Тақырыбы:     Пластик шөлмектің зияны мен пайдасы

Секция: экология

Аннотация

Зерттеу нәтижесінде біз шөлмектердің шығу тарихын анықтадық, алғашқы шынысынан пластик шөлмекке дейін. Ол өзінің ыңғайлылығының,жеңілділігінің,қаттылығының,майысқақ қасиеттерінің арқасында адам өмірінде үлкен орын алды, бірақ қолданғаннан кейін оны жою мүмкін емес. Химия кабинетінде тәжірибе жасап көріп, біз пластикалық шөлмектің химиялық реактивтердің күшімен де шірімейтінін көрдік, ал өртеген жағдайда адам өміріне қаупі бар улы түтін щығаратынын білдік.

Біздің қаламыздың экологиясы қауіпті жағдайда. Бірақ оны жақсартудың бірден – бір жолы пластик қоқыстарын азайту деп ойлаймыз.

                                                       Аннотация

В ходе исследования мы выяснили историю происхождения пластиковых бутылок: от первых стеклянных до сегоднящних-пластиковых, благодаря своей упругости, легкости, твердости она занимает в жизни человека особое место, но после использования ее невозможно уничтожить. Проводя опыты в химическом кабинете мы узнали , что пластик не разлагается даже под воздействием химических реактивов, а при горении выделяет вредный ядовитый дым, опасный для здоровья человека. Экология нашего города в плачевном состоянии. Одним из путей для улучшения этого состояния мы считаем-уменьшение количества пластикового мусора. Для этого не надо лишний раз приобретать пластиковые упаковки, а при использовании продукта в пластиковых бутылках, надо найти им дальнейшее предназначение. Ведь дав волю фантазиям из них можно сделать очень много полезных и  красивых  вещей.

Annatation

Opened in our city to processing plant is plastic bottles , would stand on the streets of containers or automaton device specifically for plastic bottles to be more of the students were interested in crafts made of plastic bottles , scientists would find anything to decompose plastic.

Conclusion: In the study, we found out the origin story of plastic bottles from the first glass to today- plastic , due to its elasticity , lightness , hardness, it occupies a special place of human life , but after using it cannot be destroyed . Conducting experiments in chemical study , we learned that the plastic does not decompose even under the influence of chemicals , when combustion emits toxic fumes harmful, dangerous to human health. Ecology of our city in a deplorable state . One of the ways to improve this state , we believe , reducing the amount of plastic waste . You do not need extra time to acquire plastic packaging, and using the product in plastic bottles , we must find them further purpose. After giving free rein to fantasies of them can do a lot of useful and beautiful things.

Мақсаты:                                                                                                      Пластик шөлмектердің адам өміріндегі рөлі; пластикалық шөлмектердің пайда болу тарихын және олардың қолданылуын анықтау, пластик шөлмектерге байланысты,экологиялық мәселелерді бағалау, пластик шөлмектерге екінші қолданыс табуы; қоқыс қалдықтарына  жеткізбей   пластик шөлмектерін пайдаға асыру.

Міндеттері:

*Пластиктердің  пайда болу тарихы және олардың қолданылуын

анықтау.

* пластик ыдыстарға байланысты экологиялық мәселелерді зерделеу.

* пластик шөлмектерге байланысты қосымша мәліметтерді меңгеру.

Зерттеу әдістері:

Іздену,

анықтау,

тәжірибе жасау,

бақылау,

сауалнама өткізу,

қорытындылау,

тұжырымдау.

Жасаған жұмыстар нәтижесінде біз алғашқы шыны ыдыстардан қазіргі пластик ыдыстарға дейінгі пайда болу тарихын анықтадық. Қолданыста өте ыңғайлы,өзінің жеңілдігінің,қаттылығының,мықтылығының арқасында пластик шөлмектер адам өмірінде үлкен орын алады.Бірақ пайдаланған соң оны жою мүмкін емес. Химия кабинетінде тәжірибе жасап көріп,біз пластикалық шөлмектердің химиялық реактивтердің күшімен де шірімейтінін көрдік,ал өртеген жағдайда адам өміріне қауіпі бар улы түтін шығаратынын білдік.Сонымен пластик шөлмектер шынымен де жерімізді ластап,табиғатқа зиян келтіреді – деген болжамымызды дәлелдедік.Тәжірибе қорытындысында пластиктің жер астында шірімей ластап жататынын дәлелдедік.

Және қолданған бос пластик шөлмектерге екінші өмір сыйлап, әр түрлі әдемі бұйымдар жасауға болатынын және үй қызметінде де оларды пайдаға асыруға болатынын және оларды түрлі бұйымдар жасауға болатынын  білдік.

*.Пластик шөлмектердің адам өміріндегі рөлі;

*.Пластикалық шөлмектердің пайда болу тарихын және олардың

қолданылуын анықтау.

*.Пластик шөлмектерге байланысты,экологиялық мәселелерді  зерделеу;
*.Пластик шөлмектерге екінші пайдаға асуы; 

 Зерттеу  жаңашылдығы

-Қолданыста жүрген ыңғайлы, өзінің жеңілдігінің  қаттылығының  арқасында өмірде үлкен орын алған пластик  шөлмектерге екінші өмір сыйлап, қиялымызға ерік беріп,  үй  жағдайында қажетті  бұйымдар жасау;

Зерттеу объектіміз: бос, керек емес пластик шөлмектер.

Тұжырым: Пластиктер жерді ластап,табиғатқа зиянын тигізеді деп болжайық.  Жұмыстың мәні мен қолданбалы құндылығы: мектеп оқушыларын бізді қоршаған орта мен  табиғатты аялап. ластамауға шақыру, қол еңбекті дағдыландырып икемділігін арттыру,  заттардың тарихын айтып,  білімдерін   кеңейту.

Күтілетін нәтиже:

– пластик шөлмектердің  кім  және қашан шығарғанын білеміз;                   – олардың  пайда немесе  зиян  әкелетінін анықтаймыз;

– пластик шөлмектердің қайта пайдалану тәсілдерін табамыз. 

Кіріспе 

Қазіргі таңда пластик шөлмектердің қоқысы күннен – күнге көбейіп, табиғатты қоқыс ретінде бүлдіріп отырғаны бізді алаңдатып отыр. Қазір күніне мыңдаған шөлмектер өндіріліп және лақтырылып жатыр.Жылдан жылға пластик шөлмектерінің қоқыстары 20% артып келеді .Көшелерде шашылып жатқан қоқысты көріп,бізде мынадай сұрақ туындады: пластик шөлмектер адамға не әкеледі – пайданы ма,әлде зиян ба? –деген сұрақ мені жиі мазалайды.

Мәселе: қаламыздың көшелері мен жолдарында қоқыстар шашылып жатады,оның көптеген бөлігін  пластик  шөлмектер құрайды.

     Шөлмек – сұйықтықты   ұзақ сақтауға арналған ,биік, көбіне цилиндрлік пішінді, жіңішке тамақты, ыңғайлы тығыны бар ыдыс. Негізінде шыныдан жасалынады, соңғы кезде полимерлік материалдан жасалған шөлмектер кеңінен таралуда. Керамикадан,тастан жасалған шөлмектер  сирегірек кездеседі.  Табиғи «асқабақ шөлмектері» – калебас шөлмектері де болады екен.   Әр түрлі деректерді оқып,шөлмектің пайда болған кезі көне заманында екенін анықтадық.Алғаш шыны шеберханасы археологтармен Тель – эль – Амарне  (Египет) жерінде табылған,  ол шеберхана біздің заманымызға  дейінгі 1370 жылғы болып анықталды.  Ежелгі Египет адамдары шөлмектің пішініне аса мән берген,олар адам мүсіндері немесе бір көкөніске ұқсатып шөлмектер жасаған. Ақырындап техника мен ғылымның дамуының  арқасында,  шөлмектер сәндік зат  ретінде емес саудада немесе үй тіршілігінде қажетті ыдысқа айналды.

Негізгі бөлім

2.1 Пластик шөлмектердің зияны мен пайдасы

Осыдан 41 жыл бұрын адамзат пластик шөлмекті ойлап тапты. Алғаш үлгілер 136 гр салмақты тартты  (қазіргілерден 96%ауыр).  Қазіргі  пластик шөлмектер 69 грамм тартады. Қазіргі таңда мыңдаған шөлмектер өндіріліп,лақтырылып жатыр. Кішкентай қалалардың өзі айына 20 тоннаға жуық пластик шөлмектер лақтырады.  Жылдан жылға пластик шөлмектерінің қоқысы 20% артып келеді .

Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату қазіргі таңдағы әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Пластик шөлмектерді гидрофобты әдіспен  синтездеу үшін газ тәрізді отындармен  жағу барысында қоршаған ортаға канцерогенді, ластағыш қосылыстар бөлінеді.  Ауылымыздың  көшелеріндегі күл қоқыстар мені еріксіз ойға қалдырды, пластик шөлмектер табиғатты ластаудан басқа қандай пайдасы бар екенін зерттегім келді. Сонымен осы зерттеу жүргіздім.                                                                                          Пластикалық шөлмектер адамға не әкеледі деген сұрақ мені жиі мазалайтын болды. Мәселе пластик қоқыстар қоршаған ортаны ластауда.
 2.2.Пластик шөлмегінің шығу тарихы.

Қазіргі кезде пластикалық шөлмектердің пішіні мен көлеміне ешкім

таңқалмайды. Пластик  шөлмектер, шыны шөлмектерге қарағанда, жеңіл,әр түрлі пішінді,  және  берік   болып келеді. Алғаш  Pepsi пластик шөлмегі АҚШ саудасында 1970 жылы шықты. Қазақстан аумағында пластик шөлмектер,алғаш саудаға алкогольсыз  «Кока – Кола», «Пепси Кола» сусындары келген кездері танымал бола бастады.  Алғаш СССР аумағында Новороссийск  қаласында пластик шөлмектердегі  лимонад сусынын өндіретін  заводты 1974 жылы  «Пепси Ко» компаниясы ашты.

Біздің кезімізде пластик шөлмектерді тек газды сусын және сыра өндіретіндер  ғана емес  және де косметикалық, парфюмериялық фабрикалар да пайдаланады.

2.3.Пластик шөлмектерге қатысты экологиялық мәселелер.

Ертеректе босаған шыны шөлмектерді ақшаға тапсырып, және сол шөлмектерді қайта өңдеуге әкететінін  қарт адамдардан  әлі күнге дейін айтады.  Ал қазір?   Қазір пластик те, шыны шөлмектер де көшемізді күл – қоқысқа айналдырып жатыр.  Және ол ғана емес,  ғаламшардағы пластикалық шөлмектердің  шоғырлары, мұхиттардың үстінде қалқып жүрген аралға айналып бара жатыр деп  ғалымдар дабыл қағуда.                                             Тынық мұхитта қоқыстың аса шоғырланған  жерлері құралыпты.  Мұның негізін құрайтын пластик  пен мұнай қалдықтары.
АҚШ-та ғана пластик шөлмегінің өндірісіне жылда шамамен  18миллиондаған  мұнайдың баррельсі кетеді .Ғаламторды қарап, біз келесі мәліметтерге тап болдық.  Қағаз жер астында – 1 айда шіриді  екен, банан қабықшасы – 6 айда, жүн – 1 жылда, ағаш – 13 жыл, консерв банкісі – 100 жыл, пластик шөлмек – 500-ден 1000 жылға дейін, ал шыны шөлмектің шіруіне 1 миллион жыл керек екен.   Адамдар өзі лақтыратын пластик қоқыстардан,  өздері шаршап кетті.  Пластик қораптар шығып көптеген мәселені   жойғанымен,   қоршаған ортанының ластануы  мәселелер туғызып отыр.  Кезінде демалыс орындарында қалдырылған  пластик шөлмектердің қоқыстарын , біздің   шөберелеріміз көретін болады,  себебі олар  «мәңгі» ол шірімейді.

Қазіргі таңда жылына 65 миллион тонна полиэтилен мен 60 миллион тонна полипропилен өндіріледі. Егер әйнек ыдыс секілді орауыштың түрлері қолданыста болса, ал қағаз орауыштар қарапайым жағдайда ыдырайтын болса, тұрмыстық қалдықтың 40% құрайтын синтетикалық полимерлерден жасалған орауыштар практикалық “мәңгі” – ол

ыдырамайды, сол себепті полиэтилен қалдықтарын утилизациялау глобальді экологиялық мәселе болып табылады. Полиэтилен қалдықтары жанғыш, жеңіл тұтанатын материалдар тобына жатады, тұтану температурасы 300 °С шамасында, өздігінен тұтану температурасы 400°С болады. Ашық жалын берген кезде бұндай материалдар көміртек оксидін, қанықпаған көмірсутектерді, органикалық қышқылдарды және альдегидтерді бөле отырып, ыстаушы жалынмен жанады. Бұл жұмыста полиэтилен қалдықтарын жағу кезіндегі гидрофобты күйенің түзілу үдерісін зерттеудің нәтижелері келтірілген.

2.4.Пластик шөлмектерінің екінші өмірі.

Көптеген адамдарға осы деректер тыныш ұйқы бермейді екен,сондықтан олар шөлмектің игерушілігінің ең төл әдіс – айлаларын шаруашылықта ойлап табады. Шөлмектерден құстарға ұя, тышқан қақпандарын,оймыштарды және көшет үшін горшоқтар жасайды, қол жуғыштар жасайды. Индонезияда олардан балықшы қайықтарының мықтылығы үшін тұрақтандырғыштар жасайды екен.  Монғолияда шөлмектерді рухтарға құрбандық ретінде өртейді. Эфиопияда қолданған шөлмектерді тура базарда сатады екен. Африканың елдерінде жарты литрлік босаған шөлмектерден,жапсырып сандалеттерді жасайды.Ішінде

жазба хаттары бар шөлмектерді,теңізшілер кеме апаты болған жағдайды

жеткізу үшін жолдама ретінде қолданған, қазір сондай шөлмектерді ғалымдар теңіз бағытын анықтау мақсатында қолданады екен.  Біздің еліміздеде босаған шөлмектерді қоқыс ретінде тастамай қилымызға ерік беріп, тұрмыстық жағдайда қолданылатын бұйымдар жасау жолға  қойылса екен.

Сонда жылма – жыл жиналатын қоқыстардың саны азайып, ауылымыз таза болар еді.    Шөлмектерді жинау коллекция

құмарлықтың бір түрі болып келеді екен.  Біз көптеген сайттарды тауып,ондағы адамдардың шөлмектен жасаған қолөнерлеріне тәнті болдық.  Және де бізге өз қолөнерлерімізді көрсетуге рұқсат етіңіздер.

Практикалық бөлім.

3.1.Ғылыми жоба бойынша сауалнама.

Біз сыныптастарымыздың ата-аналарына,мұғалімдерге,ағайын-туыстарымызға ғылыми жоба бойынша сауалнама өткізіп, бірнеше сұрақтар қойдық.   Мақсат: пластик қораптағы қандай тауар алатыны,

пайдаланатыны және әрі қарай бос ыдысты не істейтінін анықтау. Қатысқандарға келесі сұрақтар қойылды:

  1. сұрақ. Пластик ыдыстардың зияны туралы туралы білесіз бе? деген сұраққа көпшілігі – жоқ деп жауап берді.
  2. Пластик шөлмектегі сусындарды жиі қолданасыз ба? көпшілік адамдар үнемі ішетінін  айтты,
  3. Босаған бөтелкені қандай мақсатта пайдаланасыз? Адамдар тосап, айран және май салуға жақсы ыдыс деп жауап берді.
  4. Пластик шөлмекті жаққанда адам ағзасын қандай зияны барын білесіз бе? – жоқ деген жауап алдық.  Сауалнама жұмысын қорытындылай келе

адамдар тек пластик ыдыстырды, шөлмектерді зияны туралы көп біле бермейтінін аңғардық.

Көптеген жанұялар пластик қорапты өнімдерді пайдаланады екен,және қорапты өртеп немесе қоқысқа тастайды екен, үй қызметінде де пайдаланатындар да анықталды.

Және біздер сыныптастарымызға да сауалнама өткіздік. Мақсат:сыныптастарымыздың пластик шөлмектегі өнімді сатып алатыны немесе алмайтынын анықтау,босаған шөлмектен пайдалы,әдемі бұйым жасауға болатынын және оларды лақтырып тастаған жағдайда

қоршаған ортаға тигізетін зияны туралы айту. Оқушылардың барлығы да пластик шөлмектегі өнімді алады екен,бірақ пайдалы және зиянды жақтарын біле бермейді екен

Ауданымызда          тұратын тұрғындар көпшілігі мал шаруашылығы және бау –бақашамен айналысатын болғандықтан шөлмектер олар үшін таптырмас ыдыс екенін  айтып жатты. Үлкен  апаларымыз қалада тұратын  туыс – туғандарына май, айран, тосап құйып апаратыны белгілі болды.  И2 адамдар қияр тұздауға қолданатынын білдік

Сауалнама жұмысымды қорытындылай келе аудан тұрғындары пластик ыдыстарды, шөлмектерді жиі қолданады және олардың зияны туралы білмейтінін білдік.  Және осы  зерттеу жұмысымды жалғастыра отырып, түсіндіру жұмысын жүргізгім келеді.

3.2.«Көшелердегі шөлмек саны» атты бақылауларымыздың
қорытындылары.
Жиналған деректермен танысып,біз көшелерімізде неліктен көп пластик шөлмектермен ластанғанын анықтауды жолға қойдық.Алдымен біз пластик қорапта шығарылатын тауар санын анықтау мақсатында

үйіміздің қасындағы « Гауһар » супермаркеті мен « Акежан» дүкеніне кірдік.Бұл жерлерді таңдаған себептеріміз,онда тауарлардың ең үлкен талғамы бар. Нәтижелер  әсер тудырды. «Гауһар» супермаркетінде пластик ыдыстарда әр түрлі өндірушілердің 20-дан астам сусабын,сұйық сабын және дезодоранттар бар екен. «Әкежан» дүкенінде  өсімдік майларының, майонездердің, сұйық йогурттардың және минералды, газдалған сусындардың 17 түрі бар екен.

Бұл тағы да пластик ыдыстарының қолданысқа ыңғайлылығын дәлелдейді. Біз жиі жүретін көшелердегі лақтырылған шөлмек санын есептедік.Келесі нәтижелерді алдық: Алматы  – біздің үйімізден

мектепке дейін – 11 шөлмек; және «А. Сүлейменов» атындағы  саябақтың  артқы жағынан  – 7 шөлмек таптық. Тасталған шөлмектердің негізін минералды немесе газды судан босаған  шөлмектер  құрайды,өсімдік майының ыдысы бірең сараң. Біздің ауданымыздың  халқы,  пластик қорапты өнімді жиі пайдаланып,қоршаған ортаның тазалығын мүлдем ойламай,кез – келген жерге пластик қоқыстарын тастай жүре береді деген тұжырымға келдік.
Біздің ауылымызда  ортасында күл-қоқыстан құралған арал пайда болуда. Өте қорқынышты!

3.3.Эксперименталды жұмыстарымыздың қорытындылары.

Бұдан әрі біз пластик шөлмектердің ұзақ шіритіндігіне көз жеткізгіміз келді. Әрине біз 500 жыл күте алмаймыз, бірақ бұл ақпараттарды химия ғылымының арқасында тексереміз.  Көмекке

жетекшіміз   бірге химия кабинетіне аттандық. Химия кабинетіндегі өзіңді ұстау ережелерін қайталаған соң,келесі тәжірибелерді жасадық.
1.Химия пәнінің мұғалімі  Кундаев  Санат ағайдан пластик туралы кеңестералдық.                                                                                                                                                                                                                                                    2.тәжірибе  Пластиктердің жануы. Пластик ыдыстарды жаққан кезде ауаға көмірқішқыл газы бөлінетін және оның адам денсаулығына өте қауіпті екенін анықтадық. Ал пластиктен  – өткір жағымсыз иіс пен қара түтінді байқадық. Тұжырым: пластикті өртегенде улы түтін шығып,ауаны ластап,және адам денсаулығына кері әсер етеді.Пластик шөлмектерді өртеуге де,лақтыруға да болмайтынына көзіміз жетті.Осы нәтижелерді растау үшін біз мынандай тәжірибе жасадық  .Өз ауламызға 2016  жылдың мамыр  айында  біз жерге пластик шөлмекті  және қағазды көміп тастадық. Ал 2016  жылдың қыркүйек  айында біз көмгенімізді ашып,пластик шөлмек   дым өзгермегенін көрдік,ал газеттен дым қалмаған.  Өзіміздің бұл тәжірибеміз тағы да пластиктің жерде шірімей,тек ластайтынын дәлелдейді.

3.4.Қолданған шөлмектердің пайдаға асуы.

Шынымен де пластик ыдыстардан пайдалы нәрселер жасауға болады. Ғаламторды ақтара отырып,біз пластик ыдыстардан жасалған әр түрлі нәрселерді көріп,өзіміз үйден олардың бірнешеуін жасадым. Мысалы: олардың ішінде бақшаны сәндейтін гүлдер, көбелектер, қарындаш қалам салуға ыдыстар,гүл құмыралары т.б. әдемі қолөнерлері бар  .Қиялымызға ерік беру арқылы жоқтан бар жасауға болатынын дәлелдедік.    Адам баласының қиялында шек жоқ деген осы ғой.

     Қорытынды

Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жыл ішінде Қазақстан экономикасы  қаршынды қадаммен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы,  тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы?  Ол  қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы.  Жасыратыны жоқ,  ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды.  Ғасырлар бойы төл перзентін  қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп  келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды.  Ұлы дала енді туған  перзенттерінен жанашырлық күтеді.  « Алмақтың да салмағы бар»  Енді «бұлақ көрсең,  көзін аш» деген бабаларымыздың  қасиетті қағидасына адалдық танытып,  жомарт даламызды  қоқыстардан тазартып,  тынысын ашуымыз керек. Халқымыз  атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл – қоқыс қоймасы емес.

Бүгінгі  ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат тұған жеріміздің тоқымдай телімін  қоқыспен көмбей, сай – саласын шөлмектермей толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз. Табиғат бәріміздің ортақ  үйіміз.  Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде.  Ал табиғатты ластап, былғайтын тек адам ғана. Табиғаттың тозуы экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның  іс – әрекетінен ластанып бұзылуы.  Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін қоқыспен ластамай биологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа  табыс ету – біздің  парызымыз.

Зерттеу нәтижесінде біз шөлмектердің шығу тарихын анықтадым. Алғашқы шынысынан пластик шөлмекке дейін. Ол өзінің ыңғайлылығының, жеңілділігі, қаттылығының,  майысқақ қасиеттерінің арқасында адам өмірінде үлкен орын алды, Бірақ қолданғаннан кейін оны жою мүмкін емес. Химия кабинетінде  химия пәнінің мұғалімі мен тәжірибе жасап көріп, біз пластикалық шөлмектің химиялық реактивтердің күшімен де шірімейтінін,  ал өртеген жағдайда адам өміріне қаупі бар улы түтін щығаратынын білдік. Сөйтіп мен ,өз жорамалымды растадым.  Пластик шөлмектер жерді ластап, табиғатқа зиянын тигізеді .

Қорытындылай келе біз өзіміздің «Пластик шөлмегінің пайдасы мен зияны»атты ғылыми-зерттеулік жобамыз бойынша келесі ұсыныстарды айта кетуді жөн көріп отырмыз. Біздің ауданымызда  пластик шөлмектерді қайта өңдеу зауыты ашылса,  арнайы пластик қоқыстарын салатын қоқыс жәшігі қойылса, пластик шөлмектерін қабылдайтын арнайы автоматтар болса ,  әр оқушы пластик шөлмектерді өз өмірінде көбірек пайдаланса, ғалымдар пластикті шіріту жолдарын ойлап тапса,  әр адам қолына ұстаған пластик шөлмектің пайдаға асатынын сезінсе ғана   ауамыз таза болып,айналамыз күл-қоқысқа толмас еді.Біздің салақтығымыз бен жауапсыздығымыздың кесірінен жер бетінде пластик қоқыстарынан құралған аралдар пайда болып жатыр.Біз не істей аламыз? Ең алдымен босаған пластик ыдыстарды лақтырмас бұрын,ойланып қиялымызға ерік беріп,сол шөлмекке екінші өмір сыйласақ.
«Тазаланған жер-таза емес,қоқыс лақтырмаған жер-таза» – деп халық бекер айтпаса керек.

Мазмұны:

 

Кіріспе………………………………………………………………………………..

 І.Негізгі бөлім
Пластик шөлмектердің зияны мен пайдасы …………………………

Шөлмектің шығу тарихы…………………………………………………

Пластик шөлмектерге қатысты экологиялық мәселелер……..

Пластик шөлмектерінің екінші өмірі…………………………………

ІІ.Практикалық бөлім

 

2.1.Ғылыми жоба бойынша сауалнама …………………………………….

2.2.Эксперименталды жұмыстарымыздың қорытындылары…….

ІІІ.Қорытынды………………………………………………………………….

You May Also Like

Киелі жылқы қазысының емдік қасиеті, ғылыми жоба

«Киелі жылқы қазысының емдік қасиеті» Мазмұны Кіріспе Жылқы – киелі жануар. …………………………………………………….10…

ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ, ғылыми жоба

ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ Түйіндеме Зерттеу мақсаты: Есенберлин өзінің тарихи романдары…

ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРМЕН БАЙЛАНЫС ЖҰМЫСЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ, ғылыми жоба

Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні, ғылыми жоба слайд