Ең үздік ғылыми жоба «Алтын адам» Авторы: Еркінжанқызы Фатима

  1. Кіріспе
  2. Алтын адам деп жүргеніміз кім?
  • Қазақстан аумағынан табылған алтын адамдар, алтын адамның киімдері
  1. Қорытынды

Алтын адам 1967-69 жылдары археолог-ғалым Кемал Ақышев басқарған экспедиция жұмысының нәтижесінде Алматы маңындағы Есік қорғанынан табылғаны белгілі. Алайда, кейбір ғалымдарымыз Алтын адамды Есік қорғанының маңында ойнап жүрген балалар тауып алған деседі, кейбіреулер бұл тарихи жәдігерді ұлты башқұрт қарапайым жүргізуші тауып алған деген деректерді де келтіреді. Дегенмен Есік қорғанынан табылған Алтын адамды өз қолымен ашып алған экспедиция мүшесі археолог-ғалым Бекмұханбет Нұрмұхамбетұлы баспасөз беттеріне берген сұқбаттарында обаның қалай табылғанын, экспедиция жұмысының қалай жүргенін бүге-шігесіне дейін айтып жүр:

  • Кеңес одағы кезінде кез-келген құрылыс нысанын жүргізбес бұрын, ол жерге археологиялық барлау жүргізілетін. 1963 жылы Есік көлі тасып маңындағы ауылды шайып кеткен кезде сол жердегі автобекетті қайта салу үшін құрылыс орнына барлау жасалды. Сол жерде 4-5 оба бар екен. Көп ұзамай 1969 жылы Кемел Ақышевтің тапсырмасымен Айтбек Амандықов екеуіміз зерттеу жұмыстарын бастадық. Алғашында қорғанның тұтас аумағын қоршап, тең жартысын қаздық, онымыздан түк шықпады. Бір жылдан кейін қазба жұмыстарын қайта жалғастырдық. Айлар бойы ештеңе таппағанымызға қынжылдым. бірақ, түйсігімнің түбінде бір ой мені осы жерден жібермей тұрғандай сезімде болдым. Әбден кетуге айналғанымызда бульдозермен тағы бір түрткіздік. осы заматта тұмсығы бірдеңеге тірелді. Бұл оба екі құдықтан сәл қиыс шетте, үлкен қорғанның бір жақ жанында жатыр екен. Ары қарай күрекпен арши бастадық. алдымен ағашпен қапталған обаның сыртын тегіс тазаладық, кейін бөренелердің төбесін аштық. обаны жасағанда бөренелерді жымдастырып, қиюластырып бекіткен екен. Биіктігі 1,5 метр. алдымен сол ағашпен қапталған табытты тазалап шықтық. обаны ашпас бұрын мән-жайды Кемел Ақышевке айтып ол кісі бастаған археологиялық топ жұмысты ары қарай жалғастырды. топ құрамында археолог Александр Степанович, ең алғашқы көшірмесін жасаған реставаторлар Владимир Садамсков, фотограф Олег Медведов, суретші Тамара Воробьева мен ҚазҰУ студенті Әлішер Ақышев болған еді. Содан кейінгі жұмысты Кемал Ақышев қолына алды. ол Шығыс Германиядан Есік қорғаны жайлы альбом шығарып, әлем жұртшылығының назарын Қазақстанға аударды. Үш жыл бойы еңбектеніп, Алтын адамның алғашқы макетін жасатты.

Алтын адам деп жүргеніміз кім?

Қазақстанның ұлттық феноменіне айналған, қазақтың атын аспандатып рухын шаттандырған керемет тосын жаңалығымыздың басты кейіпкері алтынға малынған асыл бегзатымыз кім болып шықты? Осы қорғанды зерттеген К. Ақышевтің болжамы бойынша Есік қорғаны б.з.б. 4-5 ғасырға жатады. антропологтарыдң анықтауынша мүрденің жасы 16-18. Байпаков оны б.з.б. 4 ғасырдың аяғы 3 ғасырдың басына жатқызып жерленушіге 17-18 жас береді. Алтын адамымыз жөнінде бар тұжырым осымен шектеледі. Ертедегі Қытай жазба деректеріне үңілер болсақ Іле бойында, жалпы Жетісу өңірінде Есікті орталық астанасы еткен құдіретті Үйсіндер ұлысы мекен еткенін жазды. Үйсіндердің гүлдену өрлеу шағы да б.з.б. 1-2 ғасыр болатын. «Алтын, күміс, асыл тастардан жасалған бұйымдар Үйсін мемлекетінің қазақ халқының мәдениетінің өте жоғары болғандығын көрсетеді». дейді Ақышев. Табылған ханзаданың мүрдесінен 15 метр аралықта тағы бір көсемнің қатар қойлуы нені аңғартады? жалпы дәстүр бойынша әрбір тұлға дара көмілуі керек. Жас ханзаданың әуел басында тұрғызылған қорғаны жеке болған. кейін, екінші тұлғаны жерлуінен кейін біріктіріп, үлкен қорған тұрғызылған. қорғанның ауданы 60*60, биіктігі 6 м. Ақышев бұны екі мүрденің бір отбасынан шығуымен түсіндіреді. бір қорғанның астында қатар жатқан қазақтың ұлы тұлғасы Елжау би мен оның тақ мұрагері, өмірден тым ерте өткен аяулы ұлының мүрдесі. Ханзада қайтыс болып арада 30-35 жыл өткенде Елжау би дүниеден өтерде, баласының қасына қатар жерлеуді өсиет етіп, екеуіне үлкен бір қорған тұрғызуды аманат етіп кеткен сықылды. ортадағы мүрдеде жерленген адам, болжам бойынша алғашқы қазақтың дара тұлғаларының бірі Елжау би. дегенмен тонаған тонаушылардан ұлы тұлғаның мүрдесі аман қалмаған. Біз сөз етіп отырған осы маңдағы ірілі-ұсақты 40 тан астам қорғандардан тоналмай аман қалғаны жоқ. Суық қолдардан аман алып қалуды кемеңгер әке алдын-ала ойластырған тәрізді. Екі қорғанды біріктіріп бір қорған жасау арқасында тонаушылар адасып, сүйікті баласының мүрдесі сол қалпында 22 ғасыр өтсе де мұрты бұзылмай, қазіргі ұрпақтарына жетіп отыр.  Оның үстіне Елжау би өте киелі, рухты адам болған. Ол жөнінде қытай тарихшыларында мынандай дерек бар: «Хұндар Күн бидің әкесін соғыста өлтіріп, жаңа туған сәбиді далаға тастап кетеді. Оған құстар қамқоршы болып, қаншық қасқырлар емізіп асыраған.» Мүмкін киелі әкенің жебегені де болар.

Қазақстаннан үш Алтын адам табылды әлі де болуы мүмкін.

Қазақстандық ғалымдар Шығыс Қазақстаннан табылған үшінші «алтын адамның» қабіріне шыққан әшекей бұйымдардың бұған дейінгі табылғандардан ерекшелігі- олардың құйма алтыннан жасалғандығы. зерттеушілер қазақ даласында әлі ашылмаған сырлар көп дейді. Зерттеуші ғалымдардың айтуынша бүгінгі таңда қазақ жерінен сақ, үйсін мәдениетінің 200 ге тарта ескерткіштері табылған. Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан табылған биіктігі 8 метр, диаметрі 97 метр қорғанды қазу барысында қабырханада жерленген адам табылған. Бұл Қазақ жеріндегі үшінші «алтын адам» деп жарияланған. Бұл да үйсін мәдениетінен бір үзік.

Ал, екінші Алтын адам 1999 жылы Ақтөбе облысының Жылыой ауданына қарасты Аралтөбе қорымында табылған еді. Бұл қорым да бірнеше рет тоналған. б.з.б. 2 ғасырда өмір сүрген сарматтар тайпасына жататын бұл қорымнан тас мүсіндер табылған.

Алтын адам киімі

Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлербарыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «аң стилінде» жасалған. «Аң стилі» әлемдік өнер атаулының ішіндегі ең биік белестердің біріне айналған ерекше құбылыс. Біздің бабаларымыз ежелгі металлургия ісін дамыта отырып, технологиялық жетістіктерге қол жеткізді. Алтын адамның бас сүйегінің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір  қанжар – ақинақ, шалбар бағалы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Қорыта келгенде Алтын адам талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге, бұл жаңалық дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілеп тұр.

Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді.

You May Also Like

Кентауым гүл бағым, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Кентауым гүл бағым» Орындаған: Қошан Лаура Пікір Білім…

Аңыз бен ақиқаттың үндестігі, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:  «АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТТЫҢ ҮНДЕСТІГІ» Мазмұны Кіріспе…………………………………………………………………………………………………2 Негізгі бөлім…………………………………………………………………………………………3 Қазақтың …

Күн энергиясын пайдалану, ғылыми жоба

Тақырыбы: « Күн энергиясын пайдалану» Мазмұны  Кіріспе Негізгі бөлім а) Энергияны пайдалану…

Қазақ халқының күнделікті өмірінде тұрмыс-тіршілік бұйымдарының маңыздылығы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Қазақ халқының күнделікті өмірінде тұрмыс-тіршілік бұйымдарының маңыздылығы (ҚР Орталық мемлекеттік музейінің…