SOS өрт дабылы функциясы

Жоба атауы: SOS өрт дабылы

Жоба мақсаты: табиғи апаттардың алдын алу, қоғамға, адамға, материалдық шығын әкелетін жағдайды болдырмау, құтқару жұмыстарын жаңа технологиямен жасақтау.

Жоба міндеті:

Арнайы «SOS өрт дабылы» бағдарлама функциясын жасау.

Бұл бағдарлама қызмет жасау үшін арнайы келісім алу бірлесе жұмыс жасау үшін арнайы компаниялармен келіс сөздер жүргізу. Ұялы байланыс қызметіне жаңа «SOS өрт дабылы» бағдарламасын енгізу.

Бағдарлама функциясы адамдарға қолжетімді кез-келген жерде жұмыс жасай алады. Телефонда орнатылған бағдарлама 70-85 тілде қолжетімді болады. «SOS өрт дабылы» бағдарламасы ішінде карта орнатылған. Картада кез-келген мемлекетің облыс, қала, аудан барлық жерлері көрсетілген. Егерде адам қандай да бір төтенше жағдайды байқаған жағдайда жедел түрде «SOS өрт дабылы» бағдарламасы арқылы функцияда орналасқан дабыл тетігін басу арқылы автоматты түрде ақпарат бере алады. SOS өрт дабылы  функциясы   2GIS бағдарламасымен біріге бірқатар енгізулер жасау керек. Яғни, кез-келген ғимараттың оқу орнының мәліметтері шығатындай болу қажет.  Оның ішінде:эвакуация жолдары, су гидранты, ток көзлдері және дабыл тетігі болуы қажет.

«SOS өрт дабылы» бағдарламасы арқылы келетін дабыл SOS байланыс орталығына түседі.

Төтенше жағдай кезінде адам сасқалақтап, абдырап, қандай әрекет жасайтынын білмей қалады. Сол кезде «SOS өрт дабылы» бағдарламасына  виртуалды дыбыстық көмекші орнатылса. Адамға алғашқы көмекке зәру болған жағдайда бағыттаушы ретінде әр бір адамның қолындағы ұялы телефонында болар еді. Немесе барлық адам дәрігерлік көмек көрсетіле алмайды, сол кезде қасындағы адамға алғашқы көмек көрсетуге дыбыстық  көмекші құрал болар еді.

SOS байланыс орталығы барлық аумақты қадағалап отыратын, арнайы жасақтарға тарататын, халыққа алдын-ала жеткізілетін орталық болуы керек.

Ол барлық территориядан келетін дабылды қабылдай алатындай жерде және арнайы қажетті құрылғылармен қамтамсыз етілу қажет.

Оның маңында «SOS өрт дабылы» функциясы арқылы байланысқа шығу үшін  радио толқынды станциялар салыну қажет. Бұл барлық аймақтардың байланысқа шығуына мүмкіндік береді.

Орталыққа түскен дабыл хабарламасы орталықта үлкен монитор арқылы автоматты түрде дабыл арқылы көрініп тұрады. Дереу түскен хабарлама құтқарушы органдарға таратылып, арнайы жасақталған 101,102,103,104 құтқару бөлімшелеріне хабарлама жебіріледі. Арнайы жасақтар  жедел түрде қызмет көрсетуге кіріседі.

Еліміздің аймақтарында табиғи апаттары кезінде құтқару жасақтарына көмекке заманауи құралдарды пайдалану қажеттігі туындап отыр. Мысалы өрт апаты кезінде дрондарды пайдалану арқылы өрттің алып жатқан аймағын бақылауға алуға тиімділігін атап өткен жөн. Сол себепті болашақта әр аймаққа осындай құрылғыларды орнатып,  алынған ақпарат немесе видеобақылау SOS байланыс орталығына түсетіндей жасақталу қажет. Дрондарды пайдалану қалалық аумақтарда кептеліске түспей тез арада жетуге де мүмкіндік тудырады.

SOS байланыс орталығының әр облыстарда филиалы құрылып аумақты апатты болдырмау мақсатында дрондармен қадағалап отыру мүмкіндігін береді.

Бағдарлама функциясын жасау үшін уақыт қажеттігі анық. Әрине бағдарлама ауқымдылығына қарай уақытты талап етеді. Бұл бағадарлама он нәтижесін беріп 100%-ға дайын болып  сынақтан өтсе, телефон функциясы ретінде енгізілсе, әр бір адам «SOS өрт дабылы» бағдарламасы арқылы SOS байланыс орталығына кез-келген жерде тұрып көмек шақырта алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.

«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы.Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының…

Кәсіпорынның табысы мен пайдасы

Кәсіпорынның табысы мен пайдасы ТАБЫС ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Шетелдік тәжірибеде «табыстар» ұғымы келесідей…

Информатика пәнінен емтихан сұрақтары

Емтихан сұрақтары Логика негіздеріне, логикалық байланыстарға, ақиқаттық кестесіне түсініктеме беріңіз    …

Қолданбалы механика пәнінен емтихан сұрақтары 

Қолданбалы механика пәнінен емтихан сұрақтары  Материалдар кедергісі ғылымының негізгі ұғымдары. Материалдар кедергісі.…