МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУ

Мақсаты:

– Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын бейнелеу түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан – жақтыжетілдіру;

– Сурет салу өнеріарқылы  мектеп жасына дейінгі баланың  сезімдк эмоционалдықортасыменэстетикалық  талғамын  және  шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

-Балаларды сурет салуға үйретуде қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Міндеттері:

  • Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.
  • Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылыққа білетіндамыту, ұжымда тату,бірлесесуретсалуғадағдыландыру. Суретарқылы ойын, қабілетін,шығармашылығындамыту.

– Бейнелеуіс-әрекетінеқажеттінегізгітехникалық  дағдылардымеңгерту;

– сурет салу өнерінедегенқызығушылығынояту;

– айналаныбақылаужәнеқабылдауындамыту;

– бейнелеуөнерітүрлеріжәнекөркемөнертуындыларымен  таныстыру, көркемдікталғамынарттыру;

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл – баланың басты құқығы. Адам ұрпағымен мың жасайды – дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын
жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман, – деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз,
құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Балалар – еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі тәрбие. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, сыныптағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.(27.6) Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым- педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан- жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.

Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды.

Баланың бейнелеу іс-әрекетінің  негізгі  түрлері болып  саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады. Балалардың сабақ барысында тақырыпты қабылдау оны жүзеге асыра білу қабілеті әртүрлі болып келеді. көбінесе үлгерімі жақсы балалар тақырыпты түсініп, іс жүзінде қолданса, кейбір балалар тәрбиеші көмегін аса қажет етеді.

Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге үйретеді.Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.

Шығармашылық  тұлғаны қалыптастыру –  қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен тәжірибенің маңызды мәселелерінің бірі. Оны мектепке дейін дамыту тиімді. В.А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды.Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады». Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің эстетикалық дамуында қарапайым көрнекі-сезімдік әсерінен түпнұсқалық кейіптің жасалуына бейнелеу-мәнерлеу әдістері арқылы өтеді. Сондықтан оның шығармашылығының негізін қалау керек. Неғұрлым бала жақсы  көрсе, естісе, күйінсе, соғұрлым қиялдау әрекеттері маңызды және нәтижелі болады.Балалар ерте жастан бастап өздерінің қоршаған ортадан алған әсерін бейнелеп көрсетуге тырысады.

Психолог Ғалия Зейнуловнаның айтуынша «Сурет бала үшін өнер емес, ол тіл. Сөзбен айтып жеткізе алмағанын, сурет арқылы жеткізуге мүмкіндігі бар. Бейнелеу барысында оңтайлының бәрі екінші орынға кетеді, тыйым мен шектеулер болмайды. Бұл уақытта бала мүлдем еркін.»

Сурет салуда дәстүрден тыс әдістер балалар үшін қызықты, өйткені өзінің қиялын, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.

Алға қойған мақсатымызға  жету үшін келесі тапсырмаларды орындағанды жөн көрдік:

1.Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін қолдануға үйрету;

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс дағдыларын және қолдың білезік буынының икемділігін арттыру;

3.Балаларды сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін пайдалана отырып кез- келген сурет салуда өз шығармашылықтарымен ұштастыра білуге үйрету.

Мектепке дейінгі балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.
Кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін – өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздейді. Мәселені өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Даярлық сыныптарында бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.

Сурет салу кезінде баланың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, баланың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау т.б үрдістер қатар жүріп жатады.
Сурет салу бойынша  6 жастағы балаларды көркем і сәрекет түрлерімен таныстыру үдерістерін бейнелей отырып, негізгі мақсат: мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерінің негіздеріне тарту арқылы шығармашылық қабілеттерді, көркем жұмыстар арқылы өз ойын жеткізу қажеттіліктерін қалыптастыруды жүзеге асырады.

Бұл ретте педагог келесі міндеттерді жүзеге асырады:

– сурет негіздері туралы білімді және көркемдік материалдармен, құралдармен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыруды;

– заттарды олардың кеңістіктік арақатынасына сәйкес бейнелеу дағдыларын қалыптастыруды;

– білімқұмарлық, шығармашылық қиял, фантазия, есте сақтау қабілетін дамытуды;

– эстетикалық талғамды дамытуды және бейнеленген образдарды түсіну сезімін қалыптастыруды;

– ойын және көркем іс-әрекет арқылы түрленуге қажеттілікті дамытуды;

– қол моторикасы мен сенсорлық қабылдауды дамытуды;

– ұлттық бейнелеу өнеріне тарту арқылы патриотизмді қалыптастыруды үйретеді. Мектепалды даярлық сынып/топ тәрбиеленушілері: – түрлі сызықтарды (түзу, қисық, ирек, т.б.) пайдаланып, қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салады;

– түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және қазақ өрнектерінің түрлерін салады;

– негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар мен олардың бөлшектерін, сондайақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет салады;

– үлкендігі әртүрлі біртектес заттардың, бөлшектердің суретін салып, оларды суретте симметриялы орналастырады;

– өрнек ішінде геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін 2-3-тен үйлесімді орналастырады;

– негізгі және қосалқы, жылы және суық түстерді ажыратады;

– көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, заттардың текстурасын бейнелейді;

– заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын бейнелейді;

– суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдайды;

– саусақтарға күш түсірмей, қарындашпен, түсті бормен сурет салу, қарындашты (борды) көлбеу ұстау, бір бағытта жеңіл қимылдармен, штрихтарды бірқалыпты, сурет сызығынан сыртқа шығармай салады;

– жуан сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу не көлденең, жіңішке сызықтар мен нүктелерді салғанда тік ұстайды;

–жапырақтарды, гүлдерді, т.б. салғанда қылқаламды қағаз бетіне сипай жанастыру әдісін қолданады;

– қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш жүргізу арқылы суретті бояйды;

– сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай көркем материал мен құралдарды таңдайды;

– жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарын ретке келтіреді, материалдарды үнемді жұмсайды;

– өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындайды.

Сурет салу бойынша қажетті құрал-жабдықтар:

– «БЕЛКА» қылқаламы №3 – №6 (жалпақ тегіс қылқаламдар – флейцтер, жіңішке қылқаламдар);

– қылқаламға арналған тіреуіш;

– бояулар (акварель гуашь), кем дегенде 12 түс;

– су төгілмейтін стақан;

– қарындаштар (жай, түсті, кем дегенде 12 түс);

– қарындаштарға арналған тіреуіш;

– палитра;

– балауыз борлар;

– фломастерлер;

– мақта майлықтар;

– қағаз майлықтар;

– поролон сорғыштар;

– балауыз шамдар;

– интерактивті жабдықтар;

– сандық фотоаппарат;

– түрлі иллюстрациялар;

– суреттердің көшірмелері;

– тақырыптар бойынша көрсетілетін материалдар;

– тақырыптар бойынша бейнематериалдар топтамасы.

Әліппе-альбоммен жұмыс жасаудың ерекшеліктері мен міндеттері.

Әліппе-альбом материалдары болашақ бірінші сынып оқушыларын нақты білімге үйретуге емес, әзірленген шығармашылық тапсырмалар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде шығармашылық қабілеттер, белсенділік, танымдық қызығушылық, коммуникативтік іскерліктерді дамытуға ерекше мән береді. Алты жастағы балалардың жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, әліппе-альбомға түрлі жағдаяттарда әрекет жасайтын «ортақ ойын кейіпкерлері» Қуаныш пен Айсұлу енгізілген. Әліппе-альбоммен жұмыс барысында тәрбиеленушілер сурет салу материалдары, техникасы және тәсілдерімен танысады, нысандарды графикалық бейнелеу дағдыларын игереді, қоршаған ортамен танысу, тірі және өлі табиғатты бақылау кезінде, көркем әдебиетті оқу, белгілі қазақстандық суретшілердің иллюстрацияларын, көшірмелерін, халықтық сәндік-қолданбалы өнер туындыларын қарау барысында алатын әсерлерін сұлбалы формада, бейнелі түрде, шығармашылықпен жеткізу іскерлігін меңгереді.

Бағдарламалық материалды, іс-әрекетті меңгеру не эмоциялық жағдай деңгейін балалар рефлексия аясында бағалайды. Балалардың жұмыстарын олардың мазмұны, мәнерлілігі, сонылығы тұрғысынан талқылау балалардың назарын жандандырады, шығармашылық қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырады. Жүйелі түрде көрмелер ұйымдастыру балаларға өз жұмыстарын қайтадан көруге және бағалауға, жетістік қуанышын сезінуге мүмкіндік береді. Тәрбиеленушілердің сабақтарда орындаған жұмыстарын жақындары мен достарына арналған сыйлықтар ретінде пайдалануға болады, мектепті безендіруде қолдануға да болады.

Сурет салу бойынша мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін келесі құрылымдар  қарастырылады:

1.Эмоциялық-оң ойлауды қалыптастыру.

  1. Өмірлік тәжірибені жандандыру. Білімді талап ететін жағдаят. Мақсатты тұжырымдау.
  2. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс: продуктивті іс-әрекет.
  3. Қорытынды рефлексия.

Тақырыптың алғашқы кезеңдерінде әліппе-альбомда берілетін қысқаша теориялық материалды меңгеру негізіне құрылады. Жаңа тақырып қолжетімді түрде түсіндіріледі, түсіндіру міндетті түрде көрнекі материалмен бекітіледі. Иллюстрациялар, суреттер мен басқа да көрнекі материалдарды қарастыру байқампаздық пен шығармашылық қиялдың дамуына әкеледі.

Сурет салу технологиясы келесі жұмыс кезеңдерін қарастырады:

– салынатын зат, сюжет, өрнекті таңдау;

– материал дайындау, оны таңдау;

– құралдар, көмекші материалдар таңдау;

– сурет нысанын ойластыру, елестету;

– нысан сұлбасы бойынша қол қимылын ауызша айқындау;

– берілген композицияны салу.

Педагог, әр сабақтың мазмұны мен барысын оның практикалық бөлігінің тәрбиеленушілер алатын теориялық білімнің орынды жалғасы мен бекітілуі болатындай етіп ойластыруы қажет. Практикалық бөлікте тікелей оқытуға бағытталған тәсілдерді қолдануға болады, мысалы: педагогтің тақтада бормен немесе бөлек парақ бетінде ашық қарындаш не фломастермен түсіндірме суреті. Оның мақсаты – балаларға бейнені жасау үдерісін, сурет салудың бірізділігін көрсету. Жұмыстың бірізділігі тақтада барлық кезеңдері берілетін сызба түрінде көрсетіледі. Егер сурет салуды орындау тәртібі күрделі болмаса, түсіндіргеннен кейін сызба тақтадан өшіріледі, ал балалардың назары алдағы жұмыс үдерісіне ауысады: сурет бөліктерін жасау тәсілі, композицияны ойластыру, т.б. Тақырыптық динамикалық үзілістер, саусақ ойындары өткізіледі.

 

Мектепалды даярлық топтарында қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сурет салу әдістері:

«Бастыру әдісі»: Әртүрлі заттармен бастыру  арқылы сурет салу балабақша дәстүріне айналып келеді.  Аталмыш техника  арқылы жұмыс істеу балаларда  жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп;

Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын  іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.

           «Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан  түрлі пішіндер жасауға болады. Мысалы:шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау;картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру;  Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің  оюын жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден   сәндік композициялар құрастыруға болады. Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттермен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде  ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы кеңістікті бағдарлауға үйренедіжәне олардың аттарын атап есіне сақтайды.

«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі.  Балаларға алақан немесе саусаққа  әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады.

           Қолдану ережесі:

– бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;

– әр саусақты бір түсті бояуға батыру,қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен  немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.

Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады. Үлкен ақ қағазда  (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен  балалар өз алақандарын бастыру арқылы  түсірсе өте әдемі сурет шығады.

«Нүктелер арқылы сурет салу»: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет)  дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам  ұшымен тықылдату  әдісі арқылы  түсіріледі, нүктелердің көлемдері  ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы  салынған сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.

«Құммен сурет салу әдісі»: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.

            Қолдану ережесі: – ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;

– Пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз;

– Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістерін қолдану:

  • Балалардың қорқынышын сейілтуге мүмкіндік туғызады;
  • Өзінедегенсенімінарттырады;
  • Ойлаукеңістігіндамытады;
  • Өзойынеркінбілдіругеүйретеді;
  • Шығармашылықізденіскетүрткіболады;
  • Әртүрліматериалдарменжұмысжасауғаүйретеді;
  • Композициялықсезімін, ырғақты, түс, түстердіқабылдауындамытады;
  • Саусақтыңұсақмоторикасындамытады;
  • Жұмысбарысындаэстетикалықсезімалады.
  • Балалардыңжасерекшеліктерінебайланыстыәртоптабелгілібірәдістердіүйретукерек. Мысалы:  сәбилертобындабалаларалақанмен, бастырмамен, саусақпенсуретсалудыүйренсе, ересектоптардақағаздыекігебүктеуарқылы, түтікшеменүрлеу, шашыратуәдісімен, далаппенсалудыжәнежіпті, жапырақтардыпайдалануарқылы, балауыздықолданыпсуретсалудыүйретеміз. Осы әдістердіңбірнешетүрінетоқталакетейін.

Тризәдістері:

Бастырмаәдісіменсурет салу үшінәртүрлізаттардықолданыпкөругеболады. Мысалы: поролон, бөтелкетығыны, жапырақтар, сәбіз, картоп. Картоптанәртүрліпішіндержасапалып, оны бояуғабатырып, бейнелергеайналдыруғаболады.

Монотипия әдісі-суреттің симметриялы бейнесі:

  • альбом парағынкөзмөлшерменекігебөлу;
  • бірбөлігінебояужағу;
  • содансоңқағаздыбүктеу.

Бояу кепкен соң екіге бүктелген қағаздағы бейнені қиып алуға болады. Бір немесе бірнеше бояуды бірден қолдану әдісі гүл, ағаш, көбелек бейнелеуде ыңғайлы.

Балауыз әдісі арқылы салынған сурет біріншіден көрінбейді, тек қағаздың бетінде түрлі-түсті бояулар жағылған соң бейне пайда болады.

  • балауыз шаммен ақ қағазға сурет салу (ағаш, үй, балық, құс, жануарлар бейнесі);
  • қылқаламмен, мақтанемесепоролонменбейненіңүстіненбастырабояу;
  • Картон арқылысурет салу әдісі:
  • қаттықағазданшаршы, тіктөртбұрышпішіндердіқиыпалу;
  • картон қағаздыбояуғабатырыптүрлікөріністерді (ағаш, үй, құс, т.б) салуғаболады.

Сиятамшысы әдісі арқылы түсті өзгертуге, жаңа тамшылар түсіруге, оларды қоршап, аяқтауға, әр түрлі бағытта жүргізілген сызық, нүктелерді пайдаланып тамшының пішінін өзгертуге болады. Тамшыға қарап одан қандай да бір бейне көреміз. Бұл баланың қиялы мен ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді.

  • сия тамшысын қағазға түсіру, неге ұқсайтынын табу, қосымша бөлшектерін бейнелеу;
  • сия тамшысын қағазға түсіру, қағазды көтеріп немесе бүгіңкіреп субояқты тамызып, сиқырлы бейнеге айналдыру;

Ұжымдық жұмыс әдісі:

  • балаларекішағынтопқа (4-5бала) бөлінеді;
  • біртақырыпбелгіленеді (Отбасы, балабақша, т.б);
  • белгіберілгендеәртоптан 1-бала 40-50 сек. суретсалады, белгіденкейінкелесі бала суретсалады, осылайшашеңбербойыменайналып, сурет салу кезегі 1-балаға келеді;
  • соңындабалаларөзсуреттерітуралыәңгімелейді, суреттербағаланады.

Саусақпен сурет салу – алақанмен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі.

  • Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады:
  • бояу жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраға құйылып дайындалады;
  • әр саусақты бір түсті бояуға батырып, қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен сүртіп отырады;
  • қосымша далапты, көз бояуын пайдалануға болады;

– Айна арқылы сурет салу әдісі:

  • бала айнағақарсыотырады;
  • өзбейнесінайнағақарап, бақылапәңгімелейді;
  • өзбейнесінеқарап, қағазбетіндебейнелейді;

Дымқыл қағазға сурет салу:

  • дымқылқағазғасалынғанмазмұндысуреттерәсерлібейнеленеді
  • баланықағазбетінсәлдымқылдайбілугеүйретуқажет;
  • дымқылдауүшінмақтаныаздапсуғабатырып, қағазбетінежағуқажет;
  • ендідымқылқағазбетіне тез суретсалыпшығуықажет;

(«Тұмандағықала», «Меніңтүсім», «Жаңбыржауыптұр», т.б)

Умаждалған қағазбен сурет салу әдісі:

  • алдымен негізгі бет, палитраға керекті қоюланған гуашь бояуының түстерін, умаждалған бірнеше қағаз бөліктері дайындалады;
  • бала умаждалған қағазды бояуға батырып сурет салады, әр түске батырған сайын қағаз бөлігін ауыстырады;

Осы әдістердің арасынан біздің тобымыз құм технологиясына тоқтала кететін болсақ

Құм терапиясына керекті құрал-жабдықтар:

Құм терапиясында  стандартты  өлшемде (50 х 70 х 8 см) ағаш тақтай, құм, су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік береді.
– адам кейіпкерлері;
– жануарлар (үй, жабайы, тарихқа дейінгі, теңіз және т. б.);
– көліктер (құрғақта жүретін, суда жүзетін, ғарыштық және т. б.);
– өсімдіктер (ағаштар, гүлдер, көкөністер, жаңғақтар және т. б.);
– табиғи заттар (ұлутастар, бұтақтар, әр түрлі пішіндегі тастар және т. б.);
– лақтырым материялдар (пласмасс ыдыстар, тығындар және т. б.);
– Пластикалық немесе ағаш әріптер мен сандар, геометриялық пішіндер.

Бір сөзбен айтқанда, қоршаған әлемде кездесетін заттың бәрі «коллекцияда» лайықты орынға ие бола алады. Егерде ойын кезінде қандай да бір бейнелердің фигуралары жетіспесе, оларды ермексаздан, қамырдан илеп, қағаздан қиып жасауға болады.

Бала құм терапиясында тек қана  қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра  процесс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын  салады. Бала ойынбарысындаөзініңтереңэмоционалдыққобалжуларынайтаалады.

Құмтерапиясының  маңыздылығы:

  • сөзбенайтып  жеткізеалмайтынойлауменқобалжулардысыртқашығаруғакөмектеседі.
  • Іштетуындағанқиынжағдайларды, шығармашылықпотенциалдарынбосатады.

Құмтерапиясын 3 жастағы  балаларменбастауғаболады. Кейбірадамдарбұләдістіпсихоанализгеәкеледідепойлайды, бірақменіңтәжірбиемдетерапияныңеркінәдісекенікөрсетіледі.

Мысалы көгілдір түсті құмзар, онда бала мен ересек бірлесе ойнайды. Ойында ойыншықтар қолданылады.

Жұмыс  істеу барысында балалардың  байланыстырып сөйлеуі және сөздік  қорларының  кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі  өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік  шыдамдылық танытпауы басым.

Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы және қоғамда тудырылатын мәселелер: өмірдегі және теледидардағы қатыгездіктің өсуі, дұрыс тамақтанбау және ата-аналардың денсаулыққа қайшы келетін қылықтары, қиын отбасылардың көбеюі. Ата-аналардың көбі балалармен қарым-қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері жоқ, оларда  бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету. Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компьютер мен теледидар алмастырады.Осындай келеңсіздіктердің нәтижесі балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген қызығушылақтарының төмендеуі,  байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорларының аздығын болдырады, коммуникативтік дағдыларының дамуын тоқтады. Тәрбиешіге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Мен өзімнің тобымда балалардың  сөздік қорларының дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына назарымды аударамын.  Осы жұмыстарды шешудің бірден-бір жолы  «Құм терапиясы». Біз топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», торттарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын  жоспарлап оны жүзеге асырады.Балалардың  бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі  туады да, ол тілдік және коммуникатвті дамыуына жағымды әсерін тигізеді. Қыс мезгілінде де біз құммен ойындарымызды тоқтатпаймыз. Мен өзімнің тобымда шағынқұмзар жасадым. Ол ағаш қорап ені мен ұзындығы 50х 70 см биіктігі 8 см. Құмзар топтын арнайы бөлінген орнында орналасқан, тудырылған жағдайға байланысты  құмзарды басқа жерге қоюға болады. Біздің шағынқұмзар кең қолданыста. Біз оны оқу әрекеттерінде, балалармен бірлескен әрекеттерінде, дербес ойындарда және шығармашылық жұмыстарда қолданамыз.

Әрекет үстіндегі құмды қолдану.

Тіл құзіреттілік дамыту сабақтарында мен келесі әдіс-тәсілдерді қолданамын:

  1. Әңгімелесу «бөлмедегі құммен ойнау ережелері» бұл сабақта мен топттағы не істеуге болады және не істеуге болмайтының талқылаймыз (құмды шашуға, лақтыруға, басқа жерге тасуға т.б.)
  2. Балаладың өз тәжірибесі туралы әңгімелесу «Құммен ойнағанда мен не сеземін». Балалар өз сезімдері, құммен ойнау барысындағы туындаған қиялдары туралы әңгімелейді.
  3. Сусымалы құмды қарастыру (Құм сағаты) «Менің сезінулерім». Балалар сусымалар құмды, бірнеше рет аударып отырып бұл процесті өте ұзақ қарап отыра алады. Бұл көрініс оларды қатты қызықтырады. Содан кейін олар өз сезінулері туралы әңгімелейді.

Сурет сабақтарында келесі сабақ түрлерін қолданамыз:

  1. «Құммен сурет салуды үйренеміз». Осы сабақты балалармен бастапқы кезеңде әрқайсысымен жекелеп өткіземіз. Бір заттың бейнесін саламыз немесе көшірме қағаз арқылы бейнелейміз. Суреттің ортасына жіңішке қылқаламмен желім жағып үстіне құм себеміз, 1-2 минуттан соң артық құмды алып тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз.
  2. «Суретті құммен саламыз».  Сабаққа түрлі түсті гуашпен боялған және түрлі табиғи реңкі бар құмдарды  қолданамыз. Түрлі түсті құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке алып отырып суретті шығарамыз.
  3. «Бауырсақ және түрлі безендірілген қуыршақтар» дымқыл құмнан мүсіндеу.

 Құм ойындары

Қыстың суық күндерін де сыртқа шығу мүмкін болмаған жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар  ұйымдастырылады.

Ойынтүрлері:

  1. «Неніңізі».
  2. «Келесігебер»
  3. «Сезімталалақандар»
  4. Еркінойындар»

Бала тәрбиесінің басты ошағы отбасы десек,құм терапиясының маңыздылығы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың болуына үлкен үлес қосады.Бала құммен ойынды тек балабақшада ғана ойнап қана қоймай,үйге барғанада да сол ойынды жалғастырады.Осы орайда балабақша мен ата-ананың байланысын нығайту барысында ата-аналарға үйге төмендегідей тапсырмалар беріп отырамын.

Ұсақ моториканы дамыту жаттығулары:

  1. «Коктейль трубочкалары»
  2. «Моншақтар»
  3. «Фасольдытеру»
  4. «Жіптіорау»
  5. Сусымалызаттардысапыру»

Қорытынды

Қорыта айта келгенде,мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйретуде әртүрлі әдістерді пайдалану арқылы қорытынды жасадық.

Баланың бейнелеу іс-әрекетінің  негізгі  түрлері болып  саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады. Балалардың сабақ барысында тақырыпты қабылдау оны жүзеге асыра білу қабілеті әртүрлі болып келеді. көбінесе үлгерімі жақсы балалар тақырыпты түсініп, іс жүзінде қолданса, кейбір балалар тәрбиеші көмегін аса қажет етеді.

Сурет салуда дәстүрден тыс әдістер балалар үшін қызықты, өйткені өзінің қиялын, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.

Алға қойған мақсатымызға  жету үшін келесі тапсырмаларды орындағанды жөн көрдік:

1.Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін қолдануға үйрету;

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс дағдыларын және қолдың білезік буынының икемділігін арттыру;

3.Балаларды сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін пайдалана отырып кез- келген сурет салуда өз шығармашылықтарымен ұштастыра білуге үйрету.

Даярлық сыныптарында бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.

Сурет салу кезінде баланың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, баланың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау т.б үрдістер қатар жүріп жатады.
Сурет салу бойынша  6 жастағы балаларды көркем і сәрекет түрлерімен таныстыру үдерістерін бейнелей отырып, негізгі мақсат: мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерінің негіздеріне тарту арқылы шығармашылық қабілеттерді, көркем жұмыстар арқылы өз ойын жеткізу қажеттіліктерін қалыптастыруды жүзеге асырады.

«Құммен сурет салу әдісі»: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.

            Қолдану ережесі: – ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;

– Пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз;

– Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістерін қолдану:

  • Балалардың қорқынышын сейілтуге мүмкіндік туғызады;
  • Өзінедегенсенімінарттырады;
  • Ойлаукеңістігіндамытады;
  • Өзойынеркінбілдіругеүйретеді;
  • Шығармашылықізденіскетүрткіболады;
  • Әртүрліматериалдарменжұмысжасауғаүйретеді;
  • Композициялықсезімін, ырғақты, түс, түстердіқабылдауындамытады;
  • Саусақтыңұсақмоторикасындамытады;
  • Жұмысбарысындаэстетикалықсезімалады.
  • Балалардыңжасерекшеліктерінебайланыстыәртоптабелгілібірәдістердіүйретукерек. Мысалы:  сәбилертобындабалаларалақанмен, бастырмамен, саусақпенсуретсалудыүйренсе, ересектоптардақағаздыекігебүктеуарқылы, түтікшеменүрлеу, шашыратуәдісімен, далаппенсалудыжәнежіпті, жапырақтардыпайдалануарқылы, балауыздықолданыпсуретсалудыүйретеміз. Осы әдістердіңбірнешетүрінетоқталакетейін.

Өздерініз білетіндей – Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ  ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. Жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.

Бәрімізге таныс бұл зат жай ғана – құм. Бірақ шын мәнінде бұл таңғажайып керемет материал. Құм әр түрлі болады. Жеңіл және құрғақ, ауыр және сулы, ол әр түрге ыңғайланады. Бірақ бұл құмнан жасалған фигураларда шашылып , тіл алмай қоюы да мүмкін. Балалар сағат сайын үйлер, фигуралар жасап немесе жай ғана құмның үстімен жүруіде мүмкін.

Балалардың  құм технологиясы  қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі            іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

You May Also Like

Сыңғырлаған қоңырау үні, ғылыми жоба

Сыңғырлаған қоңырау үні Секциясы:  Физика Бағыты:  «Ғылыми техникалық прогресс – экономикалық өсудің…

Математика медицинада, ғылыми жоба слайд

Қазақтың айбынды батыры Сеңкібай, ғылыми жоба

ТАҚЫРЫБЫ:«ҚАЗАҚТЫҢ АЙБЫНДЫ БАТЫРЫ-СЕҢКІБАЙ» Аңдатпа  Бұл жұмыста автор қазақтың айбынды жеңімпаз батыры, киелі,…

Жұмбақтар, ғылыми жоба