Ең үздік ғылыми жоба «Кентауым гүл бағым» Орындаған: Қошан Лаура

Пікір

Білім алушы Қошан Лаураның  «Кентауым гүл бағым » атты ғылыми жобасы көңілге қонымды, өз дәрежесінде жазылған деуге болады. Білім алушының  көп ізденгені, материалдарды жинап, сұрыптап, оны пайдаға асыруы, мақсат-міндеттеріне жете білуі ұтымды шыққан.

Ғылыми жұмыста тақырып жан-жақты талқылынып, ғылыми тілмен баяндалып, мысалдар мен баяндауларды жақсы қолданғаны көрінеді. Туған жері туралы    тарихи сөздер мен тіркестердің  ұтымды  қолдана білген.

Тілдік тұрғыдан талдауға түскен зерттеу жұмысына жақсы баға беремін. Барлығы кезең-кезеңімен жазылған. Құрылымы мен жазылу стилі талаптарға сай.   Жас зерттеушінің беталысы мен бағытын айқын.  Қадамына сәттілік тілейміз!

Жетекшісі : Байкенжеева Эльмира Шекербековна

Аннотация

Ғылыми жұмыстың өзектілігі өзінің туған жеріне деген махаббаты, өзінің жерін зерттей білуі . Негізгі мақсаты өз өлкесінің тарихын ашып, қазіргі таңдағы көрінісін бейнелеу. .   Зерттеу кезеңдері  Кентау қаласы туралы  материелдарды жинақтау, жиналған материалдарды сұрыптап, ерекшелеу Барлық өңдеуден өткен деректер мен шығармаларды жазу. Ең бастысы ғылыми жобаның өз деңгейінде жазылып шығуы.  Зертеудің басты жаңалығы тілдік тұрғыдан талдауға түсуі.

Кентау қаласының  тарихы мен оның күннен-күнге көркейіп , өз халқын қуандыруда.  Осы тұрғыдан  қаланың әсемдігі, табиғатын суреттеу шеберлігін көреміз.

Сондықтан да, қаланың көз тоймас   табиғатын біртұтас қарастыру, тілдік тұрғыдан зерттеп,зерделеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер қатарына жатады.

Кентау қаласы “Қаратау тәжі (корона)” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие.  Кентаудан Республикаға танымал өнер қайраткерлері Р.Сейтметов, С.Байтереков, Ә.Сығай,  көрнекті мемлекет қайраткерлері Д.АҚонаевқа, С.Қожановқа, 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жерлестеріне ескерткіш қойылған.   Мұны ауыз толтыра мақтанышпен осы  ғылыми жұмысымда  кеңінен қарастырып, жазуға тырыстым.

Қала өзінің сан қырымен тұрғындарын таң қалдыруда .

Аннотация

Актуальность научной работы – это любовь к родному краю, умение изучать свое место. Основная цель – представить историю своей территории и представить образ настоящего. , Этапы исследований Сбор материалов о Кентау, сортировка и выделение собранных материалов. Запишите все отредактированные данные и работы. Главное, что научный проект написан на своем уровне. Основная новинка опроса – лингвистический анализ.

История Кентау и его история делают его жителей счастливыми. С этой точки зрения мы видим красоту города, мастерство природы.

Вот почему одной из самых актуальных проблем сегодняшнего дня является рассмотрение недостижимой природы города, изучение и изучение языка.

Кентау имеет следующие названия: «Каратауская корона (корона)» и «Зеленый город Казахстана». Кентау является памятником известным деятелям искусств республики Р. Сейтметову, С. Байтерекову, А. Сигаю, видным государственным деятелям Д. Саунаеву, С. Кожанову, людям, погибшим во Второй мировой войне. Я был горд, что смог читать и писать в этой статье.

Город поражен своими числами.

Аnnatation

The relevance of the scientific work is its love for the native land, its ability to study its place. The main purpose is to present the history of its territory and to present the image of the present. . Research Stages Collecting material about Kentau, sorting and highlighting collected materials Write all the edited data and works. The main thing is that the scientific project is written on its own level. The main novelty of the survey is linguistic analysis.

Kentau’s history and its history make its residents happy. From this point of view, we see the beauty of the city, the mastery of nature.

That is why it is one of today’s most urgent issues to consider the unattainable nature of the city, to study and study linguistic.

Kentau has the following names: «Karatau crown (corona)» and «Green city of Kazakhstan». Kentau is a monument to renowned art figures of the Republic, R. Seitmetov, S. Bayterekov, A.Sigay, prominent statesmen D.Saunayev, S.Kozhanov, the people who died in the Second World War. I was proud to be able to read and write in this paper.  The city is amazed by its numbers. The relevance of the scientific work is its love for the native land, its ability to study its place. The main purpose is to present the history of its territory and to present the image of the present. . Research Stages Collecting material about Kentau, sorting and highlighting collected materials Write all the edited data and works. The main thing is that the scientific project is written on its own level. The main novelty of the survey is linguistic analysis.

Kentau’s history and its history make its residents happy. From this point of view, we see the beauty of the city, the mastery of nature.

That is why it is one of today’s most urgent issues to consider the unattainable nature of the city, to study and study linguistic.  Kentau has the following names: «Karatau crown (corona)» and «Green city of Kazakhstan». Kentau is a monument to renowned art figures of the Republic, R. Seitmetov, S. Bayterekov, A.Sigay, prominent statesmen D.Saunayev, S.Kozhanov, the people who died in the Second World War. I was proud to be able to read and write in this paper.

The city is amazed by its numbers.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………….3

 І. Кентау қалалсының тарихы

1.1  Қала халқы мен қала экономикасы…………………………………………………………….4

1.2  Танымал  тұлғалардың есімдері…………………………………………………………………5

IІ Кентау қаласының  табиғаты

2.1. Кентау қаласының табиғи және экологиялық жағдайы………………………………6

2.2.шаруашылығы мен өндіріс салалары………………………………………………………..8

Кіріспе 

Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан болысында құрылды. Қаланы бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекеннің атауы Мырғалымсай болатын. Мырғалымсай деген кен орны да бар. Кентау қаласын құрудағы мақсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары болатын. Кентау облыс орталы болып саналатын Шымкент қаласынан 260 шақырым жерде орналасқан. Түркістанқаласымен арадағы қашықтық 30 шақырымды құрайды. Кентау Қаратаудың етегінде орналасқан қала болып саналады. Кентау қаласы “Қаратау тәжі (корона)” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие. Қазіргі кезде Кентау қаласында 4 ауылдық округ, 7 елді мекен (поселка) бар. Қала халқының саны (ауылдық округтермен қоса) 88 мың адамды құрайды. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар 65,7%, өзбектер 25,2%, орыстар 5,4%, басқа ұлттар 3,7%. Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек, гректер, немістер, корейлер, шешендер де көшіп келді. Олар, негізінен, қуғынға ұшырағандардың туыстары мен арттарында қалған үрім-бұтақтары болатын. Қала экономикасы Кентау қаласында аты КСРО-ға әйгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты, экскаватор зауыты құрылды. Алайда, XX ғарыдың 80-90 жылдарындағы өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарының жабылуы қала халқының әлеуметтік тұрмысына ауыр соққы болды. Кейіннен қайта іске қосылған экскавтор зауытының күші Кеңестік уақыттағыдай жоғары деңгейге жете алмады. Кентау – Қазақстандағы машина жасау, металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі. Қала экономикасындағы ірі кәсіпорындар: «Трансформатыр зауыты» ААҚ – еліміздегі трансформатор жасайтын жалғыз зауыт,»Экскаватр» ААҚ  – металл өңдеп, машина жасайды. Барит өнімдерін, түсті металл концентраттарын өндіретін «Оңтүстік түстіметалл» ЖАҚ-қа Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургия цехы, темір жол цехы кіреді. Мақта-мата өнімдерін шығарады. «Табыс» акционерлік қоғамы, «Табыс» акционерлік қоғамы, «Эластополимет» ЖАҚ резина-техникалық бұйымдарын, «Ерден-нан» ААҚ-нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдарын шығарады. Жалпы өнім жиынтығында өнеркәсіп үлесі 55%-ды (түсті металлургия – 28,8%, электр қондырғыларын шығару – 28,5%, машина жасау – 11,9%) құрайды. Мәдениет пен қала көрінісі Қалада Мәдениет сарайы, орт. кітапхана, саябақ, кинотеатр, «’’Кентау шұғыласы’’», «Кентау» атты қалалық газеттері, жергілікті «Икар» теледидары жұмыс істейді. Кентау қаласында Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология факультетінің бөлімдері, музыка, көркемсурет, спорт, «Дарын» мектептері, мектеп-гимназия, кәсіптік-техникалық мектеп, тау-кен металлургия колледжі, агроколледж бар. Кентаудан Республикаға танымал өнер қайраткерлері Р.Сейтметов, С.Байтереков, Ә.Сығай шыққан. Қалада көрнекті мемлекет қайраткерлері Д.АҚонаевқа, С.Қожановқа, 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жерлестеріне ескерткіш қойылған.

І. Кентау қаласының тарихы

1.1  Қала халқы мен қала экономикасы Кентау қалалық әкімдігі – Кентау қаласы, Қарнақ ауылдық округі (Қарнақ, Бүргем, Құшата, Шаштөбе ауылдары) Хантағы, Ащысай, Байылдыр кенттері кіреді. 0,6 мың км²-ге тең аумақты немесе облыс аумағының 0,5%-ын қамтиды. Қалалық әкімдіктегі халық саны 1.1.2004 жылы 80,5 мың адамды құрады, ал халықтың тығыздығы 1 км²-ге 134,2 адамнан келеді. Қала халқы 85,0%. Әкімдік орталығы – Кентау қаласы, 1955 жылы құрылған.Қаратаудан бастау алатын шағын өзендер жүйесінде орналасқан. 2003 жылы қалалық әкімдігінің кәсіпорындары 2041,8 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімін өндірді: барит кені – 32,5 мың тонна, баритті концентраты – 16,2 мың тонна, 13 бірлік – экскаватор, 434,7 мың кВт трансформаторлар шығарды. Кентау қалалық әкімдігінің ауыл шаруашылық саласы Қарнақ ауылдық округі аймағында орналасқан. Барлығы 178 агроқұрылым бар, оның 8-і ӨК, 2-і ЖШС, 166 шаруа қожалығы. Ауыл шаруашылық жалпы өнімінде: көкөніс дақылдарының (47,4%), картоп (14,1%) және ет өндірудің (10,5%) үлес салмағы басым.Кентау қалалық әкімдігі аумағында 8 аурухана, 4 емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, «Ыбырайым», «Медцентр» ЖШС жұмыс істейді. Білім беру, мәдениет саласында 22 орта мектеп, балалар шығармашылық үйі, С.Байтереков атындағы музыка мектебінің бөлімшесі, Балалар көркемсурет мектебі, 7 кітапхана, 3 ауылдық клуб жұмыс істейді. Бүгінде қалада 14 мәдениет ошағы халыққа жүйелі түрде қызмет етіп келеді. Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің негізі 1959 жылы қаланған.1973 жылы «Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» болып біріктірілді. 

1.2  Танымал  тұлғалардың есімдері

Қалада Мәдениет сарайы, орталық  кітапхана, саябақ, кинотеатр, «’’Кентау шұғыласы’’», «Кентау» атты қалалық газеттері, жергілікті «Икар» теледидары жұмыс істейді. Кентау қаласында Халықаралық қазақ-түрік университетінің экология факультетінің бөлімдері, музыка, көркемсурет, спорт, «Дарын» мектептері, мектеп-гимназия, кәсіптік-техникалық мектеп, тау-кен металлургия колледжі, агроколледж бар. Кентаудан Республикаға танымал өнер қайраткерлері  Р.Сейтметов, С.Байтереков, Ә.Сығай шыққан. Қалада көрнекті мемлекет қайраткерлері Д.АҚонаевқа, С.Қожановқа, 2-дүниежүзілік соғыста қаза болған жерлестеріне ескерткіш қойылған. Сақ жауынгері бейнеленген «’’Тәуелсіздік монументі’’» бар. ‘’Л. Алиева’’. Мұнда тіпті дарынды балалар тәрбиелейтін қазақ-түрік лицейі де бар. Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов (2 наурыз, 1938 жылы Түркістан облысы, қазіргі Кентау қаласында  дүниеге келген.  Актер, театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1987). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1979). Платинды «Тарлан» сыйлығының иегері.  Әшірбек Төребайұлы Сығай (Сығаев) (11.1.1947 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қ. – 28.11.2014) – театр сыншысы, аудармашы, педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1989). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. Кентау, Түркістан қалаларының, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017). Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы осылай дейді: – Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым.

IІ Кентау қаласының  табиғаты

2.1. Кентау қаласының табиғи және экологиялық жағдайы  Қаратау негізінен, Жамбыл облысының аумағында орналасқан. Тек солтүстік-батыс бөлігі Түркістан облысы аумағында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр, енді жері 60 – 80 км (оңтүстік-шығысындағы Боралдай жотасы). Ең биік жері Бессаз тауы (2175 м). Жота қатарласа жатқан Кіші Қаратау және оңтүстік-батыс Қаратау жоталарынан тұрады. Бұларды бір-бірінен тауаралық ойыстар бөліп жатыр. Қаратаудың шығысы және Кіші Қаратау протерозойлық тақтатас және құмтастарынан оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас, конгломераттар және девонның жанартаутекті жыныстарынан түзілген. Қаратау қойнауында еліміздегі ірі полиметалл (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, т.б.), фосфорит (Ақсай, Жаңатас) кендері шоғырланған. Жоталардың тау бастары тегістеу келген жазық, беткейлері шатқалды, тік жартасты болып келген. Қаратаудың оңтүстік-батысын Сырдария, солтүстік-шығысын Талас өзендері алаптары алып жатыр.Қаратау төңірегіндегі өңірге климат тұрғысынан өз әсерін тигізеді. Сондықтан жотаның оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысының ауа райында біраз айырмашылықтар бар. Қаңтар айындағы орташа температура жотаның солтүстік беткейі мен баурайында –10°С, оңтүстік-батысында –6°С. Жазы ыстық және құрғақ, шілденің орташа температурасы 22 – 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері бөктерінде 200 – 400 мм, тауда 400 – 600 мм. Қаратау өңірінде жер асты суларының мол қоры бар.Беткейлерінің топырағы қоңыр, қызғылт қоңыр. Тауаралық аңғарлар мен шатқалдарында бетеге, боз, көде, өзен аңғарларында тоғай өседі. Қазақстанның басқа жерінде жоқ, (35 – 40%) каучук ретінде қолдануға болатын тау сағызы осы Қаратау қойнауында мол кездеседі.Таутеке, борсық, түлкі, қасқыр, түрлі тышқан, сарышұнақ, т.б. мекендейді. 2004 жылы Қаратау қорығы құрылған.

2.2.Шаруашылығы мен өндіріс салалары

Облыс орталығы – Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 195 км-дей жерде. Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Кентау қаласы “Қаратау тәжі (корона)” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие. Кентау қаласында аты КСРО-ға әйгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты, экскаватор зауыты құрылды. Алайда, XX ғарыдың 80-90 жылдарындағы өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарының жабылуы қала халқының әлеуметтік тұрмысына ауыр соққы болды. Кейіннен қайта іске қосылған экскавтор зауытының күші Кеңестік уақыттағыдай жоғары деңгейге жете алмады. Кентау – Қазақстандағы машина жасау, металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі. Қала экономикасындағы ірі кәсіпорындар: «Трансформатыр зауыты» ААҚ – еліміздегі трансформатор жасайтын жалғыз зауыт,»Экскаватр» ААҚ  – металл өңдеп, машина жасайды. Барит өнімдерін, түсті металл концентраттарын өндіретін «Оңтүстік түстіметалл» ЖАҚ-қа Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургия цехы, темір жол цехы кіреді. Мақта-мата өнімдерін шығарады. «Табыс» акционерлік қоғамы, «Табыс» акционерлік қоғамы, «Эластополимет» ЖАҚ резина-техникалық бұйымдарын, «Ерден-нан» ААҚ-нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдарын шығарады. Жалпы өнім жиынтығында өнеркәсіп үлесі 55%-ды (түсті металлургия – 28,8%, электр қондырғыларын шығару – 28,5%, машина жасау – 11,9%) құрайды. Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран[ плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.

Қорытынды

1955 жылы  бой көтерген кеншілер қаласының атақ-даңқы кен өндіру ісімен тығыз байланысты. Кентаулық аға ұрпақтың әлемді таңдандырған және ешбір ел жаңарта алмаған шапшаң бұрғылау жөніндегі рекорды тарих бетінде алтын әріппен жазылып қалды.Бұл сол уақыттағы кенші-металлургтердің төгілген тері, қолтаңбасы ретінде кейінгі буынға өнеге болып қала береді. Сондықтан Кентау — қиындықтан тайсалмайтын, еңбектен жиренбейтін нағыз еңбекқор, отансүйгіш, ел мен жердің абырой-беделі үшін тау қопарып, тас тескен елжанды еңбек майталмандарының қалашығы, әлеуеті мықты «кадрлар ұстаханасы» аталды.

Қазіргі Кентау — шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енген облыстағы жалғыз қала. Бағдарлама талабы біртіндеп жүзеге асырылып, кен орындары зерттеліп, инвестициялар тартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті, әсіресе, өндіріс саласын дамытуға бар күш жұмсалуда. Бағыт-бағдары айқын қала заманауи электр жабдықтарын өндіретін еліміздегі бірден-бір маңызды орталыққа айналып отыр. Мұның барлығын мемлекет тарапынан жасалып отырған айрықша қолдау мен өз қаласын сүйетін кентаулықтардың ерен еңбегінің жемісі.  Қала халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту. Қалада бүгінде 68 мың 617 адам тұрады.Қала әкімінің есебінде аталып көрсетілгендей,2021 жылға дейін қала және ауыл тұрғындарын 100 пайыз табиғи газбен қамту жоспарланған.Ал,«Өңірлерді дамыту – 2020» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2018–2025 жылдары бір типтік үлгідегі 5 қабатты 60 пәтерлі 37 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, тұрғын үйге мұқтаж, кезекте тұрған 2220 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтылмақ. Қаланың бүгінгі даму көрсеткіштері. Кентауда 2018-2025 жылдары өнеркәсіп саласында жобалық құны 55,5 млрд. теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. 2018 жылы шағын және орта бизнес саласында 760,0 млн. теңгеге 151 жоба қаржыландырылып, 265 адам жұмыспен қамтылып отыр.Сонымен қатар, туризм саласын дамыту бойынша 2018-2025 жылдар аралығында демалыс орталықтарын ашып, туристік маршрутын дамыту бойынша жұмыстар атқарылмақ.

You May Also Like

Ақтөбе облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер және болашақ туристік маршруттарға айналдырудың жолдары, ғылыми жоба

«Ақтөбе облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер және болашақ туристік маршруттарға айналдырудың жолдары» Кіріспе……………………………………………………………………………………. Тарих…

Құрашасай елді мекенінің топонимдері, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Құрашасай елді мекенінің топонимдері» Секция: география,өлкетану Амантай Балнур Қуатқызы…

Жабайы өсімдіктердің емдік қасиеті, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Жабайы өсімдіктердің емдік қасиеті» Автор: Рауанқызы Жұлдыз Рауанқызы…

Баскетбол, ғылыми жоба

Баскетбол ойыны Зерттеу жұмысының тақырыбы: Баскетбол ойыны Бағыты: Этномәдени  Пәні: Денешынықтыру Мазмұны…