«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!»

Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің

қайғы       қасіреті,      ащы      азабы,        тәтті      арманы,      ой-қиялы      сыйып      жатыр.

Жеңіс! Кімде болса жеңіс туған сәтті өз өміріңің ең бақытты күніне санайды. Жеңіс! Сенің

жолыңда қаншама қанды , сенің жолыңда қаншама қаһармандар қалды.

Жеңіс оңай келген жоқ. Жұдырықтай жұмылып , анталаған жауға қарсы тұра  білудің

арқасында ғана мүмкін болды. Асқан ерлік көрсетіп, Жеңіс күнін   жақындатқандардың

ішінде қазақстандықтар да көп еді. Олардың арасында менің де үлкен атам бар еді…

Ұлы   Отан  Соғысының   75 – жыл   толуына   орай  менің   нағашы  атам  Несіпбеков

Ерболаттың әкесі үлкен атам Қиқымбаев Несіпбек атамның өмір жолын айтып өткім келіп

отыр. Менің  үлкен  атам Алматы облысы,  Балхаш ауданының  Қаратоған  ауылында  1922 жылдың  20 қазанында дүниеге келген. 1942-1948 жылдары аралығында әскер қатарында болған.  Ұлы   Отан  соғысының  майданына  қатысқан.   65-ші  теңіз  әскерінде  барлау бригадасының атқышы болған. Қатардағы жауынгер. 59-шы шекара отрядының радист қызметтерін  атқарған. Иығынан жараланған. Германияны,Жапонияны жеңгені үшін , және әуе теңіз флотына 30-жыл мерекелік медальдарының иегері. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары  Жиделі  аулында  еңбек  еткен ,   пошта  бөлімінің  бастығы  болған.  Кейінгі жылдары   Үшқалмақ , Қошқарбай, Байтайлақ елді мекендерде пошта таратушы болып жұмыс атқарған .  Елге  хат-хабар  жеткізіп  отырған. 1948  жылы  неміс  қызы  Эльзамен шаңырақ  көтеріп  8 ұл-қыз  тәрбиелеген ардақты әке. 1982 жылы зейнеткерлікке  шыққан. Ал 1983 жылы ақпан айында өмірден өткен.

Мен   үлкен   атамның   майдандағы   ерлігін  әрдайым   мақтан   етемін!  Ұлы   Отан

соғысындағы Ұлы Жеңісіміз достықты шыңдаған , бірлікті жырлаған, ер намысы болып

аталған, ел дауысы болып шақырған Жеңіс!  Жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың

байтақ    жерін    қорғады,    айдын    көлін     қорғады,    ақ     сүтін     берген

анасын қорғады, пәк күлкі шашқан баласын қорғады, парасатты данасын қорғады. Осы

әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандарда аз емес.

Солардың   қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тіршілігіміздің  нұрындай мәңгі шуағын  шашпақ.

Міне, осынау  қан майданның төрінде жаумен жанын  қия  айқасқан батыр  аталарымыз,

ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие отырып, ол кісілердің бүгінгі ұрпақтарына

қалдырған  кең байтақ,  азат елін,  жерін  қорғау,  күту  болашақ  мына  біздің  қолымызда.

Еліміз үшін, жеріміз үшін кұрбан болған батырларымызға мың тағзым! Және де бұл Жеңіс – «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Ойын технологиясы топтық психологиялық жұмыстың бір түрі ретінде

Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі…

Баланың ақыл-ойы тамақтану рационына байланысты дамиды

Дұрыс тамақтанудың өзі ақыл-ойдың  дұрыс дамуына оң әсерін тигізеді. Австралиялың Аделаид университеті…

Дизайн және жарнама

Дизайн және жарнама Жарнама дизайны-бұл дизайнның жаңа саласы, ол бейнелеу дағдылары мен…

Тығыздықты анықтау, физика пәнінен ашық сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.15 тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану…