Бұл жобаның тақырыбы: Өз мамандығымның арқасында еліме жасар қызметім. Біріншіден жобамды бастамас бұрын Мамандық сөзінің мағынасын ашып алсақ. Мамандық-ол қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді. Мамандық-адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс әрекетінің түрі.Қысқаша түсіндерме түріне келтіретін болсақ Мамандық ол:

-Білім алу, үйрену;

3

Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін әрекет түрі;

0,

 

-Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі, белгілі бір іскерліктің болуы;

Мамандық деген не екенін ашып алдық. Келесі кезекте мамандық таңдау. Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандыққа бет бұрады. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деп Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтып кеткендей, мамандық таңдау-өмірдегі ең күрделі және маңызды шешімдердің бірі. Мамандық таңдау-бұл сізді үлкен өмірге апаратын бірінші саты. Таңдалған мамандық болашақта бақытты болашақтың кілті болып табылады. Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр адам өмірде бір мамандықтың иегері болуы керек. Әрине ол үшін көп еңбек талап етіледі. Ең алдымен адам өз мамандығының дағдыларын үйренуге міндетті. Әрбір мамандық адамға көптеген талаптар қояды. Әр адам-бұл әлеуметтік болмыс.

Ендігі кезекте өзімнің мамандығыма тоқталайын. Менің амандығым есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Қысқаша айтатын болсақ бағдарламашы. Бағдарламашы-арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман. Сондай-ақ, олар автоматты, типтік және стандартты бағдарламаларды, сонымен қатар сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен жұмыс істейді. Бағдарламалау мамандығының артықшылықтарына келетін болсақ: Біріншіден, өте танымал мамандық, өйткені біздің қазіргі әлемде жұмыс істемейтін технологиялардың бағдарламалау арқылы жұмыс істейді, ал компьютерлер мен интернет заманауи адамның өмірінің барлық салаларына кеңінен енеді. Екіншіден, егер бұл мамандық сұранысқа ие болса, онда ол жоғары ақы төленеді, әсіресе мансаптық өсу кезінде жалақы мен төлемдер бірнеше есе артады. Сонымен қатар, компьютерлік бағдарламаларды құру жасаушыға тұрақты табыс алып келеді. Үшіншіден, бұл мамандықта жақсы жұмыс шарты бар. Оларға: тыныш және жайлы кеңсе, онда шу естілмейді. Бұл сіздің ойыңызды жинақтауға және өз жұмысыңызды тиянақты жасауға мүмкіндік береді. Төртіншіден, сіз қашықтықтан жұмыс істей аласыз: жұмыс нәтижелерін интернет арқылы жіберуге болады. Және бесіншіден, бағдарламашы болып жұмыс істеудің өзі қызықты және ерекше міндеттерді шешу, креативті ойлауға мүмкіндік сыйлайды. Міне, менің бағдарламашы мамандығын таңдауымның себебі де осы.

Ендігі кезекті өзімнің мамандығымның мүмкіндіктерінің бір екеуіне түсіндірме ретінде өзімнің қызығатын бағыттарымды айтып өтейін. Бағдарламашы интернет желісінде бүкіл әлем байланыс жасай алатын сайттарды, толығырақ айтатын болсақ, интернет магазиндерді аша алатын мүмкіндігі бар. Бұл өте қызық және күрделі бөлімдерінің бірі. Интернет магазиндерді, сайттарды құру арқылы кез келген адам өзінің жеке бизнесін аша алады. Менің болашаққа деген қойған мақсаттарымның бірі және бірегейі міне осы.

Интернет коммерция, сайт ашудағы мақсаттарымның басты себебі өз елімді өзге елдерге таныту, бәсекеге қабілетті елдердің қатарында екенін одан ары дәлелдеу, сонымен қатар өзге елдермен серіктес болып қарқынды алға қадам басу. Бұл жобада тек өзім ғана жұмыс істеп емес елімізді танылмай жүрген, ауылда қалып қойып жатырған қол өнер, сурет бағыты бойынша керемет туындылардың иесімен бірігіп, «AQ»(Асылан Қадырғалиев) брендті киімдерін шығарып, өзге елдерге сайттар арқылы интернет магазиндер арқылы импорттау. Тек бір жұмыспен шектеліп қалу өз  аудиторияңды, өз атмосфераңды кеңейтеді деп айта алмаймын. Сол себепті өзге елдерге жаңа брендті импорттау арқылы түскен пайданың 30%-ын қайырымдылық бағытына аударып отырсам деген мақсатым бар. Ол қайырымдылық қорда қандай жұмыстар атқарылады? Бәрімізге белгілі Харакет қоры баспанасы жоқ отбасыларға осы уақытқа дейін бірнеше үйдің кілтін табыстаған болатын. Ал мен сол Харакет қорымен бірігіп, табысталған үйдің ішін керек заттармен толықтырып беріп отырсам деген мақсатым бар. Әрине тек осы іспен ғана тоқтап қалмай өзге де бастамалардың басын бастауға қарқынды қадам басатын боламын.

Қазақстанды дамытуға деген мақсаттарымның тағы бірі жастарды тереңдете оқыту үшін, қызығушылықтарын арттыру үшін, жаңа бағытта онлайн форматта тереңдетілген білім алу бағдарламасы жайлы сайт ашу. Қазір 21ғасыр болған соң  жастар интернетпен көп байланыста отырады. Соған орай интернетте жай ғана отырып қоймай түрлі бағыттар бойынша онлайн оқу форматында білім алып, жаңа дүниелер үйреніп, білім кеңістігін кеңейтсе деген ойым бар. Ол сайтта жаңа заманның жаңа технологияларын үйрету, өзге тілдерді тез әрі қызықты форматта оқыту, т.б. ерекше дүниелер жасалатын болады. Бұл сайт жастарды өзіне тартып, олардың қызығушылығын арттыру үшін әр курстың соңында өзінің курсын жоғары деңгейде аяқтаған адамға «AQ» компаниясының атынан ұлттық нақыштағы киімдер топтамасы беріліп, сонымен қатар ақшалай конкурстар  ойнатылып отырады.

Міне осының барлығы жай ғана ауылдан шыққан қарапайым баланың арманы. Бұл жоба арқылы менің айтқым келгені Қазақстан Республикасының дамыған елдердің алдыңғы сатысында орналасу біз сияқты жастардың қолында. Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос. Бәріміз бірігіп, бір бірімізді қолдап, жан жақты жетілсек бұл мақсатқа да жетерміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Түстер психологиясы

Түстер психологиясы Түстерді қабылдау психологиясы — адамның түстерді теңестіру-ұқсату арқылы қабылдап, атау қабілеті.…

Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі

Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке…

Сәбіз жайлы қызықты мәліметтер

Сәбіз жайлы қызықты мәліметтер. Сәбіз бүкіл елде таралған өнім. Ол пайдалылығымен ғана…

Мұз қалай пайда болады?

Мұз қалай пайда болады? Мұз — Н2 О. Судың қатты түрі. Химиялық құрамы: О…