ЭССЕ

Ана-гүл, ана-өмір шырағы

Ана… Қандай керемет сөз десеңші! Осы бір үш – ақ әріптен тұратын сөзде мұхиттың тереңдігіндей тұңғиық ойлар жатыр. Осы асыл жан әрқашан бізді жақсы көреді. Біз шыр етіп дүние есігін ашқан кезден бастап бізді бағып – қағып, біз үшін отқа да, суға да түсті. Ана деген сөз әрқашан киелі. Ешкімде аспаннан салбырап түскен жоқ. Бәрімізге жарық дүние есігін ашқан – ана. Бауыр еті баласы үшін аналар не істемейді десеңші? Ана туралы айтатын ой, шертетін ән көп.

Ал менің анама келетін болсам, аты – жөні – Дауылбаева Алтынай. Анам өте тәрбиелі ұлағатты жанұядан шыққан. Өте мәдениетті, ақылды. Атырау Индустриалды колледжінде он бес жылдан аса еңбек етіп келеді. Ол тек бізді емес, колледжі оқушыларын тәрбиелеп келеді. Анамның қолынан келмейтіні жоқ түрлі тәтті тамақтар пісіруге, ән айтуды, спорттық жарыстар жағынан да алда. Анамыз бізді ерекше жақсы көретінін біз білеміз. Апам екеуімізді бір-бірімізден қалдырмай музыка мектебіне берді апам-қобызшы болса, ал мен- скрипкада ойнаймын, біз анамызды түрлі конкурстан алған мадақтарымызбен қуантамыз. Бізді де өзі сияқты жарыстарға, конкурстарға қалмай қатысқанымызды жақсы көріп, барлық жағдай жасауға папам екеуі жиі көмектесіп отырады. Басқа жанұялардың тәртібіне қарағанда біздің үйдің тәрбиесі өзгеше. Мен оны басқа өзімнің сыныптастарыммен жүргенде байқаймын.   Қандай ақын болмасын, анасын әрқашан жырына қосып жүрген. Біздің қазақ ақындарымызда ондай өлеңдері жетерлік. Бірақ бұл өлең – жырлар ана алдындағы парымызды өтеуге тұрмайды. Ойлап қараңызшы анамыз біз үшін бәріне дайын болды. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың», – деген сөз рас. Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге тырыссақ та, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін жасаған жақсылығын, қарызын өтей алмай ма, 9 ай, 9 күн еш жерге тастамай отырса да, тұрса да көтеріп жүріп, сүліктей жабысқан шарананы дүниеге алып келудің өзі неге тұрады? Ал біз, ішінде 3 кітап бар қара сөмкені күніне 3 – 4 сағат көтеріп жүргенді ауырсынамыз. Осы бір қиын да, қызық 9 айдың қарызын өтеудің өзі біз үшін бір үлкен, алып мәні бар іс. Қарызын өтей алмасақ та, ең болмаса, ананың қабағына кірбің түсірмеуге тырысуымыз керек емес пе?! «Балам, ананы үйте салшы, мынаны бүйте салшы…»,- деген анаға, «ой, ана, қойшы, уақытым жоқ.»,- деп айтамыз. Осы сөздің өзін, сол ананы жұмсаған ісінен артық, маңызды іс бардай жұлқына айтып, есікті сыртынан жауып кете барамыз. Осындай жағдай басыңыздан бір рет болсын өтті ғой? Ия, мойындаңыз. Ал дәл сол кезде біз үшін маңызы жоқ, күнделікті ауызекіге айналып кеткен «Ана қойшы.»,- деп сілкіп айтылған сөзден, ананың жұдырықтай «Балам»,- деп соғып тұрған жүрегінің орнынан сәл ауытқып барып орнына түсіп, ананың жүрегіне кішкене қара дақтың түскенін білеміз бе? Жоқ!!! Жұдырықтай жүректі қара дақтар жаулап алса, ол жүрек махаббат, ыстық ықылас, мейірім көрмесе, күн сәулесін көрмеген гүлдей бір – ақ күнде солып қалуы ықтимал ғой. Аналар еш нәрсені білдірмейді, сездірмейді, көрсетпейді. Олар өте құпия жандар. «Ата – ана қадірін балалы болғанда білесің»,- дейді.  Біз анамызды өте жақсы көреміз, құрметтейміз! Анасыз өскен бала,бала емес. Сондықтан аналарымыздың барына рахмет айтып, оларды құрметтейік!!!

You May Also Like

My favourite subject, эссе

My favourite subject I like many subjects at school: literature, English ,…

Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар, эссе

Жаяу Мұсаның Байжанұлының “Ақ сисасын” білмейтін исі қазақ жоқ шығар. Бұл –…

“Тіл мерейі-ел мерейі” эссе

“Тіл мерейі-ел мерейі” «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан…

Мир моими глазами, эссе

Эссе на тему: «Мир моими глазами» Я живу в огромном мире полон…