«Ақтөбе облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер және болашақ туристік маршруттарға айналдырудың жолдары»

Кіріспе…………………………………………………………………………………….

Тарих тұнған өлке. Ырғыз деген байтақ бар…

Негізгі бөлім.

I тарау. Алты алаштың Алматы

1.1. Би Алмат. Батыр Алмат. Сардар Алмат…………………………………

1.2. Алмат тамы – асыл құрылыс…………………………………………………

II тарау. Кешегі өмір кезеңдері

2.1. Алаштың Алматы мен Самыраты…………………………………………

2.2. Алмат ауылы, әулеті, ұрпақтары…………………………………………..

ІІІ тарау. Ырғыз қаласы

3.1

  •  Ырғыздың қилы тарихы
  •  1928 жылғы байларды тәркілеу шараларының Ырғыз ауданындағы жүзеге асырылуы
  •  Ырғыз қаласындағы тәркіленген заттар
  •  Ұлттық интеллегенциядағы Ырғыз өңірінің рөлі
  •  Ырғыз-Торғай резерватының ашылуы

Қорытынды……………………………………………………………………………..

Қосымшалар

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Қазақтың қасиетті Атамекені–Ұлы даланың қойнауы–тұнып тұрған тарих.Әр өлкенің қадым заманнан бергі қайсар тарихы тұтаса келіп,талай қан кешу мен сәулелі сәттерді, ерлік пен қасіретті бастан кешіріп, бүгінге жеткен, әлем танып отырған еркін, егемен Қазақ елінің тұтас тарихын түзеді.

Күні кеше ұстағанның қолында,тістегеннің аузында кете жаздаған ұлттық тарихымызды түгендеп,еліміз еңсе көтеріп жатқанда ендігі ең басты нәрсенің бірі–соның қадірін ұрпақтан–ұрпаққа жеткізу болса керек .

Қазақтың алабөтен қонысы атақты Сарыарқаның батыс шалғайын қарпып жатқан байтақ өңірді ел Ырғыз жері дейді. Ырғыз! Бұл алғашында өзен аты болғанымен кейін ұлан-ғайыр өлке атына көшкен қасиетті сөз. Қазақ тарихында     ерекше орны бар Ырғыз өлкесі халық аузында «Жеті жұрт көшкен жер» деп аталады. Осында шындық бар десек, бұл өлкеге сегізінші жұрт XVIII ғасырда аяқ салған, Кіші жүздің ноқта ағасы саналатын ағайынды алып тайпа-Әлім-Шөменнің қалың елі және де өзгеде жекелеген рулардың қаймағы бұзылмай, қатары сөгілмей, тегіс көтеріліп, тұтастығымен  осы жерге қонған.

Ырғыз аймағы замандар шежіресіне    сирек

түсетін   оқиғаларға да  кенде    емес.    Кіші

Жүздің Ресейге  қосылу   оқиғасы да Ырғыз

тарихындағы        ерекше         кезең.      Хан

Әбілқайырдың     1731   жылы       Ресеймен

достық  шартқа осы    Ырғыз     жерінде қол

қойғаны белгілі. А.Сергеевтің  суреттемесіндегі «Манитюбе» осы күнгі Мәні әулие биігіне сәйкес келеді. Хан ордасы қонатын суы мол, тепсенді алаңы бар, әрі хан заманындағы қастандықтан қауіпсіз, күндіз-түні қарауыл тұратын биік қабағы, ұрыс болса, соққы беретін ұрымтал тұстары бар Ырғыз бойынан осы Мәнітөбені лайық көреді. Сөйтіп, 1731 жылы 10 қазанда қасиетті Маң төбесінің баурайындағы  Ырғыз өзенінің ескі арнасы мен жаңа арнасының арасындағы жазыққа тігілген хан ордасында Кіші жүздің үш батыры мен 27 ру басы,старшындары Әбілқайырдың бастауымен Ресейге қосылуына ант береді, қазіргі таңда бұл жерде хан тағы бейнеленген ескерткіш-белгі орнатылған.

Мұнан 270 жыл бұрын 1736 жылы 19 маусымда Әбілқайыр ханның

арнайы шақыруымен Ырғыз даласына саяхатқа келген ағылшын суретшісі

Джон Кэстль қазақтың киіз үйінде отырып, Әбілқайыр ханның және оның баласы Ералы сұлтанның портреттерін салыпты. Джон Кэстель Ырғыз топырағын аттамағанда, бәлкім, Әбілқайыр ханның бейнесін теңгемізге енгізе алмаған болар едік, ал аты әлемге әйгілі орыс живописі В. В. Верещагин осыдан 138 жыл бұрын Алмат Тобабергеновтың үйінде қазақтар тұрмысынан 40-қа тарта портрет салмағанда, Европа мемлекеттері ұлтымыздың тұрмысы мен салт-дәстүрінен бейхабар болар еді.

Ұлы даланың қай қияның шежіресі қатталып, қағазға түсіріп үлгерді дейсің. Әзірге әрідегі ұзақсонар ұлы тарихтың бізге еміс-еміс жеткен үні-аңыздар ғана.

Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеті

Алмат Тобабергенұлы жайлы деректерді жандандырып, кезінде ел шұрайы биігіне  шыққан, кейін аруаққа айналғандағы тұлғалық  азаматтық, рухтық қасиеттері, өмірі, өскен ортасы билік  ісіне араласуы жөніндегі деректерді ашып – көрсетіп ,  талдау жасау ;

Іс – қызметтерінде , ел билеу ісінде тұлғалық кейпінің даралануындағы ерекшеліктерге тоқталу,рухани игілікті істерін,тарихи тұлғалығын паш ету; дәлелдеу және де кезінде сәулет өнерінің озық туындыларының бірі  болған Алмат тамының қазіргі жағдайы туралы баяндау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

  Жұмыстың құрылымы:

Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі 2 тараудан, қорытындыдан пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, ұсыныстан және қосымшалардан тұрады.

I тарау. Алты алаштың Алматы

1.1 Би Алмат, Батыр Алмат, Сардар Алмат

Тарихтың тәліміне жүгінсек,жер мен елдің даңқын шет жұртқа жаятын халқы таныған тұлғалары.Бұл өлкенің де осындай жұлдызы биіктен көрініп,заманының толқынына ілескен ,халқының маңдайындағы жарқырап туған перзенттер болған.Солардың қатарына – Алмат Тобабергенұлы енген.

Алмат Тобабергенұлы. XIX ғасырдың басындағы ел ісіне араласып,алған атақ, бақ-дәулетін қазақ халқының рухының көтерілуі мен мәдениетінің дамуына жұмсаған, намыс пен арды биік ұстаған, алғашқы қазақ дипломатиясының кілті болған, елдің тұтастығын сақтап, қазақ халқының тұрмыс салт-дәстүрінің ұрпақтар арасында жалғасуына ықпал еткен адам.Алмат Тобабергенұлы 1804 жылы Шөмекей елінің белді ақсақалы Тобаберген Киікбайұлының жанұясында дүниеге келіп,1892 жылы 88 жасында қайтыс болған. Алмат Тобабергенұлының қай жылы туғандығы жайлы әр түрлі пікірлер бар.Соның бірі Сейілхан Оразымбетовтың мақаласындағы 1805 жылы дүниеге келіп, 1897 жылы дүниеден өткен еді деген пікірі. Ал Зәкірадин Байдосұлының мақаласында Алмат Тобабергенұлы 1875 жылы 15 ақпанда Орынбор генерал – губернаторлығына жасының ұлғаюына сәйкес , Қожакөл болыстығы басқармасы басқарушысы жұмысынан босатып , пенсия тағайындау жайлы өтініш жазған. Сол өтінішке қоса өзінің жұмыс кестесін (формулярный список) жіберіпті. Онда : « Зауряд Хорунжий Алмат Тобабергенов , 71 года » – деп жазылған .Бұның нақтылы архивтен алынғандығы көрсетілген , ( ҚРҰҚ . 25-ші тіркеу , 192-ші іс . 1-ші парақтың аудармасы. )  ( 1 )  Соған қарағанда оның 1804 жылы туғандығы айқын.

Ал оның өлген жылы жайлы шығыстанушылардың бірі И.В.Аничков Императорлық Қазан Университетінің жанындағы тарих , этнография және археология қоғамының хабаршысының 1897 жылғы 2 санында шыққан «Поездка на киргизские поминки в 1892 году» деген көлемді мақаласында Алмат Тобабергенұлы 1892 жылы қайтыс болғандығы жайлы нақты береді.

Атасы Киікбай Әлібекұлы (1720-1791ж.ж) қазақ еліне танымал, жоңғар-қалмақ шапқыншылықтарында батырлығымен көзге түскен тұлға. Ал әкесі Тобаберген шамамен 1763 жылдары дүниеге келіп, Башқұрстанда жаугершілікте қайтыс болады. Тобаберген атында Ырғыз бен Тамды жерінде атаулар мен құдықтар бар.

Шежіреге жүгінсек, Алмат-Шөмекейдің Бозғыл тайпасы, Келдібай тармағынан тарайтын Бекеттің Шобдар.

Алматтың өмір сүрген дәуірі де Ырғыз өлкесі үшін орыс патшалығының

қазақ даласын отарлау мақсатында ашық та, жасырын саясат бастаған қауіпті жылдар еді.Олар иен жерді иеленудің, елге баса көктемей бірте-бірте иелік етудің астарлы әрекетіне көшіп, ұтырлы жерлерден әскери бекіністер сала бастаған.

Алмат Тобабергенұлы жасынан көшпелі тұрмыстың шаруа ырғағының ырқымен кетіп, Ресей қалалары мен Бұқар арасына кіреші болып, екі жақты сауда ісімен айналысады. Зерек те алымды жас жігіт орыстардың ықпалын күннен-күнге күшейіп келе жатқанын сезіп, оның тілін, салт-дәстүрін жедел игере бастайды. Отаршылдық  саясаттың астарын түсінген ол халқының қамын ойлап, империя қызметіне тұру арқылы елі мен жерінің бүтіндігін сақтап қалғысы келді. Бұл мақсатына жеткен ол Орынбор губернаторының қарамағындағы 54-дистанция бастығы лауазымына тағайындалып, Зауряд офицер (қазақтар сардар деп атап ) мәртебесіне ие болады.( Сонда )

Алмат XIX ғасырдың басында-ақ ел ісіне араласып, алған атақ, бақ-дәулетін қазақ халқының рухының көтерілуі мен мәдениетінің дамуына жұмсаған, намыс пен арды биік ұстаған, алғашқы қазақ дипломатиясының кілті болған тұлға.

Ол орыс әскерлерімен бірге Бұқара хандығына (1833-1834 ) сапар шеккен экспедициясының жол басшысы болған. Олардың Алматты таңдауы бекерден-бекер болмаса керек. Оның ел-жер тарихын жетік білетіні, мұсылманша оқыған білімі қажырлы қайратты адамдармен қарым- қатынастағы ерекшеліктері ескерілген болуы керек. Бұл турасында экспедиция жетекшісі Петр Иванович Демезонның жазбасында 1833 жылдың 10-шы қарашасында Орск қаласынан Бұқара керуенімен жолға шығады «Керуен басшысы бұқаралық Нияз Мұхамед және жол бастаушысы ұлты қазақ  Алмат болды »-деп жазады.( Сонда )

Орта Азия сапары орыстарға зор мәні бар экспедиция болды. Олар сапардан көптеген құнды деректермен оралады. Жол басшысы (елшілік ) қызметі үшін патша үкіметі тарапынан бағаланып, Алмат Тобабергенұлы 1834 жылдың қазан айында Николай I әмірімен, Анна лентасы және қылышпен марапатталды.

Алмат Тобабергенов 1846 жылдан бастап Кіші жүзге қарасты Ырғыз, Торғай өңіріндегі қазақтарға басшылық жасай бастайды. Алмат  біріншіден Ресей мен Азия хандықтары арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал ете білді.

Жылдан-жылға Алматтың орыс шенеуніктері алдында беделі түскен. Ол кәнігі саясаткер болумен қатар елдің тұтастығын сақтап, қазақ халқының тұрмыс салт – дәстүрінің ұрпақтары арасында жалғасуына ықпал еткен адам.

Патшалық Ресейге қызметі жағып, ол 1846 жылы екінші рет Станислав лентасы мен алтын медаль және алтын қынапты қылышпен құрметтеледі. Ол Орынбор генерал-губернаторы В.А Перовскийлердің қабылдауларында болғанда, өз халқының тілегін жеткізіп және олардың орындалуына ықпал ете білді. Сондай-ақ, 1867 жылдары Ырғыз өңірінде болған көрнекті суреттші В.Верещагинді қонақ етіп, қазақ халқының тұрмысымен таныстырыпты. Осы көріністерден нәр алған В.Верещагин қазақ өмірін бейнелеген кесек 7-туындыларды өмірге әкеледі. Қазақ тұрмысын бейнелеген «Түркістан альбомы» 1874 жылы жарық көрген. Бұл альбом бүгінде ұлттық кітапхана қорында сақтаулы. ( 2 )

Мұрағаттың сараң жазбаларында Торғай облысының іс-қағаздарында Алмат Тобабергеновтың есімі жиі кездеседі. Орынбор мен Омбы қазақтарының арасындағы үлкен жер дауын шешуге Сарыторғайда ірі тұлғалар кездесіпті. Осынау Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының арасындағы жанжалды шешуге Алмат та қатысқан. ( Сонда )

Алмат Тобабергенұлы 1845 жылдың 10 қарашасында өз өміріндегі аса күрделі сапарға шықты. Ол Ырғыздан басталды. Орынбор шекара комиссиясының бір құжатында : « Секретным приказанием Председателя Оренбургской Пограничной Комисси от 10 ноября 1845 года за N 784 поручено отправлении с киргизом Алматом Тобабергеновым в Бухару, группу. Собрать с самых верных источников сведений. По инструкциию, о политических делах, касающихся Русского правительства » (ҚРҰҚ. 25 қор. 5 тіркеу, 192 іс. 4 парақ ) –деп көрсетілген. (Сонда) Бұл тапсырманының диапазоны кең еді.

Сондықтанда Сыртқы Істер Министірлігі Азия департаментінің бастығы Сенявин бұны 5-6 ай ішінде орындау туралы нұсқауын берген еді. Бұл тапсырманың Алматтқа ауыр болған себебі : 1834 жылдан бері, 11 жыл ішінде оның Бұқарада 8 рет болуы барысында көп адамдармен таныстығында еді. Сондықтан да осы жолы Алмат қасына қосып берген 12 татар, башқұрт, қазақ адамдарын қайыршылықтан бастап бақсылыққа, тіпті есуастыққа дейінгі рөлдерді бөліп беріп, өзі молдалық түр алған еді.  Хабарларды сұрыптау, Бұқар эмираттылығыныңРесейге деген саясатының лебін анықтау үлесі Алматқа тиді.Осы сапар арасындағы нағыз ынтымақ болмағанымен, жылы қатынастар сүреңі қалыптаса бастады. Сөйтіп, 60 орыс тұтқындары босатылған, ал Алмат 60 адамның тағдырында, оның ұрпақтарының өмірінде өшпестей із қалдырған. (Сонда)

1844 жылдың басында орыс патшасы Николай 1-нің қазақ даласында бекіністер салу туралы жарлығы қабылданды.Ырғыз өзенінің бойында бекіністі салу ісі Ырғыз бекінісінің негізін салған Бас штабтың полковнигі Ф.Бларамбергке, оның жәрдемшісі, кейін сол бекіністің коменданты болатын инженер-прапорщик Михайловке тапсырылды.Осы Ырғыз қаласының негізін салуда, оны отынмен қамтамасыз етуде Алматтың үлесі мол.Сондықтанда Ырғыз бекінісінің әскери комендатурасы, оның негізінің салынғанына 10 жыл толу рәсіміне Алматты шақырып, оған ризалық тарту берген.

Сонымен бірге Алмат Арал флотилиясының қалыптасуына,Орынбор – Ташкент почталық трактасының негізі салынуына да тікелей араласқан екен.

Отырықшылық тұрмысты қазақ сахарасында алғаш насихаттай бастаған адамдардың бірі де – Алмат би. Бұл сол замандағы қазақтың Тәттімбет, Құнанбай, Ыбырай, Шыңғыс, Абай сияқты алдыңғы қатарлы азаматтарын толғандыратын өзекті мәселе еді.

Ата-бабадан қалған мұра- жерді түбегейлі иемденудің бір ғана жолы бар. Ол – отырықшылық. Егін егу, қала салу. Архивтік деректерге қарағанда, Алмат үлкен әрекеттерге барған сияқты. Оған дәлел өз қолымен жазылған тарихи құжат – қатынас қағазда «Облыстық басқарманың 1865 жылы 18-тамыздың хатына негізделіп жазылған облыстың орта бөлігі аға сұлтанның егіс салатын жер жөніндегі хатынан хабар етемін: 54-дистанция территориясында мал жайылмайтын, егіске ыңғайлы жер жоқ. Сонымен қатар бұл өлкеде суармасыз егін шықпайды. Әдетте егістік жер суға жақын салынып, кемінде бес рет суарылуы қажет. Өткен жылдары Ырғыз, Торғай өзендері тасып, су түскен шабындықтарға егіс салынған еді.

Биылғы жылы су тасымағандықтан суармалы жерлерге су түспеді, кеуіп қалды. Сонымен қатар өзендер мен көлдер жағалауында мал қыстайтын болғандықтан ол жерлердің шабындығымен, мал аяғы оттайтын алқаптарына егіс салуға болмайды. Ал жайлауда су көзі аз, бұл жерлерге егіс салынса көшпелі елге аса қауіпті қиыншылық туады.

Азғантай болғанымен халықаралық дипломатиялық құжаттардың деңгейінде аса шебер жазылған бұл хаттан біз көп жайттарды аңғарамыз. Біріншіден – егіске ыңғайлы жер жоқ делінген. Бидің айтып отырған үлкен уәжі егін, сусыз шықпайды. Ал бұл егіске деп белгіленген жерлер өзен-көлдер алыс жатыр. Алланың рақымы түсіп Ырғыз бен Торғай тасыса-болды, тасымаса егін шықпайды деген сөз. Осылай, Алмат би  темірдей берік логикаға бағындырып, жерді талан-таражға салғысы келген зорлықшыл чиновниктердің бетін осылайша қайтарып отырған.

Өз қарауына тиген ел мен жерге Сардар Алмат ерекше билік орнатады. Бұл салада би патша әкімшілігіне құлай берілмеген.Жоғарыдан түсіріліп отырған бейпіл жарлықтарды барынша жұмсартып, ел мен жердің жағдайына лайықтап іске асырып отыратын болған. Шекаралық даулы мәселелер, жер бөліс істерін көп ретте өз қалауынша шештіріп отырған. Әсіресе жер дауын үнемі халық пайдасына шешуге тырысқан. Осы табандылығының арқасында ол орыс әкімшілігіне де , халыққа да қадыр-қасиеті артқан. Сол себепті ел ішінде Алмат бидің « жарты патша » деген лақап аты қоса тараған.

Ол елдің қоғамдық саяси өмірін, Ресей үкіметінің түпкілікті ойын, арадағы саяси қайшылықтардың күш салмағын жақсы білген, оған белсене араласып, Ресей империясын ата- баба жеріне ентелей енуін тежеуге тырысқан, заманның небір тайғақ кешу жолдарында жол тауып, алған бетінен таймай жүріп өткен, елдің болашағын, амандығын жеке басының мүддесінен жоғары ұстаған, өзінің ақыл парасаттымен елін аузына қаратқан, біртуар тарихи тұлға болғандығы туралы деректерден белгілі.

Жалпы Алмат Тобабергенұлы Орта Азия мәдениеті, өнерімен қатар Еуропа мәдениетінде бойына сіңіргенге ұқсайды.

Алмат Тобабергенұлы шенеунік қана емес, дуалы ауызды би. Тапқыр сөйлейтін шешен де болған, ол балалары мен немерелеріне халқымыздың бай салт-дәстүрін, өнерін білуге жағдай жасаған.

Сардар атын ел билігіндегі сара шешімдері, әділдігі арқасында алған.

Алмат Тобабергенұлы өлер шағында балаларын, немерелерін, шөбере-шөпшектерін жинап, үш нәрсеге сақ болыңдар: даңқ, байлық, қызметіңнің өрлеуі. Даңққа бой берсең көзіңді байлар-құздан құлайсың, байлыққа масаттансаң-төгілесің, қайыршылыққа қадам тартасың, қызметіңнің биіктігіне берілсең-жалғыз қалып сандаларсың. Даңққты да, байлықты да қызмет биігінде уыстарыңда ұстай біліңдер»- дей келіп «топшыл болма, көпшіл бол»-деп көз жұмған екен. Бұл өсиет тоқсанды алқымдаған зиялы тұлғаның өмір тәжірибе желісінде өрнектелген толғауы еді.

1.2. Алмат тамының құрылысы, қазіргі жағдайы

Қазақ жерінің қай пұшпағына үңілсеңізде, тұнып тұрған ел тарихы. Жер тарихы – ел тарихы егіз сөз ғана емес, егіз ұғым, егіз мағына.

Табиғатынан жомарт жердің бәрінің тарихы ұшан – теңіз.   Ырғыз өңірінен адамзат даму тарихы сан ғасырлар бойы сақталып келе жатқан тарих хаттары – тарихи және мәдени ескерткіштердің алуан түрін кездестіруге болады.

Тарих керуені шежіресіне жүгінсек Ырғыз жері ертеден – ақ Оңтүстікпен сыр бойының талай ұлы жорықтар мен көші-қон жолын байланыстырған Сарыарқаның көпірі сияқты болған.

Ырғыздан 25 шақырым жерде жеті-сегіз көлдер жүйесін біріктіретін Аманкөл болысы орналасқан, бұл өңірде үлкен бай болыстардың бірі болған.Аманкөл жүйесінің ортасында үлкен Түбектөбе бар. Бұл төбені халық аузында  «Мантөбе» (кейде жергілікті тұрғындар) « Майтөбе» деп айтады.(9)  Мантөбе өте кең, жері құмақ, тақтайдай тегіс, осында тұрып бірнеше шақырым жердеге малды бақылауға  болады.

Осы Мантөбе өзі абайлап қараған адамға екі төбе іштей жымдасып, бір-біріне иін тіресе үлкен бір төбе болып отыр. Мантөбе қазақтардың Ресейге қосылуы туралы құжатқа 1731 жылы қол қойылған орын болып шыққандығын тарих та дәлелденген. ( сонда)

Екінші төбенің басында Алмат тамы деген қорым бар. Жазда Еділ, Жайық, Торғай салаларын емін-еркін жайлап, қыста Сырды бойлап, сонда Түркістаннан аса көсілген қалың елдің атақты батырларының бірі Киікбайдың немересі,әрі батыр,әрі би,дәулеті мен сәулеті шарықтап тұрған шағында тап осы жерге Алмат тамының салынуы туралы салиқалы әңгімені Сыр бойы шежірешілері жақсы біледі. Алмат тамының құрылысы ертедегі гректер мен римдіктердің әулеттік пантеондық тәсілімен салынған жер асты көп бөлмелі сәулет өнерінің озық туындысы. Ғимаратты жасатуға тапсырыс беріп оны салып тұрғызған Алматтың  үлкен ұлы Самыраттың талғамы биік жан-жақты білгір адам екендігін байқауға болады.Мақұлданған жобаны ойдағыдай салып бітіру жолы одан да қиын екені белгілі.Жобалаушы мен шебердің өнер деңгейі бірдей жоғары болғанда ғана құнды жұмыс жасалатыны анық.

Салыну уақыты 1888-1890 жылдар шамасы.(сонда)

Тамның құрылысы өте күрделі. Көлемі үлкен, ірге шеңбері 100 метрдей, биіктігі кезінде 20 метрден кем болмаған. Тамның жер бетіндегі құрылысы түгелдей қам кірпіштен қаланып, сырты күйдіріліп қызыл кірпіштен қапталған. Там алты күмбезді – бес баласына бес күмбез ортадағы үлкен күмбезді қоршай орналасқан, кіре берісте шағын жарты күмбез-михрап бөлмеде бұл түнеуге келген адамдарға арналған, басындағы қазан, ошақ шай, шам ыдыстар 1950 жылдарға дейін сақталып келген.Ортадағы үлкен дөңгелек үйден әсем өрнектеліп өрілген бес есік ішке жол ашады немесе кіші күмбездер жер астындағы қабірге кіруге арналған.Ортадағы үлкен күмбездің биік қабырғасы ақ сазбен сыланған, үш қатарлы әсемдік бұрыштар, қиғаштай жапсырылған құймалар әлі де жақсы сақталған.Бұрын қабырғаларында араб әрпімен жазылған құран сүрелері болған.Іші мен сыртындағы кірпіш өнерлеп қалау және архитектуралық шешімдерді шыңдау үшін жеті түрлі күйген кірпіш пайдаланылған.Әсіресе іші – сыртын жағалай, белдік немесе басқұр сияқты көлемі өте шағын, әдейі құйылған, түрлі қалыптан шыққан кірпіштер маржандай тізіліп сән беріп тұр. Сыртқы үлкен қабырғаларды қаптаған кезде түп түзу ұзынша төрт бұрышты кірпішті қырынан қалау арқылы бедерлеп,оның ішіне, тік бұрыштың ортасына әдейі дайындалған көз кірпіш қондырылған.Мұның бәрі сәулет өнерінің кеңістікті әсемдеу тәсілін жетік меңгере білгендігін дәлелдейді.

Алмат тамы сәулет өнерінің ерте замандағы ең озық түрлерін пайдалана отырып, асқан шеберлікпен салынған Бұқара, Түркістан, Хиуа, Сыр бойы шеберлерінің тоғысқан қол таңбасы және өзіндік қайталанбас дара, алып та сәнді ғимарат. Тамды  салуға алыс елдерден шеберлердің қатысқан болуы мүмкін.Сонымен қатар деректерде белгілі өнерші , Бақашы руының азаматы Жыға шебер қатысқаны туралы айтылады.

Бұл тамдағы жерлеу рәсіміде өзгеше, жерленетін кісі өзінің аталығына қарай үш  күмбездің жер асты қабірінің біріне қойылады, табытта орын болмағанда, бұрын қойылған кісінің сүйегін оң жағына ысырып , жинап орын босатып отырған.

Үлкен күмбезді қоршалай орналасқан, көлемі, биіктігі бірдей бес күмбез – Алматтың бес баласына арналған. Екі баласы Қосмұрат пен Пірмахан  (Бермағанбет) там салынып біте бергенде, қайтыс болған соң екеуі күмбез астына жерленіп, олардан ұрпақ қалмағандықтан есігін жауып қалатып жіберіпті қалған үш күмбездің жер асты қабірінде Төремұрат, Мақан, Әбдісалам ұрпақтары жерленген. Күмбездің бірі Самыратқа арналған: бірақ Самырат тамы Қызылорда облысында Байқожа станциясында 12 шақырым жердегі Кеңтүбекте орналасқан.

Алмат тамы салынғаннан бастап 1957 жылға дейін осы әулет адамдарының бақи, дүние салғандарына қызмет атқарған. Соңғы жерленген Алматтың немересі Мақанның баласы Әбдіқани 1957 жылы 52 жасында. Ол әкесі жатқан күмбездің астына жерленбеген, себебі бұл кезде кіші күмбездердің ашылмайтындай құлағандықтан, атасы жатқан ортадағы үлкен  күмбездің астына қойылған екен. Сонда қатысқан кісілер ортадағы жер астына  түсетін есік арқылы ішке, кіріп, мүрдені орналастыратын орынның

кең, биік екенін және сол кеңістіктің қабырғасы, төбесі жағалай күйген кірпіштен өрілгенін көрген. Жердің бетіндегі тамның құрылысы қам кірпіштен өріліп, күйген кірпіштен қапталғаны айқын, ал тамдық негізгі бөлігі, яғни жер астындағы құрылысы терең қазылып дәлдік өлшеммен түгелдей күйген кірпішпен дөңгелетіп мұқият салғанын қариялар растайды. Бұл тамның өте күрделі сирек жобасын салдырғанда жер бетіндегі құрылысына қам кірпішті жұмсағаны туралы деректерде былай делінген:

Алматтың әкесі Тобаберген батыр башқұрт елінде Гүбірлі деген жерде жорықта қаза болыпты.Сүйегін осы жерге жеткізіп, басына қам кірпіштен там салып,өұлпытас қойған. Тарихи деректер бойынша Алмат тамын баласы Шахмұрат (Самұрат) әкесінің көзі тірісінде салдырған.

Самұрат ерте көктемде тамды салушыларға тапсырма беріп, керекті заттпен жабдықтап,елімен жаз жайлауға ұзақ көшсе керек. Күзгі ел қыстауға келгенге дейін дайын болуды көздеген екен.Жаз ортасында жұмыс барысын бақылап кетуге келсе,жер асты бөлігі біткенде, әрмен қарай құрылысты жүргізе берсе күйген кірпіш саны жетпейтіндігі анықталған.Осынша кірпішті күйдіріп, оны белгілі уақыт тынықтырып,өз дәрежесіне жеткізу қыруар күндерді керек етеді екен.Оған уақыт жетпейді, қалайда күзгі елдің қайтуынадайын болатынына уәде етілген. Самұрат құрылыстың екінші немесе жер бетіндегі бөлігінің өн бойын қам кірпішпен қалатып, сыртын күйген кірпішпен қаптап өргізген екен. Айтылған сөз, уәде азаматқа сын,баға деп санаған, намысты қолдан бермеген қайсар мінезді Самұрат белгілеген уақытында салғызып бітіріпті деген …

Ортаңғы күмбез үлкен орданың шаңырағындай, бес күмбез жағалай біріктіріліп тігілген отау – киіз үйлерге ұқсайды.Бұл Алмат әулетіне ғана арналған көп бөлмелі жер асты мавзолейі.

Орталық осы күмбезде Алмат Тобабергенұлы жерленген (1804 -1892).Бес күмбездің бірі Самұратқа арналған, бірақ Самұрат тамы Қызылорда облысында Байқожа станциясынан 12 шақырым жерде Кеңтүбекте.

Самұрат іші – сыртында бір мін жоқ зәулімде салтанатты ғимаратты салынып біткеннен кейін әкесіне көрсетіп, риза көңілін білу үшін: « Қалай, әке, ұнай ма ? – деп сауал қойыпты. Сонда шексіз риза көңілін тереңде ұстаған Алмат Самұраттың арқасынан қағып мақтамай: «Мықты болсаң, сенің де балаң осындай күмбез тұрғызсын» , – деп көп қырлы жауап қайтарған екен дейді ақсақалдар.

Алматтың мүрдесі қойылған жерге кіретін есікпен төмен түседі, салыстырмалы түрде Самарқандағы әйгілі Гүр Әмір Темірдің қабірінің құрылысы сияқты етіп жасаған. Қазірде ортадағы күмбездің жер астына түсетін   есігі түгелдейбасылып қалған. Алмат тамын 1983 жылы жас ғалым   Серік Әжіғалиев тексеріп, суретке түсіріп, құжатталып сақталу, қорғалуға тиісті сәулетті ескерткіштер тізіміне енгізді.( сонда)

Тамның айналасында көптеген қам кірпіштен салынған төрт құлақты тамдар болған, кейбірінің жер астындағы сахна қабірінде 70-80 жылдарда Ұлмекен деген Алматтың үлкен әйеліңің бұзылмай жатқан мүрдесі болған. Қорымның шет жақтары жыл өткен сайын тегістеліп кеткен.

Алмат тамының өзінде құлпытас жоқ, ертеде қойылған, қолды болған дейді.

Осы құлаған төрт құлақты тамның кейбіріндегі құлпытастар бір біріне өте ұқсас,рулық таңба орнына үлкен өрнек жазудың үстінен және астынан әсем өрнектер орналасқан. Бұл құлпытастар өндірістік жолмен алынуы мүмкін.

Салынғанына ғасырдан асқан қайталанбас құрылыс, соңғы 20- жылдың ішінде құлап бітуге жақын. Орталық күмбез тегіс опырылып ортаға түскен, есігі көмілген, тек кірер есіктегі ұзын дәлізбен бес күмбездің есіктерінің әсемдеп  өрген жоғарғы жақтаулары көрініп тұр, оның өзі соңғы жылдарда

опырылып, қирап бітуге жақын.

Үлкен күмбездің төбесінде

орналасқан әрі жарық, әрі ауаның

қалыпты алмасуын реттейтін

дөңгелек ағаш тегермеште құлаған

кесектің астында қалған.

 

1995 жылдың 28 шілде айында Ырғыз еліндегі ұрпақтары, Алмат Тобабергенұлының 190 жылдық мереке – тойын жасады. Алмат тамының басына 20-дан астам адамға Құлыптас-белгі орнатып, құран бағыштады. Еске алу рәсімі Ырғыздан 25 шақырым жерде Майтөбеде – Алмат тамының жанында өткізілді.

Кезінде бүкіл өңірге даңқы шыққан, көздің жайын алатын, сұлулықтың символындай, баланың     әкеге, ұрпақ құрметінің керемет

белгісі болған, сәулет өнерінің озық туындыларының бірі – Алмат тамы өлкеміздің ғажаптарының бірі де бірегейі.

Қорытынды

 Ұсыныстар:

  • Туып өскен өңірі Ырғыз ауданының бір мектебінде Алмат Тобабергенұлы туралы бұрыш жасалып , зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып , болашақта кеңінен таныстыру үшін мұражай жасақталуы қажет.
  • лмат Тобабергенұлының құпиялы ғимараты кезінде бүкіл өңірге даңқы шыққан, қабірі салыстырмалы түрде Самарқандағы әйгілі Гүл Әмір-Темірдің құрылысы сияқты етіп жасалған, қазіргі кезде қирап бітуге жақын. Алмат тамы 1992 жылы тұңғыш рет бейне таспаға түсіріліп, халыққа көрсетілген. Сол кезде апырай, мына кереметті,қалай салған? – деген таңданулар болған, ал қалпына келтіруді қиялдауға шама жетпейтін болып қала берген.Кезінде Ырғыз өңіріндегі сәулет өнерінің озық туындыларының бірі болған Алмат тамының қазіргі жағдайы бейне таспаға түсіріліп,  таныстырылуы және мерзімді басылым беттерінен,теледидар бағдарламаларынан қалың жұртқа насихатталуы керек.      МАЗМҰНЫ Кіріспе 

    Тарихы мен табиғаты жұмбақ өңір……………………………………………………..2-4 бет

     

    Негізгі бөлім

     І тарау. Тарас сурет салған жер

    1.1.  Ырғыздың қилы тарихы……………………………………………………………..4-7 бет

    1.2. 1928 жылғы байларды тәркілеу шараларының Ырғыз ауданындағы жүзеге асырылуы……………………………………………………………………………..8-13 бет

    1.3. Ұлттық интеллегенциядағы Ырғыз өңірінің рөлі…………………14-16 бет 

    ІІ тарау. Жармола жаңғырығы 

    2.1. Ырғыз елінің бүгінгі келбеті……………………………………………………..17-18 бет

    2.2. «Құпиясы көп қорық». Ырғыз – Торғай резерватының ашылуы…19- 22бет

    Қорытынды………………………………………………………………………………….23 бет 

    Кіріспе

    Тақырыптың өзектілігі

    Қазақтың қасиетті Атамекені–Ұлы даланың қойнауы–тұнып тұрған тарих.Әр өлкенің қадым заманнан бергі қайсар тарихы тұтаса келіп,талай қан кешу мен сәулелі сәттерді, ерлік пен қасіретті бастан кешіріп, бүгінге жеткен, әлем танып отырған еркін, егемен Қазақ елінің тұтас тарихын түзеді.

    Күні кеше ұстағанның қолында,тістегеннің аузында кете жаздаған ұлттық тарихымызды түгендеп,еліміз еңсе көтеріп жатқанда ендігі ең басты нәрсенің бірі–соның қадірін ұрпақтан–ұрпаққа жеткізу болса керек .

    Қазақтың алабөтен қонысы атақты Сарыарқаның батыс шалғайын қарпып жатқан байтақ өңірді ел Ырғыз жері дейді. Ырғыз! Бұл алғашында өзен аты болғанымен кейін ұлан-ғайыр өлке атына көшкен қасиетті сөз. Қазақ тарихында     ерекше орны бар Ырғыз өлкесі халық аузында «Жеті жұрт көшкен жер» деп аталады. Осында шындық бар десек, бұл өлкеге сегізінші жұрт XVIII ғасырда аяқ салған, Кіші жүздің ноқта ағасы саналатын ағайынды алып тайпа-Әлім-Шөменнің қалың елі және де өзгеде жекелеген рулардың қаймағы бұзылмай, қатары сөгілмей, тегіс көтеріліп, тұтастығымен  осы жерге қонған.

    Мұнан 270 жыл бұрын 1736 жылы 19 маусымда Әбілқайыр ханның арнайы шақыруымен Ырғыз даласына саяхатқа келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль қазақтың киіз үйінде отырып, Әбілқайыр ханның және оның баласы Ералы сұлтанның портреттерін салыпты. Джон Кэстель Ырғыз топырағын аттамағанда, бәлкім, Әбілқайыр ханның бейнесін теңгемізге енгізе алмаған болар едік, ал аты әлемге әйгілі орыс живописі В. В. Верещагин осыдан 138 жыл бұрын Алмат Тобабергеновтың үйінде қазақтар тұрмысынан 40-қа тарта портрет салмағанда, Европа мемлекеттері ұлтымыздың тұрмысы мен салт-дәстүрінен бейхабар болар еді.

    Ұлы даланың қай қияның шежіресі қатталып, қағазға түсіріп үлгерді дейсің. Әзірге әрідегі ұзақсонар ұлы тарихтың бізге еміс-еміс жеткен үні-аңыздар ғана.

    Ырғызды 80 көлді ел деп те атайды. Ол рас та. Сұңқылдап судан көтерілген аққу-қаздың сусылдаған қанатын, аяғын кербез басып, баппен иір мойынын маңғаз иген қоқиқазын – көлдің  сәні, табыны суатқа бас қойғанда қырда мүйізі қайқайып күзетте тұрар киігін – жердің сәні дерсіз.

    Ырғыздықтар өздерінің тұнған тарихымен орынды мақтана да біледі. Себебі, қазақ жерінде тұңғыш қоғамдық кітапхананың, алғашқы ауа райын бақылау стансасының жұмыс істеуі, 1864 жылы Торғайдан кейін іле-шала мектеп ашылуы, Ұлт-азаттық көтерілісінде атойлап шығу, Алашорданың марқасқалары туған мекен екені, 1929 жылғы Ырғыз көтерілісі сынды тамыры сонау арыға кеткен шежіресін сөйлете білу де ырғыздықтардың қолында. Теңдесі жоқ табиғаттың ғажайып құбылысы – Жаманшың метеорит кратері осы Ырғыз жерінің еншісінде. Ғалымдардың болжамы бойынша мұнан 700 мың жыл бұрын осы Жаманшыңға алып метеорит түскен. Сол он мыңдаған мегатонна бомбаның қуатындай жарылыстан тереңдігі 700 м, диаметрі 5,5 шақырымға созылатын шұңқыр пайда болған. Жарылыс төңірегіндегі қысым жүздеген килобарға, температура бірнеше мың градусқа жеткен. Осының нәтижесінде импактит, тектит (иргизит) жыныстары пайда болған. Мұнан миллиондаған жылдар бұрынғы Ырғыз даласында алып денелі хайуанаттар өмір сүрген. Осы ғажайыпқа қызыққан орыс геологтары К.К.Матвеев пен П.М.Василевский 1912-1916 жылдары Ырғыз аймағына зерттеулер жүргізіпті. К.К.Матвеев 1912 жылы осы өңірдің Шалқар теңіз (Құрдым) аймағындағы өзеннің жер қабатынан индрикотерий (сүт қоректілердің дүние жүзінде ішінара кездесетін алыбы) сүйегін тапқан. Ғылымдағы осы ғаламат оқиға туралы сол кездегі газет-журналдардың барлығы дерлік жазыпты. Өйткені, биіктігі бес метрдей, ұзындығы сегіз метрдей, бұл алып хайуанның әлемде теңдесі жоқ болатын. 1922 жылы 1-12 маусым аралығында Петроградта өткен бірінші Бүкілроссиялық геологиялық сиязда профессор А.А.Борисяк Ырғыздан табылған осы индрокотерий фаунасын жиналғандарға мақтанышпен көрсетіпті. Осындай бір алып хайуанаттың бірі 1979 жылы Ақши аулынан табылып, Ырғыз мұражайына тапсырылған.

    Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеті: Орын алған тарихи оқиғалармен бірге, табиғаттың ерекшелігі, елден шыққан зиялылар ұлт интеллигенциясының қалыптасуына қосқан үлесі, қазіргі таңдағы экотуризмді дамытуды қолға алу және табиғаттану, география, топография, әдебиеттану, тіл білімі, этнография, тағы басқа ғылым салаларына қатысты өте бағалы мәліметтер жинақталған қайталанбас өнер шығармашылығының ерекшелігін, Қазақстан тарихына қосқан үлесін  көрсету мақсат етіліп алынды.

    Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді алдымызға қойдық:

    • Бүгінгі күнге дейін жарық көрген баспа материалдары мен интернет материалдарын тауып танысу;
    • Кезінде Жармола қаласы атанған, Ырғыз елінің тарихымен, бүгінгі келбетімен саяси дамуын, жай-күйін баян ету;
    • Ұлы даладан шыққан тұлғалардың , тұлғалық ерекшелігіне тоқталу;
    • Ырғыз елінің тарихын Қазақ елінің тарихын танудағы басты дерек ретінде көрсету, баяндау болып табылады.

    «Тарих тұнған өлке. Ырғыздың кешегісі мен бүгінгісі» тақырыбының кезеңдік және географиялық шектемесі 1845-1937жж, 2001-2015жж өмір сүрген жылдарымен және саяси ықпал еткен аймақтарымен ұштастырамыз;

    Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

    Жармоланың жар басындағы тарихы мен туристік аймақ ретінде қалыптастыруға толық мүмкіндік бар табиғатын, жартас қуысында қалып қоймай Қазақ тарихындағы алатын орны бар екендігін дәлелдеу, талдау, жинақтау, сараптау жүргізу, бүгінгі ұрпақ білмейтін ел тарихын, тұлғалардың еңбегін, тұлғалық кейпін паш ету, оған біршама мысалдар жұмыс барысында келтірілді.

     

    Жұмыстың құрылымы:

    Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, екі тараудан,  қорытындыдан пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, ұсыныстан және қосымшалардан тұрады.

    І тарау. Тарас сурет салған жер

    • Ырғыздың қилы тарихы

     

    Ырғыз аймағы замандар шежіресіне    сирек   түсетін   оқиғаларға да  кенде    емес.    Кіші  Жүздің Ресейге  қосылу   оқиғасы да Ырғыз тарихындағы        ерекше         кезең.      Хан Әбілқайырдың     1731   жылы       Ресеймен достық  шартқа осы    Ырғыз     жерінде қол қойғаны белгілі. А.Сергеевтің  суреттемесіндегі «Манитюбе» осы күнгі Мәні әулие биігіне сәйкес келеді. Хан ордасы қонатын суы мол, тепсенді алаңы бар, әрі хан заманындағы қастандықтан қауіпсіз, күндіз-түні қарауыл тұратын биік қабағы, ұрыс болса, соққы беретін ұрымтал тұстары бар Ырғыз бойынан осы Мәнітөбені лайық көреді.

    Ырғыздағы әскери бекініс және тарихи оқиғалар Қазақ халқының (кіші жүз қазақтарының) Ресейге қосылуы тарихи оқиға болды. Осы оқиға Ырғыз жерінде (қазіргі Ырғыз ауданының орталығы — Ырғыз селосынан 25 км. Майтөбе деген жерде) 1731 жылы 10 қазанда іске асырылған. Кіші жүз ханы Әбілқайыр мен А. И. Тевкелев (Ресей империясының елшісі) және кіші жүз қазақтарының жиырма жеті ру басшылары Ресеймен одақ болуға ниет білдіріп, шартқа қол қойған. Бұл шарт — екі халықтың тағдыр бірлігінің алғашқы қадамы болды. Патша үкіметінің елшілік қызметімен 1748 жылы Тевкелев Қазақстанға келесі бір келгенде, сол тұста өмір сүрген Әбілқайырдың жанашыр досы Бөкенбай батыр: «Қырғыз-қайсақтар Ресей империясына қосылғанға дейін көрші елдерден қуғын көрді, жәбір шекті. Ол біздерге сенімді қорған болды. Енді ешқандай қауіп-қатер жоқ« — деп мәлімдеген. Бірақ, екі халықтың арасындағы қарым-қатынас, аралас-құраластық бірден дамып кете алмады. Оған кейбір билеуші ру басшыларының орыс мемлекетінің шығыс (отарлау) саясаты, оны бірте-бірте қазақ жерінің төріне жақындата түсуі — екі халықтың татулығына әсер етпей қоймады. Ресей әкімшілігі елді әкімшілік басқарудың жаңа жүйелерін жасап, билік етуді қолға ала бастады. Бұл жағдай қазақ хандықтары мен ел билеушілердің тарапынан қарсылық, қақтығыстарды жиі тудырып отырды. Соның бірсыпырасы Ырғыз өңірі жерімен-де, елімен-де байланысты болды. Әсіресе, 1837–1857 жылдар аралығындағы Кенесары Қасымов, Есет Көтібаров, Жанқожа Нұрмағанбетов бастаған көтерілістер қалың халық бұқарасының қатысуымен патша үкіметінің отарлық экспансиясына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалысы еді. Осы көтерілістер патшаның қарулы күшімен жанышталып басылғанымен, орыс патшалығы халық дүмпуінен сескеніп, он сегізінші ғасырда салынған Уйск-Ақбасты, Ертіс- Усть-Каменогорск, Ешім-Тобыл бағытында салынған әскери бекіністердің үстіне XIX ғасырдың 40 жылдары Орск-Акмешіт бағытында да бірнеше бекіністер салуды ұйғарған. Сөйтіп, қазақ арасындағы толқулардың күшеюіне тоқтау салуды және Орта Азияны өзіне қаратып алу саясатын жеделдету бағытын ұстаған. Осы мақсатқа сай, жаңа стратегиялық маңызы бар жолдарда әскери бекіністер салатын жерлерді анықтауға 1839 жылы түрлі мамандық иелерінен құрылған әскери экспедиция шығарған. Орынбор әскери губернаторы, генерал В. А. Перовский бастаған әскери экспедиция Орск-Ырғыз-Арал-Акмешіт аралығын мұқият зерттеген. Соның нәтежесінде Ырғыз, Торғай, Райым (Қазалы) бекіністерін салу шешімі алынып, оның құрылыстары бір мерзімде қолға алына бастаған. Жоғарыда аталған Торғай, Ырғыз, Райым (Қазалы) әскери бекіністерінің салынуы — Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, Әулиеата сияқты қалаларды басып алуды жеңілдетті. Бұл патшалық Ресейдің Орта Азияны отарлау саясатын сеніммен одан әрі жүргізе беруіне үлкен мүмкіндік туғызды. Ырғыз әскери бекінісінің ірге тасы 1845 жылы қаланып, алғашқыда ол Орал әскери бекінісі деп аталды. Мұндағы бекіністі салушы құрылысшылар мен әскери құрама негізінен Орал бойындағы қалалардан келтірілген казактар мен орыстар еді. Бекініс салатын орындарды (жерлерді) Орынбор губерниясының әскери экспедициясы мұқият барлап, көп ізденістер жасаған. Алғашқыда Айырқызыл — Қарақоға аралығынан болады деп межелеген. Бекініс болатын орынның әскери стратегиялық және тактикалық ыңғайлылығы, бекіністі қамтуға жергілікті отын, су көздері, құрылыс материалдарын дайындау қорының тұрақты болуы ескерілген. Кейін экспедиция құрамындағы генерал шенін алған геодезия, әрі құрылыс маманы Н. Бларамберг деген кісі Ырғыз өзенінің бойындағы «Жармола» (Жар басында мола болған) деп аталатын осы түбекте әскери бекіністі орнату қолайлы деп тауып, жоғарғы орындардың шешімімен бекіттірген. Ырғыз әскери бекінісінің алғашқы құрылысы 1845 жылы көктемде басталып, әуелі әскери бекіністің әкімшілік үйі 250–300 солдат орналасатын казарма, асхана, оқ-дәрі қоймасы, ат қора салына бастаған. Бекіністің құрылысын жүргізуге инженер-прапорщик Михайлов басшылық еткен. Бекіністі салудың одан арғы жоспары 1845–1864 жылдары аралығында 20 жыл ішінде толық жүзеге асырылды. Тұрғын үй, бекініс объектілерінен басқа патша үкіметінің әскери қаражатының есебінен-православие дінінің шіркеуі салынды. Бұл шіркеудің бекініске келтірілген әскери құрама мен жаңадан қоныстанушы қазақ-орыстарды тұрақтандыру үшін қажеттігі үлкен болған. Сондай-ақ, 10 төсекті лазарет (аурухана) пен пошта үйлері-де әскери қаражатқа салынған. Ол кездегі пошта Орск-Қарабұтақ-Ырғыз-Арал-Қазалы трассасы арқылы 1905 жылға дейін тасылған. Орынбор — Ташкент теміржол магистралі құрылысы аяқталғаннан кейін, бұрынғы пошта тасу трассасы жабылып, пошта теміржол (Орынбор-Ташкент) линиясы арқылы Шалқардан Ырғызға тасылатын болған. XIX ғ. 60-шы жылдары Ырғыз бекінісі материалдық жағынан әбден нығайып қалған еді. Келіп қоныстанушы казак-орыстар да жергілікті жағдайға қалыптасып, осы өңірдің табиғат байлығы мен халық дәулетін өз қажеттеріне еркін пайдалана бастады. Осы жылдары бекіністе мыңның үстінде халық болды. Оның көпшілігі әскери адамдар мен жаңадан келіп қоныстанушылар еді. Бекіністің әскери құрамында 250-300-дей тұрақты солдат болған, оны капитан шеніндегі патша офицері басқарды. Бекініс Орынбор губерниясының әскери округіне бағынды. Бекіністің әскерлері кейде жан-жақты өтіп жатқан қазақтардың көшіне сылтауратып тиісіп, оларды қорқытып-үркітіп, берекесін қашыратын уақиғаларға душар етіп отырған. Осы жылдары патша үкіметінің отарлау саясатын түсіне бастаған халық бұқарасы жер-жерден наразылықтар білдіріп, бас көтере бастаған ірілі-уақты уақиғалар аз болмады. Сондай бас көтеру Ырғыз өңірі мен іргелес Торғай, Қазалы жерінде-де жиі болып тұрды. Солардың қай қайсысын болса да басып жаныштауға бекіністің әскери күші жедел атсалысып отырған. Әсіресе 1857 жылы Қазалы маңы қазақтарының патша әкімшілігіне қарсы шыққан қозғалысын аяусыз жаныштауға жан-жақты бекіністер құрамасымен бірге Ырғыз бекінісінің әскерлері-де белсене араласқан. Сөйтіп, патша үкіметінің отарлау саясатын іске асыруда және өзіне қаратылған территориясы сеніммен ұстап тұруда, басқа бекіністер сияқты Ырғыз әскери бекінісі-де патша үкіметі алдында лайықты іс атқарып отырған. Қазақстанның Ресей империясына толық қарап болуымен байланысты патша үкіметі 1867–1868 жылдары басқарудың Ресейлік жүйесіне елді көшіре бастады. Патша үкіметі басқарудың «уақытша ережесін» бекітіп, 1867–1868 жылдары Қазақстанда бірнеше облыстар құрды. Олардың ішінде Орал, Торғай облыстары-Орынбор губернаторлығына, Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан губернаторлығына бағындырылды. Әр облыстың басшылығында әскери губернаторлар отырды (облыстар уездерге бөлінді, уез бастықтары болып патша офицерлері тағайындалды). 1868 жылы Орал бекінісінің негізінде Ырғыз уезі құрылып, содан бастап Ырғыз уезінің атауымен бекініс Ырғыз қаласы деп аталынды. Ырғыз уезі Торғай облысының құрамына қарады. (Ырғыз уезінің құрамында 12 болыстық (Аманкөл, Бақсайыс, Қабырға, Кенжеқара, Құланды, Қызылжар, Талдық, Тәуіп, Темірастау, Шенгелді, Ордақонған) пен 83 ауылнайы бар әкімшілік-территориялық жүйе жұмыс жасады. Онда 16634 үй, 85 мыңдай халық тұрды. Ырғыз уезінің құрылуы — өңір халқының экономикасы мен әлеуметтік жағдайының біркелкі жақсара түсуіне әсер еткен. 1891 жылы уезде 627259 қой, 114643 жылқы, 47380 сиыр, 65887 түйе болды. Ырғыз қаласында бірнеше жеке саудагерлердің сауда лавкалары салынып, алып-саттық ісі өрістей түсті. Әсіресе, татар, өзбек саудагерлері көптеп келе бастады. Өйткені, бұл өңір халқының аяқ жетер жерде базары жоқ еді. Олар жергілікті халықтың малын, мал өнімдерін су тегінге саудалап алып отырды. Кейін Ырғызда маусымдық жәрмеңке ұйымдастырылып, оның сауда айналымы 300 мың сомның көлемінде болды. Жәрменкенің жұмыс істеу кезінде көрме ұйымдастырылып, оған жергілікті мал шаруашылығы өнімдері мен сатылатын өндіріс тауарларының түрлері қойылған. Сонымен бірге спорттық ойын-сауықтар қоса ұйымдастырылып, көрмеге халықтың көп қатысуы қарастырылған. Кейін осы жәрмеңкенің тұрақты орны — Ырғыз өзенінің сол жағалауына салынып, оның қарамағындағы бірнеше қойма үйлері және теріні алғашқы өңдеуден өткізілетін зауыт салынған. Ярмаркада сатылып алынған өнімдер одан әрі Орталық Ресейге жөнелтілді. Ырғызда сауда-саттықтың өрістеуі қызметшілер мен жұмысшы қолын керек етіп, жергілікті халықтың да көшіп келіп қоныстануын қажет етті. Сөйтіп, Ырғыз қаласында XIX ғасырдың 80 жылдары 3,5 мыңдай халық болды. Ол кезде үш мыңнан астам халқы болса қала деп те атаған. Тарас Шевченко А. И. Бутаков экспедициясының құрамында Орынбордан Аралға өтіп бара жатып, 1848 жылы Ырғызда бірнеше күн аялдап, табиғатын қызықтап, жергілікті халықтың атауымен өзінің «Ырғыз — қала» деген картинасын салып қалдырған. Сол кезде Қазақстанда бар болғаны отыз шақты ғана осындай қала болған. Соның бірі — Ырғыз еді. Сонымен бірге Ырғыз қаласының салынуы және уезд әкімшілігінің құрылуы халықтың әлеуметтік өміріне өзгерістер әкеле бастады. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық жұмысы да осы Ырғыз жерімен байланысты. 1879 жылы Торғай облысында Ыбырай Алтынсариннің ықпалымен ашылған 4 екі кластық орыс-қазақ училищесінің біреуі осы Ырғызда ашылды. Онда жыл сайын 50 бала оқып білім алды. Училищенің алғашқы мұғалімдері болып Қазан қаласының мұғалімдер даярлайтын семинариясын бітірген Григорьев, Спиридонов деген татар жігіттері қызмет атқарды. Бұл кісілердің қазақ тілін жақсы білуі оқушылар контингентінің толық сақталуына әсер етті. Кейін Ырғыздың өз түлегі Бөлебай Сарбатыров Орскідегі мұғалімдік оқу орнын бітіріп, осы училищеде ұзақ жылдар бойы мұғалім болды. Сондай-ақ, Қазақстандағы тұңғыш қазақ қыздар училищесі 20 орындық интернатымен 1887 жылы Ырғызда ашылды. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда жер-жерде осындай орыс-қазақ мектептері ашыла бастады. Патша үкіметі бұл мектептер арқылы қазақтарды орыстандыру саясатын ұстанғанымен, оның қазақтар үшін үлкен прогрессивті маңызы болды. Ал Ыбыраймен бір көзқараста, ниеттес болған Шаһмұрат Құлыбеков — Орынбор қаласындағы шекара комиссиясы жанынан ашылған орысша мектепті 1857 жылы бітірген жиырма қазақ баласының бірі. Сол жиырманың ішінен үздік оқығаны үшін губернатор Катениннің бұйрығымен бес балаға зауряд-хорунжий атағы берілген. Бес баланың қатарында Ыбырай Алтынсарин мен Шаһмұрат Құлыбеков болған. Шаһмұраттың ұйымдастыруымен 1864 жылы 25 қазанда Ырғызда тұңғыш бастауыш қазақ мектебі ашылды. Бұл білім ұясы Ақтөбе аймағындағы тұңғыш мектеп деуге болады. Бұл мектептерден өңірдің елге тұлға болған мықты азаматтары білім алды. Олардың ішінде Ахмет және Мұхамедияр Тұңғашиндар Варшава университетін, қазақтың тұңғыш теміржолшыларының бірі болған Төлепберген Серғалиев Петербургтегі І Александр атындағы теміржол инженерлері институтын бітіріп, мамандықтары бойынша білім алған. Ұзақбай Құлымбетов, Бәймен Алмановтар мемлекет, қоғам қайраткері деңгейіне дейін көтерілсе, Бөлебай Сарбатыров өзі бітірген училищеде ұзақ жыл ұстаз, Теңізбай Баймурзин Қазақстан Республикасының әскери комиссары болып істеді.
    Ырғыз топырағынан шыққан алаштың ардақты азаматтарының есімдері әрдайым мақтанышпен аталады. Қазақ халқының тұңғыш дәрігерлерінің бірі Мұхаметжан Қарабаев байтақ даладағы алғашқы аурухананы Ырғызда ашып, осында он жылдан астам қызмет жасаған.
    Өңір тарихы талай сырды бойында бүгіп жатыр. 1867 жылдан бастап 1869 жылы тарқатылғанға дейін Орынбор облысы қазақтарының батыс бөлігін басқарушы сұлтаны (Адай елінің сұлтан правителі) болған Әбілқайыр ұрпақтарының бірі Әлмұхамед Сейдалин Статский кеңесші шенін алып, 4-дәрежелі әулие Владимир орденінің иегері болған. Атақты Мұхиттың «Зәуреш» әніндегі Зәуреш осы кісінің бірінші жамағаты екен. Тарих деректері Әлмұхамедтің де, оның зайыбы Зәурештің де Ырғыздың іргесіндегі «Зират» аталатын қорымда мәңгілік демалып жатқанын баяндайды.
    Бұл өлкеде Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі өткені тарих беттерінен белгілі. Әліби Жангелдиннің революциялық істері Ырғыз өңірінде жалғасын тапқан. Дала өлкесінің төтенше комиссары осында 1919 жылы Ырғыз эскадронын ұйымдастырған. Ырғыз топырағында Ұзақбай Құлымбетов, Темірбек Жүргенов, Телжан Шонанов, Тел Жаманмұрынов, Бәймен Алманов және басқа да республика көлемінде танымал болған мемлекет қайраткерлері дүниеге келген. Ырғыз — халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың арғы атасы Ырғызбай туған мекен. Өңірдің ежелгі тарихы талай кітаптарға арқау боларлықтай. Жөкей сияқты жыраулар, Мазы Бұзаубайдай ұтқыр сөздің иесі, шежіреге аңыз болған Мәні әулие, сардар дана Жаныс, байлығына көсемдігі жарасқан Байғабыл, ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Тайшым Орысұлы тәрізді елге белгілі есімдер Ырғыздың киелі жерімен сабақтас жатыр.
    Орыс мәдениетінің өкілдері — Т. Шевченко, Н. Бларамберг, Даль, А. Добромыслов, Л. Васильев, Алектеров сияқты азаматтар Ырғызда болып, халықтың жағдайын объективті түсініп, халыққа ой туғызды және олардың тұрмыс халін жанашырлықпен жазды. Халық ағарту жүйелерінің Ырғызда ашылуы халықтың көзін ашып, сауатты адамдардың шығуына себеп болды. Ырғыздың екі кластық орыс-қазақ училищесінің түлектері Бөлебай Сарбатыров, Мұхамед-Рахым Сәтбаев, Медресін Тереков, Ахметжан Кадіров, Жанат Сүгірбаев, Муса Дайрабаев, Әлмен Әзірмәмбетов, Нұрекеш Оразымбетов, Ахмет Тұнғачин, Байман Алманов, Ұзақбай Құлымбетов және басқалары Орынбор, Троицк, Орск, Қазан, Петроград, Мәскеу, Варшава қалаларының оқу орындарына түсіп, түрлі мамандықтарды иеленді. Көпшілігі оқытушылық білім алып, ауыл мектептерінде мұғалім болды. Елдегі балалардың алғашқы сауатын ашқан осы аталған азаматтар еді. Сондай-ақ өңірде кітапхана қызметі 1905 жылдардан бастап ашылды. Оның қорында 1245 кітап болды
    1.2. 1928 жылғы байларды тәркілеу шараларының Ырғыз ауданындағы жүзеге асырылуы 

    1928 жылдың 4 қыркүйегінде байларды кәмпескелеу және жер аудару жұмыстарын аудандарда ұйымдастыру туралы Ақтөбе аймақтық атқару комитетінің президиумының отырысында кәмпескелеу жұмыстарын жүргізу үшін:

    Шалқар ауданына – 1000 рубль;

    Ырғызға – 500 рубль;

    Қарабұтаққа – 500 рубль;

    Темірге – 350 рубль;

    Мағаджанға – 300 рубль;

    Ақтөбе ауданына – 200 рубль;

    Елек ауданына – 200 рубль;

    Шыңғырлау ауданына – 200 рубль;

    Қобда ауданына – 400 рубль ақшаны аудандық ұйымдастыру бюроларына бөлу туралы қаулы қабылданды.

    Ырғыз ауданы бойынша кәмпескелеу жұмыстарына өкіл болып – Жаңабаева,  Шалқарға – Манаев, Қарабұтаққа – Жандосов, Темірге – Қонаев, Мағаджанға – Оспанов, Ақтөбеге – Ақсартов, Елек ауданына – Тастамбеков, Шыңғырлауға – Асамбеков, Қобда ауданына – Терлікбаевтар жауапты өкіл болып тағайындалды.

    Ырғыз ауданы бойынша Әлібаев,Шалқар ауданы бойынша Кенжалиев, Қалымбетов, Байқанов, Абдуллин, Резанцев, Қарабұтақ ауданы бойынша Тоқмырзин, Темір ауданы бойынша Сятов, Мағаджан ауданы бойынша Баржақсин, Арынғазин, Ақтөбе ауданы бойынша Ниеталин, Қобда ауданы бойынша Жантілесовтер аталған тәркілеу жөніндегі өкілдерге көмекші болып бекітілді

    Осы Президиумның отырысында Ақтөбе аймағынан кәмпескеленіп, жер аударылуға тиісті ірі байлардың тізімі жасалынды. Бұл тізім бойынша Ақтөбе аймағынан  61 бай жер аударылуға тиіс болды

    Ол бойынша: 1. Ырғыз ауданы бойынша:

    І деңгейдегі байлар:

    1. Байзақов Қабылбай 4. Кенебаев Баймен
    2. Бижанов Қожабай 5. Орманов Оразалы
    3. Байзақов Әміреш 6. Сәтбаев Ержан

     

    ІІ деңгейдегі байлар:

    1. Жүргенов Қара 2. Байзақов Қартбай

     

    1. Темір ауданы бойынша:

    ІІ деңгейдегі ірі байлар:

    1. Шошин Намазбай 4. Жәнібеков Әзима
    2. Аманов Жантөре 5. Бәжібаев Құйындай
    3. Шошин Әбіш

    ІІ деңгейдегі ірі байға Қалменов Алпысбай жатқызылды.

     

    1. Ақтөбе ауданы бойынша І деңгейдегі ірі байға Жұмин Үсембай жатқызылды. ІІ деңгейдегі байларға:
    1. Сүлейменов Кәрім 3. Жабаев Қали
    2. Ермұхамедов Нұрым

     

    1. Шалқар ауданынан кіргендер:

    І Деңгейдегі ірі байлар:

    1. Жиесов Иса 13. Орманов Оразқұл
    2. Сүлейменов Алшағыр 14. Тотанов Аянас
    3. Құлжанов Қадыр 15. Қызылбасов Томпақ
    4. Мұхтаров Нағым 16. Батақов Мухамедияр
    5. Қызылбасов Баймен 17. Ержанов Қалмағамбет
    6. Нұрбаев Закир 18. Бірімжанов Мінәш
    7. Жұманшин Құдайберген 19. Жасағанбергенов Кенжебай
    8. Бажанов Кенжеғара 20. Жасағанбергенов Баймен
    9. Шалқошқаров Байғожа 21. Тоқтығұлов Қалет
    10. Шалабаев Отарбек 22. Биманалин Құлекен
    11. Бекбасов Рысқұл 23. Қасмағамбетов Көлжай
    12. Акешев Исатай 24. Кенжеғарин Мырзалы

    ІІ Деңгейдегі ірі байға Шалқар ауданы бойынша Молдин Құдайберген енгізілді.

     

    1. Мағаджан ауданы бойынша:

    І деңгейдегі байлар:                                  ІІ деңгейдегі байлар:

    1. Жайықов Қабас 1. Баймағанбетов Ғани
    2. Жаңгереев Мәкім 2. Тілеубаев Мамбетәлі
    3. Шабақов Арын

     

    1. Шыңғырлау ауданы бойынша:

    І деңгейдегі байлар:                                   ІІ деңгейдегі байлар жоқ

    1. Құрманов Қален
    2. Байшов Хайролла
    3. Баяндиев Боран

     

    1. Қарабұтақ ауданы бойынша:

    І деңгейдегі байлар:                                   ІІ деңгейдегі байлар жоқ

    1. Қысықов Олжай
    2. Қанатбаев Дәуіт
    3. Ержанов Ерқосым
    4. Даубаев Мамыт
    5. Итқарин Рысмағамбет

     

    1. Елек ауданы бойынша:

    І деңгейдегі байлар:                                   Бұл ауданда ІІ деңгейдегі байлар жоқ

    1. Дәуітов Дәулет
    2. Дәулетов Жұмағали

     

    1. Хобда ауданы бойынша:

    І деңгейдегі байлар:                                   ІІ деңгейдегі байлар жоқ

    1. Құдайқұлов Боранбай
    2. Мәмбетов Қази
    3. Байқадамов Қабақ

    Қазақтың бар байлығы – малы. Малынан айрылған халықты “жүгендеп” ұстаудың жеңіл болатындығын Кеңес саясаткерлері түсінді. Сөйтіп тамыры тереңнен басталған, ақырында қазақтың жартысын жоқ қылуға апарған тарихтың қанды зұлмат беттері ашыла бастады. Сол кездегі қазақтың бетке ұстар алдыңғы топтары болып есептелген байларын кәмпескелеу әр ауданда бөлек-бөлек жүргізілді және кәмпескеленген әр байға мемлекет көңіл бөліп, акт жасалынды. Оның қай рудан, қанша малы барлығына көңіл бөлініп, қағазға жазылып, мұрағатқа тапсырылған.

    Осылардың ішінде Ырғыз ауданы бойынша тәркіленген, жер аударылуға тиіс байлар:

    1. Байзақов Қабылбай-50жаста. Отбасында 8 адам бар. Төртқараның Бәйбегінен. 516 бас малы бар. Ырғыз ауданының №12 ауылынан. Қыста Ақшиді, жазда Ырғыз жерінде көшіп жүреді .
    2. Байұзақов Қартбай-қазақ тарихындағы белгілі, ықпалды, хан көмекшілерінің бірі болған Көбектің тұқымдары болып есептеледі. Патша тұсында Байұзақовтар бұрынғы Ырғыз уезінің Қызылжар болыстығының толық қожасы болған. Патша тұсында олар патша шенеуліктерімен, губернаторлармен, уездік бастықтармен достық қатынас орнатып, Ырғыз уезіндегі патша саясатын іске асыруға ат салысады. Байұзақов Қартбай 3 жыл би, 3 жыл ауылнай және 6 жыл Қызылжар болысының билеушісі болып қызмет атқарған. Буржуазиялық ұлттық “Алашорда” қозғалысына Байұзақовтар тікелей қатыспаса да, оған үлкен сүйіспеншілікпен қарап, материалдық көмек берген. Мысалы: осы қозғалыстың Ырғыз – Торғай өңіріндегі жетекшісі Темірбековке Байұзақов Қартбай 10 іріктелген жылқы, Байұзақов Қабылбай 30 шақты әртүрлі мал берген .Қартбай Байұзақов –65 жаста. Жанұясында 18 адам бар. 1928 жылдың 18 қарашасында Қарқаралы округіне жер аударылған. .
    3. Жүргенов Қара-65 жаста. Өзінің шығу тегі жағынан бай, ақсүйек қазақ жанұясынан шыққан. Ірі қараға шаққанда 388 бас малы бар. Қарамағында 4 жалшы жұмыс істейді. Патша тұсында Жүргенов біраз жыл бойы болыс билеушісі болған. Руы-Шөмекей, оның ішінде Сарқасқа. Жазда Мамытты, қыста Бұхара маңындағы Қызылдың құмын қыстайды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысады. Қазақша сауатты. Өзінің руының арасынада қазіргі кезде үлкен ықпал мен беделге ие. Қара Жүргенов ауылдық кеңеспен болыстық атқару комитеттерінде өз адамдарын ұстайды. Оны мына жағдай дәлелдейді. “Таукөл” деген жерде Қарабай өзінің қыстауын салған. Бұл жерден басқа біреудің қыстау салуына ол рұқсат бермейді. Бұлардан басқа Жүргенов Қара халыққа ықпал ету мақсатында 1926 жылы өз қыстауының маңынан өз қаржысына мешіт салдырған. Мешіт Қараның өз атымен аталды. Ол 1927 жылдың 27 қарашасында Қарқаралыға жер аударылған .
    4. Сәтбаев Ержан – 48 жаста. Жанұясы алты адамнан тұрады. Бай, әрі болыс болғандықтан сайлау құқынан айрылған. 1923 жылғы сайлауда болыстық атқару комитетінің құрамына жиені Бижановты енгізген. Қазіргі кезде Сәтбаев бұрынғы Жаркөл болыстығындағы байлар тобының жетекшісі болып табылады және партия-кеңес аппаратын жою үшін жұмыс істеуде.
    5. Байұзақов Әміре 1918 жылы өлген бай Байұзақов Байғабылдың екінші әйелінен туған бала. Ырғыз ауданының № 12 ауылынан. Жаңұя құрамы алты адам. Руы – Төртқараның «Бикбек» (Бәйбек – авт.) аталығынан. Ырғыз өзенінің бойын көшіп-қонып, қыста Ақшам өзенінің бойын қыстайды. Ірі қараға шыққанда 510 бас малы бар. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысады. Әміре өзінің жастығына қарамастан (19 жаста) бүкіл Ырғыз уезіне танымал сыйлы ақсақал болған Байұзақов Байғабыл сияқты халық арасында үлкен беделге ие. Оның әкесі 12 жыл би, алты жыл ауыл басшысы, 12 жыл болыс билеушісі болған. Байұзақов Әміре бұрынғы Ырғыз болыстынғындағы ірі байлардың бірі. Оның шаруашылығы шаруаларды қанау, оларға еңбек ақыны аз төлеудің арқасында үлкейіп келе жатыр. 1928 жылдың 25 қарашасында Ақтөбе территориясынан Қарқаралыға кету керек .
    6. Кенебаев Баймен «Құмақай» руынан шыққан. Жасы – 46-да. Ірі қараға аударғанда 327 бас малы бар. Жанұя мүшелерінің саны – 6. Үйін тұрақты жалшы ұстайды. Бай есебінде сайлау құқығынан айырылған. Салықты аз төлеу мақсатында малының бір бөлігін кедейлерге пайдалануға берген. Сайлау құқынан айрылғандығына қарамастан 1924 жылы болыстық атқару комитетінің төрағалығына түрлі жолдармен сайланып, екі жыл қызмет атқарған .
    7. Бижанов Қожабай – 30 жаста. Жанұясында – 8 адам бар. Бақиақ Қолыбай руынан шыққан. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысады. Ырғыз ауданының № 11 ауылынан. Ірі қараға шыанда барлығы 315 бас малы бар. 1928 жылдың 12 қарашасында Ақтөбе округінен Қарқаралыға жер аударылған.
    8. Орманов Оразалы туралы мәліметтер әзірге болмай отыр.

    1928 жылдың 28 қазанындағы мәлімет бойынша Ырғыз уезіндегі байлардан ірі қараға шыққанда мынадай мал кәмпескеленді:

    1.    Байұзақов Қабылбай – 275 бас.

    2.    Байұзақов Қартбай – 267 бас.

    3.    Байұзақов Әміре – 272 бас.

    4.    Бижанов Қожабай – 256 бас.

    5.    Жүргенов Қара – 175 бас.

    6.    Кенебаев Бәймен – 199 бас.

    7.    Сәтбаев Ержан – 125.

    1. Орманов Оразалы-…

    Барлығы 1840 бас ірі мал тәркіленген .

    Сонымен, 1928 жылғы Ақтөбе өлкесінде, оның ішінде Ырғыз өңірінде жүргізілген кәмпескелеу жұмыстарына кім іліккендігі жайлы қысқаша деректер осындай. Негізінен кәмпескелеу жұмыстарына үлкен мән берілгендігі соншалық, кәмпескелеу жөніндегі аудандық комиссияның құрамына ауылдық кедей – батырақтары мен орташа табын кәмпескелеу науқанына дайындайтын арнайы үгітшілер кіргізілген. Бай, жартылай феодалдарды кәмпескелеуде түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аудандарға жіберілген адамдар саны былай болды:

    Аудандар атауы            Өкілдер және көмекшілер        Арнайы және үгітшілер

    Қарабұтақ                                мәлімет жоқ                             –      –

    Ақтөбе                                               4                                        20

    Қобда                                                 3                                        15

    Елек                                                    2                                        8

    Шалқар                                              24                                      17

    Темір                                                  8                                        55

    Шыңғырлау                                       4                                        7

    Мұғаджар                                          12                                      –

    Ырғыз                                                 9                                       –

    Барлығы                                             64                                    122

    Түсіндіру жұмыстары ауыл белсенділері арасында әлсіз болды. Кәмпескелеуге дайындық жұмыстары партия ұйымының төменгі, яғни ауылдық құрылымында болған жоқ. Бұның өзі кейбір сәтсіздіктерге жол берді. Байлар кәмпескелеуді жүретінін ерте біліп,  оған қарсы мықты дайындалды. Олар малды кедей – батырақтарға уақытша пайдалануға берді және көп мөлшерін сатып, көрші аудандарға қуып апарып тастап отырған. Сонымен қатар олар кедейлерді өз жағына шығаруға барын салып, малдарын тығып тастаған. Шалқар, Темір және Мұғаджар аудандарында кедейлердің бас көтерулері бола жаздаған. Науқан кезінде байларды бүкіл халықтың қорғап, жиналыстарда сөйлеуі 2 жерде көрінген:

    1. Мағаджан ауданында бай Шабақов ауылдағы үгітті дайындау жұмыстарын өзі жүргізген. Жиналыста кедейлер оны кәмпескелеу мен жер аударуға толық қарсы болды.
    2. Бұл жағдайда байлар да қарап отырмай, неше түрлі айла – шарғыларға барған. Мысалы: Бай Мұхтаров Нағымның өгей шешесінің арызында екі баласының біреуін өзінің күйеуінен, екіншісін басқа еркектен тапқанын айтып, сол екінші баланы жер аудармауды өтінеді. Кеңес үкіметінің жергілікті органдары бұған жауап ретінде: “олар осылай жанұясының бір мүшесін қалдыру арқылы біріншіден бұрын тығып тастаған малдарын пайдаға жаратады. Екіншіден, ол халықтың арасында өз әулетінің бұрынғы үстемдігін қалпына келтіріп, қалғандарына тірек пунктінің ролін атқарады және бұл жерде олар бұрынғы бай шаруашылығының толық жойылуына және бұрынғы үстемді жағдайларының күйреуіне жол бермеуге тырысып отыр. Кеңес үкіметі осыларды ескере отырып, шағымға құлақ аспайды”,-дейді”.

    Сонымен қатар кәмпескелеумен бір уақытта ауылдық кеңес пен болыстық атқару комитеттерінде тәркіленген малдарды батырақ кедейлерге бөлу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс кезінде кедейлердің мүліктік жағдайы, жанұя мүшелерінің саны және олардың байларға туыстық жақындығы қатаң есепке алынуда. Малды жекелерге және құрылғалы жатқан колхоз – совхоздарға бөлу былай жоспарлануда:

    Аудандар

    Совхозға(%) Колхозға (%) Жекеге (% – пен)
    Шалқар 40 60
    Темір 20 20 60
    Ырғыз 25 10 65
    Қарабұтақ 20 20 60
    Қобда 10 60 30
    Елек 70 30
    Ақтөбе 65 35
    Мұғаджар 10 65 25

    Кәмпескелеу қорытындысы кәмпескелеу жоспарының жартылай ғана орындалғандығын көрсетеді. Құжаттарда басты себеп деп кәмпескелеу жөніндегі қаулының шығуы (1928 жылдың 1 қаңтары) мен жүргізілуінің арасындағы (1928 жылдың қыркүйегі) уақыттың ұзақтығы деп көрсетілді. Осы уақыт аралығында байлардың малының құрамында үлкен өзгерістер болып үлгерді.

     

    1.3. Ұлттық интеллегенциядағы Ырғыз өңірінің рөлі

    1968 жылы Ақтөбе облысына келген бір сапарында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сол кездегі Ырғыз ауылпарткомының бірінші хатшысы Сәндіғали Құсайыновқа: «Ырғыз тарихи жер, егер Орталық комитет Ырғыздың экономикасы мен мәдениетін дамыту жайлы қаулы алса, қалай болар еді», – деп шуақты лебізін білдірген еді. Сол ықыласты ниеттің арқасы өңірдің өркендеуіне өз септігін тигізді. Тарихи жердің оқу-ағарту ісі мен интеллигент қалыптастырудағы орнын айқындау ұрпақ парызы болар деп білдім. «Біз әуелі елді түзетуді – бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» – деген болатын алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынов. Оқу ағарту ісінің туған өңірдегі, Ы.Алтынсарин негізін қалап білім шырағын жаққан Ырғыз жеріндегі білім беру ісінің жолға қойылып, қарқындай бастауы сол кезеңдегі ұлт интеллигенттерінің ерен еңбегі болатын. Ақтөбе өңірінде алғашқы болып 1864 жылы 25 қазанда бастауыш қазақ мектебі ашылады. Бұл мектептің мұғалімі болып Орынбор шекаралық комиссиясының мектебін Ы.Алтынсаринмен бірге бітірген Шахмұрат Құлыбеков қызмет істейді. Осыдан кейін өлкеде үкіметтің саясатын, ғылым, білім, мәдениетін нақтылы оқыту қажеттілігінен Ы.Алтынсариннің ықпалымен Ресей Халық ағарту Министрінің 14 сәуірдегі №4146 жарлығымен Ырғызда 1879 жылы арнайы штат беріліп, екі кластық орыс – қырғыз училищесі ашылады. Мұнда қазақ, орыс балалары бірігіп оқитын болып, училищеге алғаш рет 26 қазақ, 28 орыс, 2 еврей балалары қабылданады. Халық ағарту министрлігінен 460 сом, Ырғыз қалалық қоғамынан 800 сом, жыл сайынғы жиналатын салық есебінен төленетін болып 1400 сом, жалпы соммасы 2620 сомды құрайтын қаражат училищені қаржыландыру барысында бөлінеді. Ырғызда мектеп үйін сатып алу үшін 4000 сом бөлінеді, ал заман талабына сай мектеп салу үшін 20 мыңнан 40 мың сомға дейінгі қаржы керек болады. Уақыт тығыздығына байланысты уақытша деп мектеп үйі үшін 4000 сомға әзір тұрған үй сатып алынып, пайдалануға беріледі. Қазақтардың жеке берген қаражаты мен қауым қаржысы және Ы.Алтынсариннің ізденіп елден жинаған ақшасымен мектеп үйіне парта, стол тағы басқа жабдықтар, оқу құралдары алынады. Мектепке Қазан оқушылар семинариясын бітіргендер мұғалім етіп алынады.1887 жылы 15 қыркүйекте Ырғыз қалалық бір кластық қыздар училищесі ашылып, онда 17 қыз қабылданады. Бір жылдан кейін осы мектеп жанынан қазақ қыздары үшін 18 орындық интернат үйі ашылады. Интернаттағы оқып жатырған қазақ қыздарына сол кездегі Ырғыз қаласының зиялылары ерекше қамқорлықпен қарайды. Әсіресе Сұлтан Әлмұхамбет Сердалин мен уез бастығының әйелі Гайжевская қазақ қыздарының тілді меңгеруіне, сабақ үлгеріміне, киім-кешегіне, өзге ұлттармен етене жақын араласуына көп көмек еткен. Бұл ел қамқоршыларының ұлт санасын оятып, ұлт интеллигентін қалыптастыру барысындағы игі істерінің бір парасы ғана.        Шалғайда жатқан Ырғыз қаласында осы оқу орындарын ашуға тұңғыш педагог – ағартушысы Ыбырай Алтынсарин белсенді араласты. Ы. Алтынсарин секілді ұлт зиялысы болмағанда елдің ертеңі не боларын кім білсін, қазірде дәл сондай сананың улануына жол бермейтін, көш ілгері жылжуға ықпал етер ұлт интеллигенттерінің керегі айқын. Себебі, патша үкіметі елді оқыту, сауаттандыру мақсатында емес, халық тілін меңгерту барысында ғана оқытуды қолдаған болатын. Жанашыр зиялылардың арқасында қырағы көз қазақ жұртшылығы ілгерілеу жолында болып, өзіндік бағдар ұстанды. Қазірде ғаламдану заманы деп, ұлттық болмысты жоғалтып алмай ұлттық интеллигенцияны сақтап қалу ел жастарының еншісінде. Дәл осы оқу орындарынан халыққа адал қызмет еткен Ырғыз өңірінің бірнеше саналы азаматтары тәрбиеленіп шығады. Бөлебай Сарбатыров, Мұхамед-Рахым Сәтбаев, Медіресін Тереков, Жәнет Сүгірбаев, Мұса Дайрабаев, Алман Әзірмәмбетов, Ахмет Тұңғашин, Әбіш Тойбазаров, Төлепберген Хасанов, Таран Беркінбаев, Сержан Шонанов, Төлепберген Серғалиев, Нұркен Оразымбетов, Ахметжан Кәдіров, Ұзақбай Құлымбетов, Бәймен Алманов, Теңізбай Баймурзин, Әли Сарсенбин т.б. зиялылар кейін Ресейдің және шет елдердің жоғарғы оқу орындарын бітіріп, халық шаруашылығының түрлі салаларында абройлы еңбек етті. Тарихтың тәліміне жүгінсек, жер мен елдің аты мен даңқын шет жұртқа жаятын халқы таныған тұлғалары. Бұл өлкенің де жұлдызы биіктен көрініп, заманының толқынына ілескен, жарқырап туған перзенттері болған. «СССР оқу ісінің үздігі атағын Сақыш Нұрманов, Лида Қожабаева, Сейілхан Оразымбетов иеленсе, аудан бойынша жүздеген ұстаз «Қазақ ССР оқу ісінің үздігі» атағын алған. Мектептің атын да, елдің атын да талантты тұлғалар шығарады. «Ердің атын – ел шығарады, елдің атын ері шығарады» – деп тегін айтылмаған.

    Ырғыздың ғылым жолына өмірін арнаған көл перзенттерінің бірі 1946-47 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитеті жанындағы насихатшылар ректоры, қазақ ұлтынан алғашқылардың бірі болып экономика ғылымдарының докторы атағын алған профессор Серғали Толыбеков, қазақтың тұңғыш кинооператоры Файзолла Әбсәлемов, биология ғылымының докторы Әбдіқадыр Сәрсенов, техника ғылымының докторы Мырзағали Төлегенов, медицина ғылымының докторы Асылбек Төлеуов, педагогика ғылымдарының докторы Аймағанбетова Қазына, Қуандық Ералин тағы басқа ғылым докторлары мен көптеген ғылым кандидаттары Ырғыз жерінің топырағына аунап, суына шомылып, білім бұлағына сусынданғандар. Қазірде Ы.Алтынсарин негізін қалаған заман талабына сай жабдықталған мектепте мыңға жуық оқушы тәлім алуда. 1883 жылы күзде Ырғызда Ы.Алтынсарин 300-400 дана кітабы бар кітапхана ашқан. Ол қазақ даласындағы алғашқы халықтық кітапхана болған. 1900 жылы Ырғыз қаласында қалалық қоғамдық кітапхана, қазыналық әскери кітапхана халыққа қызмет еткен. Кейін 1905 жылы Ырғыз қалалық кітапханасы ашылады. Сонымен қатар 1992 жылы өткен дүниежүзі қазақтарының І құрылтайында Ырғыз ауданы арнайы киіз үй тігіп, қонақ қабылдап, елдігін танытқан. Бұл да ұлылықты ұстанған, ел зиялыларының бір жетістігі деп білеміз.          Еңбегімен ел құрметіне бөленген Ырғыз өңірінің ұлт интеллигенттерінің қатарын тағы бір толықтыруды жөн санап, елден шыққан жазушы ағамыз Өтебей Қанахин, Қуандық Шаңғытбаев пен сықақшы жазушы, журналист Үмбетай Уәйдаұлынан бастап ерен еңбек иегерлеріне тоқталмақшымын.  Қазақ КСР-і мемлекеттік сыйлығының лауреаты: Садықов Бақберген, «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі»: Дүкенбаева Қаным, Жарылғапов Алдан, Төшеков Мейірхан, Дайрабаев Орда, «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері»: Құлыбеков Сақтаған, Құрмаева Гауһар, Сарина Рәзия; «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері»: Қарабалина Орынша; «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері»: Қозиев Қазбек,Сүлейменов Әбілқайыр, Сыдықов Смағұл, Ілиясова Рысжан; «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген еңбек қайраткері»: Әбсаламов Файзолла; «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі»: Лидия Кәденова; «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мал дәрігері Кәдірбаев Сәлетбай, Қалтаев Сәрсеналы, Қойлыбаев Әліби; «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері»: Құрманалин Төлебай; «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген экономисі». Шүленбаев Рашид; «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген кеншісі»: Дәрменбайұлы Әлсәбір; «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы»: Дүзбаев Балғазы; «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген металлургі»: Тоқбаев Қолғанат. Бұл тізімді тізе салуды мақсат еткем жоқ, ұрпақ сабақтастығын аңғартқым келген. Өткен ғасыр мен ағымдағы ғасыр арасындағы рухани байланыс пен ұлттық сабақтастықтың бары байқалады. Елден шыққан зиялылар ұлт интеллигенциясының қалыптасуына өз септігін тигізбей қоймасы анық. Алғашқы ұлттық дербес құрылымдардың жасаушысы болған ұлт зиялылары жайында ой ағымына барлау жасап, сана саңылауын сараладық.          1999 жылдың тамызында елбасы Н.Ә. Назарбаев Ақтөбе өңіріне келген сапарында телебайланысқа Ырғыз ауданының әкімімен тілдесуді өзі қалап, ел жағдайынан хабардар болыпты. Көшбасшымыз ауыл жағдайына көңіл бөлу қажеттігін аудан әкіміне ескерте отырып, жол түссе Ырғызға келетінінде айтып өткен. Әрине, реті келуі де қиын іс, дегенмен ХҮІІІ ғасырда ұлы хан, қолбасшы Әбілхайыр ордасын тіккен киелі, қасиетті жерге бүгінгі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының табаны тиіп, халықпен жүздесіп жатса, ғасырдан ғасырға жалғасқан дәстүр тағы бір жаңғырғандай болмас па еді? 

    ІІ тарау. Жармола жаңғырығы

    2.1. Бүгінгі күннің келбеті: Ырғыздың бүгінгісі

    Облыстың ең шалғай аудандарының бірі – Ырғыз өңірінің қойнауы тұнған тарих. Өңір халқы әфсанадан сауатты және басты күнкөріс көзі – мал шаруашылығы. Қазақ елінің өз қолы өз аузына жете бастаған тұста ауданның инфрақұрылымы жаңарып, халық еңсесін тіктей түсті. Батыс Европа-Батыс Қытай дәлізі өтетін өңірде бұрын жолаушыларды азапқа салатын Самара-Шымкент тас жолы қайта төселіп, Ырғыз бен Ақтөбенің арасына жүйіткіген көлік төрт сағатта еркін жетеді. Тіршілік белгісі саналатын күре жол айналасындағы шағын ауылдарға да жан бітті.
    Бір аудан үшін Ырғыз жері өте ауқымды – 41,5 мың шаршы шақырым. Аумақ шығысында Қостанай, Қарағанды облыс­тарымен, оңтүстігінде Қызылордамен, солтүстігінде өз облысының Әйтеке би, батысында Шалқар аудандарымен шектесіп жатыр. Далиған жері бар кең өлкеде 19 елді мекен, 7 ауылдық әкімшілік бар. Кәсіпкерлікте ояу деп әкімнің айтқанындай, ырғыздықтар мемлекет тарапынан «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» сынды бағдарламаларға бөлінген қаражатты алып, оны толығымен игеріпті. Мал тұқымын асылдандырып, ақтылы қойын, табын-табын сиырын, шудалары желмен ойнаған түйелерін, үйір-үйір жылқысын қырларға қаптатып жіберіпті. Ал Мәулен Қуантқанұлы бас­шылық ететін «Мәулен» шаруа қожа­лығы биылғы жылдың қыркүйегінде «Сабындыкөл» көліне 10 мың дана карп балығының шабағын жіберсе, «Наурыз-СИМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Үлкен Жалаңаш», «Кіші Жалаңаш», «Малайдар», «Тайпақ» және «Асабай» көлдеріне 10 мың дана карп балығының шабағын жіберіп, Ырғыздың ендігі бір байлығы – балығын еселеуге үлесін қосыпты.

    Осы жерде «Наурыз-СИМ» ЖШС директоры Ибрагим Сәрсенбаевтың ау­дан экономикасына ауқымды үлес қосатын тағы бір жақсылықтың басында екенін айта кеткен жөн. Шаруашылық өз күшімен мемлекет тарапынан жасалған қолдауға сүйеніп, 3000 бас ірі қараны бордақылайтын, заман талабына сай келетін кешен тұрғызып жатыр. Өзінің жанында мал соятын, теріні алғашқы өңдеуден өткізетін, еті мен ішек-қары­нына дейін кәдеге жарататын цехтары, зертханасы бар кешен жұмысы аяқталса, біраз жоспар жүзеге асып, тыныс кеңейіп, қосымша жұмыс орындары да ашылмақшы. Өзіміз барып көрген, алты бөліктен тұратын мал бордақылау алаңдары, ұзына бойына көсілген ақырлармен, ықтасынымен бүгінгі күні-ақ өз болашағының қан­дай болатынынан хабар бергендей. Ұсынықты, шаруашылықтың ыңғытын танитын, білімі мен білігі жарасқан азаматтың басшылық ететіні көзге ұрады. Бордақылау алаңына қабылданған малдардың ет өнімдері экспортқа шыға­рылады деп күтілуде.

    Балықтың сорпасын қой сорпасынан артық санайтын Арал өңірімен қапталдас жату Ырғыздың да өмірінен айқын аңғарылады. Қай үйде де жайылған дастарқанның бір кәделі тағамы ретінде балық орын ала­ды. Қы­зыл­орда облысы Қазалы ауданының тұрғыны, «Бақыт» шар­уа қожалығының төрағасы Аманбай Ер­хатов Байтақ көлін мердігерлікке алып, Ырғыздан балықты бастапқы өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр екен. Кезінде Арал суалғанда ауларын қолында ұстап, дағдарып қалған балықшы қауым нәпақасын Ырғыздың өзен-көлдерінен тапқан болатын, енді олар бізбен білгенімен бөлісіп, өздері де пайда іздемек. «Біз Ақтөбе, Хромтау сынды қалалардан қолдарынан іс келетін азаматтарды шақырып, бос жатқан жер­ді игеріңдер, мал өсіріңдер деп едік, сол нәтижесін беріп Асылжан Бижанов жыл­қы, Сәкен Сүйеубаев жылқы мен ірі қара өсіріп, «Дәулет ИКА» деген ша­руа­­­шылық 20 га жер алды», – дейді ырғыздықтар.

    2015 жылы 11-12 қыркүйекте Ыр­ғыз­дың іргетасы қаланғанына 170 жыл толу мерейтойы өтті. Мерейтойда «Ырғызым – биік жұлдызың» атты ақын­дар айтысы, «Арай» мәдениет үйінде ғылыми-теориялық конферен­ция, Ырғыз өзенінің батыс жағалауында театрландырылған көрініс, ауыл шаруа­шы­лығы жәрмеңкесі мен концерт­тік бағдарлама, сондай-ақ, ат бәйгесі және қазақша күрестен «Түйе балуан» атағы үшін жарыс өткізіліпті. Конференция бары­сында аудан әкімдігі демеушілердің көмегімен құрастырып шығарған марқұм өлкетанушы Сейілхан Оразымбетовтің «Жар­мола жаңғырығы» атты кітабының тұсаукесері болды.

    Ырғыздың көшелері таза, тынысы түзу көрінді. Әр көшенің басында есімі берілген адам жайлы дерек бар тақталар ілініпті. Сырттан келгендер түгіл, сол атыраптағы, сол көшедегі адам­­ның біле жүретін, баласына үлгі етіп, өзі де құрметтеуге тиіс екендігін білдіретін әдемі ескерту екен деп қалдық. Аудандық ауруханада екі маман дәрігер ғана жетіспейді, ал қалған 27 дәрігер мен өзге де тұрғын үйге кезекке тұрғандар үшін арнайы мемлекеттік бағдарламамен жаңадан 2 көше үйлер тұрғызылыпты. Көк шатырлары сонадайдан өзіне шақы­ратын ықшам шағын аудан осылайша Ырғызға көрік беріп тұр. Қалаға газ құбыры тартылып, ырғыздықтар әне-міне көгілдір отынға жылынып, игілігін көреміз деп отыр.

    Балаларды спорттың 11 түріне бау­литын аудандық спорт мектебі мен «Жігер» стадионы облыстық құрамаға осы 11 түрден де жеткіншек беруінің өзі біраз жайды аңғартса, биыл мектепті үздік бітіреміз деген 10 жастың 8-і соны абыроймен қорғапты. Мейірхан Қайырханұлы алыс ауылдағы бастауыш мектептерді үздік аяқтаған балалар кейін орталыққа келгенде бұйығып, екпінін бәсеңдетіп алмасын деп 60 орындық алғыр балаларға арналған мектеп-интернат барлығын ауыз толтырып айтты. Музыка мектебімен қатар, балаларды сурет салуға, қолданбалы өнерге икемдейтін тағы бір көркемсурет мектебі де бар екен.

    Қазіргі кезде Ырғыз өлкесі – аң мен құстың қан базары деп те аталып жүр. Оған себеп  дерек бойынша Ырғыз суларында 20-25 мың тонна балық, судан жүзетін жүзден астам құстың түрлері бар. Су қоймаларын суландыру, ағымдағы мелиорация шараларын жүзеге асырған жағдайда Ырғыз-Торғай көлдерінің балық өнімі гектарына 30 килограмнан келеді екен. Қазір жыл сайын 1000-1200 тонна балық ауланады. Бұл – Ақтөбе облысында өндірілетін балықтың 90 проценті.

    Ырғыз өңірі өсімдік дүниесіне бай. Су шаятын алаптары мен жалпақ жондарында, таулары мен құмдарында қамыс, тал, қоға, торанғы, жыңғыл, сексеуіл, жусан, бидайық, баялыш, көде тағы басқа алуан түрлі өсімдік көп.

    Көктемде су айдындарына ығы-жығы құлайтын қанаттылар қоңыр күзде балапандарымен қатар құрап, көк керуеніндей тізіліп жылы жаққа ауады. Жыл бойы осы өңірді өз тұрағына айналдырған қасқыр, түлкі, қарсақ, ондатра сияқты қымбат терілі аңдар дүниесі – Ырғыз ырзығының бір саласы.

     2.2. «Құпиясы көп қорық». Ырғыз-Торғай резерватының ашылуы

    Аудан аумағында «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты бар. Ырғыздың сулы-батпақты өңіріндегі аң-құстарды Бетпақдала киіктері миграциясын қорғауда тынбай еңбек ететін, жергілікті тұрғындар ауызекі әңгімеде қорық деп атап кеткенімен бұл аумақтың ресми атауы – «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты. 2007 жылы Үкіметтің арнаулы қаулысымен құрылған бұл табиғи резерваттың жалпы жер көлемі 763549 гектарды құрайды. Ол оңтүстігінде Қызылорда, шығысында Қарағанды, солтүстігінде Қостанай облыстарымен шектеседі. Жалпы табиғи резерваттың Ырғыз өңірінде құрылуының өзі табиғаттың биологиялық алуан түрлілігін сақтап қалу, қорғау және көбейту міндетінен туындаған. Сонымен қатар киіктердің Бетпақдала популяциясының қоныс аудару жолы мен лақтайтын, қоректенетін ортасы болғандықтан да резерваттың мәні ерекше болып отыр.

    Ырғыз, Торғай, Өлкейік өзендерінің бассейніндегі сексенге жуық көлдер жүйесі дүниежүзілік Рамсар конвенциясының тізіміне енгізілген сулы-батпақты алқап болып саналады. Бұл аумақ көктемгі және күзгі мезгілдерде миллиондаған құстардың миграциялық жолы, тіршілік ету ортасына айналған.

    «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты аумағы негізінен шөлді және жартылай шөлді, сулы-батпақты болуымен айрықшаланады. Бұл аймақтан жан-жануарлар әлемінен құстардың 250 түрін (оның ішінде отыз екісі республикамыздың Қызыл кітабына енгізілген), сүтқоректілердің қырық екі, бауырымен жорғалаушылардың он төрт, балықтардың он шақты, қосмекенділердің төрт түрін кездестіруге болады. «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Нұрқасым Сәрсенбайұлы өздері бақылайтын аумақта экотуризмді дамыту мүмкіндіктері мол екендігін айтады. Табиғи резерваттың күзет бөлімінің бастығы Омар Сақтағанұлы осында ұзақ жылдар бойы қорықтың директоры болып қызмет атқарған екен. Ол сондықтан да атқаратын шаруа жайын ғана біліп қоймайды, сонымен қатар шын мәніндегі табиғат жанашыры да екен.

    «Киіктер қараша-желтоқсан айларында шағылысып, көктемде төлдейді, — дейді ол, — әсіресе, осы аралықтарда оған ерекше тыныштық керек. Егер Ырғыз өңірінде тоқсан бес көл бар деп есептейтін болсақ, соның биыл сексенге жуығы кеуіп қалып тұр. Табиғаттың көп тамашасы осы көлдерге байланысты болғандықтан, соған қатты алаңдап отырамыз».

    Балығы бір өлкенің халқын асырауға жететін Байтақ көліне биыл су бармай қалғанын ол өкінішпен айтты. Сол сияқты Қожакөлдегі тұздың емдік қасиеттері бар екендігін нақты дәлелдермен әңгімеледі.

    Табиғаттың тамыршысындай болып кеткен Омекең биыл бұл өңірде екі жүздің үстінде безгелдек болғандығын жаңалық ретінде айтты. Көп кездесе бермейтін қоқиқаз да Ырғыз көлдерінің сәні екен.

    Біз болған резерват аумағында қандай өсімдіктер өсетінін білгіміз келген сауалға осында бұрыннан еңбек етіп жүрген жігіттер қамыс, қоға, шеңгел, жыңғыл, жабайы тал, ажырық, жусан, шағыр, есекмия, жантақ, бидайық, алабұта, көкпек… деп санамалай жөнелді. Балықтың он бір түрі кездеседі екен. Ал шошқа, қасқыр, түлкі, киік, қоян, қарсақ, ондатра, борсық, күзен секілді түз сәнін келтіретін аң атаулының жөні тіпті бөлек.

    Жергілікті көлдердің қожайыны секілді қоқиқаз кез-келген жерде кездесе бермейді. Оның ерекшелігі суды кешіп жүріп, балдыр жейді, ащы суды ұнатады екен. Адамнан көп үрке қоймайды, қып-қызыл әсем құс жанына кісі жақындаса, иіліп, сәнденіп, кербездік танытады.

    Бірқазан да — осы өлкенің мақтанышы. Ол қара қаздармен топтасып, балық аулайды. Қанатымен сабалап, балықты ортаға қарай үркітіп аулайтын қасиеті де таңдандырады.

    … Қалай десек те, көп жай табиғатқа тәуелді. Ырғыздықтар бұл аймақта сәуір айының жиырма сегізінен бастап жүз елу алты күн бойы көктен тамшы тамбағанын айтады.

    Бір атап өтетін жайт, қазір «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватының белгіленген аумағына жөн-жосықсыз кіре беруге рұқсат етілмейді. Кіреберіс жолдарға көліктердің енуіне тыйым салынған белгі қойылған.

    Біздіңше, табиғатты қорғау бағытындағы бұл шара қазірдің өзінде жемісін бере бастағанға ұқсайды. Шынында да, табиғаттың сәнін келтіретін аң-құстар, жан-жануарлар қашан да адам қамқорлығына зәру.

    Малайдар – жердің жаннаты. Адам баласы әдетте жұмақты алыстан іздемейді. Ол үшін ең алдымен туған жер сол өлшемге сай келмек. Сол сияқты біз Малайдар деп аталатын аумаққа енгенімізде қыр астынан көздің жауын алып бір бүйірі жалт ете қалған өзенді, өзен бетін у-шу думанға бөлеп жатқан ақ бауыр шағалаларды көріп, басқаша әлемге енгенімізді бірден сезіндік.

    Табиғаттың тылсымында шек болмаса керек, Тайпақкөл, Малайдаркөл, Асабайкөл деп аталатын үш бөлек сулы аймақ бір-бірімен өзекше арқылы жалғасып жатыр. Сол қаумалай орналасқан үш көлдің ортасына қарай дендеп енгенімізде «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесінің туристерге арнап салған қоналқы үй көрініс берді. Тұрғынжайдың бір қапталынан жертөле қазылыпты. Ал орта тұстан киіз үй бейнесіндегі металдан жасалған құрамалы зәулім ғимарат бой көтеріпті. Бұл жерде Ырғыз табиғатына тән әртүрлі өсімдіктер, жан-жануарлар суреттері салынған, табиғи қалпында қойылғандары да бар.

    Осы көлдердің ішіндегі ең көлемдісі – Тайпақкөл. Оның аумағы 505 гектарды құрайды. Одан кейінгі екінші орынды 310 гектарды қамтитын Малайдар иеленеді. Ал Асабайкөлдің көлемі 81 гектар шамасында. Туристер аталға көлдерді жалғап жатқан өзектер бойымен серуендей жүріп, қамыс арасындағы жасырын бақылау алаңдары арқылы көл бетіндегі, оның жағасындағы табиғи тіршілікпен етене таныса алады. Осы үш көл Ырғыз өзенінен Қараөзен өзегі арқылы қоректеніп, бір-бірімен тамырласа жалғасады. Көлдер теңіз деңгейінен 80,4 метр биіктікте орналасқан. Бұлар – бір жағынан көктемгі су тасқынымен толығып отыратын тұйық, айдын көлдер. Туристер белгіленген бір бағыт – осындағы базадан қалаулары бойынша автокөлікпен немесе атпен, тіпті түйемен шығып, Тайпақкөлді жағалап, Өтегенкөл, Аққабақкөл, Ұзынкөл аумақтарын тамашалап, Ырғыз өзенінен жазда үзіліп қалатын Тікөткел арқылы өтіп, биікжоталы, құм шағылды Қарақұмның жалғасы болып табылатын Нарқызылға дендеп енумен тұйықталады.

    Ырғызда экотуризмді дамытудың басқа да бағыттары белгіленуде. Бірақ ол келер күндердің еншісі. Әзірге басты назарда Малайдар көлдер жүйесі тұр.

    Қорытынды

    Қазақы тірліктің қаймағы бұзылмаған, ғасырлар қойнауындағы талай тарихи өзгерістердің куәсі болған мекендердің бірі — Ырғыз.
    Тәуелсіз елімізбен бірге жыл сайын ілгері дамып келе жатқан Ырғыздың болашағы кемел деп білеміз. Үкімет басқарған Ұзақбай Құлымбетов, оқу-ағарту министрі Темірбек Жүргенов тәрізді мемлекет қайраткерлері Ырғызда өмірге келіп, алмағайып кезеңде ұлт мүддесіне риясыз қызмет еткен. Қазақ хандығының 550 жылдық тарихынан ойып орын алған Әбілқайыр хан кешені, өзінің кесенесі, үш жүздің басы біріккенін бейнелейтін 25 метрлік монумент, тікұшақ қонатын алаң (Хан моласында) салынып жатыр. Облыстық тарих-өлкетану мұражайының маманы, тарихшы, зерттеуші Бекарыстан Мырзабаевтың айтуынша, Толыбай елді мекенінен Әбілқайыр хан мұражайы ашылуға тиіс. Мұның бәрі шынайы тарих. Әрқайсысын мәртебелеп, құрметтеп, тарихи сананы жаңғыртып, жастардың есіне салып отыру бүгінгі күннің міндеті. Ырғыз — табиғаты өзгеше өңір. Туған жер Ырғыз туралы жазылып жатыр. Жазыла бермек. 1996 жылы жаздың аяғына қарай Ырғыздың 150 жылдығы облыстық деңгейде аталып өткен болатын. Әлі ел еңсесі көтеріле қоймаған кез. Нақтылы мерзімнен 1 жыл кейін тойланды. Өңір тарихын, атаулы күндерін көпшіліктің, әсіресе кейінгі ұрпақтың есіне салып отыру алдыңғы буынның парызы.
    Амандық болса биылғы желтоқсанда Ырғызда газ құбыры іске қосылады. Демек, аудан тұрғындарының Ырғыз қаласының іргесі қаланғанына 170 жыл толуын мерекелеуге толық құқы бар. Бұдан 25 жыл бұрынғы Ырғыз бен бүгінгі Ырғыздың арасы жер мен көктей. Тәуелсіздіктің, елдігіміздің нәтижесі бұл. 

You May Also Like

Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз. Ғылыми жоба

Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз….                                                       Кіріспе Жылқы – киелі жануар.…

Тиімді тамақтану – денсаулық кепілі, ғылыми жоба

1.Кіріспе  «Тамақтану қағидалары» Негізгі бөлім  Тиімді тамақтану – денсаулық негізі  Газды сусындардың…

Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы фразеологияның қолданысы, ғылыми жоба

«Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы фразеологияның қолданысы » Бағыты: Қоғамдық -гуманитарлық Секция:   Қазақ тілі…

Саумалдың пайдасы және емдік қасиеттері, ғылыми жоба

Зерттеу жұмысы Тақырыбы: «Саумалдың пайдасы және емдік қасиеттері»     СЕКЦИЯСЫ:      Биология…