Мамандық бойынша жоба

Мен, Самигуллиев Жасулан, Тасымалдауды ұйымдастыру және көлік қозғалысын басқару бойынша оқып  жатырмын.  – бұл көлік және көлік желілері саласындағы мамандық. Ол тасымалдауды ұйымдастыру, оның ішінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдардың тұтас кешенін білдіреді.

Жалпы алғанда, бұл жұмыс оңай емес, бірақ сонымен қатар қызықты және қызықты емес. Еліміздің барлық көлік желісі бойынша күн сайын көптеген машиналар, поездар қозғалады, ірі жүк тасымалы жүзеге асырылуда. Бұл желіге мыңдаған машиналар және одан да көп адамдар жұмылдырылған.

Тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі маман қозғалысты ұйымдастыруға тікелей қатысады. Маманның негізгі міндеті-сағат ретінде жұмыс істейтін көлік жүйесінің тұтас жүйесін құру және қызмет ету.

Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті басқару жөніндегі маманның нақты жұмысы мен міндеттеріне кіреді.:

* жүк тасымалдау процесін ұйымдастыру;

* жолаушылар тасымалдау процесін ұйымдастыру;

* логистика бойынша құжаттарды жасау және рәсімдеу;

* менеджерлік жұмысты жүргізу; * көлік желілеріне техникалық қызмет көрсету;

* көлік желілерін дамытуға және оларға қызмет көрсетуге түрлі инновациялық техниканы қолдану.

«Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті басқару» мамандануы бірқатар мамандықтарды қамтиды. Осы мамандану бойынша түлектер мынадай лауазымдарға орналаса алады::

* операторлар, диспетчерлер;

  • сигналшылар, жүргізушілер, реттеушілер;

* көлік қозғалысының кестесін құрастырушылар;

* экспедиторлар және жүкті қабылдаушылар;

* кассирлер, бақылаушылар;

* механиктер, бригадирлер;

* станция бастықтары және тағы басқалар •

Өздеріңіз көріп отырғандай, логистикада өз орнын табу мүмкіндігі әр түлекте бар. Бұл мамандық бүгінгі күні өте өзекті, өсу перспективасы бар және әрдайым сұранысқа ие болады. Алдағы уақытта логистика саласы бойынша қызмет етемін деген оймадым. Логистика – материалдық және ақпараттық ағымдардың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейінгі кеңістіктегі және уақыттағы қозғалысын жоспарлау,  ұйымдастыру, басқару, бақылау және реттеу жөніндегі ғылым.

Соңғы жылдарда бір қатар елдердің тауарлық айналымының саласында маңызөды өзгерістер пайда болды. Шаруашылық практикада тауарларды жеткізудің жаңа әдістері мен технологиялары қолданыла бастады.Кәсіпкерлік іс-әрекетте, экономикалық және ғылыми әдебиеттерде шетелдік мамандар логистиканы анықтауда екі ережелі бағытты бөледі: тауар қозғалысының функционалдық тәсілі, яғни тауарларды жабдықтаушыдан тұтынушыға жеткізу кезінде орындалуы тиісті барлық физикалық операцияларды басқару;

тауар қозғаласының операцияларын басқарудан тыс жабдықтаушы мен тұтынушылар нарықтарын талдауды, нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеуді қамтып, тауар қозғалысына қатысушылардың мүдделерін үйлестіруді іске асырады.

Осы бағыттарға байланысты логистиканың көптегени анықтамалары бар. Оларды қорытындылай отырып, логистиканы тауар қозғалысымен және оған жататын ақпарат ағымымен байланысты минималды шығындармен материалдық ағымдарды бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейін басқару ғылымы деп анықтауға болады.

Қазіргі кезде батыс мамандары логистиканың бірнеше түрлерін бөледі:

өндірісті материалдармен қамтамасыз ету логистикасы, яғни сатып алушылық логистика;

өндірістік логистика;

өткізу немесе маркетингтік, таратушылық логистика;

көлік логистикасы;

ақпараттық логистика және т.б. Логистиканың бұл түрлерін логистиканың функционалдық салалары деп атаған дұрыс.

Логистиканың аталған салаларының арасында өзара байланыс бар. Логистикалық жүйеде, яғни жабдықтаушыдан тұтынушыға дейін тауарлық және ақпараттық ағымдар өтетін жүйеде келесі негізгі бөлімдерді бөледі:

материалдарды, шикізатты және жартылай фабрикаттарды жеткізу;

өнім мен шикізатты сақтау;

тауарлар өндірісі;

тауарларды тарату;

дайын өнімді тұтыну.

Логистикалық жүйенің әрбір бөлімі логистиканың материалдық негізін құрайтын элементтерді қамтиды. Логистиканың материалдық элементтеріне көлік құралдары, қойма шаруашылығы, байланыс және басқару құралдары жатады, сонымен қатар кадрлар жатады.Логистикалық жүйе – бұл осы немесе басқа логистикалық функцияларды орындайтын кері байланысы бар адаптивтік жүйе. Ол, әдетте, бірнеше кіші жүйелерден тұрады және сыртқы ортамен оның дамыған байланыстары бар. Логистикалық жүйе ретінде өнеркәсіптік кәсіпорынды, территориялық-өндірістік кешенді, сауда кәсіпорындарын қарастыруға болады. Логистикалық жүйенің мақсаты – берілген шығындар деңгейінде өндірістік немесе жеке тұтынуға максималды мүмкін деңгейде дайындалған тауарлар мен бұйымдарды берілген орынға қажеттті сан мен ассортиментіне жеткізу. Жалпы атап айтатын болсақ елімізде даму үстінде сондықтанда білікті маман болу міндетіміз. Тасымалдау туралы айта кетсем Тасымалдау үдерісі жүкті тасымалдауға қабылдау, жүкті беру шарттарын, тиеу және түсіру (босату) мерзімдерін, жеткізу мерзімдерін және жеткізу мерзімдерін есептеу ережелерін, жүктің баратын жерін өзгерту, жүк жөнелтушіге қайтару, жаппай жүктерді маршруттармен және бір жүкқағазы бойынша вагон топтарымен, құндылығы жарияланған жүктерді, үйіп және ақтарып, ашық жылжымалы құрамда, жолсеріктердің алып жүруімен, жөнелту маршруттарымен, ұсақ және аз тонналы жөнелтілімдермен, контейнерлермен және көлік пакеттерімен, мұз болып қататын жүктерді, тез бүлінетін жүктерді, жануарлар мен құстарды, ветеринарлық, фитосанитарлық бақылауға жататын жүктерді, қауіпті жүктерді, сұйық жүктерді вагон-цистерналарға және бункерлік үсті ашық вагондарға құйып, тасымалдау шарттарын және жүктерді ерекше жағдайда тасымалдау шарттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Жүк тасымалдаумен байланысты операциялар және құжаттарды ресімдеу жүк тасымалдау үдерісінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады және оған:

Жүкқағаз бен тасымалдау құжаттарын ресімдеу;

Тасымалдау мен тасу ақысы бойынша есептеулер;

Вагондар мен контейнерлерді пломбылауға арналған бекіту-пломбылау құрылғыларын қолдану;

Вагондарды беріп-алуға арналған шарттарды жасау және мұндай шарттардың міндетті ережелері;

Жүктерді сақтау;

Жүктерді ұстап қалу, сату, жүктерді мемлекеттік органдарға беру;

Жүкті түсірген соң вагондар мен контейнерлерді тазарту және жуу кіреді.

Актілерді жасау, арнаулы зерттеулер мен сараптамаларды жүргізу жүк тасымалдау үдерісінің қосалқы элементтері болып табылады, тасымалдаушы, жүк тасымалдауды ұйымдастыру барысында жүк жөнелтуші мен жүк алушы жүзеге асыратын әрекеттерді құжаттай ресімдеуге және растауға, сондай-ақ жүк қасиеттерінің өзгеруі себептерін зерттеуге және анықтауға бағытталған осы салаларды толық қамтып белгілі бір маман иесі атау қажет өмінлік ұстанымым.

You May Also Like

Жаңғақтың шипасы

Қан қысымыңыз өте жоғары болса, онда о,5 стақан жержаңғақты қабығымен қоса банкіге…

Жылумен қамту жүйесін автоматтандыру

«Жылумен қамту жүйесін автоматтандыру» Денені реттеу беті жылыту өзгерісін реттегенде жылытқыштан кейін…

ҚР қылмыстық атқару құқығы, дәріс жоспарлары

1-дәріс. ҚР қылмыстық атқару құқығының түсінігі пәні және курс жүйесі. Қылмыстық-атқару саясаты…

Балық сорпасы

Қажетті өнімдер: 150 г томат шырыны, 40 г теңіз алабұғасы, 30 г…