Өзімді және елімді дамыту

Мен өзімді он жылдан кейін Қызылорда облысының әкімі немесе еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі ретінде көремін. Әрине мақсатым халқымыздың жағдайын жақсарту, тұрмыс деңгейін көтеру. Осындай жұмысы ауыр, халықтың қамын ойлайтын істі жасау үшін бірінші қарпайымдылық пен ыждаһаттылық керек. Осындай кереметтей қасиеттерді мен ерікті және халықпен араласа жүріп жинаймын. Қазіргі таңда ауданымызда орналасқан “Жастар ресурстық орталығы” жанынан құрылған еріктілер клубының мүшесімін. Осы тобымызбен біздер ауданымызда орналасқан егде жастағы қарттарымыздың үйлеріне барып тазалық жұмыстарын жүргізіп, отындарын жарып беріп, суларын тасып беріп қолымыздан келгенінше көмегімізді көрсетеміз. Ол кісілердің батасын алып, өткен-кеткен хикаяларын тыңдап, сол кісілердің жасаған қателіктеріне зер салып, өзіміз сол жағдайлардан бағыт-бағдар алып, әрбір жұмысты кемшіліксіз жасауға әрекет етеміз. Еріктілер еш уақытта барлық істен шетте қалған емес. Бұл істерден басқа да жұмыстар атқарамыз. Аптасына бір рет ауданымызда “Тазалық акциясын” ұйымдастырып, өзімізден бөлек аудан тұрғындарын да осы жұмысқа, ауданымызды таза ұстауға белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Айына бір рет облысымызда орналасқан “Жетімдер үйіне” барып әртүрлі өнерлерімізді көрсетіп, би ден шашу шашып өздеріне де ән айтқызып, мөлдіреген жасқа толы көздерін қуаныш пен бақыт сыйлауға тырысамыз. Айына бір рет тұрмысы төмен отбасыларға ауданымыздағы кәсіпкерлеріміздің және де меценаттарымыздың көмегімен, үйлеріне керекті азық-түліктердіт жеткіземіз. Әлі есімде тұрымысы төмен бір кісінің үйі құлаудың сәл-ақ алдында тұрған еді. Аудан жастары, еріктілер жұмылып ол үйді бұзып, ауданымыздағы депутаттардың қаржылай көмегімен қайта тұрғызып берген болатынбыз. Мен өз мамандығым бойынша үйіне ток жүргізіп бердім. Бұдан да басқа ауданымыздағы іс-шараларға, әр түрлі бағыттағы шығармашылық кештерге өзіміздің өнерлерімізді көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына бөлендік. Міне осылай, біздер яғни жастар уақыттарымызды тиімді пайдаланып, әрдайым жақсы жаққа қарай өзгеру үстіндеміз. Осы уақытқа дейін арамыздағы ерікті жастардың ішінен бірді бір құқық бұзушылық я болмаса жаман жайттар осы күнге дейін тіркелмеді. Себебі бізде олай жаман қылықтарды жасайтын ойда уақытта жоқ.

Қазіргі кезде президентіміз Қасымжомарт Тоқаев мырзаның кеменгерлігінің арқасында біз сияқты жалынды жастарға көп қолдау білдіріп, біздерге барынша жағдай жасап жастрадың пікірлеріне құлақ асып, көңілін аударып келеді. Қешегі мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде жастардың атынан түскен Елнұр Бейсенбай мен Мади Ахметов ағаларымыздың өткеніне шын жүректен Жас Отандықтар қуанған болатынбыз. “Жас келсе іске-жұмыста бітер лезде” демекші бұрынғыдан да жастар мәселелері енді парламентте көтерілетініне қуандық. Ағаларымыз жақында ғана сайлансада азғантай уақыттың ішінде студенттер үйі мен шәкіртақының, білім сапасы туралы мәселелерді көтеріп, шешуге әрекет жасауда. Біз бұған қуаныштымыз. Мади аға да Елнұр аға да кезінде біз сияқты Жас Отандық болған. Ол кісілер де біздердің атқарып жатқан жұмыстарымызды кезінде орындаған. “Ат тұяғын тай басар” демекші бізде осы кісілердің артынан өкшелеп келе жатқан жас өркенбіз. Мен де алдағы уақытта осы кісілер сияқты халықтың қалаулысы, қамын ойлар азаматы боламын деген ниеттемін. Қарапайым халықпен араласып, мұң мұқтажын тыңдап өскен бала, билік басына барса тек жақсылық болатынына, керемет заман орнататынына кәміл сенімдімін. Сұлтанмахмут Торайғыров атамыз бір өлеңінде

“Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Ол жанбасалапылдап,

Аспан-қалай ашылмақ”, – демекші жастар-елдің болашағы.

Мен-жастарға сенемін”, – деп жырлағанындай, біздерге артылған жүк ауыр. Сондықтан жастар Әлихан атамыз айтпақшы “Тірі болсам, Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын” дегеніндей әрбір жас маған елім емес, мен еліме не беремін, қайтсем қазақты көркейтемін деп ойлап аянбай қызмет қылуымыз керек.

Қазіргі кезде мен “Елбасы медалы” жобасына қатысып, өз білімділігім мен біліктілігімді арттыру үстіндемін. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мырзаның осындай жастардың дамуына, білімдерінің артуына, таланттарының ашылуына жағдай жасап, осындай керемет жобаны іске асырғанына өте қатты қуаныштымынү. Мен алдағы бес айда өз қабілетімді шыңдап , алға қарай ұмтылатын боламын. Ел басшыларымыздың білімділік пен жүзеге асып жатқан осындай керемет жобалары іске асып жатқанына өте үлкен алғысымды білдіремін.

Менің осы “Топ – 100 студент” байқауына қатысудағы мақсатым өзімнің осы уақытқа дейінгі білімімді, шығармашылық бағыттағы жеткен жетістіктерім жеткілікті деп ойлаймын.Осы жоба біз сияқты шынайы халыққа қызмет етіп жүрген жас көшбасшыларды елге танытып, біздердің жасап жатқан жұмыстарымыз елге және басқа да жастарға үлгі ретінде көрсетеді деген ойдамын. Менің ойымша жастарға шынайы қорытындысы бар екенін дәлелденген керемет мотивация деп білемін. Бұл байқау да менің өмір атты мектебімдегі кіші баспалдақтардың бірі деп білемін. Осындай баспалдақтармен өрлеп, өрлеу үстінде шыңдалып қайратты әрі білімді болып елге махаббат пен ынтамен қызмет ету менің президент, басшылардың, елімнің, осындай жарыс ұйымдастырушыларының алдындағы парызым деп білемін. Мағжан Жұмабаев атамыздың

“Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қайратты

Мен-жастарға сенемін”, – деп жырлағанындай, біздерге артылған жүк ауыр. Сондықтан жастар Әлихан атамыз айтпақшы “Тірі болсам, Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын” дегеніндей әрбір жас маған елім емес, мен еліме не беремін, қайтсем қазақты көркейтемін деп ойлап аянбай қызмет қылуымыз керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

SQL операторларын қолданбалы бағдарламаларға кірістіру

SQL операторларын қолданбалы бағдарламаларға кірістіру SQL тілін қолданбалы бағдарламаларда пайдалану мүмкіндіктері. SQL…

АСКОН-ның кешенді шешімдері, дәріс жоспары

12-дәріс. АСКОНның кешенді шешімдері АСКОН (Санкт-Петербург қаласы) компаниясы 1989 жылы құрылған. Оған…

Кемпірқосақ түстерінің құпиясы

 Мақсаты: әр оқушы тыңдайды және түрлі-түсті топта сөйлейді.   Ұйымдастыру: топты қимылдауға…

Сыра және арақтардың тарихы

СЫРА АРАҚТЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ Бүгінде жас-кәрі демей, үйде-түзде болсын бөтелкесімен сіміріп жүре…