіметтен әрдайым ғылыми және қаржылай көмек алып отырады, ал студенттерді федеральды бюджеттен қаржыландырады.
  • Үлгілі жұмыс істеуіне стоматологиялық профильдегі дәрігерлердің дайындығы, дипломнан кейінгі мамандар оқытылуы, аттестациялануы өз үлесін тигізді.БДҰ мәліметі бойынша Швецияда жоспарланған стоматологтар саны 34% өсіруімен қатар, тіс техниктерін 150%,гигиенистерді 188%,стоматологиялық медбикелерді 127% жоғарылату қарастырылды. Швецияда стоматология саласындағы медбикелерді 1 жыл арнайы курстарда оқытады. Оларға біткеннен кейін тістерді ағартып тегістеуге рұқсат етілгенімен, тіс тастарын алмайды, себебі оны гигиенистер жасайды, ал олар өз кезегінде 3 жыл тәжірбиеден өткеннен кейін қосымша 1 жыл оқып барып қана жұмыс жасай алады.
  • Growley сипаттамасы бойынша АҚШ – та дәрігерлік диплом алуды қамтамассыз ететін жүйе – медициналық білім беру комитеті болып саналады, ол АҚШ – тың білім беру министрлігінде жүзеге асырылады. Ал министрлік өз кезегінде АҚШ пен Канададағы медициналық білім беру программаларын аккредитациялау советінің қолдауымен жұмысын атқарады.
  • Жапонияда бойында ауруы бар тұрғындар жалпы міндеттелген сақтандыру енгізгеннен кейін, дәрігерлердің, соның ішінде стоматологтардың жетіспеушілігі, әсіресе, ауылдық жерлерде көп байқалады. Осыған орай H.Macatani айтуы бойынша, дисбалансты жою үшін министрлікте стоматологтар оқу базасын кеңейту жүйелері жүзеге асырылды. Үкімет әр елді мекенге 1 медициналық мектеп ашылуын жүктеді. 70-ші жылы 34 медициналық мектеп қайта ашылып, студенттер саны екі есеге көбейді. Жалпы Жапонияда медициналық көмек көрсету 14 категориялы жұмыскерлермен жүзеге асырылды.
  • Дәрігерлерді, стоматологтарды, фармацевтерді университеттерде дайындаса, қалған 11 категориядағы мамандарды, соның ішінде медбикелерді, басқа мекемелерде, колледждерде дайындайды. Медициналық тәжірибеге лицензияны денсаулық сақтау министрлігі тек мемлекеттік емтихандарды жақсы тапсырғандарға ғана береді. Бұл елде стоматологиялық профильдегі орташа звенодағы (тіс технигі, ассистенттер, тіс гигиенистері, медбикелер) мамандарды дайындауға көп көңіл бөледі.
  • Жалпы әр түрлі мемлекеттерде стоматолог мамандарын дайындауға әр түрлі дискуссионды көзқарастар бар.
  • Финляндияның стоматологтарды дайындау жайлы N.Atanasov мынандай мәліметтерді айтады: Стоматологиялық факультеттегі оқу 5 жылға созылады. Бітіргеннен кейін дәрігерлер мемлекеттік немесе жеке мекемелерде, 6 ай аралығында жұмыс жасайды, содан кейін одонтология докторы дәрежесін алады. Дәрігерлер жетілдіру курстарында 4 мамандық бойынша оқытылады: жақ бет хирургиясы, денсаулық сақтауды ұйымдастыру, ортодонтия және клиникалық аурулар (карисология, породонтология және протездеу).
    • Жаңа Зеландияда

    стоматологтардың 60% тіс гигиенистерін стоматологиялық факультеттерде оқытқан жөн деп санаса, 81% дәрігерлер стоматология медбикелері қосымша курстар өту керек деп санайды.

  • Дамып келе жатқан мемлекеттерде стоматологиялық көмек әр түрлі дәрежелерде тұр.  Мысалы Замбияда стоматологиялық  көмекті   дәрігер стоматологтардан басқа тіс санитарлары, тіс техниктері,  дәрігер  ассистенттері де жүргізе береді.  Стоматологтардың  50% қалада жұмыс жасайды. Ал ауылдық жерлерде негізінен  3 жыл  оқитын арнайы стоматологиялық    мектептерді бітірген санитарлар  істейді. Олар пломбылау, тіс жұлу, тіс   шөгінділерін   алу сияқты процедураларды   жасайды.
  • Австралияда медициналық көмекті ұйымдастыру негізінен британдық модель алынған. Медициналық көмектің көп түрін жекеменшік медициналық тәжірибедегі мамандар көрсетеді, 80% ауруханалық көмектер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
  • БДҰ мәліметі бойынша Францияда амбулаторлық көмекке 1990 жылы 73.7 млрд. шығын шыққан, яғни әр адамға шаққанда 1306 франк.
  • Бұрынғы СССР де тұрғындарға стоматологиялық көмегі жоспарландыру және қаржыландыру тікелей келушілер санына байланысты болған. Алайда Леонтьев айтуы бойынша, мұндай есеп стоматологиялық көмектің барлық дәрежелерін басқару мен жоспарлау мүмкіндіктерін азайтады.
You May Also Like

Кәсіпорынның кірісі мен шығысы

Кәсіпорынның кірісі мен шығысы – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жоспарлы (болжалды)…

Ұйымның экономикалық қауіпсіздігін басқару глоссарий

«Автоматтандырылған жүйемен қолдану басқару» өндірісті ғылыми-техникалық ұйымдастырудың қай факторына жатадыТехникалық  факторы.                 адамдарды…

Күнделікті көк шай ішудің 6 себебі

Күнделікті көк шай ішудің 6 себебі Көк шай – баламалы медицинаның кереметі.…

Ұлттық құқықтағы мәжбүрлеу шаралары

Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының…