Жобаның мақсаты:

Балалардың бойында

патриоттық сезімді тәрбиелеу;

Еңбекке деген сүйіспеншілікті  ояту;

Өзінің және жақындарының  денсаулығының құндылығын бағалай білу;

Жан-тәнімен және игі істермен өмір  сүруге деген ұмтылысқа тәрбиелеу;

Ерікті – адамдардың игілігі үшін өтеусіз  жұмыс істейтін еңбекқор адам.

Еріктінің басты сапасы-көмек қолын  созу мүмкіндігі, оны ешкім көрмесе де,  ешкім мақтамаса да, бірақ  адамдардың күлімдегені – біз үшін ең  қымбат сый.

Басқаларға көмектесу қиын емес-бұл өте керемет,  сіз біреуге көмектесіп, бұл адамды сәл бақытты  қылғаныңызды, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес  сияқты, ол сізді де бақытқа бөлейді.

Менің жолым

Екі жыл бойы еріктілер істерін  атқарып, көптеген материалдық  және рухани жетістіктерге қол  жеткіздім.

Ерікті болу дегеніміз – ең шығармашылық және  белсенді болу ғана емес, сонымен қатар ар – ұждан,  лайықты адам, мінезі бойынша күрескер, осы  қызметтің барлық қыр – сырын жақсы білу. Жүрек  жылуымен жұмыс істейтін барлық еріктілер – нағыз  батырлар, шынайы және ашық адамдар.

Мен үшін «Волонтер» атағы – өз  идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі,  адамдар алдында ғана емес, өз  алдында да үлкен жауапкершілік.

Мамандығымның маңызы

Қазіргі ұрпақ – тілектер мен үміттердің  көрінісі. Біз болашақты болжай алмаймыз,  бірақ оны ойдағыдай етуге мүмкіндігіміз  бар.

Менің ойымша, әр ұрпақ кез келген жағдайда  өз тағдырын шешуге құқылы.

Ата- баба жолын жалғастырып, елімізді  дамудың барынша жоғары деңгейіне көтеру  біздің парызымыз.

Болашаққа үлес

Өзіміздің бірлестіктерімізде және жалпы елімізде  орасан зор іс атқарып жатқан еріктілердің  үлгісінде, балалардың бойында патриоттық рухты  тәрбиелеуіміз және арттыруымыз керек.

Студент атанған күннен бастап өзіме жетекшілік етуді  үйрену, еліміздің болашағына елеулі үлес қосу мақсатын  қойдым. Қазірдің өзінде өмірлік маңызды таңдау шегінде  бола отырып, мен әр адам мақсатқа жететініне түсіндім. Ол  үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Жақында  мен армандаған мамандығым бойынша жұмыс істей  бастаймын және басты мақсатымды жүзеге асыруға  тырысамын.

Бала тағдыры – ел тағдыры

Болашақта мен ерікті ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дамыту  орталығын ашып, оларға педагогикалық, психологиялық жағынан қолдау

көрсеткім келеді. Ондағы басты мақсатым – кемтар балаларға деген қоғамның  көзқарасын, пікірін өзгерту, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру және  мүмкіндігі шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда  мейірімді, қайырымды болып өседі. Сол балалардың сыртқы ортамен қарым-  қатынасқа түсіп, өзін әлеуметтік ортада жекетұлға санауына уақыт жетті.

«Ұрпақтың өмірге келген сәтінен бастап, тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, жүрек  жылуын сыйлап, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік өмірге даярлап,  еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді.

2 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Тұщы су және жылумен емдеу

ТҰЩЫ СУ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ              Тұщы сумен емдеуде (гидротерапия) су құбыры,…

Обучение критическому мышлению – главный способ развития функциональной грамотности учащихся слайд

Қазақстан республикасындағы ұлт аралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары

Қазақстан республикасындағы ұлт аралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары Бүгінгі ауыз біршілігіміз…

Қараөрік қосылған борщ

Қараөрік қосылған борщ Қажетті өнімдер: 4 ас қасық грек жаңғағы, 300 г…