Мазмұны

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

Зерттеу бөлімі

ІІІ. 1.     Бөлме гүлдері

ІІІ. 2.     Бөлме өсімдіктерінің шығу тарихы

ІІІ. 3.     Бөлме гүлдерінің құпия сырлары

ІІІ. 4.     Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері

Қорытынды

І. КІРІСПЕ

Өсімдік табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршілік жок. Өсімдік өмір өзегі деп бекер айтылмаған. Олардың саялы да аялы жапырақтары көмірқышкыл газын өздеріне сіңіріп сыртқа оттегін бөліп шығарады. Өсімдіктер айналадағы ауаны, ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады. Өсімдіктер адам денсаулығын нығайтып бойына күш береді. Əсіресе бөлмеде өсірілетін гүлдер адамзатты жарқын көңіл күйге бөлейді. Олар бөлменің ауасын тазартып адам денсаулығына үлкен пайдасын тиігізеді. Бөлме гүлдері өздерінің жасыл көйлегі жəне əдемілігімен ғана емес шипалы қасиеттерімен де танымал.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ .

   Ерте замандарда адамзат баласы дəрі-дəрмек деген дүниені мүлде білмеген. Олар сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал тəсілдерге жүгінетін. Сондықтан да шөптерден жасалған дəрілер бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келеді. Жəне де өсімдіктер адам денсаулығына əлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі таблеткалардың құрамында біздің ағзамыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мумкін табиғи жағдайларда əр түрлі болып келетін орманды, таулы, далалы . Бірақ, менің айтқым келгені бұл емес еді.Қазақстан  көп аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000ға жуық өсімдіқ түрлерін кездестіруге болады десек, оның 500 түрінен дəрілік заттар жасалады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дəрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманның адамдары шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген, əрі оларды əр түрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.

Шипалы өсімдіктерден дəрі жасау əдістері ұрпақтан- ұрпаққа өтіп бұл дəстүр атадан -балаға жалғасып отырған. Əбу- Насыр Əл- Фараби, Əбу- Əли Ибн- Сина Беруні қазақ халқының мединицинасының дамуына əсер етіп, дəрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзінде дəрілердің 40% өсімдіктерден дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу əдіс- тəсілдері үй жағдайында кеңінен қолданып жүр. Шипалы өсімдіктер қатарына əр түрлі сəнді бөлме гүлдері де жатады. Олардың көпшілігі жан жадыратарлық əдемілігімен адамның көңіл күйін көтерсе, кейбірлері, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында, біздің денсаулығымыздың серігі де бола алады. Шипалы бөлме өсімдіктері көбінесе “жедел жəрдем” қызметін атқарады десек қателеспейміз. Жанға шипа, дертке дауа дəрілердің көпшілігі өсімдіктерден алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына əр түрлі сəнді бөлме гүлдері де жатады. Олардың кейбірлерін атап өтсек: алое, каланхое, қазтамақ.

ІІІ. Тақырыптың өзектілігі:

Бөлме өсімдіктерінің шипалық қасиеттерімен кеңінен танысу. Олардың емдік қасиеті адам ағзасына пайдасы орасан зор екенін жеткізу.

1.Зерттеу мақсаты:

Бөлме өсімдіктерінің пайдасы мен адам өміріндегі алатын орнын тереңірек түсіндіре білу. Бөлме гүлдерінің шығу тарихын білу. Ғалымдардың зерттеулерін, болжамдарын саралау. Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетіне байланысты, өмірде пайдалана білу. Бөлме өсімдіктерінің адам өмірі мен тікелей байланыстылығын ашу. Бөлме өсімдіктерінің ішінен Алоэ, Қазтамақ, Қаланхое гүлдерінің емдік ерекшеліктерін тиімді және насихаттау.

  1. 2. Зерттеудің негізгі болжамы:

Мектеп оқушыларын денін сау және салауатты өмір сүруге үйрету. Дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, оның құрамындағы заттардың ағзаға көп жақсы әсері бар екендігін қалыптастыру. Денсаулықты нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктердің ішінен Алоэны, Қазтамақты, Қаланхоэны пайдалану жолдарын жүзеге асыру. Бұл өсімдіктердің шырындарын әртүрлі ауруларға қолдана білуге қол жеткізу, және оларды қолдану жолдарын көрсету.

  1. 3. Зерттеудің міндеттері: Бөлме гүлдерінің емдік ерекшеліктері ;адам ағзасына пайдасы және зияны туралы білу.
  2. 4. Зерттеудің практикалық мәні: Емдік ерекшеліктері бар бөлме гүлдерін пайдалану жолдарын көрсету.

Зерттеу барысында: бірнеше сұхбаттар, гүл шаруашылықтарына саяхаттар болды.

Менің ұсыныстарым:

Әрбір мектептерде шипалық қасиеті бар өсімдіктер, оның ішінде алое, каланхое, қазтамақ гүлдері көбірек өсірілсе деймін.

Мектеп асханасында: алое, каланхое шырындарынан жасалған: кәмпиттер, сусындар, коктейлдер берілсе.

Осы шырындар және дәрілік шөптер қосылған, жас балалар іше алатын дәрілер шығарылса.

Сыныптар арасында “Ең әдемі гүлденген кабинет” сайыстары өткізіліп тұрса.

Тәжірибе кезінде ашқан жаңалығым:

Табаға қантты ерітіп аламыз, оған бал мен алое шырынын қосамыз. Пайдалы әрі дәмді болу үшін апельсин, мандарин шырындарын қосамыз. Біраз араластырып, әртүрлі қалыптарға құямыз. Дайын қоспаны тоңазтқышқа қоямыз. Нәтижесінде балалар сүйіп жейтін кәмпиттер алынады.

Балалар сүйіп жейтін және имунитетті көтеретін коктейл.

Алоэнің жапырғанан 5- 6 шт. және каланхое жапырағының 1- 2 шт. аламыз. Тазалап жуып, шырын сыққышқа саламыз. Оған 2 қасық бал, 1 лимон сығындысы және 5- 6 құлпынай қосамыз. Бәрін араластырып, сығып, сүзңп аламыз. Коктейл дайын.

Асыңыз дәмді болсын!

ІІІ.1. Бөлмеде өсірілетін гүлдер және түрлері.

Гүл- небəрі үш əріптен тұрады. Солай бола тұра бүкіл əлемнің əсемдігі мен əдемілігін бойына жинаған ерекше қасиетінің мəні сонда- көпшілік көңілін өзіне аудара білетіндігі дер едің. Расында бір сəт айналаға зер салып қараңыздар. Керемет, карасаңыз көзіңіз тоймайтын гүлге көмкерілген ғажайып дүние.

Ата-бабаларымыз: “Гүл- жердің көркі”,- дейді емеспе? Десе де гүлдің де гүлі бар. Жасыл желек патшалығының төресі гүлдер жайлы олардың құпиялары, сонымен қатар адамзат өміріне ауадай қажет дəрілік шипалығы, басқа да биология ғылымына тікелей қатысты гүл ерекшеліктері жөнінде жан- жақты ізденуге болады. Өсімдіктер бөлмеге таза ауа мен хош иіс, əдемілік жəне үйлесімділік береді.

Бөлме өсімдіктерінің өсуі, гүлдеуі үшін табиғи жағдайға, өскен ортасына сай болатындай етіп ,қолайлы жағдай жасау керек. Ол үшін қажетті мөлшердегі ауа, жарық, топырақтың ылғалдығы жəне температуралық режим керек. Өсімдіктердің ең басты қасиеті- олар адам өміріне зиянды микроорганизмдерді қырып жіберетін ерекше зат- фитонцидтерді өз бойынан бөліп шығарады. Сондай- ақ адам өмірі үшін ең басты пайдасы- ауадағы көмірқышқыл газын өз бойына сіңіріп, оттегіні бөліп шығарады.

Бөлме өсімдіктері үйді теқ шаңнан тазартып коймай жиһаздардан жəне еден мен қабырғадағы синтетикалық жабулардан бөлінетін жағымсыз иістерді жояды.

Бөлме гүлдерін өсіру үшін, дұрыстап таңдап алу керек. Олардың өсуіне  қажет жағдайларды жақсы білу керек. Гүлдер өніп өсуі үшін, жарық, ылғал, температура қажет. Олардың әрқандай түрлері бар: жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай- ақ күннің нұрын сүйетін болып бөлінеді. Осы гүлдер ішінен емдік қасиеттерге өте бай үш гүл туралы айтып өтемін. Олар: Алоэ, Қазтамақ, Қаланхоэ. Бұл гүлдер, үшеуіде жарықты сүйгіштер, күннің нұрын қажет ететін гүлдер.

Сондай- ақ гүлдер: жанжал туғызатын гүлдер, табыс әкелетін гүлдер де болады.

Қандай гүлдің түрі болса да, біз бұл гүлдерді уағында суарып, жапырақтарын шаңнан тазартып, топырағын жұмсартып тұруымыз керек.

ІІІ.2. Бөлме гүлдерінің шығу тарихы.

1.Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің бірі өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп- жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың, әрқайсысының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.

Ертеде Египетте алоэ, жалбыз, қазтамақ (герань), тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп, бөлме ішінде, және үй ауласында өсіре бастаған.

Бұдан 4 мың жыл бұрын Үндістандықтар дәрілік өсімдіктердің 760 түрін пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде сетін түрлері пайда болған.

ІІІ.3. Бөлме өсімдіктерінің сырлары. 

Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әртүрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде Қазтамақ ауаны ластанудың бірнеше түрінен қорғайды. Қазтамақ тұрған жерге шыбын- шіркей жоламайды. Қазтамақ гүлінің қасында 15 минут отырсаңыз жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі.

Каланхоэ.

Бұл гүл етті жапырақтары бар, әдемі гүлденген өсімдік. Оның ақсары, қызғылт, қызғылт- сары болып гүлдейтін гүлдері бар. Ол әдетте сәуірде гүлдейді, бірақ үй ішінде жыл бойы гүлдей алады. Бұл гүлдер адам бойындағы шаршағанды тез басады. Бір нәрсеге ренжуден бойыңды алшақ ұстауға көмектеседі.

Алоэ.

Алоэ- жүз жылдық өсімдік. Жер бетінде алоэның үш жүзден астам түрі бар. Жəне оның əрбірінің өзіндік қасиеті бар. Алоэның Отаны- Оңтүстік Африка. Алоэ латын тілінен аударылып, “ащы” дегенді білдіреді. Алоэ көп жылдық өсімдік, жəне мəңгі жасыл болып тұрады. Биіктігі 7-12, микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ал ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу- ацеманан тапқан. Ацеманан тұмау мен қызылшаны жəне ісік ауруларын емдеуге колданылады. Алоэ гүлін жатын бөлмеге қойған дұрыс. Себебі: Алоэ жапырағының әр қандай бактерияларды жоятын күші бар. Алоэ- үйге аурудың, бактериялардың енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады.

ІІІ.4. Бөлме гүлдерінің гүлдерінің емдік қасиеттері.

Алоэ өсімдігі.

Алоэ- үй гүлдерінің королі. Алоэнің сырты әдемі болмағанымен, оның шырыны мен жұмсақ қабығы түрлі ауруларға ем. Алоэнің шырыны қосылған қоспалары көп аурулардың алдын алады.

Мысалы:

1.Иммунитет көтереді.

  1. Өкпе туберкулезі.

3.Жөтел және суық тиюден қорғайды.

4.Күйіктер мен жаралар, асқазан жарасына ем.

Алоэ ағзадағы клеткалардың алмасуын жақсартып, денедегі жарақаттарды лезде жазады. Күні бойы жұмыс істеп, кешке үйге оралған кезде қатты шаршағаныңызды сезесіз. Шаршауды басуға терезе алдындағы гүліңіз, яғни алоэ жақсы көмектеседі. Өзіңізге алоэ тұнбасын дайындасаңыз болғаны:

1 стакан қайнаған суға 2 шай қасық алоэ сығындысын қосып, әбден араластырыңыз. Стаканның 4/1 бөлігін күніне 3 рет ішіңіз, бірден өзіңізді сергек сезінесіз. Егерде бір жеріңізді кесіп, тіліп немесе күйгізіп алсаңыз, алоэнің жапырағын қақ ортасынан бөліп, жараның бетіне басыңыз, тез жазылады.

Қазтамақ- жедел жәрдем.

Қазтамақ- бөлме гүлінің 280 түрі бар. Сабағы тік, сыртын түк басқан. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында бояғыш заттар калций мен каротин, С дəрумені, жəне эфир майлары бар. Ғалымдар зерттей келе қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-қеріс болмайды екен. Ал ұрыс бола қалған жағдайда ,өсімдік адамның жүйке-жүйесіне əсер ететін зат бөлу аркылы, ұрысып қалғандарды тез татуластырады екен. Бұл өсімдік жарық сүйгіштер қатарына кіреді. Əсемдік үшін аулада өсіруге де болады.

Қазтамақ- ғажайып өсімдік. Қазтамақтың жапырағынан ауруларға қарсы неше түрлі тұнба, қайнатпа, езбе, компресс жасайды. Қазтамақ суық тиюден бастап қатерлі ісікке дейін көптеген ауруларды еш қиындықсыз, оңай емдеп жазады.

Қазтамақ:

1.Жөтел.

2.Жүйке ұстамасы.

3.Тұмау, тіс ауыру.

4.Бүйректегі тасты түсіру.

5.Остеохондроз.

6.Құлақ шаншу, қан тоқтату.

7.Қан қысымын реттеу.

8.Ревматизмге қарсы қолданылады.

Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, буын мен бұлшық еттін ауруы, сегізкөзді емдеуге қолданады. Және де шаштың түсуіне қарсы, баспа мен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда қабылданатын ваннада пайдаланылады.

Қазтамақты косметологияда да қолданады. Гүлдің 200 грамм ұсақталған жапырағы мен гүлінің шырынын сығып, қақпағы бар ыдысқа құйып, тоңазытқышқа қояды. Дайын болған мұзды таңертең бетке уқалап жағады. Ол беттің қан алмасуын жақсартып, өңін кіргізіп, теріні жақсартуға көмектеседі.

Алоэ шырынын ауруларға қолдану.

Қазіргі таңда экология әсерінен көп адамдардың иммунитеттері өте төмен. Оны көтеру үшін алоэны пайдалануға болады. Ол үшін, алоэның жапырағын кесеміз оны тазалап жуып аламыз да ет тартқыштан өткізіп, немесе ұсақ қылып турап, таза дәкеге салып қолымыз бен бір аз қысып шырынын аламыз. Шырынға бал, грек жаңғағын қосамыз. Осы қоспаны күніне үш мезгіл, бір ас қасықтан ішіп тұрыңыз.

Мысалы, оның жай ғана шырынымен бетіңізді сүртіп тұрсаңыз, бет терісі жұмсарып, ұсақ әжімдер азаяды.

Алоэның жапырағын жуып аламыз да ауырып тұрған тіске басамыз.

Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса, немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне екі- үш рет алоэ шырынын ішіңіз.

Демікпеге жас алоэны езіп, шырынын күніне үш рет, әр ретте 5 мг-нан ішеді.

Косметикалық маска жасау: жұмыртқаның ақ уызын қаймақ пен араластырып, оған алоэ шырынын қосамыз. Бұл қоспаны бетке аптасына 1- 2 рет жағып тұрса, бет терісі ағарады.

Каланхоэ гүлін қолдану:

Каланхоэ гүлінің жапырағы өте шырынды, етті болғандықтан, оның сығындысын көптеген ауруларға қолдануға болады. Бұл гүлдің жапырағы, хлорофилдерге, А, В, С, Е витаминдерге, фитонцидтерге және жеміс кислоталары: магний, темір, цинктерге бай.

1.Каланхоэ гүлінің бірнеше жапырағын алып, жуып аламыз, оларды шырын сыққышқа салып, шырынын бөліп аламыз. Бұл шырынды: тұмау кезінде мұрынға тамызуға болады, тіс ауруына өте пайдалы.

2.Тері зақымдалса және суық тигенде шырынға өсімдік майын араластырып суық тиген жерлерге уқалап жағамыз.

3.Аяқ аурулары және көк тамырға: гүлдің шырынына, аптекада сатылатын 90% спиртті араластырып, немесе оған бірнеше жапырақтарын салып тұнба жасап аламызда, тоңазытқышта 10 күн сақтаймыз. Ағаш қасықпен араластырып отырамыз. Дайын болған тұнбаны көк тамырға күніне 2 рет жағып отырсаңыз, тигізер пайдасы мол.

4.Каланхоэ шырынын зәйтүн майымен араластырып салаттарға қосуға болады.

5.Гүлдің жапырақтары мен қиярдың езілген ботқасын, бетті ылғалдандыруға, майлы терілерге жақсаңыз бетіңіз ажарланып жұмсара түседі.

4.Каланхоэ шырынын зәйтүн майымен араластырып салаттарға қосуға болады.

5.Гүлдің жапырақтары мен қиярдың езілген ботқасын, бетті ылғалдандыруға, майлы терілерге жақсаңыз бетіңіз ажарланып жұмсара түседі.

Қазтамақ жасыл достар ішінен жедел жәрдем қызметін атқарады.

Бір жеріңізді кесіп немесе күйгізіп алғанда бірден қазтамақтың жапырағын езіп, жараға басыңыз.

1.Қазтамақ тамырынан, кепкен жапырағынан тұнба жасап, оны ішке қабылдаңыз: асқазан, ішек ауруларын емдеуге болады және бұл тұнбамен бетіңізді жуыңыз. Ісіген және майлы бетке пайдалы.

2.Бір қасық езілген қазтамақ жапырағына 250 мл. қайнаған су құйып, жай отта 5 минут ұстап тұрамыз. Жақсылап тұну үшін, 1,5 сағат қоямыз. Бұл тұнбаны ішке қабылдаса, асқазан, бүйрек ауруларына жақсы көмек береді.

3.Қазтамақ жапырақтарын жақсылап жуып, кептіріп, оларды пышақпен турап езіп аламыз. Бұл езбені теріге шыққан аллергиялық жараларға, қызарған жерлерге жағып қойсаңыз, бірнеше минуттан кейін жақсы болып қаласыз.

4.Теріге шыққан сыздауыққа, іріңдеп кеткен жараға қазтамақтың жапырағын жақсылап булап алып, жараның бетіне таңып қоясыз. Әр 2 сағаттта ауыстырып тұру қажет.

Қорытынды.

 Ғылыми жобамды зерттеп, әр қандай тәжірибелерге сүйене отырып, гүлдер адамға жақсы әсер етіп, жақсы ниетке жетелейтінін ұғындым. Олар да тірі ағза емес пе, адам жанын түсіне білетін адал дос секілді. Мұңайған кезде сырыңызды айтып бөлісіңіз, ауырған кезде жапырағын, тамырын, шырынын пайдаланыңыз. Бөлме өсімдіктерінің емдік ерекшелігін пайдалана отырып, көптеген аурулардың алдын алыңыз.

“Бабын тапсаң, байлық жерде”, “Дана- көптен шыққан, дәрі- шөптен шыққан”,- деп халық бекер айтпаған. Осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге адамдар мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе шипаны алыстан іздемейді. Бір сөзбен айтқанда өсімдіктер алуан түрлі дәрілік заттарды бойына жинаған. “Қойма” біз ауырып қалғанда көмекке келетін “жасыл жәрдемшілер” деп толық айта аламыз.

Мінеки, терезеңіздің алдында өсіп тұрған қарапайым гүліңіздің осыншама пайдасы бар екендігін біліп алдыңыз.

Бөлме өсімдіктерін көп өсіріп, үйіңізді шипа- жайға айналдырыңыз.

You May Also Like

«COVID-19» вирусы. Емдік шаралары, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «COVID-19» вирусы. Емдік шаралары Секциясы: медицина, психология Аннотация Бұл…

Қарапайым лавр жапырағының адам өміріне пайдасы, ғылыми жоба

«Қарапайым лавр жапырағының адам өміріне пайдасы» МАЗМҰНЫ Абстракт Кіріспе. Лавр жапырағының шығу…

Қағаздың пайдасы, ғылыми жоба

Мазмұны І   Кіріспе  6 бет ІІ Теориялық   бөлім 2.1 Қағаздың шығу тарихы…

Адам тіршілігінің әр түрлі салаларындағы топырақтың рөлі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Адам тіршілігінің әр түрлі салаларындағы топырақтың рөлі Бағыты: Экология МАЗМҰНЫ: Кіріспе …………………………………………………………………………………………………. І.Топырақтын табиғаттағы…