Ең үздік ғылыми жоба «Жабайы өсімдіктердің емдік қасиеті» Автор: Рауанқызы Жұлдыз

Рауанқызы Жұлдыздың  «Жабайы өсімдіктердің емдік қасиеті» атты ғылыми жобасы.

Рауанқызы Жұлдыз  2 Б сынып оқушысы. Жоба тақырыбын біз 1 сыныптың оқу жылының басында таңдап алдық. Бірінші жұмыс жоспарын құрып, мақсат міндетін анықтадық. Жоспар бойынша толық мағлұмат алу үшін  мектеп, қала кітапханаларынан, ғаламтор көзінен материалдар жинақталды. Жобаны зертеген сайын қызығушылығы артқанын байқадым. Естіп білген қызықты оқиғаларын сынып жетекшісімен, сыныптастарымен бөлісіп отыруға тырысты. Күнделікті өмірде кездесетін, бірақ байқалмайтын құбылыстарды таба білді. Жобаны зерттеу барысында өз тақырыбына сәйкес әдебиеттер жинақтап, ғаламтор сайттардан мәліметтермен танысты. Зерттеу жұмыстарын жасап, нәтижелерін шығарды. Қосымша көрнекілік ретінде слайд жасады. Рауанқызы Жұлдыз өз жас деңгейіне сай тақырыпты аша білді. Алдағы уақытта осы тақырыпты зерттеу жұмысын жалғастыруда.

Сынып жетекшісі: Бигалиева Самал Сабитовна 

 

МАЗМҰНЫ:

АҢДАТПА…………………………………………………………………………………

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………..

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ   ………………………………………………………………………

1.1. Емдік өсімдіктер

1.2. Емдік өсімдіктердің түрлері

1.3. «Өсімдіктер – қолжетімді дәрі»

ІІ. ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ БӨЛІМ…………………………………………….

2.1.Зерттеу нәтижелері

АҢДАТПА

Зерттеу жұмысында  еліміздің дала аймақтарында кездесетін өсімдіктердің түрлері көрсетілді. Әр бір өсімдіктерді зерттей отырып, оларды  зерттеу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілді. Атап көрсетсем, кітапханалардан, ғаламтор көздерінен, далада өсіп тұрған шөптесін өсімдіктердің өзін тауып қарап, оларға мағұлматтар жиналды. Олардың әрқайсысына талдау жасалынып, түсініктемелер берілді. Фото суреттері көрсетілді. Зерттеу жұмыстары жүргізілді.  Зерттеу жұмысы кезінде үй жағдайында бір , екі емдік өсімдіктермен тәжірбиелер жасалынды. Сыныпта сыныптастарыммен ой бөлісіп, сауалнамалар жүргізіліп отырды. Сауалнамалардың қорытындысы шығарып, олардың көрсеткіштерін көрсетіп қойдым. Қала дәріханаларына барып ақ халатты абзал жандарымыздан сұқпаттар алынып, сол кісілердің пікірлеріне құлақ асып, тыңдалынып отырды.  Жалпы жобамды жан-жақты айқын көрсетуге тырысып, бар күш жігерімді саодым деп айта аламын.

Жоба тақырыбы: Жабайы өсімдіктердің емдік қасиеті.

Жобаның негізгі мақсаты:

Жабайы өсімдіктерді зерттей отырып, емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау.

Зерттеу пәні: Экология

Жоба кезеңдері;

2015-2016 оқу жылдары жабайы өсімдіктер жөнінде материалдар жинастырдым.

2016-2017 оқу жылдары мектепішілік ғылыми жобаға қатысып, жобамды қорғадым.

Зерттеудің өзектілігі:

Жабайы өсімдіктерді дәрілік ретінде қолданылуы адам өміріне маңызы зор.

Зерттеудің болжамы:

Егер осындай жергілікті жердің дәрілік өсімдіктерін насихаттай білсек, онда халық өсімдіктердің адам ағзасына тигізетін әсері, шипасы жайында мағлұмат алып,дәрілік өсімдіктерді өз ауласында өсіріп, өзінің қажетіне қолдануына мүмкіндік туар еді.

Зерттеу әдістері:

– ғылыми әдебиеттерге шолу жасау;

–  тәжірбиелер, сауалнамалар жүргізу;

–  зерттелген нәтижеге талдау жүргізу;

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

  • Жабайы өсімдіктердің емдік ерекшеліктеріне жан-жақты сипаттама берілді;
  • Жабайы өсімдіктерінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді 

 КІРІСПЕ

Қазақстан жері әртүрлі табиғи жағдайдан, орманды далалы, таулы аймақтардан тұрады. Осындай ұлан байтақ жерімізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағам жағынан ғана емес, емдік, шипалы жағына да көңіл бөлген. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады екен. Жанға шипа, дертке дауа дәрілерді көпшілігі өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Өсімдік – тіршілік көзі. Тірі заттың тіршілігін өсімдіктер әлемінсіз елестетуге болмайды. Шынында да өсімдіктер бар болғандықтан «Дүние – жап-жасыл жаңа, әдемі әлем». «Өсімдік – өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Мен ғылыми зерттеу жұмысы барысында өз жерімнің жабайы өсімдіктерінің емдік қасиеті туралы зерттей отырып, өсімдіктердің адам өмірінде үлкен рөл атқаратынын және пайдасы бар екенін зерттедім. Жеріміз өсімдіктер түрлеріне өте бай. Өсімдіктердің қасиеті – кейбірінің жапырағында, ал кейбіреулерінің тамыры немесе тұқымындарында болатыны анықталды.

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Емдік өсімдіктердің түрлері:

Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған. Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 – ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Жер жүзіндегі дәрілердің 40-%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем – дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз. Қазақ емшілерінің ауру-сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі. Олай болса, аяғымыздың астында өсіп жатқан дәрілік өсімдіктерді танып, білім зерттеп ауруымызға шипа етпеске. Біздің ауданымыз маңындағы жерлерде, елді мекендерде өсиетін көптеген дәрілік өсімдіктер бар. Оларға түймедақты, итмұрынды, бақбақты, өгейшөпті, жусанды тағы басқа көптеген шөпт есін өсімдіктерді  жатқызуға болады.

Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі шайыры және тұқымынан дәрі-дәрмек жасалады. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі – өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі-дәрмек алуға болады. Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады. Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақ, балшық секілді лас нәрселерден арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай кептіру, көлеңкеде кептіру, самалдатып кептіру қажет.

1.2. Емдік өсімдіктердің түрлері

Келесі бөлімімде осы емдік қасиеттері бар өсімдіктердің түрлеріне тоқталсам деймін:

Жалбыз

Жалбыз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Оның түрлері көп. Қазақстанда оның 2 түрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Өзен мен көл жағалауларында өседі, тау баурайларында, шабындықтарды, бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына керекті заттар көп. Қазір ол шөпті көп жерлерде қолдан өсіріп дайындауда.Осы дәрілік өсімдіктердің ішінде жалбыз өсімдігіне тоқталсам. Анамның айтуынша, кішкентай кезімде денсаулығым сыр бергенде осы жалбыз шөбін қолданып мені емдеген екен. Осы өсімдіктің дәрілік қасиеті туралы қысқаша тоқтала кетсем. Жалбыз (мята) шөбінің емдік қасиетін адамдар ерте заманнан білген. Жүздеген ауруға ем деп айтады. Көктемде қара жалбызды теріп алып, кептіріп, ұнтақтайды. Осының 2 ас қасығын 0,5 кг балға араластырып жейді. Күніне 1 шай қасықпен 3 рет 2 ай ішсе, жүрек ауруына бірден-бір ем. Сондай-ақ, бүйрек, бауыр, өт қабынуы ауруларына пайдаланады. Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары май қосып қабылдаса, демікпе дертіне, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Жөтелгенді тияды, қарлығып шығатын дауысты ашады.Терлегіш адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып, демдеп, түнге қарай жарты стаканын ішсе, ал шуашы бар адамдар сол суға 3 рет аяғын жуып жүрсе, сырқатынан жазылады. Бойға күш-қуат беретін қасиеті бар, қуық – несеп жолдарының қабынуын жазады.Сонымен қатар, жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып, өкпе туберкулезіне де қолдануда.Жарақатқа, іріңді сыздауыққа, қотырға жалбыз тұнбасын жағып, таңып тастаса, тез жазылады.

Бақбақ

Бақбақ – орман ішінде өзен, арықтың жағаларында өсетін көпжылдық өсімдік. Сап – сары болып сәуір айында гүл ашады. Өт – несеп жолдарын тазартуға, қақырық түсіруге, қуық, бүйрек қатты түйіліп ауырған жерді басуға қолданылады. 

Алтын тамыр

– сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2,5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді.

Алоэ

Жер бетінде алоэның 300-ден астам түрі бар. Және оның әрбірінің өзіндік қасиеттері бар. Мәселен, бұта қалпындағы түрі ішкі ағзаға жақсы әсер береді, ағаш түріндегі алоэ сыртқы сырқаттарға қарсы тұра алады. Алоэ өте қарапайым, оның өсуіне ылғал мен жарық жеткілікті. Оның көбеюі де қиындық тудырмайды: ұрықпен де, бұталармен де, сабақтармен де, тіпті жапырағымен де өніп кете алады. Білесіз бе, айдай әлемге танымал Клеопатра ханшайымның өзі алоэдан жасалған кремді жаққан екен. Дәрігер Диоксид: «Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны тыныштандырады» деп жазып кеткен. Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн.

Түймедақ

Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады. Түймедақ гүлі өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем.Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс қабілетін арттырады. Сонымен қатар: 1) Суық тигенде екі шай қасық түймедақ гүлін 300 г суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелі-кеш астан бұрын ішу қажет.

Арша.

Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Арша – тау беткейінде, құмды жерлерде өсетін мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Ол 300 жылдай өседі екен. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Сондықтан халық ұғымында қасиетті, киелі өсімдік болып саналады. Аршамен аластағанда жын-шайтандар, ауру-сырқау, жалпы жамандық атаулы қуылады деген түсінік қалыптасқан. Бұл тегіннен-тегін айтылған сөз емес. Себебі ғалымдар аршаның ең алдымен ауаны тазартушы өсімдік екенін айтады.

1.3. «Өсімдіктер – қолжетімді дәрі» – зерттеу түрі.

        Қолжетімді алоэ маскасы.

Бір қасық алоэ шырын

1 қасық қаймақ

1 жұмыртқанын сарыуызы

Үшеуін алып, араластырамыз. Құрғақ, әрі таза бетке майдалап жағып, 15-20 минуттай ұстап, жылы сумен жуамыз.

Аршамен аластау.     

Халқымызда ежелден аластау ырымы барын білемін. Мәселен, кейбір апа-әжелер «үй-жайды бәле-жаладан тазалау» ниеті-мен аршаны табаға салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді аластап жатады. Жаңа үйге кірген кезде де дәл солай жасау әдетке айналған. Көпшілік тіпті арша бұтақшаларын үйдің бұрыштарына іліп қояды.

Түймедақтан тұнба жасау.

Кептірілген түймедақты алып, 2 ас қасық шыны ыдысқа саламыз, оның үстіне қайнап тұрған суды асырып құйып 10-15 минуттай бетін жауып қоямыз. Дайын болған тұнбаны сүзгішпен сүзіп аламыз. Бұл тұнбаны тамағымыз ауырғанда, тіс ауырғанда шаюға болады. Тіпті 2-3 ас қасық ішуге де болады.

ІІ. ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ БӨЛІМ

2.1.Зерттеу нәтижелері   

Жалпы сауалнаманың қорытындысында балалардың көпшілігі өсімдіктердің түрлерімен таныс. Емдік өсімдіктердің 60%-н  біледі. Үй жағдайында ем ретінде қолданатындары 70%-н құрайды. Болашақта емдік өсімдіктерді көбірек білгің келеме дегенге 70% ия деп жауап берді. 

ҚОРЫТЫНДЫ.

Өсімдіктің табиғи байлықтары сарқылмайтын қазына емес, оларды орынды пайдаланып, қорғап отырғанда ғана ұзақ уақыт керекті заттарды алу мүмкіндігі туады. Адам баласы өзіне қажет болған қорек, ауа, киім, баспана, дәрі күнделікті өмірде пайдаланып жүрген ұсақ-түйек заттардың бәрін өсімдіктерден алатын болса, оны барынша аялап қорғай білу – әрбір адамның борышы.
Табиғат – адамзаттың материалдық және рухани талабын қанағаттандыратын байлықтың негізгі көзі, табиғи қорлар азайса, байлық та кемиді. Сондықтан бүгінде күн тәртібінде табиғат байлығын сақтау, қорғау, көбейту мәселесі тұр.
Өсімдіктер тіршіліктің тірегі әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап, молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып кетуге жақын тұрған түрін сақтап қалуды қорғау.
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген.Осы жүргізілген зерттеу жұмысымның
нәтижелері мен қорытындысына сүйене отырып,алға қойған мақсаттарымызға жетеміз.
Ұсыныс
1. Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарында мамандар мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;
2. Мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш берілсе;
3. Тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханаларашылса;
4. Дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар іше алатын түрлі – түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса;
Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай білейік!

You May Also Like

Физика тұрғысынан тұмаудың таралуы, ғылыми жоба

«Физика тұрғысынан тұмаудың таралуы⁠« Бағыты:  Ғылыми-техникалық даму-экономикалық өсудің негізгі буыны. Секция:  физика…

Разработка технологии функциональных продуктов на основе полизлаковых культур и национальных продуктов для детей школьного возраст, научный проект

Тема:  Разработка технологии функциональных продуктов на основе полизлаковых культур и национальных продуктов…

Фольклор- тарихи дерек көзі ретінде, ғылыми жоба

Фольклор– тарихи дерек көзі ретінде» Пікір Фольклор-тарихи дерек көздері атты ғылыми-зерттеу жұмысы…

Кітап оқу мен жылдам оқудың құпиясы, ғылыми жоба

Кітап оқу мен жылдам оқудың құпиясы. Мазмұны І. Жетекшінің пікірі         ІІ.…