Қақақтың халық емінде ерте заманнан бері төрт түліктің бірі қойдың терісі, өкпесі, қарны мен өті секілді өзгеде мүшелерімен науқастарды емдеген. Еті мен сүті, азық-жүні- жылы киім әрі денсаулыққа пайдалы бағалы төсеніш болатын жануардың біз біле бермейтін көптеген пайдасы бар.
Қой терісімен жел, қүз, құяң ауруына шалдыққандарды емдеген. Ол үшін семіз қойды бітеу сояды да, оған ерменді бүрімен қоса қайнатып, суын терінің ішіне құяды. Науқас адамды шешіндіріп, 2-з сағаттай сол теріге орап қояды. Бұл әдіс «Теріге түсіру» деп аталады. Теріге түскен адам жылы оранып жатып, 2-з күндей сорпа ішіп күтінуі керек.

Қойдың құйрығы жөтелді басып қақырықты түсіреді. Тұмаудан кейінгі созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке ерітіп ішеді. Суық тиген баланы да құйрық маймен сыласа, жазылып кетеді. Қойдың жыны – буын, тізе сырқырағанда қолданады. Жаңа сойылған қойдың қарнын жынымен қоса алып, оны ыдыстағы ыстық суға салады. Содан кейін қарынның үстіңгі жағын тіліп, науқастың екі аяғын жынға батырып, жылылап орайды. Ыдыстағы су салқындай бастаса, үстіне ыстық су құю қерек. Булаудан шыққаннан кейін жылы киінген дұрыс.
Қойдың өкпесі – жөтелді тоқтатып, несеп жолдарының жұмысын реттейді, ісікті қайтарады. Егер жас қойдың өкпесін тілгілеп, сірке суы қосылған суға қайнатып, күнде екі-үш тілімнен жесе, қақырықты түсіріп, өкпе демікпесін басады. Қойдың тоқ ішегін сөбидің көкбауыры ауырғанда шажыр қаймайын сыдырмай, дөңгеленген күйінде кіндіктің үстіне қойып, сыртынан орап қояды. Егер ішектің жылуы бөсеңдесе, торсыққа жылы су құйып, ішектің үстіне қояды. Бұл емді бала терлегенше бірнеше рет қайталайды.
Қойдың қарны – асқазан, ішек жолдарының дертіне, өйелдер ауруына, құяңға қолданады. Науқас адамның екі аяғын көсілтіп, ыңғайлап отырғызады да, жаңа сойылған семіз қойдың қарнын жылы күйінде оның құрсағына қойып, сыртынан орап тастайды. Біраздан соң науқас ағыл-тегіл терлейді. Тері қалмас үшін екі-үш сағаттан соң киімін ауыстыру қажет. Бұдан кейін де бірнеше күн сорпа ішіп күтінген жөн.
Қой өті – шаштың арасына ұсақ бөртпе түскенде қолданады. Шашты тақырлап алып тастап, басты сабындап жуғаннан кейін бөртпенің бетін су қосылған өтпен сүртсе, бөртпе тез жазылады.
Қойдың жілік майы — туберкулезбен ауырған өлсіз адамдар, жиі ауыратын жас балалар жесе, мың да бір дауа.
**Жаңа сойылған қой еті – жұқалап тіліп, жығылғанда пайда болған ісікке тағып тастаса, ісік тез қайтады өрі жара іріңдемейді.
Шиқанға, сыздауыққа таңса, жара аузы ашылады.
•-Қойдың етін күйдіріп, күлін сірке суына езіп, жылан, шаян шаққан жерге таңса, уытгы қайтарады, сыздап ауырғанын басады.
** Еті сылынып алынған қойдың сүйегін шауып, ұзақ уақыт қайнатып, сорпасын мешел балаға үнемі ішкізсе, нөресте тез оңалады. Бұл ем сынықтың тез бітуіне де көмектеседі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Сөйлеу әрекеттерін бағалау бойынша ұсыныстар

Оқушыларды еркін қарым-қатынас жасауға, өз көзқарасын білдіруге, ойын жеткізіп айтуға дағдыландыру тіл…

“Дәм тат” қазақ ұлттық гастрономиялық туры

Гастрономиялық туризм-туризм түрі, оның негізгі мақсаты жергілікті ұлттық дәстүрлер призмасы арқылы қандай…

Бассүйек-мидың жабық жарақаты (мидың шайқалуы, мидың соғылуы, бассүйекішілік гематомалар)

 ЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК) Версия: Архив – Аурулардың диагностикасы…

Мамандық бойынша жоба

Мамандық бойынша жоба Мен, Самигуллиев Жасулан, Тасымалдауды ұйымдастыру және көлік қозғалысын басқару…