Фольклор тарихи дерек көзі ретінде»

Пікір

Фольклор-тарихи дерек көздері атты ғылыми-зерттеу жұмысы өте маңызды, құнды мәселелерді қамтыды.Бүгінгі таңда елімізде өзекті мәселеге айналған «Рухани жаңғыру» аясында тарихи жыр,шежіре, аңыз-әпсаналарды зерттеу арқылы тарихи тамырымызды, ұлттық сана-сезімімізді дамыта аламыз.Зерттеу жұмысының кіріспе бөлімінде фольклор,оның халықтың рухани мұрасы ретіндегі рөлі, ерекшеліктері жөнінде баяндалған.Негізгі бөлімде ежелгі кезде Қазақстан аумағында мекендеген сақ, ғұн, үйсін тайпалары дәуірінен қалған жыр-дастандар, одан кейін түркі дәуіріндегі тасқа жазылған дастандар және Алтын Орда дәуірін қамтитын Ноғайлы топтамасында ауыз әдебиеті үлгілерінде кездесетін тарихи деректер жөнінде айтылған.                                                              Қорыта айтқанда, Ерікұлы Ердәулеттің «Фольклор-тарихи дерек көзі ретінде» атты ғылыми-зерттеу жұмысына жақсы деген баға беріп, жұмысын қорғауға болады деген негіз бар.

Аннотация                                                                  «Фольклор-тарихи дерек көздері ретінде» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы бүгінгі таңдағы рухани жаңғыру аясындағы өзекті мәселені қамтиды.                                Ғылыми-зерттеу жұмысында ежелгі, түркі және ноғайлы дәуірлеріндегі әдебиеттерде,батырлар жырлары мен дастандарында баяндалатын оқиғалардың тарих пәні үшін маңызы зор. Оларды саралау арқылы тарихи дерек көздері ретінде пайдалану  осы ғылыми жобаның арқауы болып отыр.                                                    Исследовательской работы «Фолькор-как источник источниковедения» является своевременной и очень актуальный. Во вступительной части говорится о роли фольлора как источника духовной культуры,исторического сознания народа в контексте разных эпох.Основная часть заключает в себе события,которые повествуются в эпосах, начиная с времен саков, гуннов, усуней, затем тюркских племен а также периода Золотой Орды.                                                                                                                                                      В заключительной части говорится о роли фольклора как дополнительного источника исторических событии и о важности критического восприятия  информации.                                                                                                                               The theme of the research work «Volkor-as a source of study» is timely and very relevant. The role of vollor as a source of spiritual culture,historical consciousness of the people in the context of different eras is mentioned in the all-access part. The main part consists of events that are narrated in epics, since the time of Saks, Huns, Usuns, then Turkic tribes and the period of the Golden Horde. The final part deals with the role of folklore as an additional source of historical events and the importance of critical perception of in formation.

Мақсаты    «Фольклор-тарихи дерек көзі ретінде» атты ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты-бізге ғасырлар қойнауынан келіп жеткен, рухани мәдениетіміздің бастауы болып табылатын фольклорды қосымша  тарихи дерек көзі ретінде қолдану.Өйткені, эпос-жырлар мен аңыз-әпсаналарда халықтың басынан кешірген тарихи оқиғалар көрініс тапқан.                                    Сондықтан, фольклорды тарихи дерек көзі ретінде қолдануға толық негіз бар.

Фольклор тарихи дерек                                                                                                                                               1)КІРІСПЕ.                                                                       

2) НЕГІЗГІ  БӨЛІМ.         

2.1 Ежелгі дәуір әдебиеті.                               

2.2 Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. 

3)ҚОРЫТЫНДЫ.

—Ә.Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы»                                                                                 Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудығандықтан, ол елдің тұрмыс-тіршілігімен тағыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлады.Олай болса, фольклор шығармалары өзінің тарихылығы жағынан авторлық сипаты бар кез келген туындыдан анағұрлым шыншыл, әсерлі де көркем. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрып, ой-санасы мен түрлі сезімдерін де танып, білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында.

                                                                  Кіріспе   

Бүкіл қоғамдық ой-сананы қайта құрып, дәуір шындығын, заман ақиқатын қалпына келтіріп жатқан ұлы бетбұрыс кезеңінде көненің көзіндей болып, бізге ғасырлар қойнауымен жеткен рухани мұраларды, соның ішінде,бертін келе қазақ халқын құраған ру- тайпалардың фольклоры мен ежелгі әдебиетін ғылыми негізде танып білудің мәні зор.  Ал,бұл күрделі міндетті жүзеге асыру үшін,ең алдымен,сан ғасырлық тарихы бар қазақ  ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің түп-төркінін,қайнар бастауларын көркемдік дәстүр жалғастығы тұрғысынан алып зерттеу керек. Бұл тақырыпты зерттеудің зәрулігі мынада болып отыр. Қазақ әдебиетінің түркі тілдес халықтармен ортақ болып келетін ежелгі дәуірі мен қазақтың өзіндік төл әдебиеті арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығы зерттеу объекті болған емес.Ал, мұндай зерттеу қазақ әдебиетінің тарихындағы көптеген беймәлім құбылыстардың бетін ашуға мүмкіндік туғызар еді«Фольклор тарихи дерек көзі» ретінде атты зерттеудің бірқатар ғылыми жаңалықтары бар деп түсінеміз. «Алып Ер Тоңа», «Оғыз қаған», «Аттила», «Шу батыр», «Көк бөрі» дастандары. Әрине, сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген бұл батырлық жырлары қәзіргі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ мұра болып табылады.  Айталық,қазақ жазба әдебиетінің  бастаулары Түрік қағанаты тұсында,яғни VIII  ғасырда жазылған.«Күлтегін» жырында жатыр дейін.Ал, қазақтың батырлар жыры негізінен Жоңғар шапқыншылығы тұсында,яғни XVII-XVIII ғғ пайда болды. 

Негізгі бөлім  Ежелгі түркі тайпаларының арғы ататегі саналатын сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген ерлік дастандары қалып,көпшілік оқырманға беймәлім болып отыр. Мұның өзіндік сыр-себептері бар. Ең бастысы б.з.б III-I ғасырларда ежелгі түркі тайпаларының батырлық жырлары толық сақталмай, бүгінгі күнге үзінде күйінде ғана жеткен.Қазақ әдебиетінің тарихы- қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі, ізі болып табылады.  Сонымен б.з.б дәуірде өмірге келген ежелгі аңыз-әфсаналарды, жыр-дастандарды терең танып білу үшін осы сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, оғыздар, қыпшақтар тарихын білгеніміз жөн.  Сонымен, қауым заманның батырлық жырлары да өмірде болған тарихи тұлғаларды, қоғамдық құбылыстарды бейнелейді.Мұнда негізгі тарихи деректер сақталып қалады.Әйтсе де бұл  оқиғаның өзі халық қиялынан туған ғажайып қызық оқиғалармен бүркемеленіп беріледі.Басқаша айтсақ, ерлік эпосының өмірге келуінде,халық өмірінде маңызды рөл атқарған тарихи тұлғалар жайында аңыздар ерекше орын алады.  Сөйтіп «Алып Ер Тоңа», «Оғыз қаған», «Аттила», «Көк бөрі» дастандары ежелгі ерлік дастандары сақтар мен ғұндардың, ал бертін келе оғыздар мен қыпшақтардың қоғамдық-әлеуметтік өмірін, күнделікті тұрмыс- тіршілігін, әдет-ғұрпын,саяси санасын,  діни наным-сенімін бейнелейтін  ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері болып табылады.

«Шу батыр» дастаны

«Шу батыр» дастаны – ежелгі дәуірлердегі сақ және ғұн тайпаларының шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. Қытай жазбалары арқылы жеткен мәліметтер бойынша ,сақтар өз мемлекетінің ұлан ғайыр бір аймағын Шу өлкесі деп атаған екен. Дастанда Шу батыр сақтар еліне қалың қолды бастап Ескендір (А.Македонский) келе жатқанын күні бұрын болжап біледі.  А.Македонский б.з.б. IV ғ.-да сақ жеріне жорық жасағаны тарихтан бізге мәлім. Күллі әлемді жаулап алған Ескендір жау жағынан майданға тек қырық жігіт шыққанын көріп, ол да қырық батырын шығарады.Ескендір патша өзінің  ең таңдаулы қырық нөкерінің жеңілгенін мойындап,Шу батырымен бейбіт келісім жасасқаны дастанда суреттелген. Тіпті Ескендір мен Шу батыр екеуі достасып өз елін,халқын қырғын соғыстан аман алып қалыпты.  А.Македонскийдің сақ жеріне шабуылы сәтсіз аяқталғаны тарихи шындық. Сақтар дәуірі ауыз әдебиетінің ғажайып үлгісі болып табылатын Шу батыр жайындағы дастан бізге сақтар,олардың туған жерін қорғаудағы жанкешті ерліктері,  А.Македонскийдің сақ жеріне шабуылы жөніндегі дерек көзі ретінде құнды деп айтуымызға болады. Бізге бұл мәліметтер парсы,қытай жазбаларынан мәлім болғанымен,сақтар тарихын дастандағы өздерінің баяндаулары бойынша салыстыра отырып зерттеудің маңызы зор.

Қала аңыздары

Бүгінгі Қазақстан жеріндегі қала аңыздары исламнан бұрынғы   (Баласағұн, Асанас, Құмкент, Жетіасар,Отырар, Тараз, Жанкент т.б) және соңғы сюжет (Яссауи, Арыстанбаб, Баба ата) болып көрінеді.Оғыз, ноғайлы дәуірлерінен қалған аңыздар көбіне адам, жер-су аттарына байланысты. Солардың бәрі де тарихи шежіреге бай, толып жатқан эпостық, ертегілік сюжеттерге негіз болған. Қала аңыздары Хорезм, Тұран, Жетісу, Сыр қлкелерінде икөбірек сақталған.                                                                                                Қала аңыздары бірде реалистік (Айсұлу, То,мирис,Зарина, Аязби), бірде аңыз ертегілік түрінде айтылады. Бұларды тарихи-географиялық аңыздар дейміз. Соның бастылары- Баршынкент, Байсын, Жент, Сайрам, Шаш аңыздары болып келеді. Ходжент шаһарына қатысты айтылатын хикаялардың бірі- Зарина аңызы. Ол өзінің ерін өлтіріп, сүйген  адамына тиеді.                                                                                      Айсұлу Жанкент ханы Мәлік шахтың әйелі еді.Оған құлы Жалабатыр ғашық болады.да, ақыры жала жауып Айсұлуды өлтіртеді. Осыдан соң Жанкент шаһарын ордалы жылан басып, Мәлік шах пен Жалабатыр Бұқарға қащқан деседі.

    Гүлдерсін шаһары

—Ертедегі  сақ-син аңыздарының ішінде Гүлдерсін шаһары жайындағы аңыз назар аударарлық. Бұл қаланың орнын 1937 жылы С.П.Толстов қазған еді. Одан скиф садағының оғы, тастан салынған әйел суреті табылған. Аңыздың мазмұны: Гүлдерсін шаһарын жау қоршағанда, қыз қалмақ батырына ғашық болады. Қаланы олар ала алмайды.Гүлдерсін жауға «кетпеңдер» деген хабар берген. Мұны естіген қалмақтар кетпей, ақыры шаһарды алады. Бірақ қалмақ баласы өз еліне опа болмаған қыз қалайша маған жар болады деп, оны ат құйрығына байлатып өлтірген. Сыр бойындағы кушан, хұн дәуірінен қалған Жиделі Байсын, Алтыасар, Жетіасар туралы қала аңыздарының мәні жоқ еғмес. Жиделі Байсын жері қазақтың көптеген эпоостық жырдарында айтылады. Жиделі Байсын жерін билеген қарақалпақтың Орман биі қайтыс болып, артында ізбасар тұяқ қалмапты. Жалғыз қызына ел билік бермей, жұрт биді қазақтан сайлапты. Сөйтіп қарақалпақтың жері, өрісі тарылыпты.

Баршынкент қаласы

Баршынкент Сырлытам, Қызқала, Қышқала – ортағасырлық қала орны. Сырдарияның төменгі ағысы маңында, Қызылорданың оңтүстік-батысында 25 шақырымдай жерде. Қала орнына өткен ғасырда П.И. Лерх, В.А. Каллаур, 1946 жылы С.П. Толстов бастаған Хорезм археологиялықэтнография экспедициясына зерттеу жүргізген. Академия. Ә. Марғұлан Баршынкентті Алпамыс батыр жырындағы Гүлбаршынның есімімен байланыстырады. Баршынкент Шыңғыс хан шапқыншылығына дейін оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы шекаралық аймақтағы үлкен маңызды стратегиясы бекініс және мәдени-сауда орталығы болған. Хорезм, Қыпшақ, Қимақ хандықтары әскерлеріне табанды қарсылық көрсеткен. Кейін ұзақ уақыт қаланы ала алмаған Жошы хан әскерлері қамалды қоршаған орға өзен суын бұрып, қаланы суға бастырып, берілуге мәжбүр еткен. Шапқыншылықтан қираған қала көп ұзамай қалпына келтіріліп, Жошы ұлысының Сыр бойындағы орталығына да айналады.

—Баршынкентте теңге соғатын сарай болғаны да белгілі. Осының бәрі оның Алтын Орда тұсында да ірі саяси, мәдени және білім ордасы болғандығын көрсетеді. 13 ғасырдың 2-жартысында Сыр бойында болған Жамал Қарши «Баршынкентте оғыздар мен қыпшақтар аралас тұрады» деп жазады. Баршынкент туралы мәліметтер орта ғасыр тарихшылары мен елшілердің қолжазбаларында көп кездеседі. Солардың бірі Джованни Плано Карпини: «Сыр бойының халқы мұсылман тілінде сөйлейді, салт-дәстүрлері де мұсылманша. Осы маңда қираған қамалдар мен қалалардың орындары өте көп. Жақын жерден өтетін өзеннің бойында тұрғаны – Жанкент, Баршын және Арнас. Олардан басқа да қалалар бар, бірақ біз олардың аттарын біле алмадық» деп жазады. Қаланың аты 15 ғасырдан бастап жазба деректерде кездеспейді. Оның күйреуіне не себеп болғаны әлі зерттелмеген. Баршынкент жайлы көптеген ғалымдардың (Д’ Оссонның, В. Бартольдтың, Марғұланның) еңбектерінен оқуға болады.

                                                                      «Аттила» дастаны

«Аттила» дастаны – ғұндардың Еуропаға қоныс аударып Еділ өзені мен Атлант мұхит аралығындағы билік жүргізген дәуірін жыр еткен туынды.  Бұл дастанның жекелеген үзінділері ежелгі заман тарихшылары Герадот,Ктесий,Полиэн, «Вольтерия» деп аталатын герман эпосы арқылы бізге жеткен. Дастанда ғұндардың көсемі Аттиланың Еуропаға жасаған жорықтары, ғұн әскерінің жеңістіктері, жырланған   «Аттила» дастанында негізінен осы Каталун шайқасы суреттелген. Тарихтан бізге мәлім,ғұндар Еділден өтіп,алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Сондай-ақ ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауларынан Днепрге дейінгі аралық ғұндардың қол астына көшті. 376 жылы ғұндар  Рим  империясы шекарасына таңап келді. Ғұн патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін құрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті. Рим империясы әскерлерімен 250 мың Аттила әскерлері арасындағы Шалон қаласы түбінде шайқас болды. «Аттила» дастанында Рим жерін даңқты қолбасшы Астиус бастап келгені айтылған. Ғұн әскерін шайқас алаңына Аттиланың өзі бастап шығады.Дастанда екі әскердің бір-біріне жақындап келген үрейлі сәті бейнеленген.Сол кездегі соғыс дәстүрі бойынша екі жақтың әскер басшылары шығып, жекпе-жек шайқаста күш сынасып көруі шарт еді. Алайда Рим жерінің қолбасшысы Астиус ту ұстаған күйенде тырп етпей мелшиіп тұра берді.

Бір кезде Аттила зор даусымен айғайлап:

Ей Астиус ! Шық бері! Римді ұятқа қалдырма! – деді

Алайда Астиус қозғалмады. Кенет ол өз тілінде бірдеңе деп күбір ете қалғанда, 200 мың Рим әскері Аттилаға қарай лап берді. Көзді ашып-жұмғанша қанды шайқас басталып кетті. Тек күн батып, қас қарайған кезде ғана екі жақтың әскері шайқасты уақытша тоқтатыпты. Ертеңіне күн шыққан бойда шайқас  қайта басталуы керек еді. Алайда Рим әскері орнында болмай шықты. Түнде қашып кетіпті. Мұны көрген Аттила әскерін бастап , Римге қарай бағыт ұстады. Аттила әскері Рим қақпаларына жақын келген кездебұлардың алдынан Рим папасының өзі бастаған бір топ діни адамдар шықты. Олар Аттилаға Рим сенатының шешімімен әкеліп тапсырды. Сенат қаулысында: «Аттилаға түгел бағынамыз, айтқанын істейміз,қазынаның бар байлығын береміз, тек ол қасиетті Римді өртемесін , бұзбасын» депті.Бұл өтінішті Аттила қабылдады. Алайда қақпалары ашық тұрған қалаға Аттила кірген жоқ.Ол қалың қолымен Рим қақпалары тұсынан үн-түнсіз өтіп, Батысқа қарай жүріп кетті.   Алайда, тарихи деректер бойынша , Аттила әскері кеткен бойда-ақ герман тайпалары (гот,кельт,бургук)  Римге басып кіріп , бірнеше күн бойы қаланы тонап, ойрандады. Ақыры Рим империясы құлады.  «Аттила» дастаны өмірде болған тарихи тұлғаны жырлауға арналған.Соның өзінде,мұнда тарихи деректермен бірге Аттила жөніндегі түрлі аңыз-әфсаналар да көрініс тапқан.

Алып Ер Тоңа» дастаны

                 Алып Ер Тоңа» дастаны – ежелгі түркі тайпаларының шежіресініен аңыздар мен тарихи деректер негізінде баяндайтын қаһармандық жыр.Дастанның басты қаһарманы  Алып Ер Тоңа билеушісі, баатыры, оны парсылар Афрашыб деп те атайтыны мәлім.   Негізде Тұран мен Иран елдері арасында болған соғыс кездерінде Алып Ер Тоңа сан рет Тұран әскерін басқарып,талай мәрте жеңістерге жеткен.  X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдауси өзінің әлемге мәшһүр «Шахнамасында» Тұран елінің патшасы, әскери қолбасшысы, даңқты батыры Алып Ер Тоңа жайындағы аңыз-әфсаналар мен тарихи деректерді шебер қолдана білген.  Аталмыш дастанды Афрашаб патша Иран шахын «Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп» шапқызамын» – деп қорқытады.  Алып Ер Тоңа – Тұран елі үшін жағымды қаһарман, ал Иран жағы үшін нағыз жау,басқыншы патша екені мәлім.  Сонымен, «Алып Ер Тоңа» дастанының қысқаша мазмұны төмендегідей: түркілердің атамекені Тұранға көрші отырған Иран елінің әскері қайта-қайта шабуыл жасап,тыныштық бермейді.Тұран елінің сұлу қыздарын, асыл бұйымдарын,қоңды малдарын тартып әкетіп жатады.Сол кезеңдң арыстандай айбарлы,жолбарыстай жүректі Ер Тоңа елден көп әскер жинап,жауға қарсы шығады.  Тұран мен Иран әскері Дехистан деген жерде кездесіп үш кун , үш түн демалыссыз шайқасады. Жап-жасыл дала енді қып-қызыл қанға боялып келеді. Ақыры Тұран әскері жеңіп, Иран әскері ойсырай жеңілді.

Ежелгі түркі әдебиетіне тән дәстүрлердің бірі – батыр шешуші шайқасқа шығардың алдында қорқынышты түс көреді.Алып Ер Тоңаның («Шахнама» бойынша Афрасиабтың) түс көруіне арналған дастанның жыр жолдарын Фирдауси өз шығармасында шебер пайдаланған. Мұнда «Афрасиабтың қорқыныщты түс көруі» деп аталатын ұзақ жырда:

Қолшылдан,айғай сап оянып кетті,  Құландағы дауысы қиырға жетті.  … Долы дауыл жұрт зәресін ұшырды,  Байрағымды жұлып жерге түсірді деп суреттеледі.

Түркі дәуір әдебиеті

Ежелгі түркі тайпаларының арғы ататегі саналатын сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген ерлік дастандары бүгінгі күнге толық сақталмай, қысқа-қысқа үзінді күйінде жеткеніне қарамастан тарих үшін де маңызды дерек көзі болып саналады.Біздің заманымыздан бұрынғы дәуірде өмірге келген ежелгі аңыз-әфсаналарды,жыр-дастандарды терең танып білу үшін сақтар, ғұндар, қаңлылар  тарихынын білгеніміз жөн.Сонымен,қауым заманының батырлық жырлары да өмірге болған тарихи тұлғаларды, қоғамдық құбылыстарда бейнелейді.Мұнда негізгі тарихи деректер сақталып қалады. Әйтсе де оқиғалар халық қиялынан туған ғажайып қызық оқиғалармен бүркеленіп беріледі.  Мәселен; «Алып Ер Тоңа» , «Оғыз қаған» , «Атилла» , «Көк бөрі» ежелгі ерлік дастандары сақтар мен ғұңдардың, ал бертін келе оғыздар мен қыпшақтардың қоғамдық-әлеуметтік өмірін, күнделікті тұрмыс-тіршілігін,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін,салт-санасын,діни таным-сенімін бейнелейтін ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері болып табылады.

Тасқа жазылаған дастандар.                                                                                                                  

Кезінде дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Түрік империясы жайында жазылған ғажайып тарихи дастандар бар екені мәлім. Оны жазған Түрік қағанатының бектерінің бірі, ойшыл, шешендік сөздің жүйрігі ақын Йолығтегін. Бүкіл түрік елін ерлік пен бірлікке, елдікке үндейтін бұл дастандар тасқа қашалып жазылып, бүгінгі күнге дейін жетті.Түрік қағанты VI ғасырда ұлы даланың қожайынына айналып, ешбір жау оны әскер күшімен жеңе алмағаны тарихтан мәлім. Алайда түрік елінің  ішіне табғаштар, яғни  Қытай елі ғасырлар бойы  іріткі салып келді.           Ақыры Ұлы Түрік империясы 603 жылы екіге бөлінді. Бір –Шығыс Түрік қағанаты, ал екіншісі – Батыс түрік  қағанаты  деп аталып кетті.Тасқа қашалып жазылған дастандардың бірі Түрік қағанатының айбарлы дәуірін суреттеуден басталады.  Мұнда екі түріктің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істеми қаған барынша мадақталады.

  Биікте көк тәңірі  Төқменде қара жер жаралғанда  Екеуінің арасында адам баласы жаралған  Адам баласы үстіне ата-тегім  Бумын қаған, Істеми қаған отырған                                                                       Отырып, түркі халқының                                                         Ел жұртын қалыптастырған, иелік еткен                                                Төрт бұрыштың  бірі дұшпан екен,  Сарбаздарымен аттанып,  Төрт бұрыштағы халықты  Көп алған, бәрін бейбіт еткен,   Бастыны еңкейткен,  Тізеліні бүктірген.

– деген жыр жолдары Түрік қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегін батырға арналған дастаннан алынып отыр. Күлтегін дастанында түріктердің қырғыз жеріне дейін басөаяғы жиырма бес рет аттанып, Он қағандығын әлсіретіп, тізе бүктіргені жөнінде айтылады.

Күлтегін

«Күлтегін» (684-731) ескерткіші «Білге қаған» ескерткішімен қатар бір жерде табылған. Күлтегін 731 жылы 27 ақпанда 47 жасында қайтыс болған. «Күлтегін» жыры өз алдына дербес 8 циклдан тұрады. Әрбір цикл мазмұны жағынан дербес хикая болып келеді.«Күлтегін» жырының  2-ші циклы – Түрік қағанаты жерінің ұлан-ғайыр кең екендігін суреттеуге арналған:

—           Тоғыз оғыз бектері, халқы,

—           Бұл сөзімді мұқият тыңда,

—           Терең ұқ.

—           Ілгері – күн шығысында,

—           Оң жақта – күн ортасында,

—           Кейін – күн батысында,

—           Сол жақта – түн ортасында,

—           Осының ішіндегі халықтың бәрі

—           Маған қарайды!

—           Халықты осыншама көбейттім! Ал Күлтегін мінген аттардың сыр-сипаты осылай суреттеледі:

—              Күлтегін боз ат мініп шапты,

—              Ол ат сонда лді

—              Ерттеулі торы атын мініп шапты

—              Ол ат сонда өлді

—             Күлтегін алып шамшы ақбоз мініп

—             Жауға қарсы ұмтылды

—Сонымен бірге батыр өлгенде бүкіл елдің жоқтау айтуы эпостық жырларымен сарындас. Сонымен қатар Күлтегіннің 16 жасынан 47 жасқа дейінгі өмірін суреттеу, Алпамыс батыр секілді Күлтегін де суға салса батпайды, отқа салса күймейді. Оны төмендегі жолдардан байқаймыз.

—              Жүзден артық оқ тиді

—               Бірі де дарыған жоқ

—                                                                                                                                                                   «Күлтегін» жырында негізгі нәрсе – Күлтегіннің ерлігі болса, «Тоныкөк» жырында автор сол шайқаста жеңіске Тоныкөктің ақыл-айласы арқасында ғана жеткендігін көрсетеді. Жырдың басты қаһарманы түркіелінің дана қарты Тоныкөк. Сондықтан жырда уағыз – өсиет, нақыл сөздер көп.

—Мыс: Жұқаны бүктеу – оңай

—          Жіңішкені үзу – оңай

—          Қол қосылса күш өсер

—          Өлімнен ұят күшті

—    «Тоныкөк» 313 өлең жолынан тұрады. Жырдың жалпы оқиға желісінен зерттеушілер 14 циклын бөліп қарастырады.

1.Түркі халықтарының табғаштарға бағынышты болу тарихы

2.Аман қалған түріктердің бас қосып, бірігуі

3.Біріккен халықты басқаратын қаған сайлаудың қиындығы, қаған сайлаудағы Тоныкөктің ролі

4.Елтерісті қаған жариялауы

5.Оғыздардан тыңшы келіп, түркі елін шаппақ болғандығы

6.Түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы және осы қиындықты жеңудегі тоныкөктір ролі

7.Оғыздармен болған соғыс туралы

8.Сегізінші циклдан бастап 14 циклға дейін  түркілердің түрлі тайпалармен жүргізген соғыстары баяндалады. Ал 14 циклы бүкіл жырдың қорытындысы болып келеді. Мұнда түркілердің өз елі, жері үшін соғысқандары айтылып,  соның барлығында да жеңіске жеткендері, ол Тоныкөктің ақыл-кеңесінің нәтижесі екендігі баяндалады.

                                        Тоныкөк

Тоныкөк – өз заманының атақты батыр, әрі ақылды адамдардың бірі. Ол Қытай жерінде туып, оқып білім алған. Тоныкөк Елтеріс қағанның ең сенімді кеңесшісі болған.Тоныкөк жырында:   Білге Тоныкөк, мен өзім, табғаш елінде тәрбиелендім. Түркі халқы табғаштарға бағынышты еді.   Түркі халқы, ханы болмай, Табғаштардан ажырады, хандық құрды. Хандығын тастап Табғашқа қайта бағынды.   Жыр жолдарында бір кездері дүрілдеген көк түркілердің ішкі алауыздығы салдарынан Қытай еліне бағынышты елге айналғаны айтылған.                                                                                                  Қытай елінің ханзадалары мен саудагерлері сыйға әкелген алтын мен жібекке, табғаштың ару қыздарына өзара таласқан түрік бектері арасында астыртын айқас басталады. Кейбіреулері түрік елі алдындағы парызын , ата-бабалар дәстүрін ұмытып,билік пен байлыққа таласқан мұндай күрес жиырма жылға созылып ел екіге   бөлінді.

Алтын Орда дәуірі                          

Ауызша халықтық поэтикалық шығармашылық Алтын Орда халқының рухани мәденитенің бір бөлігі болды.Ертедегі туындылармен қатар,сол кезде ұлан-байтақ Дешті Қыпшақ даласында болған оқиғалар,Шыңғысхан ұрпақтары,оның ішінде Жошы ұрпақтары мемлекетінің тарихи тағдырында маңызды рөл атқарған жеке адамдар туралы этикалық жаңа туындылар пайда болды.XI-XV ғасырларда  ноғайлы топтамасындағы тарихи-батырлық эпос (Ер Тарғын,Ер Едіге, Орақ-Мамай, Ер Көкше, Ер Қосай және т.б.)ерекше етек алды,олар біздің заманымызға жекелеген жырлар түрінде де, «Қырымның қырық батыры» деген эпикалық топтама түрінде де жеткен. Аталған топтама бірнеше ғасырдың оқиғаларын қамтитын және Алтын Орданың,Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығының саяси өміріне белгілі бір түрде қатысқан бірнеше билеуші-батырлардың істері туралы айтылатын ауызекі халық-эпопеясына айналған.Ноғайлы топтамасында өзекті туынды-Алтын Орданың әмірі, 1396-1412 жылдарда іс жүзінде билеуші болған Едіге туралы эпос.Халық түсінігінде ол өз мемлекетінің тәуелсіздігі үшін күресуші және оны жаулап алушылардың шапқыншылықтарынан  қорғаушы ретінде көрінген еді.Едіге жөніндегі аңыз-әңгімелер фольклорландырылған эпикалық шығарма пайда болып,оның өмірі мен ерлігі дәріптелді.  «Ер Едіге» жырында сол кезеңдегі тарихи оқиғалар желісі байқалады: Едігенің Тоқтамыстан Темірге қашып кетуі, оның Темірмен бірге Тоқтамысқа қарсы жорығы, Тоқтамыстың қаза табуы мен оның балаларының кек алуы ерекше бір түрде бейнеленетінін атап айтқан жөн.               Мен барғаннан барармын   Телікөлден алармын.  Кекілдінің  желіне   Баса бір барып жатармын…  Он үш жылдың ішінде   Қайта айналып жетермін…….  Бұл жырда айтып отырған 13 жыл Едігенің Алтын Орданы басқарған кезін көрсетеді.Бұл кез 1395-1408 жж.  Едіге 1395 жылы Тоқтамысты  Алтын Ордадан қуған соң,елді басқару Едігеге көшеді.   1399 жылы Литва князі Витов пен Тоқтамыстың біріккен күші Едігені жеңе алмайды.  «Едіге» жыры-Алтын Орда дәуірінен қалған ноғайлы-қыпшақ жырының ең ескісі.

Қобыланды батыр жыры 

«Қобыланды батыр» жырына әдебиетші тарихшы ғалымдар XIX ғасырдың екінші жартысында көңіл бөліп, назар аударғанын байқаймыз. Мәселен,қазан төңкерісіне дейін бұл жыр жөнінде В.В.Радлов пен Г.Н.Потанинен басқа,орыс ғалымдарынан Туземец пен П.А.Фалев пікір айтып,жырдың ауыз әдебиетінен ерекше орын алатындығын көрсеткен. Жырдың мазмұны,жыр әңгімесі Қобыландының ел қорғауды жасаған ерліктеріне арналған. Және ол бұл жолда шетелдік басқыншы жау қызылбастармен,кейде қалмақтармен соғысады, соларға тойтарыс беріп, ел –жұртын қорғап отырады.Бұлар ойдан шығарылған жау емес, тарихи шындық.Жыр оқиғасы сол шындықтан алынған. Олай болса қызылбастар дегеніміз кімдер?    Шыңғысханның Жебе және Субеде деген қолбасшылары 1222-1224 жылдары Солтүстік Иран, Кавказ жерлерін өздеріне қаратады. 1231-1239 жылдар арасында моңғолдар Иран,Кавказ,Әзірбайжан елдеріне екінші рет шабуыл жасайды.Ал, 1256 жылдан бастап бүкіл Кавказдық елдер.Иран,Ирак және Кіші Азияның бірсыпыра жерлері моңғолдық Хулағу-хан құрған мемлекетке бағынады.Жергілікті халықтар хулағиліктерге бағынбай қарсылық көрсеткендер кавказдықтар, әзірбайжандар және қыпшақтар болған.Жергілікті халықтардың қарслығын басу үшін моңғол хандары өз ара күштерін біріктіред,атты әскерден жасақтар құрады.Моңғолдар өздерін жауларынан айыру үшін бастарына қызыл бөрік киеді. Осыдан барып оларды «қызылбас» деп атаған деседі.                                                                                                                  Қызылбастардың шапқыншылық әрекеті Ғызан (Ғызан,Қазан) ханның тұсында кең өріс алады. «Қобыланды батыр» жырында қыпшақтар мен қызылбастардың арасында көп заманғы созылған қарым-қатынастарды, алыс-тартыстарды елестетеді.                             

Қызылбастың елінен                                                                                                                                     Қазан деген ер шықты,                                                                                                                               Жан білмеген шер шықты,                                                                                                Ноғайлының көп елін                                                                                                                              Олжалап шауып жаншыпты,                                                                                                               Бағынбаған адамын                                                                                                                                           Қырып-жойып таусыпты,                                                                                       Жерін, малын олжалап                                                                                                                                                                                        Қатарынан асыпты,                                                                                                                                                               Мал- жанына қарамай                                                                                                                                                         Ноғайлы елі қашыпты- делінеді.                                                                                                                                                                                                              

Әрине, «Қобыланды батыр» жырында қызылбастар мен қыпшақтардың арасында XIV ғасырларда болған қарым-қатынастарды тарихи тұрғыдан бейнелегекн.

Қазақ фольклорының поэтикасы  Р.Бердібай :    «Алпамыс батыр» жырының алғашқы нұсқасы VI-VIII ғасырларда Алтайда пайда болған. Алтайдан ауған түркілер (оғыз бен қыпшақтар, қоңыраттар) бұл сюжетті IX- X ғасырларда осы күнгі Қазақстан жеріне жетеді. Жырда Алмапыс батыр қоңыраттың кегін қайтару үшін өзі жоқта елді шауып кеткен Тайшық ханмен соғысады. Егер көне эпоста Алып-Манаш өзі ғашық боп іздеп барған қыздың әкесімен соғысса, қазақ жырында Алпамыс кейінгі заманда халықтың ата жауы болған қалмақтармен соғысады. Тарихтан белгілі Қазақ хандығы құрылғаннан бастап жан-жақтағы жаулардан қорғанумен болды. Солардың ішінде, әсіресе қалмақтармен көп соғысты. Екі ел арасында XVI-XVIII ғасырларда ондаған шайқас болды. 

You May Also Like

Жасанды тағамдар, ғылыми жоба

«ЖАСАНДЫ ТАҒАМДАРДЫҢ ЗИЯНЫ» МАЗМҰНЫ Кіріспе………………………………………………………………………………………………………7 I тарау      Негізгі бөлім Жасанды тамақтандырудың ережесі…………………………………………………9…

Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі, ғылыми жоба

Мазмұны Кіріспе……………………………………………………………3 1.Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі……………………………………5 1.1 Тамақтану тәртібі…………………………………………… 5 Тамақтанудың…

Қазақ этнолингвиcтикаcындағы қара қазан ұғымы, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: Қазақ этнолингвиcтикаcындағы қара қазан ұғымы Мазмұны Кіріcпе Негізгі бөлім…

Киіз үйдің жылу сақтау құбылысы, ғылыми жоба

Бағыты: Ғылыми – техникалық прогресс,экономикалық өсудің негізгі буыны. Секция :физика. «Киіз үйдің…