Зерттеу жұмысы

Тақырыбы: «Саумалдың пайдасы және емдік қасиеттері» 

   СЕКЦИЯСЫ:      Биология

Мазмұны

Аңдатпа …………………………………………………………………………………………………….. 1

І.Кіріспе……………………………………………………………………………………………………… 2

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Саумал құрамындағы құнды қасиеттер…………………………………………………… 3

2.2.Саумалдың пайдасы мен емдік қасиеттері………………………………………………. 4

2.3.Құрғақ саумал ішіп көрдіңіз бе?……………………………………………………………… 7

ІІІ.Тәжірбиелік бөлім

3.1. Құрғақ саумал алу…………………………………………………………………………………. 9

3.2. Саумал қосылған шоколад ……………………………………………………………………10

3.3. Құрғақ саумал қосылған сабын ……………………………………………………………..12

ІV.Қорытынды бөлім…………………………………………………………………………………. 13

—«Саумалдың

пайдасы және емдік қасиеттері»

тақырыбындағы зерттеу жұмысына 

Пікір

Қызылорда облысы Сырдария ауданы № 44 орта мектебінің 10 – сынып оқушысы Қанатқызы Гүлімжанның «Саумалдың пайдасы мен емдік қасиеттері» атты шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыс кең көлемде, барлық талаптарға сай жазылған деп айта аламын. Жұмыc үлкeн iздeнic үcтiндe, жүйeлi жacaлғaн. Зeрттey жұмыcы бaрыcындa oқyшы бие сүтінің aдaм aғзacынa әceрiн зeрттeді, саумалдың пaйдacы мeн зиянын aнықтaды. Саумал құрамындағы құнды қасиеттерін зерттеді. Және қазіргі таңда қолға алынып, жанданып келе жатқан құрғақ саумал жасау кәсібі жайлы қарастырып, құрғақ саумал алуды тәжірбие жүзінде жүзеге асырды.

Жұмыcты жaзy бaрыcындa әртүрлi мәлiмeттeр жинaқтaды, бacпacөз мaтeриaлдaрымeн тaныcты, тәжiрибeдe қoлдaнa бiлдi. Бұл дeрeктeр тaқырыпты кeңiрeк aшып, жүйeлeyгe ceптiгiн тигiзгeнi aнық. Oқyшылaр өз қызығyшылығы   мeн  шығaрмaшылығын  ұштacтырып, қoлдaғы бaр мүмкiндiктi пaйдaлaнa бiлдi. Ғылыми зeрттey жұмыcы бaрлық тaлaптaрғa caй oрындaлып, oқyшы aлғa қoйғaн мaқcaт – мiндeттeрiнe жeттi. Зeрттey жұмыcының бeрeрi көп eкeнiнe дe көзiм жeттi. Қанатқызы Гүлімжанға осы ізденімпаздығынан таймай, алдағы уақытта үлкен белестерді бағындыруына тілектеспін.

Аңдатпа

Ұлттық тағам – ұлы тағам. Ата – бабаларымыздан мұра болып қалған осындай ұлттық тағамдарымыз бен сусындарымыз, яғни ұлттық өнімдерімізді білу біздің міндетіміз. Зерттеу жұмысы барысында бие сүтінің адам ағзасына әсері мен оның түрлерін және жасалу жолын зерттедім. Егер емдік шипалы сусын саумал мен қымыз жайлы білгің келсе, осы ғылыми жобада талқыланады.

 Аннотация

Национальная кухня – отличная еда. Мы обязаны узнать о наших национальных блюдах и напитках, которые являются наследием наших предков.  В ходе исследования я исследовал влияние кобылье молоко на организм человека, его виды и способы. Если вы хотите узнать о целебном напитке саумал и кумыс, это обсуждается в этом научном проекте. 

Аnnotation

National cuisine is great food. We must learn about our national dishes and drinks, which are the heritage of our ancestors. In the course of the study, I investigated the effect of мare’s milk on the human body, its types and methods. If you want to learn about the healing drink saumal and koumiss, this is discussed in this scientific project.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:  Саумалдың өте пайдалы сусын екенін ескере отырып, құрамы мен емдік қасиеттерін зерттеп, оның адам ағзасына әсерін талдауға бағытталған.

Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының ұлттық сусыны-саумал мен қымыздың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың сусыны саумалды ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.

Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

саумалдың құрамын анықтау;

саумалдың пайдасы мен емдік қасиеттерін ашып көрсетіп, адам ағзасына әсерін зерттеу;

-тәжірибе жұмысы арқылы құрғақ саумал алуға зерттеу жүргізу.

Зерттеудің болжамы: Саумал құрамындағы қандай дәрумендер адам денсаулығы үшін маңызды және пайдалы екенін зерттей отырып, құрғақ саумал алуды насихаттау.Ұлттық бренд болған сусынымызды әлемге танытуға кішкене болсын ат салысу.

Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысы аңдатпа, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, тәжірибелік бөлім және қорытынды бөлім мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу әдістері:  Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Зерттеудің маңызы: адам ағзасында дәрумендердің жетіспеуіне байланысты көптеген аурулар пайда болады. Ұлттық сусын саумалдың құрамын зерттеу арқылы, ем – шара ретінде түрлі химикат дәрі – дәрмектерді емес, табиғи бие сүтін қолдануды насихаттау.

Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде бие сүті саумал және қымыз сусыны мен әртүрлі баспасөз деректері, ғаламтор көздері желісінің ақпарат деректері басшылыққа алынды.

Зерттеудің жаңалығы: күнделікті өмірімізде ішіп жүрген саумал, қымыз сусынының адам ағзасына әсерін толық зерттеп, маңызын талдасақ, біз білмейтін көптеген пайдалы жақтары бар екеніне көз жеткіздік.

 І.Кіріспе

Мен саумал мен қымызды кішкене кезімнен ішемін. Атам маған ылғи да «саумал мен қымыз іш, ол пайдалы» дей беретін. Маған осы бие сүті мен қымызда не пайда бар екен деген ойлар жиі келетін. Сол сұрақтарыма жауап іздеп көруге бел будым. Мен бұл жобамды қазақ халқының сусыны бие сүті – саумалдың шипалық қасиетін зерттеуге  арнадым.

Мені алаңдатқан ғаламтор желісінен мен оқыған мына мәліметтер де болды. Бүгінде планетамыз қартаю үстінде деп айтуға болады. Туу көр­сеткіштері азайған. Халықтың қартаюы түрлі жылдамдықпен өтуде, осыған байланысты аурушаңдық арту үстінде. Жас ұлғайған сайын созылмалы аурулардың саны артады. Кәрілік – әлемдегі өлім-жітімнің ең жиі себебі. Егер 50 жасқа қарай адамда 2 созылмалы ауруы болса, 70 жасқа таман 7 немесе одан да көп ауру болады.  Бүкіл әлемде тәулігіне 150 мың адам көз жұматын болса, олардың 100 мыңы – кәріліктен (секундына – 2 адам). Қартаю барысында пайда болатын барлық аурулар: жүрек-қан тамыры жүйесінің, қатерлі ісіктер, диабет, остеопороз, Альцгеймер, Паркинсон ауруларының шығу себептері әртүрлі болуына сай емдеу мен алдын алуда да түрлі тәсілдерді талап етеді.  Планета хал­қы өлім-жітімінің 60 пайызының сапа­сы төмен тағамдарды тұтынуға тіке­лей байланысты екендігін ғалымдар да дәлелдеп айтып жүр. Оның үстіне, қоршаған ортаның ластану қаупі қатерлі сипат алуда және халықтың үздіксіз өсу үстіндегі санын қауіпсіз тағамдармен қам­тамасыз ету қажеттілігі  туындап отыр.

Қазақстан халқы тағамының құ­ра­мына көп қанықпаған май қыш­қылдарының (КҚМҚ) тапшы­лы­ғымен қатар трансмайлардың жоғары деңгейі тән, бұл қазіргі уақыттағы жұқпалы емес ауру­лар­дың өсуінің басты себеп­те­рінің бірі екендігі анық. Соңғы кезде жарияланған материалдарды талдап өт­сек, сүт өнімдері 60 пайызға, ал сары май секілді жеке түрлері, көбінесе, Ресейде өндірілген түр­ле­рі, құрамында 80-90 пайызға дейін пальма майы, 10-40 пайызға дейін трансмайлар болатын жалған өнім­дер екендігі анықталған, трансмайлар 8 пайызға дейін табиғи сиыр сүті­нің құрамында болады. Трансмайлар жүрек-қан тамыры және онкологиялық аурулардың, қант диабетінің қаупін арттырады, инсулинге сезімталдықты төмен­де­теді, семіз­дік­ке ықпал етеді. Бұл орайда өмір салты (темекі шегу, алкоголь тұтыну, аз қимылдау) транси­­зомерлерге қарағанда азы­рақ әсер етеді. Олар организмде жи­нақ­талып, әйелдерде – сүт без­дері, ерлерде жыныстық бездері арқылы шығарылып, қатерлі ісіктерге душар етуі ықтимал.

Барлық табиғи май­ларды талдаудан өткізе отырып, талаптарға ба­рын­­ша сай келетін жалғыз майлы өнім – бие сүті, сондай-ақ, жыл­қы майы екендігіне

көзім жетті.

Жылқы- малдың патшасы –демекші, жылқы қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал-жылқы. Оның пірі-Қамбарата. Қазақ мал шаруашылығымен ежелден айналысқан, тәжірбиесі өте мол. Төрт түліктің пайдасы өте зор, еті-жесен тамақ, сүті ішсең сусын, жүні-кисең киім, терісі-байлық, сүйегі тұтынсаң бұйым, мінсең көлік. Қазақ жері кең байтақ- мал өсіруге қолайлы. Қазақтың жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мен осы жайларды оқып үйрене келе әсіресе жылқы малына қатысты қызықты деркетерді жинақтадым. Жылқы малы төрт түліктің ішіндегі ең тектісі, ол судың тұнығын ішіп, шөптің асылын теріп жейтінін қайтерсіз?

Аурудан асқан жан бар ма,

Жылқыдан асқан мал бар ма?!

Биенің сүті сары бал,

Қымыздан асқан дәм бар ма?!- деп Ақтамберді жырау жырлаған. Рас сонау тоқырау заманда ұлттық құндылығымыздан айырылып қалғанымыз рас. Тәуелсіздік алғаннан кейін ес жиып, еңсе көтеріп, ата кәсіп қайта оралып бие сауып, қымыз ашытып, кәсіппен айналыса бастадық. Оның ішінде бие сүтінің құдіреті мені аса қызықтырды.

2.1.Саумал құрамындағы құнды қасиеттер

Бие сүтінің химиялық құрамы 1922 жылғы зерттеулер нәтижелерінен белгілі. Бие сүтінің басқа жануарлар сүтімен салыстырғанда, біріншіден, химиялық құрамы әрбір жануардың ағзасында өзінің генетикалық ерекшелігіне байланысты. Бие сүтінің тағамдық сапасы оның құрамында белок, көмірсулар, липидтерге байланысты болып келеді.

Бие сүтінің химиялық құрамы пайыз есебімен алғанда мынадай болып келеді: сүттегі қант – 6,7%, жалпы белок – 2,0%, казеин – 50,7%, минералды               дәрумені – 97-135 мг, В тобындағы дәрумендер, Д дәрумені және Е дәрумені – тұздар – 0,5%, май – 1,3-2,0%, дәрумендер: А дәрумені – 0,125-0,832 мг, С 0,65-1,05 мг шамасында болады. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Майы дәмді, белогы жұғымды. Аз шамада кездесетін сүт және көмір қышқылдары адамның тәбетін ашып, асқазанның жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бие сүтінде С дәрумені мол болады. Сондықтан да туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе, сүйек және бүйрек, жүрек, қан тамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ дәрумендер жетіспегенде, зат алмасу бұзылғанда қолданады. Антибиотикалық дәрі-дәрмектер қымыздың құрамындағы: дәрумендермен, қоректік заттармен, ашытқылармен қосылып организмге оңай сіңеді. Өзінің адам организміне жасайтын күрделі және әр жақты әсеріне қарай қымыз тіршілік көзі ретінде ықпал етеді және маңызды тамақ өнімі болып табылады. Бие сүтінің құрамында минералдық қосылыстардың болуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

* Сүттің химиялық құрамы биенің физикалық және қоректену жағдайына ауа-райына күтіміне байланысты болады;

*  Қымыз сүт тәрізді ақ- сұрғылт түсі бар, біркелкі болады;

*  Бие сүтінде жалпы белок мөлшері шамамен 2%;

*  Бие сүтінде және қымызда май мөлшері – 1,5-1,9%. Ғылыми мағлұматтар бойынша қымыздың құрамында мынадай дәрумендер кездеседі, яғни 1 л қымыздағы витамин мөлшері:

*  Витамин А және каротин 0,9-6,9 мг;

*  Витамин С (аскорбинқышқылы) 91-157 мг;

*  Витамин В1 (тиамин) 194-154 мкг;

*  Витамин В2 (рибофлавин) 257-416 мкг;

*  Витамин В12 (цианокоболамин) 3,25-4,05 мкг;

* Витамин РР (никотин қышқылы) 299 – 1060 мкг. Бие сүтінің құрамының дәруменге қаншалықты бай екеніне осы зерттеуден көзіміз жетті. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген асыл сөзді ұстанып, үнемі иммунитетімізді көтеріп, денсаулығымызды жақсарту мақсатында бие сүті саумалды және оның өнімі қымызды ішіп жүруге кеңес беремін.

2.2.Саумалдың пайдасы мен емдік қасиеттері

Біздің ауылда 350 үй бар. Олардың ішінде тек 110 үйде жылқы малы бар. Жылқы иелерімен кездесіп сұхбат жүргіздім. Олардың барлығы үлкен жаста болғандықтан, бие сүтінің пайдалы екенін біледі. Бие сауып отырған 10-15 үй бар. Ол үйлерге барып, бие сүтіне деген ойын білдік. Біріншісі Дүйсенбаев Айғали, 60-шақты жылқысы бар. Биені өздері емес, жалдаған кісі сауады. Сауу себебі, кәсіп ретінде саумал және қымыз сатып пайда табады және аурудың алдын алу үшін өздері ішеді және балаларына ішкізеді екен. Бұл кісінің айтуыншаша бие сүтінің шипалы қасиеті оның түрлі аурулардың алдын алу мүмкіндік береді екен. Осы жерге келіп саумал ішіп отырған ауыл түрғыны Досбергенова Іңкәр апамен сұқпаттастым. Ол кісі  3-4- жылдан бері  саумалды ішіп, пайдасын көріп жүргендердің бірі екен. Аутизммен ауыратын баласын алып келеді екен.»Баламның іші қатып, имунитеті әлсіз жиі ауырып қала береді. Ауырып бастаса 3-4- күн саумал ішеміз, бірден эффект береді «-деді Іңкәр апа.

Екінші бие сауатын отбасы Омаров Марат. Бұл кісі өзі сауады. Сауу себебі үйінде кішкентай немересіне сүтін ішкізеді. Себебі анасы студент болғандықтан қызын ата-анасына тастап кеткен, яғни «кішкентай Гүлмарал атты немересіне бие сүті ана сүтіне кем емес» — деп толық сеніммен ішкізеді екен. Бұл қасиетті сүт баланың өсіп жетілуіне көмектеседі дейді. Қазір Гүлмарал 1 жарым жаста баланың дамуы қалыпты, жүгіріп, сөйлеп жүр, басқа өзі қаратлас сәбилерден ақылды дерсің.

Ғалымдардың айтуынша  сүттің ерекше құрамына байланысты өте жоғары емдік қасиетті бар. Бие сүтімен өскен балалардың денсаулығы, физикалық тұлғасы және ақыл-ойы зерек өте жақсы болып өседі. Себебі, бие сүтінде, сиыр сүтімен салыстырғанда көп мөлшерде қант, галактоза, аминоқанттар болады. Ол баланың ми клеткаларының дамуына әсер етеді. Бие сүті адамға қажет ақуыз, май, көмірсудан тұрады. Құрамы ана сүтіне жақын екен, ағзаға тез сіңеді. Сүттің бала дамуындағы септігі орасан. Мидың дамуына оңтайлы әсер етеді. Балалар тағамы ретінде қолдануға болады. Яғни, егер балалар бие сүтін күнделікті ішетін  болса, олардың денсаулықтары да жақсарады.

Мен өзімнің құрбы-құрдастырмның  арасында бие сүті- саумал туралы сауалнама алдым

Сауалнама

  1. Сіз қандай төрт түлік малының сүтін жиі қолданасыз?

…………………………………………………………………………..

  1. Бие сүті қалай аталады?

…………………………………………………………………………..

  1. Бие сүтін ішіп көрдіңіз бе?

…………………………………………………………………………..

  1. Бие сүтінің құрамынында қандай заттар болады?

…………………………………………………………………………..

  1. Бие сүтінің адам ағзасына қандай пайдасы бар?

Сауалнама нәтижесінде көптеген оқушылардың осындай пайдалы  саумалдың дәмін де татып көргемегендерін білдім. Саумалдың құрамы мен қасиетін таныстыру мақсатында оқушыларға таратпа кітапша (брошюра) тараттым.

Саумал – жаңа сауылған бие сүті. Дәмі тәтті, көпіршіп тұратын, жұмсақ әрі тез сіңетін қасиеті бар биологиялық табиғи өнім. Ол физикалық және химиялық құрамы жағынан ана сүтіне өте жақын болып есептеледі. Бұл тұрғыдан алғанда ешкі сүтінен де жақын.

Ғалымдардың пайымдауынша, саумал – жеңіл қорытылатын белсенді биологиялық өнім. Ол ағзаға сіңірілу кезінде, ас қорыту процесіне қатысатын органдарға (асқазан, ұйқы безі, бауыр, ішек) үлкен жүктеме жасамайды. Сондықтан, дененің қалыпқа келу процесін жылдамдатады. Саумал метаболизмді қалыпқа келтіруге, суық тию мен тұмаудың алдын алуға және қатерлі ісік ауруын емдеу үшін қолданылады. Ол қан айналымын жақсартып, ер азаматтардың потенциасын күшейтеді. Сондай-ақ, саумалдың көмегімен, иммундық жүйенің қызметін жақсартуға және асқазанның ойық жарасын емдеуге болады. Бие сүтінде көптеген дәрумендер, микроэлементтер және басқа да биологиялық белсенді заттар бар. Айта кету керек, бұндағы кейбір микроэлементтер, басқа сүт өнімдерінде кездеспейді. Ал құрамындағы С дәруменінің мөлшері, сиырдың сүтінен 7 есе жоғары. Еуропаның ғалымдары саумалды емдік және диеталық өнім ретінде пайдалануға кеңес береді. Көптеген адамдар бие сүтін қалай қолдану керектігін біле бермейді. Негізінде саумалды күніне 4-5 рет, тамақтанудың алдында 20-30 минут бұрын, 250 милиграммнан ішкен абзал. Осылай жалғасса бір аптадан кейін, адамның көңілі көтеріліп, ұйқысы жақсарып және тәбеті ашылады. Емделу уақыты – 1 ай.

Саумалдың құрамында белок, амин қышқылы, тез еритін май, оттегі және организмге керек кальций, натрий, фосфор, калий, темір, магний, бром сияқты минералдар, С, А, В1, В2, В6, В12, Е, РР дәрумендері бар. Жалпы саумалдың құрамында 80-ге жуық биологиялық белсенді қоспалар бар екендігі анықталып отыр. Сауылғанан кейін 2 сағаттан асқанға дейін саумалдың ешқандай қасиеті жоғалмайды. Саумалдың құрамындағы көп сұйық оттегі әр жасушаға жетеді. Адам организіміне тез сіңіп қана қоймай, түрлі асқазан жараларына, ісік ауруларына ем. Өкпе, бауырды қуаттандырады, қан құрамын реттеп, қантты теңгереді. Сонымен бірге белсіздікті жойып, генді қалпына келтіру ролі бар деп есептейді мамандар.

Саумал – адам ағзасындағы дағдарысты емдеп, ағзаның өзіндік гендік кодын табуға көмектесетін таза, табиғи өнім. Әсіресе, намысшыл да таза, сергек те жүйрік жылқы түлігінің сүтінде өз гендік коды бар. Ол адам ағзасын да сондай гендік кодты табуға жетелері анық.

Міне, бұл «жылқы мінезді» қазақтарға өте ұнайды.

Жастар арасындағы белсіздіктің көбеюінің алдын алуда саумалдың пайдасы көп деп отыр ғалымдар. Бұл түрлі биологиялық не химиялық дәрілерді пайдалануға қарағанда ешқандай қауіпсіз әрі табиғи түрде ұрпақтың денсаулығына да оң ықпал етеді деген көзқараста. 

2.3.Құрғақ саумал ішіп көрдіңіз бе?

​Биенің жаңа сауылған сүтінен құрғату әдісімен алынатын ақ ұнтақ, шипалық өнім – «Saumal» деген атаумен жақсы танымал.

Осыдан екі жыл бұрын біздің нарыққа бие сүтінің құрғақ түрі келген еді. Алғашында таңсық көрінгенімен қазір оған деген сұраныс артып келеді. Ал шетелдіктердің қызығушылығы тіптен ерекше екен.

Бұл өнімді өндірушілер саумалдың функционалдық тамақтану өнімі екенін айтады. Оның иммунитетке де пайдасы мол. Атап айтқанда, ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіруге, бауырдың қызметін жақсартуға көмектеседі, тіпті ағзаның физикалық және психикалық жағдайына да жақсы әсер етіп қартаюды тежейді. Негізі қазақ халқы жаңа сауылған бие сүтінің денсаулыққа қандай пайдалы екенін жақсы біледі. Бірақ оны жаңа сауылған кезінде тұтынбаса, құнарсыз болып қалатынын да біледі. Ал бие сүтінің құрғақ түрі пайдалылығы мен балғындығын сақтайды-мыс. Қазіргі уақытта бұл өнім Қарағанды қаласында өндіріледі. Бұл өнімнің тағы бір артықшылығы – ұзақ уақыт кез келгенжерде сақтауға болатыны. Суда тез еритін бұл саумалдың жаңа сауылған бие сүтінен мүлде айырмашылығы жоқ екен. Дәл қазіргі таңда құрғақ бие сүтінің 200 граммдық банкісін 15 000 теңгеге сатып алуға болады.

Елімізде де үлкен саумал және қымыз орталықтары мен қожалықтары бой көтерді. Қарағанды облысындағы «Еуразия инвест» компанисының немістермен біріккен жобасы арқылы шыққан отандық өнім шетел асып жатыр. Оған себеп оны сатып алуға жергілікті халықтың қалтасы көтермейді. Мысалы құрғақ саумалдың әр литрі мөлшермен 19-35 мың теңгеге дейін сатылады. Бұны әсіресе еуропалықтар талап әкетіп жатқан сыңайлы. Деседе, Астанада арнайы дүкені де бар.

Қысқасын айтқанда, ғылымнан да жоғары түйсіктері болған, одан да жоғары таным мен иені, киені түсінген дана бабаларымыздың неше мың жылдық тәжірибесі – біз ғана емес күллі адамзат ағзасында, генінде қалыптасқан дағдарысты жоятын, азайтатын жол.

Олай болса қазақты экологиялық таза, табиғи өнімді тұтыну арқылы салауатты да салиқалы өмір салтын қалыптастыруға шақыру керек.

Қазіргі күні Еуропада бие сүтінің өндірісімен  айналысатын 30 астам зауыт бар. Олар Германия, Франция, Австрия, Бельгия және Каталонияда орналасқан. Аталған мемлекеттердегі зауыттар Еуропа және АҚШ нарығына жұмыс істейді. Қарағанды өңіріндегі зауытты салуға, ондағы технологияның  негізін қалауға  неміс кәсіпкері, Kurgestüt Hoher Odenwald компаниясының басшысы Ганс Цольман қолдау көрсетті,  оның Германияда өз зауыты бар, 400 астам жылқы ұстайды, бие сүтінен түрлі тағам, түрлі өнім шығарады. Ал сублимация дегеніміз не? Бұл бірнеше сатыдан тұратын әдіс, сол бойынша сауылған сүттің құрамындағы су вакумдық құрылғыда буға айналады, қалған құрамы криасталданып қалбыр түбінде қалады, осыдан кейін кептірілген ұнтақ арнайы құтыға салынып, қапталады. Ал  кептірілген 500 граммға қайта су араластырған кезде 5 литр саумал алуға болады. Мерзімі 3 жылға дейін жарамды, бастысы сапасы мен құрамы өзгермейді және кез келген уақытта пайдалануға болады. Яғни, бұл ең алдымен өнімді ұзақ сақтауға, тасымалдауға ыңғайлы болу үшін және әлем нарығына шығу үшін қажет. Қазақстандық дәрігерлер жүргізген клиникалық зерттеулер оның көптеген қатерлі ауруларға, оның ішінде асқазан, ішек, өт жолдары, созылмалы вирустық гепатиттерге, ісік ауруларына, бауырдың циррозына және тағы да басқа дертке дауа екенін дәлелдеді.

ІІІ.Тәжірбиелік бөлім

3.1. Құрғақ саумал алу

Саумал сауылғаннан кейін 3 сағаттың ішінде негізгі қасиеттерін жоғалтады. Бірақ саумалды мұздату арқылы «өмірін» ұзартуға болады. Сол уақытта табиғи өнім барлық биологиялық белсенді компоненттер мен дәрумендерін сақтайды. Мен осы саумалды «мұздату» әдісін үй жағдайында жасап көрдім. Сублимация әдісі арқылы құрғақ саумал алуға болатындығын тәжірбие арқылы дәлелдедім.

Қажетті құрал-жабдықтар: жаңа сауылған бие сүті, мұздатқыш, шыны банка, ауа сорғыш насос және қақпақ (вакумная крышка), сорбент (тағамды құрғатуға арналған целикогель), сүзгі орамал
Жұмыстың барысы:

  1. Жаңа сауылған бие сүтін (300гр) сүзіп, шыны ыдысқа(1литрлік) құйып мұздатқышқа салу. (4-5 саға)
  2. Мұздатылған ыдыстағы саумалдың үстіне сүзгілі орамал жауып, үстін целикогельмен толтыру
  3. Ыдыстың қақпағын мұқият жауып, ауа сорғышпен ішіндегі ауаны сорын алу.
  4. Ыдысты қайтадан 5-6 күн мұздатқышқа салып қою

Жұмыстың нәтижесі: вакумды ыдыс ішіндегі целикогель саумал құрамындағы суды өз бойына сіңіріп, қалған құрамы криасталданып, ыдыс түбінде қалады. Осылайша  кептірілген ұнтақ саумалды 1 жыл бойы арнайы вакумдық шыны ыдысқа салынып сақтауға болады.

3.2. Саумал қосылған шоколад
Шоколад жегенді бәріміз де жақсы көреміз. Оның миымызға, көңіл-күйімізге әсерін жақсы білеміз. Алайда құрамында саумалы бар шоколад біздің көңіл күйімізді көтеріп қана қоймай, денсаулығымызға да жақсы әсер ететініне сенімдімін. Британдық нутрициолог Аткинс айтқандай, оның құрамында «Өзі аппақ, тап-таза, өлімге апаратын қант»   жоқ, демек оны қант диабетімен ауыратын балалар да жеуге болады. Шоколадты үй жадайында да жасау жолын ұсынамын. Ол көп уақыт алмайды және дайындалу жолы өте қарапайым.

Ол үшін сізге мынадай ингредиенттер керек:

какао –ұнтақталған  100грамм;

какао майы – 50грамм;

құрғақ бие сүті – 2 ас қасық.

жаңғақтар – кептірілген жемістер, тұқымдар, жидектер – міндетті емес

бал – үйеңкі шәрбаты немесе басқа тәттілендіргіштер – дәміне қарай

Дайындалу жолы:

  1. Ыдысты баяу жанып тұрған отқа қою.
  2. Оған какао ұнтағын салу.
  3. Содан кейін какао майын еріген какао үстіне қосу.
  4. Жақсылап араластырып, қоспаның қайнағанын күту.
  5. Оттың үстінде шамамен 2 минут ұстаңыз.
  6. Аздап қоспа салғындағанда құрғақ бие сүтін қосу
  7. Болған соң арнайы ыдысқа салып, салқындау үшін бірнеше сағатқа тоңазытқышқа қою. Ас болсын!

3.3. Құрғақ саумал қосылған сабын

Қажетті заттар:

– Дүкенде сатылатын арнайы сабынды негіз

– Ыдыс.

– Екі кастрөл (үлкен және кішкентай).

– Сабынды массаны езуге таза су немесе шөп қайнатпасы.

– Негізгі май (зәйтүн майы )

– Құрғақ саумал және Е дәрумені. (Е дәрумені теріге өте жақсы әсер етеді – оны қоректендіріп, серпімділігі мен тегістігін жақсартады, құрғақтықтан қорғайды. Ал саумал құрамындағы витаминдер теріні жақсы жібітіп, ылғалдандырады.

Сонымен қатар, сізге сабынға арналған әр түрлі иістендіргіштер қосуға болады қажет болады. Оларды жасайтын сабыныңыздың косметикалық сипатына қарай таңдаймыз. Мысалы, егер сабынға үгілген сұлы ұны қосылса, ол майлы теріге арналған керемет құрал болып шығады. Ал цитрустылардың қабығын қосса – целлюлитке қарсы тұруға көмектеседі. Үйде жасалған сабын құрамына какао немесе кофе салса – ол скраб-сабынға айналады, қырмызы не түймедақ сияқты әмбебап шөптерді қоссуға болады.

Сабанның дайындалу жолдары:

  1. Үлкен және кішкентай екі кастрөлді аламыз. Үлкеніне толтырмай су құйып, отқа қойып, кіші кастрөлді үлкенінің ішіне салып – осылайша су моншасын жасаймыз.
  2. Үлкен кастрөлдегі су қатты қызғанда, кішкентай кастрөлге аздап зәйтүн майын құю;
  3. Арнайы сабында негіз құю;
  4. Сабынға құрғақ саумал қосу;
  5. Бояғыш, қоспа және дәрумендерді қосу;
  6. Эфир майын қосу;
  7. Қоспаны қалыптарға құю

Қанатылған сабынды негізден қайнатылғанын 1-2 сағатқа қоямыз. Осы уақыттан кейін сабынды қалыптан алуға болады. Егер оңай шықпаса, қалыпты бірнеше секундқа ыстық суға батырамыз. Дайын сабынды целлофан немесе аспаздық қаптамаға орап қою қажет.

Мұндай сабын жақын адамдарыңызға керемет сыйлық болары сөзсіз: пайдалы, табиғи және өз қолыңызбен жасалған…

ІV.Қорытынды бөлім

Қорыта келгенде, бие сүті саумал мен қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес, сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында дәрумендер, майлар мен белоктарға бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Саумал – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құдіреттісі. Саумал мен қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Саумал— дертке шипа, денеге күш.

Мен бұл жобаны жазу барысында көптеген тың мәліметтермен танысып, қызықты ақпараттар меңгердім. Бие сүті негізінде біздің балаларға, ем-дәмдік және жаппай тұтынуға арнал­ған жаңа өнім­­деріміз ұлттық дәстүрлерді жаң­ғыртумен қатар, тағам­дық қауіп­сіздік мәселелерін шешуге, халықтың аса әлжуаз топтары арасында – сәбилерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді, қартайған адамдарды қоса, аурушаңдық пен өлім-жітім қаупін азайтуға, жалпы, бар­ша халықтың денсаулығын жақ­сар­туға, өмір сапасын арттыруға мүм­кіндік береді. Бие сүті саумалдың құнды құрамын зерттеп, оның адам ағзасына пайдасын білдім. Сонымен қатар, жетекшімнің көмегімен тәжірибе жүзінде құрғақ саумал алуды іске асырдық. Қазіргідей уақытта, әлем бойынша өршіп тұған пандемия кезінде денсаулығымызды күтіп, дертімізге шипа іздегенде таптырмас дауа – бие сүті саумал мен қымыз екеніне көзім жетті. Сол себепті, әртүрлі химиялық, биологиялық дәрі – дәрмекті қолданудың орнына, табиғи мұрамыз бие сүтін пайдалануды ұсынамын.

Жұмыстың қорытынды ұсынысы:

  1. Саумалдың адам денсаулығына әсерін ескере отырып, аурудың алдын алу мақсатында әрбір жас ұрпаққа ішкізіп, кеңінен қолға алынса.
  2. Саумалды ауру түрлеріне байланысты шипа ретінде пайдаланатын бірқатар емдеу сауықтыру орындары ашылса.
  3. Дүкендердегі газдалған зиянды сусындарды табиғи саумал және қымызбен алмастырса
  4. Әрбір отбасына жыл бойына саумал өнімі қолжетімді болу үшін құрғақ бие сүтін үй жағдайында жасауды үйрету
You May Also Like

Ахмет Байтұрсынов–қазақ әліпбиінің жанашыры, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ахмет Байтұрсынов – қазақ әліпбиінің жанашыры»  Дайындаған: Алмазқызы…

Асылды тот баспайды, ғылыми жоба

Тақырыбы: Асылды тот баспайды Мазмұны Аңдатпа……………………………………………………………………………………………………..3 Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….4 Түркі әлеміне ортақ ұлы тұлға……………………………………………………………….5…

Ең үздік ғылыми жоба «Гастрономиялық Алматы»

Ең үздік ғылыми жоба «Гастрономиялық Алматы» Орындаған: Арын Ақбота, Имашева Дильназ Мазмұны Кіріспе………………………………………………………………………………………………………………………………

Мектеп сөмкесінің оқушы денсаулығына тигізер әсері, ғылыми жоба слайд