Кітап оқу мен жылдам оқудың құпиясы.

Мазмұны

І. Жетекшінің пікірі

        ІІ. Аннотация

ІІІ. Кіріспе

3.1. Теориялық білім

Кітап-сарқылмас қазына.

          ІV. Негізгі бөлім

4.1 Кітап оқу дағдысы.

4.2 Жылдам оқу дағдысын қалыптастыратын оқу жаттығулары.

4.3. Зерттеудің өзектілігі

  1. V. Қорытынды

І. Жетекшінің пікірі.

Ғылыми жобаның тақырыбы өте ауқымды. Жұмыс жан-жақты зерттеліп жазылған. Оқушының ізденісі, зерттеушілікке, шығармашылыққа талпынысы байқалады.  « Кітап оқу мен жылдам оқу құпиясы» тақырыбын әлі де кеңірек зерттеу – болашақтың үлесінде.  Жобада  мектептегі білім алушылар жылдам оқуды қалыптастыратын қарапайым оқу жаттығуларын  күнделікті жүйелі түрде жасаса жеткілікті деген ұғымда. Бұл орайда жоба авторлары Масааки Имаай жапон ғалымының  «Кайдзен әдісі» кітабындағы кез келген салада өнімділікті арттырып, бірнеше рет қайталап көру арқылы (қабырғада,баспалдаққа ,қаламның бойынан дәлізден) ұзақ жадыда сақтап, кез келген салада бірінші болуды ұсынады. Қанша жерден радио, теледидар, әлеуметтік желілер бола берсін оқудың орнын ештеңе баса алмайды. Керісінше интернет басқан сайын кітап оқуды күшейту керек.

Әсіресе оқуды, жылдам оқуды бастауыш сыныптан бастап үйрету керек.

Жылдам оқуды кез келген кітап, мәтін, жанрға қолдануға болады. Кейбір сыншылдар көркем әдебиетке қолдануға болмайды, көркем әдебиетті асықпай, ләззатына кіріп отырып оқу керек дейді. Бірақ тарихта көркем әдебиетті аса жылдамдықпен оқығандар бар: Максим Горький, Ленин, Бонапарт, жазушы Бальзак.

Күнделікті өмірде тек қана кітап оқымаймыз, техникалық есеп-қисаптар, түрлі заңдарды оқу мен оны есте қалдыру, газет, журнал, почта, посттар әлеуметтік желідегі. Оқу керек шексіз ақпараттар. Енді сіз осылардың бәріне бірнеше минут қана уақыт құртатын боласыз. Міне Жанәділ мен Камилла үнемі кітапты жылдам оқу арқылы зейінді тұрақтандырып,тек есте сақтау мен таным қабілетті арттырып қана қоймай бәсекеге қабілетті,жан-жақты ізденімпаз болып,аз уақытта көптеген ақпараттарды алып білікті де, білімді болуға шақырады.

ІІ. Аннотация.

Балалар мәтіндерді баяу оқиды, жылдам оқи алмаған соң кітапты қолдарына алғысы келмейді. Кітап оқығанда тез шаршайды.  Шаршау қайдан пайда болады? Осы сұраққа жауапты «Кітап оқу және жылдам оқу құпиясы» тақырыбындағы жобада қарастырған. Біз айтқандай, адамның ойлау жылдамдығы оқу жылдамдығынан үш есе жылдам болады. Ой қашанда жүйрік. Оқуға ыңғайлы болу үшін бұл екі жылдамдықты теңестіру керек. Мәтінді жәй оқу миды шаршатады. Ми маңызды ойларға алаңдамас үшін қатты энергия жұмсайды, сондықтан адам тез шаршайды. Жанәділ мен Камилланың ғылыми жобасындағы  зерттеу жұмыстары, мектеп жасындағы  білім алушылардың жылдам оқу арқылы ақпаратты тез қабылдауға , зейіні тұрақталып, есте сақтау қабілетінің жоғарылап шаршамай сабаққа,кітап оқуға деген қызығушылықтарын   арттыратынын дәлелдейді.  Ішкі түйсігінде сенімділік оты оянып,өзін-өзі бағалау жоғарылайды. Жоба авторлары «Неорографика», «Пирамида», «Лабиринт», «Шульте»,  «Струптест»,буындармен,жаңылтпаштарды таймермен шапшаңдыққа айтып жаттығу    алгоритімімен   кешенді түрде жұмыстануды ұсынады. Жеке тұлғаның концентрациясын дамыту,  фокус жасау жылдам оқу жылдамдығымызды арттыратын тиімді тәсіл. Авторлар  мектептегі білім алушылар жылдам оқуды қалыптастыратын қарапайым оқу жаттығуларын  күнделікті жүйелі түрде жасаса өз мақсаттарына жетеді деген ұғымда. Бұл орайда жоба авторлары Жапон философы Кайдзен әдісін негізге алған.  Кез-келген салада бірінші болу үшін кітап оқу мен жылдам оқуды  дағдыға айналдыру заман талабы.Бүгінгі уақытта жылдам оқу оңай әрі қолжетімді екені ақиқат.

Аннотация

На научный про ект учащихся Сайлаубай Жанадил и Мадигали Камилы на тему

«Секреты быстрого чтения».

Очень часто мы замечаем, что дети   медленно читают текст, и из-за этого им не хочется брать в руки книгу. Они устают, пока прочитают его.  А откуда

появляется усталость? Проект «Секреты быстрого чтения книги» как раз рассматривает этот вопрос.

Скорость мысли человека в три раза превышает скорость  чтения книги. Мысль всегда быстрее. Для того, чтобы было удобно читать, нужно эти две скорости уравнить, так как от медленного чтения мозг устает. Он старается не акцентироваться на важных мыслях, и поэтому тратит много энергии.

В научном проекте учащихся исследуются причины усталости детей и приводятся доказательства повышения интереса к чтению через технику быстрого чтения, которая стимулирует прием информации, сосредоточенность мысли и укрепления памяти учащихся. Вместе с этим повышается уверенность в себе и самооценка.

Учащиеся предлагают в данном проекте комплексную работу алгоритма тренировки быстрого чтения слогов  и скороговорок посредством использования таймера, это-  «Неорографика», «Пирамида», «Лабиринт», «Шульте», «Струптест». Они являются отличными приемами развития  концентрации и фокусирования личности.  Авторы уверены, что учащиеся, выполняя простые повседневные упаражнения быстрого чтения, достигнут поставленных  целей. В этом случае авторы основываются на методе японского философа Кайдзена. Умение быстро читать- это  требование времени, тем более в наше время это доступно и просто.

Annotation

on the scientific project of students Zhanadil and Kamila on the topic

«Secrets of Fast Reading».

Very often, we notice that children are slow to read the text, and because of this, they do not want to pick up a book. They get tired by the time they read it.  Where does fatigue come from? The project «Secrets of fast reading books» is just considering this issue.

The speed of a person’s thought is three times faster than the speed of reading a book.

Thought is always faster. In order to be comfortable to read, you need to equalize these two speeds, since slow reading makes the brain tired. He tries not to focus on important thoughts, and therefore spends a lot of energy.

The students ‘research project explores the causes of children’s fatigue and provides evidence of increased interest in reading through the rapid reading technique, which encourages the reception of information, concentration of thought and strengthening of students’ memory. Along  with this, self-confidence and self-esteem increase.

In this project, students offer a comprehensive algorithm for training rapid reading of syllables and tongue twisters by using a timer, such as «Neorografika», «Pyramid», «Labyrinth», «Schulte», «Struptest». They are excellent techniques for developing concentration and focusing the personality.  The authors are confident that students will achieve their goals by performing simple everyday rapid reading exercises. In this case, the authors are based on the method of the Japanese philosopher Kaizen. The ability to read quickly is a requirement of time, especially in our time it is accessible and simple.

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:

 Кітап оқу мен жылдам оқудың құпиясын   зерттеу.

Жылдам оқу дағдысын қалыптастыратын жаттығулар арқылы білім алушылардың есте сақтау, таным қабілеті мен зейінін тұрақтандырып, Кайдзен әдісі арқылы,  кітап оқуға деген қызығушылықтарын     арттыру. 

Ғылыми жобаның міндеттері:

Бастауыш сынып оқушыларының  жылдам оқу дағдысын қалыптастыратын оқу жаттығуларының күнделікті сабақта,кітап оқудағы тиімділігін көрсету.

Білім алушының өзін жеке тұлға ретінде дамытуына,өз бетінше ізденіп, білім алуына  жағдай  жасаудағы жылдам оқуға жаттықтыратын тапсырмаларының қажеттілігін көрсету. 

Ғылыми жобаның әдістері:жинақтау ,жүйелеу,талдау  тәжірибе жүзінде көрсету,   қолдану. 

Ғылыми жобаның нәтижелері: Тақырыпқа    сай теориялық негіздемелерге сүйене отырып: Кітап оқу және жылдам оқу арқылы ақпаратты өңдеу жылдамдығын бірнеше рет арттырып, кітап оқығанда сақталуы керек ережелер қарастырылды. Зерттеу арқылы баланың кітапқа деген қызығушылығын арттырудың алғашқы қадамдары мен дағдысын қалыптастыру жұмыстары қарастырылды.

Ғылыми жобаның құрылымы: Жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.        III.      Кіріспе

                                    3.1  Теориялық білім.

                                   Кітап –сарқылмас қазына.

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін, деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар біздерге білім көзін,рухани тәрбие береді.Оқыған тоқығаның көп болса жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады ,білімді мыңды жығады.» деп бекер айтпаған.Кітап –араб сөзі, «жазба»,ал түрікше «дәптер», «мерзімді баспасөз басылымы» деген сөз.Кітап өмір айнасы ,замана сыры ,тарихи шежіресі,оқу тәрбие құралы.Алғашқы кітап  баспасы ағаштан жасалды. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады Алғашқы ағаш баспа қалыбы XI ғасырда пайда болды. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Мәтіндерді тез түсінуге көмектесетін құрылым.Бір қарағаннан мәтіннің мәнін түсінуге бола ма? Болады! Егер қажетті пункттерге дұрыс қарайтын болсақ! Көбінесе пайдалы ақпарат бір жерде шоғырланады. Мәтіннің түпкі мағынасы қай жерде жазылғанын тауып және оларды оқып, сіз автордың негізгі ойын түсінесіз.Бұл бөлімде мәтіннің базалық құрылымы және мағынаны

тез түсіну тәсілімен танысасыз.Мәтіннің құрылымынан бастайық. Бұл тақырып бойынша Сократ былай дейді: «көп жазушының жазу құрылымы қарапайым: алдымен өз ойын айтады, содан кейін маңызды ақпаратпен бөліседі, содан кейін маңызы ақпараттарды түсіндіреді». Яғни, хабарлама, баяндамада, лекция мәтінінде алдымен кіріспе болады, әрі қарай  негізгі бөлім, содан кейін аяқтау керек.Міне жылдам оқудың да дағдысын қалыптастыратын жаттығулар алгоритмі  қарапайым әдіс- тәсілдерден тұрады. 

                                               IV.Негізгі бөлім 

                                             4.1 .   Кітап оқу дағдысы.

Біздің басты мақсатымыз – бұл жастағы балаларды әдеби шығармаларды

оқуға мәжбүрлемей, кітап оқуға баулу, кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыру .Әрбір ата-ана өз перзентіне ең жақсыны қалайды. Бала өмірде жетістікке қол жеткізу үшін сауатты, білімді болып өсуі шарт, яғни ақпаратқа толы мына әлемде өз-өзіне сенімді болуы қажет, өзін еркін сезінуі керек. Алайда баланың кітап оқуға құмарлығын, үнемі ізденісте болуын, жаңа білім алуға талпынуы мен дұрыс ақпарратты таңдауын, қоғамда баланың теріс ағымның ықпалына түсіп қалмауын, жеке ойының болуы мен дұрыс құндылықтар жүйесінің болуын қалай қалыптастыра аламыз. Бұл сұрақтардың бір ғана жауабы бар: баланы кітап оқуға көбірек баулу және ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Баланы кітапқа баулу баланың болашағын қалыптастырумен тең. Тағы бір зерттеуге көз жүгіртейік: баланы сәби күнінен бастап кітапқа баулу жүйке жүйесін тыныштандырып, нейрондық байланыстардың түзілуіне, ми жасушаларының белсенді жұмыс істеуіне себепкер болады. Мидың есте сақтау қабілеті жоғары деңгейде болу үшін күніне 3 бет кітап оқылуы шарт. Екі зерттеудің қорытындысы: баланы кітапқа баулу білім, денсаулық жағынан қатар дамытады. Ал баланы кітапқа қалай баулимыз. Баланы кітапқа баулу арнайы жоспармен, нақты қадамдармен  қалыптасатын үрдіс.

Баланың кітапқа қызығуын ми, эмоция арқылы шешуге болады. Баланы зерттеу баланың кітапқа деген қызығушылығын арттырудың алғашқы қадамы. Баланы зерттеп қандай тақырыпқа қызығатынын, қандай кейіпкерді ұнаттатынын білуіңіз керек. Мәтіндерді тез түсінуге көмектесетін құрылым.Бір қарағаннан мәтіннің мәнін түсінуге бола ма? Болады! Егер қажетті пункттерге дұрыс қарайтын болсақ! Көбінесе пайдалы ақпарат бір жерде шоғырланады. Мәтіннің түпкі мағынасы қай жерде жазылғанын тауып және оларды оқып, сіз автордың негізгі ойын түсінесіз.    Естіп жүргеніңіздей кітапты көп оқу көзге зиянын тигізеді деп жатады.Алайда,кітап оқудың да өзіндік гигиенасы бар.Кітап оқығанда сақтауға міндетті көз ережелерін тоқталайын..

Біріншіден,кітапты ешқашан шалқайып,жатып,қисайып оқуға,көлікте оқуға болмайды.Егер оқитын болсаңыз астегматизм ауруы күтіп тұр.Астегматизм-көздің бұлшықеттерінің таратылуы және созылуы.Көздің бір жағына қисаюы.

Екіншіден кітапты көзбен параллель, яғни қарама-қарсы ұстаған жөн.Кітап пен көздің арақашықтығы ең аз мөлшерде 30 см,ең көп мөлшерде35 см болу керек.

Кітап оқығанда ескеретін сегіз міндетті ереже

1.Жарықтың сол жақ қапталдан түсуі

2.Кітапты 45 градуста ұстау

3.Ұнаған жеріңнен бастап оқу

4.Оқитын кітабың жайлы адамдардың ойын білуің

5.Кешкісін мазмұны терең кітап оқымау

6.Дауыстап оқымау

  1. Ішкі дауысты оқымау
  2. Ұнаған жерін жасыл түсті қаламмен белгілеу. 

9 .Жай ғана отырып немесе тұрып, арқаны тік ұстауға тырысып, кітап оқыңыз. Жатып оқуға мүлде болмайды.

10 .Егер сіз оқу кезінде ұйықтап кетсеңіз, тұрып, процесті жалғастырыңыз.

  1. Күрделі кітаптарлы оқу алдында дене жаттығуларын жасап немесе саусақ гимнастикаларын жасап энергия жинаңыз.

Оқыңыз, үзіліс жасаңыз және физикалық белсенділікке ауысыңыз.

Бастауыш сынып оқушыларының жылдам оқу дағдысын қалыптастыратын  оқу жаттығулары:

  1. Нейрографика
  2. Лабиринт
  3. Алфавитті А-Я ға 7-10 секундта жатқа айтқызу.
  4. 4. Буындарды жылдам оқу . 2-3 сөзден тұратын буындар 60       секундта 60 буын оқу
  5. 5. 1 минутта 150-200 буын айту
  6. Күніне 1 жаңылтпаштан жаттау.
  7. Шульте кестесі. Көздің көру аймағын дамытатын
  8. Пирамида
  9. Линиялық оқу

10.Струп тест

                                             1.Нейрографика

Екі қол, екі ми. Көптеген адамдар өмір бойы бір қолын пайдаланады. Ал екі қолмен қатар жұмыс жасаса мидың продуктивтілігі артады. Бұл нейрогимнастика жаттығуымен ұқсас. Нейрогимнастикадан айырмашылығы мұндағы техникалар жазбаша жасалады. Бұл жаттығуды психолгия ғылымында түпсанамен жұмыс жасау үшін жиі қолданады. Себебі, бұл жаттығу біздің миымыздың барлық бөлігін қозғайды. Нейрографикалық суретті екі қолмен бояудың миымыздың оң жақ, сол жақ шарларын дамыту. Оң қолды, сол қолды да бірдей әрі оңай пайдалануға үйрету. Біз көбіне іс-әрекеттерге оң қолымызды жұмсаймыз. Енді өзімізге тапсырма берейік, үнемі сол қолымызды жұмсаймыз (егер солақай болсаңыз оң қолыңызды жұмсаңыз).

Жазуда, клавиатураны пайдалануда,сурет салғанда, тісті тазалауда,тамақтанғанда,яғни оң қолмен жасалатын жұмысты сол қолға ауыстыруымыз қажет. Бұл машық миымызға арналған жаттығу. Ойлау қабілетімізді дамытамыз, ұсақ қол моторикаларымызды дамытамыз. Ғалымдардың зерттеуі бойынша екі қолмен де оңай жаза алатын адамдар шығармашылыққа жақын және логикасы қатар дамыған. Қиын тапсырмалардың шешімін оңай шығарады. Сіз сол қолмен жазуды дамытқан кезде, миыңыздың оң жақ шары дамиды. Олар төмендегі қабілеттерге жауап береді:

  • Ми қабылдаған ақпараттарды оңай сараптайды
  • Ориентация ұстай алады
  • Бірнеше ақпараттармен бір уақытта жұмыс жасай алады. Сол сияқты бірнеше ақпараттарды бір дегеннен қабылдай алады. Мысалы, кітап оқып отырып, басқа әңгімені тыңдай аласыз. Екі жаққа да назарды қоя аласыз.
  • Эмоционалды интелектіңіз дамиды
  • Қабылдауыңыз жақсарады.

Егер сіз оң қолыңызбен жазатын болсаңыз, бұдан былай сол қолмен жазуды бастаңыз. Негізі бір уақытта екі қолмен қатар жазыңыз. Ең дұрысы осы. Оң қолыңызбен әріптерді жазып отырыңыз. Тура сол уақытта сол қолыңыз сандарды жазып отырсын. Бір уақытта екі қолмен қатар жазу:

  • депрессиядан шығарады
  • творчестволық потенциалыңызды дамытады
  • энергетикаңызды көтереді
  • жадыңызды дамытады.

Егер екі қолыңызбен қатар жазу қиындық келтірсе алдымен ниерогимнастика жаттығуларын жасаңыз. Визуалды жасап үйренген соң, жазбаша аса қиындық келтіре қоймайды. Миға қай кезде салмақ, күш түседі сол кезде жаттығады. Ал миға салмақ жаңа машықтарды үйренгенде, бұрын естімеген тың ақпараттармен жұмыс жасағанда түседі. Миға ең үздік тренировка – кітап оқу және жазба жұмыстары. Ұмытпаймыз егер оң қолмен жазатын болсаңыз сол қолды, сол қолыңызбен жазатын болсаңыз оң қолды пайдалануды бастаймыз.

Үйренген соң екі қолды пайдаланып, жұмыстар жасаймыз. Бір уақытта екі қолмен қатар жазу, сурет салу, нейрогимнастика жасау. Егер  жаңа нәрселерді тез әрі оңай жолмен үйренгіңіз келсе, үнемі өсіп дамып отыруды сол қолмен жұмыс жасауды дамытуды бастаңыз. бар. Қарапайым күнделікті пайдаланатын кез келген дәптер, парақтарды алып сол қолмен жазыңыз. Телефон, компьютер клавиатураларында әріптерді сол қолмен терсеңіз болды. Солақай болсаңыз жоғарыдағы әрекеттердің барлығын оң қолмен жасаңыз (қосымша №1).

2.Лабиринт

Қабылдауды дамытатын қарапайым жаттығулардың бірі – лабиринт. Қабылдауды дамыту жылдам оқу машығында аса керек қабілеттің бірі әрі миға да жасалатын пайдалы тренировка. Балаға ересектерге де жасауға болатын бұл жаттығудың пайдасы назарды ұстап тұруға көмектеседі. Жылдам оқудың басқа жаттығулары сияқты міндетті түрде күн сайын мынанша уақыттан жаса деп айтпаймыз. Өз еркіңізде. Бос уақытыңыз болса баламен немесе өз бетіңізше жасасаңыз тек пайдасын береді. Әсіресе фокус қоя алмай жүргендер үшін осы жаттығу көмектеседі. Балалар үшін моториканы, үлкендер үшін логикалық ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі және қиын жағдайлардан оңай шығуға көмектеседі. Жалпы жылдам оқудың жаттығулары көмплексті түрде жасалатын болғандықтан тек бір жаттығуды ғана жасап қою аздық етеді. Барлығын жасау керек. Мысалы лабиринт жаттығуы сіздің концентрацияңызға көмектеседі, егер басқа  да жаттығулармен қосып жасайтын болсаңыз (қосымша №2).

  1. Алфавитті А-Я ға 7-10 секундта жатқа айтқызу (қосымша №3).

Қажетті құралдар таймер,алфавит,спорттық ысқырық дыбыс бергіш.Бекітілген уақыт аралығында А-Я ға дейін және Я- А ға дейін алфавитті жатқа айту.

  1. 4. Буындарды жылдам оқу .  2-3 сөзден тұратын буындар 60      секундта 60 буын оқу (қосымша №3). Қажетті құралдар таймер,буындар,спорттық ысқырық дыбыс бергіш. Бекітілген уақыт аралығында шашылған  буындарды  жатқа айту                                                              
  1. 1 минутта 150-200 буын айту (қосымша №3).

Қажетті құралдар таймер, 150-200 ге дейінгі буындар,спорттық ысқырық дыбыс бергіш. Бекітілген уақыт аралығында шашылған  буындарды  жатқа айту

  1. Күніне 1 жаңылтпаштан жаттау (қосымша №4).

Қажетті құралдар таймер,жаңылтпаштар жинағы ,спорттық ысқырық дыбыс бергіш.Бекітілген уақыт аралығында берілген жаңылтпаштарды жатқа айту

  1. Шульте кестесі

Бэйтс əдісі

Құр айтқаннан болмайды, мен сізге жол сілтеймін сіз жəй ғана орындайсыз. (бұл əдісті өз заманында мойындамады, қазіргі ғылым бұл техника нəтижесін бергесін амалсыз мойындайды)

Уильям Горацио Бэйтс — американдық дəрігер-офталмольмолог, көздiң көруін қалпына келтiрудің дəрi-дəрмексiз əдiсін ойлап тапқан ғалым Бэйтс медицинада көруді жақсартудың өзіндік жаңалығын енгізген ғалым. Оның тəжірибеде қолданып енгізген əдістері түрлі жаттығулар арқылы 21-45 күн аралығанда көздің көру қабілетін қалпына келтіруге бағытталған.

Пальминг техникасы

Бұл техника көздің демалуына және көздің көру қабілетінің  жоғарлауына әсері өте зор. Адамның көзі жылуды, қараңғыны, жасыл түсті қатты жақсы көреді. Бейтса өз еңбегінде осыны басты назарға алып көздің емдеу əдістерін ұсынады.

Пальминг əдісі

Пальминг əдісін орындау үшін екі алақаныңызды бір-біріне қатты қызғанша ысқылап, көзіңізді жұмып үстіне айқастырып алақанымызды басамыз. Алайда, көзімізді қатты қысып бұлшық еттерінің қан тамырларын басып қалып жүрмеңіз. Күніне 3-5 минут аралығында жасайсыз. Көзді жұмғанда тек жақсы ой ойлаймыз.

Осы техника қатты көмектеседі, тек жасасаңыз болғаны. Бұл суретте стрелкалар көрсетілген соның бағыты бойынша көзді қимылдатасыз. Тəк, əр қимылға 2 минуттан. Ал, істеп көріңіз!

Көзіңізді осылай пальминг жəне көз еркіндігі техникасымен емдеп аласыз.Бұл техникалар міндетті түрде көмектеседі. Бейтс өз еңбегінде бұл техникаларды тұрақты түрде 21 күн істеген адам өз-өзіне сыйлық жасайды және көзінің көру қабілетін қалыпты ұстап отырады делінген. Енді көздің көру аймағын кеңейтуге арналған техникаларды бастаймыз. Сіздің көзіңіз кітапқа бір қарағанда 7-8 сөзді көреді. Алайда, сіз сөз артынан сөз оқып бұл қабілетті пайдаланбайсыз. Тəк, бұл қабілетті іске қосуға мына техникалар көмектеседі.

7.Шульте техникасы.

Бұл техниканы былай орындайсыз, ортасындағы қара нүктеге қарап тұрып көздің қарашыған жылжытпай сандарды өсу ретімен табасыз. Бұл техниканы орындау арқылы көздің көрі аймағы 75% өседі (қосымша №5).

Шульте техникасын 20 сағат орындаған адамның, көзінің көру кеңістігі толықтай ашылады.

8.Пирамида

Адамның көзінің көру аймағы 1.4 градус. Бұл сөздерді көру аймағы. Егер сол көздің көру аймағын дамытатын болсақ максималды 15 градус. Мәтінді жүгіртіп оқу кезінде көздің көру аймағы кеңістігі кеңінен ашылады. Сондықтан біз мәтінді тігінен оқығанда көлденең тұрған мәтінді толық қамтып көре аламыз.

Сіз вертикалды оқи аласыз. Егер көзіңіздің қарашығын қозғалтпай бір орында ұстап тұра алсаңыз. Яғни бір қарағанда бір бетке көзіңіздің қарашығын 4-5 рет қана қозғалтасыз.

Көру аймағы кеңейген сайын кітаптың шетіндегі сөздерді көре аласыз. Көзіңіздің көру аймағы кеңейіп, мәтінді түгел қамтып көре, оқи алу мүмкіндігіңіз артады.. Бірақ оқығанмен түсінік шала болуы мүмкін. Біз қай кезде түсінбейміз? Егер мәтінде бұрын естімеген, таныс емес, кәсіби, термин сөздер болған кезде. Бұл да екі жолмен шешіледі. Мәтіннің контексіне қарап, таныс емес сөздердің мағынасын ұғуға болады. Сіз жылдам оқи отырып көп оқисыз. Көп оқи отырып көп білесіз. Яғни әр оқыған сайын мұндай сөздермен таныса отырып, бұрынғыдай сізге бейтаныс болмай қалады.

Біз осы уақытқа дейін көздің көру аймағын кеңейтетін түрлі техникалар тізімін жасадық. Қазір былай жасаңыз. Айналаңыздағы кез-келген бір затқа қараңыз. Бар зейініңізді соған аударыңыз. Басқа еш нәрсеге көңіл бөлмеуге, еш нәрсеге алаңдамауға тырысыңыз. Енді көзіңіздің қарашығын қозғалтпай  таңдаған затыңыздың жан-жағында не барын байқаңыз. Барлығын көруге тырысыңыз. Енді бар зейініңізді қайтадан бастапқы таңдаған затыңызға аударыңыз. Пирамида жаттығуы осыған ұқсас. Келесі суретте пирамида жаттығуының суреті тұр. Ол жерде сандар 3 бағытта тұр. Тура, орта бағанда тұрған суреттерге қарап оның екі жақ бағанында тұрған сандарды қарашықты қозғалтпай көруге тырысамыз. Тағы бір қайталайын ортасындағы санға қарап екі жағындағы сандарды көре алғанша жаттығамыз. Бастапқыда жоғарыдағы сандарды қараймыз. Олар бір-біріне жақын тұрғандықтан аса қиын емес. Әрі қарай астындағы сандарға түсе береміз.

Байқасаңыздар бұл графикалық пирамиданың ең жоғарғы жағындағы сандар бір-біріне жақын орналасқандықтан көзге аса салмақ түсірмейді. Оларды көру оңай. Ал төменге түсу барысында сандар арасы алшақтайды, сәйкесінше көздің көру кеңістігі ашылады. Жылдам оқуда көздің көру аймағының кең болуы міндетті. Себебі, көп сөз көру арқылы көп сөздерді қамтып оқи аламыз (қосымша №6).

  1. Линиялық оқу(Прогресия)

Жылдам оқумен танысып, ол туралы түсінік қалыптастырғаннан кейін, жылдам оқудың принциптерімен, қателіктерімен күрескен соң ең алғашқы болып жасалатын жаттығу – линиялық оқу. Әсіресе регрессия қателігімен күрескен соң линиялық оқу жаттығуы жасалу керек. Кейбір жерлерде бұл техниканың атауы метуказка.

Күрделі материалдарды осы әдіспен минутына 800 сөзбен оқуға болады. Көздің көру аймағын кеңейтеді.

Линиялық  жаттығуын жасау үшін қажет құралдар: Қолыңызға ручка немесе қалам алып аласыз. Мен арнайы указка қолданамын (сушидің таяқшасын қолданатын оқырмандар да бар). Дым табылмаған жағдайда саусақты пайдалануға болады.

Негізі саусақпен оқу біздің түйсігімізде бар нәрсе. Еске түсірейікші алғаш рет әріптерді, буындарды, кейін сөздерді құрастырып оқып бастағанда біз сол сөздердің үстінен саусағымызды пайдаланатынбыз. Егер ұмытып қалсаңыз бастауыш сынып оқушысының алғаш оқуды үйреніп жүрген кезін бақылап көріңіз. Олар міндетті түрде саусақты пайдаланады. Олар оны білмейді, ішкі түйсік арқылы солай жасайды.

Біздің көзіміз оқу барысында қалай жұмыс жасайды? Оқу барысында көз басқа жаққа назарын тез аудара салады. Көз жылдам қозғалады. Сондықтан қалам, қарындаш, саусақтың көмегімен жылдам қозғалатын көзімізді одан әрі жылдам мәтіннің үстімен қозғалта аламыз және осы құралдардың көмегімен көзіміздің басқа жаққа ауып кетпеуін қадағалаймыз. Көзіміз саналы да, бейсаналы басқа жаққа немесе өткен мәтінге оралуы мүмкін.

Кейде оқылған мәтінді түсінбеуіңіз мүмкін. Сондықтан кері ораласыз. Бұл ауыз толтырып айтатындай жаман көрінбеуі мүмкін. Бірақ бұндай регрессия болған жағдайда мүлде жылдам оқу мүмкін емес (регрессия тақырыпшасын қайталап оқыңыз). Енді осы регрессия қателігімен тікелей күресу үшін прогрессия жаттығуымен оқимыз. Прогрессиямен оқу жылдамдығыңызды 2-3 есе оңай көтеріп алуға болады. Дәл солай 20-30 есе де көтеруге болады. Бірақ 20-30 есе көтеру үшін ортасында жадыға, миға, концентрацияға байланысты жаттығулар жасау керексіз. Біздің мақсатымыз – кітапты алып тек зырылдатып максималды жылдамдықпен оқи беру емес. Біздің мақсатымыз максималды жылдамдықпен, максималды түсінікпен оқу. Оқу жылдамдығымыз артқан сайын түсінігіміз қатар артып отыру керек.

Прогрессия жаттығуын жасағанда бірінші кітап оқудың гигиенасын сақтаймыз. Орындықта арқамызды тіке ұстап отырамыз. Арқамыз тіке тұрғанда миға кислород тіке, яғни жылдам барады. Миға да ауа керек. Бөлменің жарығы тым жарық, тым бұлыңғыр болмауы керек. Жарық сол жақтан түсіп тұрғаны жөн. Бұл айта-айта жауыр болған, бірақ сақтамаса болмайтын ереже.

Енді қолыңызға қаламды (сіз өзіңіз білесіз не қолдантыныңызды указка, саусақ) алып мәтіннің басынан аяғына дейін жүргізесіз. Мәтіннің аяғына келгенде жылдам қаламды алып келесі қатардың басына апарып қоямыз. Осы әрекетті қайталаймыз әр қатарға. Бұл әдіс өте ыңғайлы. Тез үйреніп кетесіз. Әр жасаған сайын қаламмен мәтіннің үстінен жылдам жылжытып отыруға тырысыңыз. Бірақ бірден емес. жылдамдықты да жәймен-жәймен көтеріп отырасыз.

Прогрессия жаттығуын жасар алдын минутына неше сөз оқитыныңызды тексеріп отырыңыз. Содан соң қаламмен оқыңыз. Оқып болып, жаттығуды аяқтаған соң да минутына неше сөз оқитыныңызды тексеріп отырыңыз. Әр жаттығу жасар алдын, жасап болған соң да жаттығуды минутына неше сөз оқығаныңызды тексеріп отыруды ұмытпаңыз. Өйткені, салыстырмалы түрде қаншаға өскенін, әлі де қаншаға өсіру керектігін анықтап отырасыз.

Прогресс жаттығу оңай болғанымен, соңғы жағында өте күрделі жаттығулар болады. Мысалы зиг-заг, метроном жаттығуларын указкасыз оқу мүмкін емес. Жылдам оқуды указканың немесе саусақтың көмегінсіз бастау, клавиатураны саусақсыз басумен бірдей.

Жылдам оқуда тек бір-ақ рет немесе бірнеше рет қана жасалатын жаттығулар бар. Сондай-ақ үнемі жасалатын, тұрақты жасауды талап ететін жаттығулар. Міне, прогрессия сондай. Күн сайын аздаған қадамдардан жасау керек. Бірақ жылдам оқудың шыңына жеткізетін мықты жаттығу.

10 . Струп-тест

Жылдам оқуда концентрацияны дамытуда  пайдаланылатын, кең таралған психологиялық керемет пайдалы эффективті техникалардың бірі – Струп тест. Струп тесттің не екенін түсіну үшін осы беттегі картинаға  қараңыз және түстерін дауыспен айтыңыз. Қиын иә? Сөздерге қарап отырып ерікті, еріксіз түрде біз сөздерді оқып ете береміз, ал біздің міндетіміз түстерін оқу.

Ал барынша назарыңызды қойып, бар зейініңізбен мұқият қайта оқып көріңізші. Сіз түстерін оқи бастайсыз. Бұл жаттығудың тиімділігі осыда. Яғни максималды концентрацияны дамытуға, фокус қоя білуге көмектеседі.

Бұл жаттығуды біз жылдам жасауымыз керек. Себебі, мақсатымыз жылдам оқу. Былай мен сіздерге осы стурп тесттің картинасын беремін.. Осы бір картинадағы басқа түспен жазылған сөздерді 40 секундтың ішінде шатаспайтын болуымыз керек. Осы арқылы жылдамдықты әрі назарды дамытамыз. Мәтінді оқуға миымыздың басқа бір бөлігі жауап берсе, түстерді тануға, ажыратуға миымыздың басқа екінші бөлігі жауап береді екен. Осы жаттығу арқылы миымыздың әр түрлі бөлігін қатар дамытамыз. Когнитивті ойлау қабілетімізді дамытамыз. Егер сізге струп тестті жасау қиындық келтірмесе, бірінші жасағаннан-ақ нәтижелі жасасаңыз онда сіздің когнитивті ойлауыңыз икемді. Егер 10-15 рет жасағанда да нәтиже болмаса сіздің концентрацияңызда үлкен проблема бар, ұзақ жұмыс жасау керек. Назарды қоя білу – қабілетіңізді дамыту керек

Струп тест жаттығуы жұмыс жасайды. Эффективно жұмыс жасайды. Сондықтан күніне 10 минут 1 апта жаттығуыңыз керек. Түстерді дауыспен айтуды ұмытпаңыз.

Америкалық психолог Джон Ридли Струптың жаттығуы. Өзінің атымен струп деп атаған (қосымша №7)

                                          4.3.Зерттеудің өзектілігі.

                  Жетістікке жеткен адам  күніне 30 минут ктап оқиды екен .Осылай,өмірінде кітап оқуды әдетке айналдырған..Бір қызығы,әр жетістікке жеткен адам ктап оқу дағдысын білген. Ктапты таңертең оқығанда миға қонымды болатынын бір. уақытта бірнеше ктап оқу адамды демалататынын,күніге кәсбіне байланысты кітап оқу, кәсіби тұрғыдан шыңдайтынын білген.. Ктап оқу дағдысының басты құралыкүнделікті аз аздан ктап оқу. Жапон философы Кайдзенде де аз- аздан алған білімін шарықтау шегіне жеткізуге ұмтылу, осы тұрғыдан өзін-өзі үздіксіз дамыту,жасау деген түсінік бар.Кітап оқығанда да аз аздан үздіксіз ктап оқуды әдетке айналдырады. Білім алуда кезкелген әдіс тиімді.Тимді әістерді тиімді пайдалана біліңіз. Кітап оқығанда -ең бастысы есте сақтау! Оқылған ақпараттан маңызды деректерді есте сақтау үшін, оларды ұзақ уақыт жадыда сақтау керек. Сіз кітап оқып отырған кезде, алынған ақпаратты түсінсеңіз ол сіздің жедел жадыңызға немесе қысқа мерзімді жадыңызда сақталады. Ал енді кітапқа оралайық. Бір кітапты оқуға қанша уақыт жұмсайсыз?»Бірнеше сағат? Күн? Бірнеше күн? Бірнеше апта? Ай? Бірнеше ай? Жарты жыл? Жыл? Бірнеше жыл?

Мән мағыналы кітаптарды оқып, сіз ақыл ойыңызға дән саласыз және өз даналығыңыздың астығын өсіресіз. Бірақ… бидайды өсіріп тұрып, сіз өнімді жинамасаңыз, онда бұл астық «шіриді», «түсіп қалады». Осы секілді күндер, апта немесе айлар үшін кітапқа жұмсалған уақыт бос болады. Кітап оқуға адам бірнеше сағаттан бірнеше айға дейін уақыт жұмсайды.

Мен үш қадамнан тұратын жақсы кітапты табуға мүмкіндік беретін іріктеу жүйесін ұсынамын. Жүйе әдеби кітапты, жеке даму кітаптарын іріктеу үшін қолайлы. Сонымен, кітапты іріктеу жүйесінің қадамдарын атап өтемін.

  1. Кітаптың атауын және ол туралы барлық ақпаратты мұқабаның бірінші және соңғы жақтарында, титулда және аннотацияда оқыңыз.
  2. Кітаптың мазмұнын оқу.
  3. Сіз үшін ең қызықты екі-үш бөлімді көру.

Біздің басты мақсатымыз – бұл жастағы балаларды әдеби шығармаларды оқуға мәжбүрлемей, кітап оқуға баулу, кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыру . Әрбір ата-ана өз перзентіне ең жақсыны қалайды. Бала өмірде жетістікке қол жеткізу үшін сауатты, білімді болып өсуі шарт, яғни ақпаратқа толы мына әлемде өз-өзіне сенімді болуы қажет, өзін еркін сезінуі керек. Алайда баланың кітап оқуға құмарлығын, үнемі ізденісте болуын, жаңа білім алуға талпынуы мен дұрыс ақпарратты таңдауын, қоғамда баланың теріс ағымның ықпалына түсіп қалмауын, жеке ойының болуы мен дұрыс құндылықтар жүйесінің болуын қалай қалыптастыра аламыз. Бұл сұрақтардың бір ғана жауабы бар: баланы кітап оқуға көбірек баулу және ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Баланы кітапқа баулу баланың болашағын қалыптастырумен тең. Тағы бір зерттеуге көз жүгіртейік: баланы сәби күнінен бастап кітапқа баулу жүйке жүйесін тыныштандырып, нейрондық байланыстардың түзілуіне, ми жасушаларының белсенді жұмыс істеуіне себепкер болады. Мидың есте сақтау қабілеті жоғары деңгейде болу үшін күніне 3 бет кітап оқылуы шарт. Екі зерттеудің қорытындысы: баланы кітапқа баулу білім, денсаулық жағынан қатар дамытады. Ал баланы кітапқа қалай баулимыз. Баланы кітапқа баулу арнайы жоспармен, нақты қадамдармен  қалыптасатын үрдіс.т Баланың кітапқа қызығуын ми, эмоция арқылы шешуге болады. Баланы зерттеу баланың кітапқа деген қызығушылығын арттырудың алғашқы қадамы. Баланы зерттеп қандай тақырыпқа қызығатынын, қандай кейіпкерді ұнататынын білуіңіз керек. 

V.Қорытынды

Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі,адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға      жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі досына  айналады.Білім негізі бастауышта қаланады кіші жастан кітап оқу дағдысын қалыптастыру мақсатынд   жылдам оқу дағдыларын күнделікті сабақта да жүйелі  түрде жүзеге асыра білуіміз міндетті. Замана легіне теледидар ілесті, қоғам көшіне ғаламтор иелік ете  бастады. Бұлар адамзат өміріне кітаптан кейін келген дүниелер еді.  Кітап өзінің әу бастағы тұғырында қала береді. Мысалы, адам тұрақты теледидар қараушы немесе адам белсенді ғаламтор қолданушысы болып келуі мүмкін, бірақ оның жан-дүниесінде рухани тұрғыдан дамымай қалуы да ғажап емес. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген – кітап.  «Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол», – дейді Баус. Кітап – сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен – кітап. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып,ғажабын танып біле алады.Жылдам оқу дағдысын қалыптастыратын зейінді тұрақтандырып,есте сақтауды дамытатын жаттығуларды жүйелі түрде жасап,еңбектенсек,жылдам оқып көп ақпарат алып сөздік қорымыз бен тіл байлығымыздың артатыны сөзссіз. Достар, «Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге», – деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық.

Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

You May Also Like

Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады? ғылыми жоба слайд

Физика тұрғысынан 3D форматының құпиясы, ғылыми жоба

ФИЗИКА ТҰРҒЫСЫНАН  3D – ФОРМАТЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ  Бағыты: Ғылыми –техникалық  прогресс –экономикалық  өсудің …

Ит-жеті қазынаның бірі, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ит- жеті қазынаның бірі» Дайындаған:  Ляпин Алибек Міндеттері:…

Эмили Дикенсон  мен Фариза Оңғарсынова поэзиясындағы табиғат бейнесі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Эмили Дикенсон  мен Фариза Оңғарсынова поэзиясындағы табиғат бейнесі Бағыты: Гуманитарлық Секция:…