Өнер мектебінің балаларға пайдасы

Өнер мектебі манызы

Білім беру стандарты тек белгілі бір білім деңгейін оқытса, ал баланы шығармашылыққа баулып, оның дамуына жан-жақты жағдай жасау, сөйтіп жасөспірімдердің өзін үздіксіз жетілдіріп, қосымша білім алуын қамтамасыз ету мектептен тыс мекемелердің тікелей міндетіне жатады. Соңғы жылдары тәрбиелік мәні бар сол мектептен тыс мекемелерге деген көзқарас өзгеріп келеді. Өткен жылдың наурыз айында өткен еліміздің мектептен тыс ұйымдары директорларының республикалық үйлестірушілік кездесу семинары осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеуге арналып, онда республикадағы балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беруді дамыту бағдарламалары, мектептен тыс мекемелерінде жүзеге асырылуға тиіс тәрбие беру жүйесінің үлгілері мен тәрбие жүмыстарының өзекті мәселелері  талқыланды.

Өйткені, ол баланың мектептегі білімін дамытып тереңдете түседі, бос уақытын өнімді әрі тиімді пайдалануға үйретеді, өзінде бар шығармашылық қабілетін жетілдіреді.  Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттеріне сәйкес, келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқутышылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл мұғалімдердің қолында. Оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені халықтың ұлттық мәдени мұрасымен, яғни халық композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәтімбет, Естай т. б. классикалық  күйлерімен  байланыстыра отырып жақсарту көзделген.

Балаларды рухани дамыту

Әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, қазақтың ежелгі ұлттық аспаптарын насихаттау арқылы оқушыларды елжандыққа, сұлулыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушылардың музыкаға деген ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып оркестрде ойнау, ән айту, олардың музыкалық қабілетін ( есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуға тәрбиелейді. Үлкен салтанатты кештерде, мейрамдарда ұйымдастырылған мәдени –көпшілік шаралар оқушыларды ортақ бір іске, мақсатқа топтастырып, достыққа, ынтымаққа жетелейді.

You May Also Like

Отбасы құқығы шпор

14 жасқа толмаған бала өз атына банкке салынған салымға билік ете алады…

Балалардың алғашқы жылдарындағы жүйелі дамуы

Сөйлеу кемістігінің мінездемелік деңгейлері № Салыстыру деңгейі 1 деңгей 2 деңгей 3…

Социальный проект «Движение вверх»

Социальный проект «Движение вверх» Барабаш Дмитрий Владимирович родился 13.02.2004г. в Сарыкольском районе…

Өзімді және елімді дамыту

Өзімді және елімді дамыту Мен өзімді он жылдан кейін Қызылорда облысының әкімі…