Дәрістің сұрақтары:

1.Өндірістік қауіпсіздігі еңбек санитариясы және гигиенасы.

  1. Қолайлы микроклиматты орнату бойынша шаралар.
  2. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.
  3. Табиғи және жасанды желдеткіштер
  4. Шаңдардың әсері

Өндірістік қауіпсіздігі, еңбек санитариясы және гигиенасы.

Өндірістік қауіпсіздігі бұл – жумысшыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсерінің ықтималдығын азайту

Еңбек гигиенасы

     Еңбек гигиенасы бұл – профилактикалық медицина болып, адамның денсаулығына және  функциональды жағдайына әсер ететін еңбек шарттарын және өзгешелігін зерттейді. Ол жұмысшының өндірістік ортасын және еңбектік процестерінің профилактикасының ғылыми негіздерімен практикалық шараларын жасайды.

Өндірістік санитариясы

Өндірістік санитариясы бұл – жумысшыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсерін азайту немесе жою

Микроклимат-(грек.mikros-кіші және климат)-жер бетінің

шағын аймағына (мысалы жотаның беткейі, көлдің жағасы,

орман, т.б) және оны қоршаған ауа қабатына ғана тән

климаттық жағдай.

Өндірістік бөлмелердің микроклиматы – ауа температурасының, ауа ылғалдылығы мен қозғалысының көрсеткіштерін сипаттайтын, адамға әсер ететін бөлменің ішкі ортасының жағдайы, сондай-ақ, технологиялық жабдықты  және жылулық сәулелену температурасының байланыстарымен анықталады.

Қолайлы микроклимат қалыптастыру

Жұмыс орнында қауіп – қатерсіз, зиянсыз жағдай қалыптастырумен қатар микроклиматқа  да айрықша көңіл бөлу керек. Өйткені ол жұмыс орнындағы қолайлы температураны сақтаумен, салыстырмалы ылғалдылықпен және жұмыс орнындағы ауа қозғалысының жылдамдығымен, қарқынды жылулық сәулеленумен және барометрлік қысыммен сипатталады. Бұл параметрлер жұмыс орнында жұмыс атқарушының көңіл-күйіне, еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді. Мемлекеттік 12.1.005-88 еңбекті қорғау стандартына сай микроклиматты қалыптастырушы параметрлері қолайлы және рұқсат етілген деп бөлінеді.

Микроклимат параметрлері

Параметрлер-қоршаған заттардың температурасы және организмнің физикалық қыздыруының қарқынын, нақты өндірістік жағдайларды көрсетеді. Өзге параметрлер-қоршаған ауаның температура, жылдамдық, салыстырмалы ылғалдық және атмосфералық қысымы-микроклиматтың параметрлері.

Микроклиматтың қолайлы параметрлері болып ұзақ уақыт және жүйелі әсер ететін салыстырмалы ылғалдылықпен ауа жылдамдығы адам ағзасындағы ауытқуларды болдырмайтын көрсеткіштері төмендегідей:

t -22-24 0С, ф=40-60%, V<02м⁄с

мұндағы t-температура 0С(градус цельция)

ф-салыстырмалы ылғалдылық, %;

V-ауа жылдамдығы, м⁄с.

Микроклиматтың рұқсат етілетін параметрлері-микроклиматтың ұзақ уақыт әсер еткен кезде жұмысшының  жағдайына өтпелі және тез қалыптасатын өзгерістер жасайтын параметрлері.

t-22-27 0С,(ф<75%, V=02-065м⁄с)

Жалпы жұмыс қабілеті жұмыс ортасының жағдайына тәуелді болады. Жағымсыз микроклимат, шу, демалатын ауада әр түрлі химиялық заттардың болуы жұмыс қабілетін елеулі төмендетеді

Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер

температура;

салыстырмалы ылғалдылық;

ауа қозғалысының жылдамдығы;

сәулелі энергия.                 

Микроклиматты жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша болатын орындар деңгейінде 2м дейінгі биіктіктегі кеңістікті білдіретін жұмыс аумағында бағалайды.

Жұмыс ортасын сыртқы орта факторларының көрсеткіштеріне қарай:

 қолайлы (адам жұмыс қабілетінің тиімді динамикасын, жақсы көңіл-күй және оның денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді);

 салыстырмалы қолайлы (қойылған жұмыс қабілетін және денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бірақ адамда нормадан шықпайтын, қолайсыз субъективті сезіну мен қызметтік өзгерісті тудырады),

қысылтаяң (нормадан шығатын ағзада айрықша өзгерістер тудыратын және жұмыс қабілетін төмендетуге негізделген, бірақ патологиялық өзгерістерге апармайды);

аса қысылтаяң жұмыс ортасы (адам организмінде патологиялық өзгерістердің пайда болуына әкелетін және еңбек қызметін орындай алмау мүмкіндігіне әкеледі) болып бөлінеді.

  Оңтайлы микроклиматтық жағдайлар бұл микроклимат

параметрлерінің байланысуы, ол адамға ұзақ жүйелі әсер еткен

 кезде жылуды  реттейтін механизмсіз адам ағзасының қалыпты

 жылулық күйін сақтауды қамтамасыз етеді.

Микроклиматтың көрсеткіштерінің өзгеруі және әр түрлі

ауырлықтағы жұмысты орындау кезіндегі, дененің тұрақты температураны ұстап тұратын, адам ағзасының қабілеттілігін термореттеу деп айтамыз.

Жұмыс орнындағы микроклиматтың көрсеткіштерін өлшеу үшін әр түрлі аспаптар қолданылады. Олар мыналар: температура мен ауа ылғалдылығы аспирациялық психометрмен МВ-4М, М- 34, электронды термометрлері, қара бояумен боялған термометрлер; ауа қозғалысының жылдамдығын- анемометр (қанатты АСО-3, АП-1М, чашкалы МС-13), термоанемометрлер ТАМ -1, цилиндрлік және шарлық кататермометрлік; жылулық сәулеленуге – анемометрлер  (инспектрлік, ИМО-5).

Адам ағзасына микроклимат факторларының зиянды зиянды әсерін жою үшін және өндірістік ғимараттарда қалыпты жұмыс жағдайын қалыптастыру үшін ауалық ортаның көрсеткіштері, зиянды заттардың ШРК бекіткен, СанЕмН 2.2.4.548-96 “Өндірістік ғимараттардың микроклиматына қойылатын талаптар” және МЕСТ 12.1.005-88  “Жұмыс аймағының ауасы. Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарына” сәйкес болуы керек.

Ауаның салыстырмалы ылғалдығы психометрмен және қозғалыс

жылдамдығы анемометрмен өлшенеді.

Ауа температурасы – көңіл күйге және еңбектің нәтижесіне елеулі әсер етеді. Төмен температура ағзаны суытады және тұмаурату ауруларының пайда болуына әкеледі. Жоғары температурада ағза асқын жылиды да терлейді және жұмыс қабілеттілігін төмендетеді. Нәтижесінде жұмысшының көңілі (назары) жоғалады да, жазатайым оқиғалардың себебі болуы және өндірістік зақымдануларға әкелуі мүмкін.

Ауаның жоғары ылғалдылығы өкпедегі және тері бетіндегі ылғалдың шығуын қиындатады, және ағзаның термоайналымын бұзады, соның салдарынан адамның көңіл-күйі нашрлайды да жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Салыстырмалы ылғалдың төмендеуінде (20% төмен) адамның жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі пайда болады.

Ауа қозғалысының жылдамдығы жұмыс аумағында микроклиматты құруда маңзды роль ойнайды. Адам ауа қозғалысын  0,15м/с жылдамдығында сезеді, сонымен ауа ағымының әрекеті соның температурасынан байланысты. 360С кем температурадағы ағын адамды сергетеді, ал 400С жоғары температурада – жайсыз сезінеді.

 Сәулелі энергия әр түрлі құралдардың қатты қызуынан шығуы мүмкін. Жылу сәулелерінің ағындары инфрақызыл сәулелерден тұрады. Инфрақызыл сәулелену адам организміне жергілікті және жалпы әсер етуімен сипатталады. Сәулелі энергия жұмысшыға тек тікелей әсер етіп қана қоймай, қоршаған конструкциялармен, жабдықтармен, материалдармен шағылыса отырып, жылу энергиясына айналады, ол бөлме ішінде ауа температурасының өсуіне әкеледі.

Ағза энергиясының шығындарынан байланысты ГОСТ 12.1.005-76 жұмыстың үш категориясын қарастырады.

Жұмыс категориясы (организмнің энергия шығындары, Дж/с) Ауа температурасы, 0С  Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %, аспай Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с, аспай
1 а (138 кем)

1 б (138-172)

II а (172-232)

II б (232-293)

 

III (астам293)

21-25/22-28

20-24/21-28

17-23/18-27

15-21/16-27

 

13-19/15-26

28 0С кезде 75/55 

27 0С кезде 75/60 

26 0С  кезде 75/65

25 0С  кезде 75/70

24 0С  және төмен болған кезде 75/75 

0,1/0,1-0,2

0,2/0,1-0,3

0,4/0,2-0,5

0,4/0,2-0,5

 

0,5/0,2-0,6

Табиғи және жасанды желдеткіштер

Табиғи желдету сырттағы жылудың режімінен, әрі желдің әсерінен іске асырылады- ол:

üұйымдастырылмаған (инфильтрация)

üұйымдастырылған (аэрация) болып бөлінеді.

Инфильтрация бөлмедегі саңылаулар немесе ғимараттың құралымдық тығызсыздығы арқылы кіретін, сондай-ақ желдің әсерінен ауаның алмасуын білдіреді.

 Аэрация терезе, форточкалар, желдеткіш арналар, дефлекторлар арқылы іске асырылады.

Табиғи желдету қарапайым және пайдалануда үнемді болады, бірақ оның кемшілігі – келетін ауа бөлменің температурасын, ылғалдылығын және сондағы қосымша шаңдардың құрамын өзгертпейді.

Жасанды (механикалық) желдетуде ауаның алмасуы ауа арнасы жүйесі арқылы желдеткіштің көмегімен іске асырылады. Қызметінің қағидасы бойынша ол кірме ағындық желдету, сыртқа тарта желдету, кірме ағындық-сыртқа тарта желдетулер болуы мүмкін. Осы жағдайда ауа параметрлері мақсатты (бір бағытта) өзгеріп және реттеле алады.

Егер бөлменің көлемі бір жұмысшыға 20м3 кем болса, санитарлық нормаға сәйкес әр жұмысшыға 20м3/сағ және 30м3/сағ кем емес таза ауа беріліп отыру керек. Зиянды заттар жоқ болған кезде бір жұмысшыға 40м3 астам көлемді бөлмелерге берілетін ауаның саны есептелмейді. 

Қауіп – қатерлік

Қауіп-қатерлікқауіптің пайда болу ықтималдылығы және сонымен байланысты зиян мөлшерін сипаттайтын қауіп көлемі

Шаңдардың әсері

             Шаңдар – ерекше зиянды заттар тобын құрайды. Шаңның пайда болуы күнделікті автомобильдерге қызмет көрсету, металл мен ағаш өңдеу, автомобиль мен агрегат бұзу, бояу, термиялық және гальваникалық өңдеу, пісіру жұмыстарын орындаумен, басқа да техникалық процестер бойынша жұмыстармен байланысты.

  Шаң негізінен тыныс алу жолдарына зиянды әсер  етеді, жоғарғы бөлімдерде, өкпеде ауру тудырады. Шаңдар тек өкпеге ғана емес басқа дене мүшелеріне де зиянды әсерін тигізуі мүмкін: көзге, теріге, ас қорыту органдарына. Зиянды шаң денеде язва, экзема, дерматит, ісік, көзде қабыну; тамақта бронхит, астма туғызады. Шаңның аса көп химиялық белсендігі (хром, мышьяк) бар түрі ұзақ әсер етуде бұзылулар мен мұрын қуыстарының жабылуына әкеледі. Шаң өкпеде және лимфатикалық тораптарда жиналады, оның бұзылуына әкеледі.

You May Also Like

Ақсерке балығы қосылған тіскебасар

Қажетті өнімдер: 2 бөлік қара нан, 50 г салат жапырақтары, 10 г…

Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі

Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке…

Жүрек жылуы жоба

Жобаның мақсаты: Балалардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу; Еңбекке деген сүйіспеншілікті  ояту; Өзінің…

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім мекемесін басқару жүйесі. слайд