Тақырыбы: Эмили Дикенсон  мен Фариза Оңғарсынова поэзиясындағы табиғат бейнесі

Бағыты: Гуманитарлық

Секция: ағылшын тілі

Мазмұны:

І Кіріспе бөлімі ……………………………………………………………………………………… 

ІІ Негізгі бөлімі

  1. 1 Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның өмірбаяндары ………
  1. 2 Эмили мен Фаризаның поэзиясындағы үндестік …………………………..
  1. 3 Фариза мен Эмилидің «жылдың төрт мезгілі» тақырыбына арналған өлеңдері ……………………………………………………………………………………………..

 ІІІ Қорытынды ……………………………………………………………………………………..

Аннотация 

Зерттеудің өзектілігі: Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың шығармашылықтарындағы табиғатты бейнелеудегі көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, талдаулар жасау сияқты жұмыстарының мәнін ашып көрсету  болмақ.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың шығармашылықтарындағы табиғатты бейнелеудегі көркемдік әлемін терең танып білсек, оның ақын шығармаларының сарындас екендігін, поэзия әлемінің ортақ дүние  екендігін танып біліп, бабалар мұрасына деген құрметіміз артып, патриоттық сезімдеріміз күшейе түсер еді.

Ғылыми жұмысының мақсаты. Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың поэзиясындағы табиғат бейнесіне аналитикалық талдау жасау арқылы, көркемдік ізденістердің табиғатын ашу және олардың ақындық шығармаларының негізінде психологиялық портретін жасау. Ғылыми  жұмысының міндеттері:

  • қажетті әдебиеттерді оқу,
  • Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның өмірбаяндарымен танысу;
  • ақын-әйелдердің шығармашылық жұмыстарын сараптау, салыстыру, талдау,
  • ақындар өлеңдеріндегі адам әлемі мен табиғатын зерттеу;
  • жиналған мәліметтерді жүйелеу, қорыту; қорытынды жасау.
  • олардың табиғатты бейнелеудегі лирикалық өлеңдері оқырман жүрегі мен ұғымына сай келетін ұтымды жолдардың бірі екенін көрсетудеп айқындау.

Ғылыми жұмысының ғылыми жаңалығы. Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың поэзиясындағы табиғат бейнесіне арналған өлеңдерін тереңінен талдадық.

Жұмыс қорытындысы. Ақын-қыздардың табиғат лирикасындағы шығармалары салыстырыла талданды.

Зерттеудің теориялық мәнділігі:  Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның шығармаларындағы табиғи лирикасы қаралды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:  Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның шығармаларын әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге көмекші құрал, сондай-ақ мектептің оқу әдістемелік жұмыстарына, әуез сабақтарында, таңдау курстарында кеңінен қолдануға енгізуге болады.

Жұмыстың орындалу әдістері. Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның туралы терең танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу,  талдау, салыстыру әдістері қолданылған.

annotation 

Aim of the research: Considering the English children writer and poet Eleonor Farjeon’s fairy tales as a new reality, living space, to show what  capacities and limitations can involve the  scene of freedom in her fairy tales  and  how they influence on the readers. 

Hypothesis: If Eleonor Farjeon’s fairy tales are taught in schools in the original, the moral and spiritual qualities of the students and their desire to speak fluently English will be greatly improved, as Farjeon’s work will help him grow up to be a free-thinking and competitive person who has absorbed important human values.

Relevance of the research:

  1. As an inexhaustible source of wisdom, fairy tales deliver to the reader the knowledge of all creation.
  2. In the UK, Russia, and other countries, there is growing interest and demand for fairy tales of Farjeon.
  3. The fairy tales in the field of literature are not adequately analyzed and nobody is familiar with Farjeon’s fairy tales in Kazakhstan. 

Stages of research:

  1. Researching the relevance of the topic together with the leader.
  2. Collecting and systematizing literature, collecting data and finding arguments on this topic. 

Method of the experiment: analysis, generalization, comparison, explanatory methods. 

Novelty of the research: To show scenes of freedom expression in fairy tales Eleanor Farjeon as a tool for learning and achieving goals that reflect the reader’s inner world, their desire to be free. 

Result of the research: Based on fairy tales, the phenomenon of freedom is determined. The problem of freedom was analyzed philosophically. Now the relevance of the fairy tale is proved – fairy tales of Farjeon enrich the soul of a person and spiritually revive. 

Practical application: To propose the introduction of the fairy tales of Eleanor Farjeon in the original in the school program. This scientific work can be used in the lessons of Kazakh, Russian and English as additional material.

І Кіріспе

Поэзия әдебиеттану саласында өз алдына бір жүйе болғандықтан, оны адамзаттың көркемдік ойлау дүниетанымының бір көрсеткіші ретінде қабылдап келеміз, себебі ақынның сөз еркіндігі мен ой бостандығын, ақиқат пен шыңдық  негізінде жазылған өлеңдерін халық жақсы қабылдайды. Бүгінгі таңда  ұзақ уақыт бойы әдебиеттану көлеңкесінде қалып жүрген ақын-әйелдер шығармашылығына көптеп назар аударылуда.

Әлемдік поэзияға өзіндік үнімен, суреткерлік қолтаңбасымен, оған формалық ізденісімен жаңа сипаттар әкелген екі ғасырдың, екі жат елдің әйел-ақындары қазақ халқының ақын қызы Фариза Оңғарсынова мен американдық Эмили Дикенсонның үлестері зор. Екі ақынның да туған жердің табиғи сипатымен тұтас өрілген көңіл тебіреністері – поэзиядағы адам тағдырының көркем шындықпен өрнектелуі оқырманға өз әсерін қалдырмай қоймайды. Олардың мұрасы, өлең үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы. Осы екі бір-бірін танымайтын, бірі ХІХ ғасырдың, екіншісі ХХ ғасырдың  қыз-ақындарының көтерген тақырыбы, пайдаланған әдісі, айтар идеялары мен ойлары мені қызықтырғандықтан салыстыруға тырыстым.

Оқырман қауымға суреткерлік ғұмырдың болмысын танытатын олардың туындылары әдебиет ғылымы үшін ғана емес, жалпы адамзаттық мәселелерді қозғаумен де құнды дүниелер болып табылады деп ойлаймын. Және бұл тақырыптың өзектілігі оның зерттелмегендігіне байланысты. Нақтырақ айтсақ, бұл тақырыптың өзектілігі Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың шығармашылықтарындағы табиғатты бейнелеудегі көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, талдаулар жасау сияқты жұмыстарының мәнін ашып көрсету  болмақ.  Фариза мен Эмилидің дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі – табиғат лирикасы. «Лирика» деген сөзге белгілі ғалым, академик З.Ахметов төмендегідей өз анықтамасын берген: «Лирика дегеніміз – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді». Ал табиғат – ол адам баласының өмір сүретін ортасы, сондықтан оны әлем классик ақындарының бәрі де жырлаған. Екі ақынның да көптеген өлеңдері табиғаттың жыл мезгілдеріне, әсіресе, жаз, көктем, күзге арналған, себебі осы жыл мезгілдері – «тірі» деген категорияға жатса, қыста бәрі қатады да, жаңарып қайта ояну үшін дем алады.

Ғылыми жобаның мақсаты – Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың поэзиясындағы табиғат бейнесіне аналитикалық талдау жасау арқылы, көркемдік ізденістердің табиғатын ашу және олардың ақындық шығармаларының негізінде психологиялық портретін жасау. Осы мақсатыма жету үшін келесі міндеттерді қойдым:

  • қажетті әдебиеттерді оқу,
  • Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның өмірбаяндарымен танысу;
  • ақын-әйелдердің шығармашылық жұмыстарын сараптау, салыстыру, талдау,
  • ақындар өлеңдеріндегі адам әлемі мен табиғатын зерттеу;
  • жиналған мәліметтерді жүйелеу, қорыту; қорытынды жасау.
  • олардың табиғатты бейнелеудегі лирикалық өлеңдері оқырман жүрегі мен ұғымына сай келетін ұтымды жолдардың бірі екенін көрсетудеп айқындау.

ІІ Негізгі бөлім

  1. 1 Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның өмірбаяндары

Әлемдік поэзияға өзіндік үнімен, суреткерлік қолтаңбасымен, ізденісімен жаңа сипаттар әкелген екі ғасырдың, екі жат елдің әйел-ақындары қазақ халқының ақын қызы Фариза Оңғарсынова мен американдық Эмили Диккенсонның өмірбаяны мен шығармашылықтарындағы үндестігі  мені қызықтырғандықтан бұл тақырып бойынша ізденіп, өзіндік үлесімді қосуыма негіз болды. Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 25-ші желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. Ақын Фариза апамыз 2014 жылдың 23-ші қаңтарында дүниеден озды. Нарын құмының арасында, асып-тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1970-1978 жж. Республикалық «Қазақстанпионері» газетінің бас редакторы, 1978ж. желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары жарық көрген. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.

Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді.

Ал американдық ақын қыз Эмили Дикенсон 1830 жылдың 10-шы желтоқсанында Массачусетс штатында, Амхерст қаласында дүние келген. 1886 жылы мамыр айында дүниеден озған. Эмилидің ата-анасы және сіңілісі мен ағасы болған. Әкесі адвокат болып жұмыс істеді. Эмилидің анасы қатал әйел болған. Қыздарымен көп ашылып сырласпаған. Эмили үшін ең жақын адамдары ағасы Остин сіңлісі Лавиния болды. 1847-1848 жылдары аралығында қыздарға арналған колледжінде оқыды. Эмили діни-пуритандық дәстүрде тәрбиеленген.Ол барлық өз өмірін әкесінің үйінде өткізді. Ол өзіне берілген ғұмырды  осы жерден ешқайда шықпай, тыныш өткізген. Бірде оған әкесі Эмили Ральфа Вальдо дастанының кітабын сыйлады. Сол кітап Эмилидің ақындық қырын ашуға итермеледі. Сол дастанды оқуының ықпалының арқасында Эмилиде өлең жазуды жолға қойды. Әкесі Вашингтонда Конгрессте жұмыс істеді. Ол Эмилиді Вашинтонға шақырды. Эмили осы сапарында Уильям Уордсвортоммен кездесті. Олар өте жақын достасып кетті.Эмили ұзақ уақыт онымен хат жазысты, өзінің сезімдері туралы аңғартты. Өлең жолдарын қағаз бетіне парақтап түсірді. Өкінішке орай  бұл ұлы сезім, ұлы махаббат жауапсыз болды. Себебі Уильям үйленген жігіт болатын. Эмили өлеңдерінің үлкен бөлігін азаматтық соғыстың солтүстіктің және оңтүстіктің арасында жазып жүрді. Кейін Эмили екі жылдай өлеңдер жазбады. Себебі оның көздері ауырды. Кембридже ол ұзақ емделу курсынан  өтті. Ақын, тіпті  сол жылдары ешкіммен хабарласып, сөйлеспеді. Кейде жақын туыстарымен, достарымен хат алысып тұрды. Өзінің өлеңдерін ол қағаз бтіне түсіріп, нөмірлеп тығып қойып жүрді. 1874 жылы Эмилидің сүйікті әкесі дүниеден озды. Әкесінің өлімінен кейін Эмили Дикенсон тіпті үйден шықпай қойды. Эмили жұмбақ бір адамға айналды. Оның сіңілісі Лавиния Эмилидің тыныштығын бақты. Отбасы мұқтажсыз өмір сүрді. 1882 жылы Эмилидің анасы дүниеден озды. Артынан екі жылдан кейін сүйікті ағасы Отис дүниеден озды. Бұл отбасылық қайғы Эмилиге өте ауыр соққы болды. 1886 жылдың мамыр айында Эмили Дикенсон өмірден озды. Ақын өзінің өлер алдында сіңлісі Лавиниядан өзінің жазған өлеңдерін өртеп жіберуін өтінді. Бірақ оған сіңілісі келіспеді.

1890 жылы Эмили Дикенсонның алғашқы жинағы шығып Эмили Америка елінің ең ұлы ақындарының бірі деп есептелді. Екі ақын апамыздың өмірлері әр-түрлі уақыт белдеулерінде және әр-түрлі континентерде өтсе де, Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсон – екеуі де ұлы ақын-қыздар. Ақын-қыздар деп отырғаным екеуі де өздерінің отбасыларын құрмаған, екеуінің де досы да, мұңдасы да, сенері де  поэзия болды. Фариза мен Эмилидің туған күндерінің желтоқсан  айында дүниеге келгендері тегін болмаса керек, себебі екеуі де батыл, еркін ойлы, жүрекпен жаза білген ақындар қатарында. Эмили Дикенсон–19 ғасырдың бөлінбес бір бөлшегі болып, «Мәңгілік Леди» аталса, Фариза Оңғарсынова – 20 ғасырдың «Поэзия падишасы» атанды.

  1. 2 Эмили мен Фаризаның поэзиясындағы үндестік 

Сөз өнерінің құдіретті де қасиетті бір саласы – поэзия. Поэзия ақынның қоғамдық құбылыстардың барлығын санасында қайтадан қорытып, көркемдік қарым-қабілетпен қайта туындатқан, адамзатқа алуан түрлі әлемнің сырын түсіндіргісі келген жүрек сыры мен жан мұңы. Поэзия сұлулық пен ақиқат, жақсылық пен парасат, жарасым гармонияны мұрат тұтқан бір тұтас рух майданы. Екі ақын апамыз да өзінің жүрегінде орын алған санасының қалтарысына қатпарланған танымдық әлемі өлең өнеріне өз өрнектерін қалдырады. Поэзия әлемінен өзінің әсем де әсерлі жырларымен көрінген ақын апаларымыз – Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсон. Екі ақынның поэзиясында азаматтық-отаншылдық әлем әдебиетінің классикалық үлгілері қатарында бағаланатын көрнекті ақындардың барлығында да халқының, өзінің әлеуеті, өсіп-өнген, кіндік қаны тамған туған жер топырағы, шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты сарынды лирикасы басым жырланған. Олардың табиғат тақырыбындағы жырлары туған жер көрінісін, тәулік, жыл мезгілдерін, табиғат сұлулығын, теңізі мен бұлағын т.б. суреттеуге арналған. Дала адамы мен табиғатты тұтастыра, кең көзбен қарап суреттеген ақындар жырлары ақындық қуатты да, сезімталдықты да, көңіл күйінің әр қилы жағдайларын да солардан алды. Адам бойындағы рухты да табиғат арқылы танытты. Ақын-апаларымыз өздерін сол табиғатпен егіз сезінді. Сондықтан олар ашық күнге қуанды, жаңбырлы аспанға қарап қамықты, көктемде шалқыды, дауылға қарап бұлқынды. Ақындардың сезімінің күрделі болатыны да осыдан. Табиғаттың құпия сырлары олардың жанына кейде өздері де түсініп болмайтын ғажайып сезім дарытты. Мұны Фариза апамыздың жырларын оқи отырып қана түсіне аламыз. «Асау толқын»[1] өлеңінде былай деп жырлайды:

Келеді бір күш соңымнан: өктемдерге бас ұрмай,

Екпінін көрсең-дауылды түнгі дариялардағы тасқындай,

Жүреді ол дос қып, адалдық көрсе бойынан,

Ешбір пенде жатсынбай,

Қиянаттардан қиналғандарды басқа ұрмай.

Қояды ол сосын өзімшіл менмен жандардың аузын «ә»деп аштырмай.

Кеше ғана «Кеудесіне жиналған запыранды жағаға лақтырған тентек теңіздің» мінезі бүгін өзгеріп, теңіздің бұйығып жатқан күйін көресіз. Кешегі «ағынды, жырлы ақынның» бүгін қымызы сарқылған торсықтай, дабылы, кегі бітіп қалғанын ұғасыз. Бірақ теңіздің қайтуы тартылуы емес, асау толқын тағы да арпалысқа шығады, ақын жаны да бұрқанысты сырымен әсем, көркемдікке ие болады.«Қоңыраулатып көктемдер келді маған»[2].

Қоңыраулатып көктемдер келді маған:

Айналғандай бақтарға желді далам.

Бұл күйімді кешті ме, кешірер ме

Осы күнгі, бұрынғы, ендігі адам? !

Нұрланады сайда да,белде де арай,

Жерде мекен барма екен кең даладай?!

Қанат қылып жанымның қуанышын,

Ұшып келем аяғым жер жанамай.

Ән шырқағым келеді бар ғаламға

Шаттығымды сездірер үнімменен, – деген жолдардың өзі көктемнің нұрға бөленген әдемі күйін елестетеді. «Қанат қылып жанымның қуанышын, ұшып келем аяғым жер жанамай» «ән шырқағым келеді бар ғаламға шаттығымды сездірер үнімменен» дейді тағы да оның шат көңілі.

Отау – айдын, жасауым – жасыл кемем,[3]

Ойнайды айдын көгінде жасыл жебең.

Думандатқан жерлерде отырамын,

Көзде – мұң, басымда – өлең.

Көпадамғакөктем де, қыс та арайлы,

Ал мен үшін алтын да – мыс талайғы.

ЖайқұбылыссекілдіқұшсамАйды,

Бақытым да, әйтеуір, басқалардың

Бағына ұқсамайды.

Елтімеймін дауылсыз таң ғұмырға,

Түк еместей шыңың да, шалғының да,

Жүрек емес, жүрегім – антеннадай

Қабылдайтын әлемнің ән, мұңын да.

Ем іздеуім бекер-ақ, бұл болмысым

Қанымда, тағдырымда! Осы бір өлеңінде Фаризаның бүкіл ақындық болмысы жатыр. Ең алдымен бұдан біз ақындық тағдырдың ғажап қиын тіршілігін, оны мойнына алған таланттың азапты жолын көреміз. Ол өз басының қызығын күйттемейді, әлемнің мұңы мен әніне құлақ тосады, ақын тілімен айтқанда, оның жүрегі антеннадай дүниенің әр бұрышындағы қуаныш-қайғыны қабылдайды. Думанды ортада көзіне мұң, басына өлең оралып, оңаша ой кешеді. Тыныш ұйықтап, Айды құшса қуанып, алтын көрсе көңілі көтерілетін сезім оған жат. Осының бәрін өз тағдырым деп түсінеді, басқаның бақытына ұқсамайтын өз бақытын мақтан тұтады. Өлеңдегі ой сезіммен өріліп, тұтас суретке айналып, ақын тағдырын жарқын бейнелейді.

Мұнда ақынның ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні, даусы анық байқалады. Ақынның «Жаз» деген өлеңі тұла бойы қолмен қашалып жасалған әдемі мүсінді көз алдына елестетеді. Сурет пен теңеу, өткір ойлар қосылып өрілгенде көз алдыңа ғажап дала бейнесі келеді. Жаздың ыстық жалынына төзе алмаған ерке бұлақ көрінісі – ғажап! Биік таудың басына ызғар, мұзы жатса да, төсінде қызыл ала қызғалдақтар жайқалып тұр. Бұл – әсем Алатаудың көз тоймас келбеті ғой!

Сұлулар барған сайға бұғып,

Қарайды көлдің бетін айна қылып.

Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа,

Бересің жан біткенге жайдарылық.

Адам жанына шуақ сеуіп, күлімдеп жүретін жандар болады. Осындай адамды жадыраған жаз мінезді адам дейді. Бұл жерде ақын жаз бен адамды салыстырып отыр. Табиғат тірі. Оған мына бір жолдарды оқи отырып көз жеткіземіз:

Бас иіп қырдың жасыл қияқтары,

Тұрғандай жаныңа әсем күй ақтарып.

Көп-нәзік қырдың гүлі албырайды,

Алғашқы балғын сезім сияқтанып.

Күн шықты жанарыңнан нұр атылып,

Құм жатыр бұйра жонда шұбатылып.

Жартыкеш ай барады жаутаң қағып,

Үйінен кеткен қыздай ұзатылып.

Анықтап көз салсақ, осы өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар. «Жарты-кеш ай ұзатылған қызға ұқсаса, қыр тәтті ұйқысын қимай қалғып қана тыныштық құшағында жатыр. Ал нәп-нәзік қырдың жұпар гүлі алғашқы балғын сезімге ұқсайды», – дейді ақын. Шынында мұндай тапқыр да сұлу тіркестерді тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді.
Фариза өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы ғажайып суреттерге толы. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз.

Фариза – өмір қайшылықтарының заңдылығын, жақсылық пен жамандықтың алмасу шындығын жақсы түсінген ақын. Сондықтан оның өлеңдері осы қайшылықты тіршіліктен әрдайым ілгері, озық тұруға ұмтылысты бейнеледі. Алайда, болмыстан озу оңай іс емес. Ол күнге ғашық, бірақ жер оны тез «шылбырымен арқандап» қояды. «Күн жайлаған қиырды» ала алмай, жердің азапты өмірін кешеді, ондағы «арсыз бен ептінің» тіршілігін көреді. «Көтеріле беріп ем, мен бәрібір – қара жерге қайтадан кеп құладым», деген түйіннің өзінде жер бетінде өмір сүрудің қиындығы мен заңдылығы көрінеді.Ал, ақынның «Тағы да көктем келді» [4].

Ұмытып жатыр жұмыр жер

Өктем мезгілдің қалдырған қаза-қайғысын,

Жас көңілменен тыңдайды дүние май құсын.

Пенделер салған әжімдер басып, мазасыз жатқан Жер-ана,

Көктемде не еткен жайлысың!

Қыз-көктем келіп,

Қызғалдақ өадап жүр белде.

Қатыгездер де көз салады екен гүлдерге.

Табиғат шіркін адамды бір сәт сергітіп алады екен-ау.

Тірліктен қажып қалжырап жүрген күндерде. Бұл өлеңінде ақын табиғатқа деген керемет сезімін, тіршіліктен қажып, шаршап жүрген кездерде одан үлкен қуат, күш алатындығын жасырмайды. Сонымен қатар Фариза Оңғарсынова табиғатты тірі құбылысқа теңеп жазған мына бір өлең шумақтарын оқи отырып көз жеткіземіз [5].

Бас иіп қырдың жасыл қияқтары,

Тұрғандай жаныңа әсем күй ақтарып

Көп-нәзік қырдың гүлі албырайды,

Алғашқы балғын сезім сияқтанып.

Күн шықты жанарыңнан нұр атылып,

Құм жатыр бұйра жонда шұбатылып.

Жарты -кеш ай барадыжаутаңқағып,

Үйінен кеткен қыздай ұзатылып. Осы өлең жолдарында не бір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар. «Жарты-кеш ай ұзатылған қызға ұқсаса, қыр тәтті ұйқысын қимай қалғып қана тыныштық құшағында жатыр. Ал нәп-нәзік қырдың жұпар гүлі алғашқы балғын сезімге ұқсайды», – дейді ақын. Шынында мұндай тапқыр да сұлу тіркестерді тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты.

Эмили Дикенсонның табиғат тақырыбын жырлаудағы ерекшелігі ақынның балалық шағында бақша ішінде гүл отырғызып, гүл теріп, табиғатта асыр сап ойнап, көгалды шөпте көбелек қуып, ара ұстап жүргенде, гүлдермен жәндіктерді шығуын зерттеуден басталған. Табиғаттың сұлулығына тамсанған Эмили, табиғатқа деген махаббатын, сүйіспеншілігін, сезімін өлең жолдарымен жырлаған. Ол табиғатты тірі деп санап, құдайға теңеген. Сондықтанда оның табиғат туралы жазған өлең жолдарында табиғат обектілерін бас әріппен жазатындығы және сызықша қою арқылы ақынның табиғатқа деген сүйіспеншілігін, жырлаудағы шеберлігін байқаймыз. «Natureiswhatweseе» [6] өлеңінен байқауымызға болады.

Nature is what we see –                                    Табиғат – бұл біз көретін,

The Hill-the Afternoon-                                Алқаппен төбе, ормандарды

Squirrel-Eclipse – the Bumble bee               Алайда түлкі, араларда –

Nay Nature is a Heaven…                           Табиғат –деген бұл  Аспан…

Сонымен қатар Эмили табиғат құбылыстарын аспан, жел, бұлт жылдың төрт мезгілін жырлап, суреттеуде адам өміріндегі қуанышын, қайғысын теңеп, салыстырып жазады. Аспан туралы мына бір өлең жолдарында «The Sky is low — the Clouds are mean» [7].

The Sky is low – the Clouds are mean.

A Travelling Flake of Snow

Across a Barn or through a Rut

Debates if it will go —

Narrow Wind complains all Day

How someone treated him

Nature, like us, is sometimes caught

WithoutherDiadem.

Небо ниже — чем облака.

Падая, хлопья снега

Валятся в грязь и на дома,

Не замедляя бега.

Bетер горько стонет весь день

Будто кто его гонит —

Tак природу мы застаем

Без ее короны. – Бұл өлеңінде ақын аспанның бұлттан аласа екенін,одан ақ қардың жауатындығын,аспанмен бұлт қосылса, алай-дүлей жел соғып айналаның ластанатындығын бейнелейді. Жел тақырыбындағы поэзиясында ақын желді тек табиғат құбылыстарының жай көрінісі деп ойламайды, дүниедегі бостандық, еркіндік, жеңілділік  символы деп біледі.

A Rapid-footless Guest-[8]

To offer whom a Chair

Where is impossible as hand

A Sofa to the Air – осы өлеңінде ақын желдің тірі организм және көзге көрінбейтін ауамен теңейтіндігі жазған.

This is my letter to the World [9]

That never wrote to Me –

The simple News that Nature told –

With teneder Majesty.

Бұл хатым әлем туралы

Жауабын ешқашан жазбайды-

Табиғат ғана сыбырлап-

Береді маған көңіл-күй.-

Эмили адаммен табиғатты тұтастыра, кең көзбен қарап суреттеген жырлары ақындық қуатты да, сезімталдықты да, көңіл күйінің әр қилы жағдайларын да табиғаттан алды. Адам бойындағы рух та табиғат арқылы толысты. Ұлы сүйіспеншілігін және әрбір табиғат көрнісінен, құстардың сайраған дауысынан, теңіздің сылдырлап аққан үнінен, желден, бұлттан, судан, т.б табиғат құбылыстарынан керемет күш алатындығын көрсетеді.

Э. Дикинсон Табиғаттың Құдаймен байланысын атап көрсетеді, барлық табиғи құбылыстар көкте өз бастауын алады деп айтады:

Father I observed to Heaven,

You are punctual.

Ақын Құдай мен табиғаттың байланысына күмән келтірмейді, сондықтан Құдай аспанда орналасқан оның ойынша, ол ақынды өзіне шақырады және оның поэзиясындағы негізгі орындардың біріне ие:

«Heaven» – is what I cannot reach!..

The Color, on the Cruising Cloud –

The interdicted Land…

Бұл өлеңде Э. Дикинсон Аспанға қол жеткізгісі келетінін, Құдайға жақындағысы келетінін айтады, бірақ ол сонша алыс және оның іс-әрекеттеріне алыстан сүйсіну ғана қалады.

The apple on the Tree

Provided it do hopeless-hang

That – «Heaven» is-to Me!

Метафора Cruising Cloud оқырман алдында бұлттардың суретін салады, егер бұлттарға қол жеткізуге және олармен саяхаттауға болатын болса, онда аспанға да жетуге болады.

Э. Дикинсон табиғат адам үшін ұстаз, оған ақпарат беріп, іс-әрекетке итермелейді деп санайды, тек адам әлі күнге дейін оны танымайды.  Міне, ол алғашқы өлеңдердің бірінде айтады:

The neighbors do not yet suspect!

The Woods exchange a smile!

Orchard, and Buttercup and Bird —

In such a little while!

Келесі өлеңде Э. Дикинсон дейді:

I ‘ ve known a Heaven like a Tent –

To wrap its shining Yards…

Мұнда аспан кез келген сәтте ізсіз жоғалуы мүмкін, тұрақсыз нәрсе абстрактілі ұғым ретінде беріледі. Біз бұл өлеңде автор оқырманға әлемдегі бәрі тұрақсыз, тіпті аспан сияқты табиғи және мызғымас мәні бар нәрсе көрінгенімен деген сияқты ойларды жеткізгісі келді деп санаймыз:

Аспанды шатырмен салыстыру (Heaven like a Tent), ал шатыр, белгілі болғандай, бұл жек көруден қорғау, оқырманға болып жатқан оқиғалардың сөзсіз екенін сезінуге көмектеседі, адамға тірек және өмірде қолдау беретін нәрсе ізсіз жоғалуы мүмкін.

Тағы бір өлең Э. Дикинсон аспанға Құдайға апаратын қақпаға деген көзқарасын білдіреді:

Heaven has different Signs – …

All these – remind us of the place

That men call «Paradise”

Бүкіл Табиғат Құдайға бағынады:

A mighty look runs round the World…

Тек ақын ғана емес, сонымен қатар барлық адамдардың қуанышына әкелетін табиғаттың барлық тамаша құбылыстары (The Triumph of the Birds, The Rapture of a finished Day) және жұмақ бар. Оны атап өту үшін, автор Superior Grace, Carnivals of Clouds сияқты эмоциялық жоғары сөздерді пайдаланады. 

  1. 3 Фариза мен Эмилидің «жылдың төрт мезгілі» тақырыбына арналған өлеңдері 

Екі ақын-апамызда табиғатты көркем шығармада әр түрлі пайдаланады. Бірде оқиға алаңын немесе жыл мерзімін көрсетсе, кейде қатал долы күш табиғатқа төтеп беретін адамның жан-дүниесін ашу үшін алады. Сонымен қатар кейіпкердің көңіл күйі, жан дүниесінің құбылыс сәттерін табиғатпен қатарластыра суреттеу арқылы психологизмді терең жеткізу ең жиі қолданылатын тәсілдің бірі.

Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты дүниежүзінің классик ақындарының бәрі жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің және басының көңіл күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлайды. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты, арпалысты суреттейді. Екі ақының да  көптеген өлеңдері табиғаттың жыл мезгілдеріне арналған. Соның ішінде  жаз туралы екі ақынның өлеңдерін салыстыратын болсам, мысалы Фариза апайдың «Жаз» [10] Эмилидің «It will be summer – eventually»[11]өлеңдерінде:

Жаз туралы:

 

Фариза Оңғарсынова Эмили Дикенсон
Өлеңнің атауы «Жаз» «It will be summer – eventually»
Лирикалық кейіпкер Әйел адам Әйел адам
Табиғатты бейнелеу тәсілі 1.Жаздың ыстығына төзе алмаған ерке бұлақ көрінісі былай бейнелейді.

2.Айналағашуақ сеуіп, күлімдеп жүретін адамдарды«жадыраған жаз мінезді адам» деп жатамыз, оны былай бейнелеген.

 

1.Табиғат пен әйел адамның осы мезгілде тыңбайеңбек ететіндігін, керемет сұлулығын суреттейді.

2.Келесі шумағында ақын жаз мезгілінің тым қысқа және керемет болатындығын әйел адамның қырық жаны бар дегендей әр нәрсеге шыдамдылық көрсете білетіндіктерін ғажап  мінезімен теңейді..

 

Өлең жолдарындағы тың тіркестер 1. Самал жел сыбырласа, сыр ұрласа

Өзенде мың бұралып жатыр ағын »[10](«Жаз»)

 

2.Сұлулар суға барған сайға бұғып

Қарайды көлдің бетін айна қылып

Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа

Бересің жан біткенге жайдарылық .

 

1.The Lilacs – will sway with purple load

The Bees – will not despise the tune[11] («It will be summer – eventually»)

2.Till Summer folds her miracle —
As Women — do — their Gown —

1.          Сиреньпурпуровый свой груз

Согнувшись понесет —

И пчелы зажужжат вокруг

Своих янтарных сот —

2.    Не спрячет Лето чудеса —

Как женщина наряд —

 

 

Метафора Самал жел сыбырласа,  жаздың жастық жалынына, ойнақтап ерке бұлақ, мың бұралып жатыр ағын.

 

Landscape—abright Bouquet,

Summer miracle

 Бұл жердегі екі ақынның ұқсастығы табиғаттың кереметін әйелдің сұлулығына, оның сұлу мінезіне теңеген. Екі ғасыр айырмашылығына қарамастан Эмили мен Фариза пейзаж бен теңеуге өткір ойлар қосып, оқырман көз алдына әдемі дала бейнесін келтіреді. Табиғат көріністері мен құбылыстарын жырлауда әсерлі бейнелеу, әдемі суреттер жасау, оны адам жан дүниесінің алуан түрлі қырларын ашуға пайдалану–екі ақынның басты ерекшелігі. Сонымен қатар Фаризаның  «Көктем күліп келеді,көктем күліп» Эмили Дикенсонның «A light exists in spring» өлеңдерінде лирикалық кейіпкерлермен бірге оқырман да көрініс зейнеттілігіне сүйсінеді. Көктемді суреттегенде де келісті өріністер көз тартады:

Көктем туралы Фариза Оңғарсынова Эмили Дикенсон
Өлеңнің атауы

 

«Көктем күліп келеді,көктем күліп» [12] «A light exists in spring» [13]

 

Лирикалық кейіпкер Арай Арай

 

Табиғатты бейнелеу тәсілі

 

Арайдың табиғатқа қызуын шашуы,жердің босаңсуын,тастың жібіуін,сұлу қайыңның бүршік атуы,аспанан сәуленің шашуы,жас ананы суреттейді.

 

Лирикалық кейіпкер көзімен күннің көзін суреттеуге келмейтінін, оның айналаға қайталанбас бояу беретін сәулесін төгетіндігін бейнелейді.

 

Өлең жолдарындағы тың тіркестер Көктем күліп келеді, көктем күліп, жер қызулап, тас терлеп, бөктер жібіп.

Құбыланың самалы сыбырлайды:

«Сен де жаңар,-дегендей,-өткенді ұмыт!»

Жан сезімін түнекке тасаламай

Табиғатқа қызуын шашады арай.

Балғын бүршіктермен сұлу қайың

Толықсиды босанған жас анадай.

A light exists in spring-
Not present on the year
At any other period.-
WhenMarchisscarcelyherе.- 

Свет появляется весной
И мартом он воспет,
А если марта с нами нет,
Тогда и Света нет.

That science cannot overtake…..

It shows the furthest tree…..

Наукой пусть необъясним…
покажет дерево вдали…..

Метафора

 

жер қызулап, тас терлеп, бөктер жібіп,самалы сыбырлайды,қызуын шашады арай,сұлу қайың A color stands,  the Sun passes, the Sun waits

 

Екі ақынның көктем мезігіліне арналған өлеңін  тұтас оқымасақ та екі шумақтың өзінен көп нәрсені аңғарамыз. Жердің көктемде күн сәулесінен қызуын, бөктердің жібіп, ағаштардың бүршік атуын, самал желдің сыбырлап, сұлу қайыңның тербелгендігін және табиғаттың жас анадай толықсып босаңсуын суреттейді. Лирикалық кейіпкер көзімен берілген арайдың аймалай сүйіп құшуы көктемгі арай ерекшелігін танытса, бөктердің, бүршіктердің, сұлу қайыңның «жас анадай» толықси босанғандығын елестетеді. Фариза  Оңғарсынова, ал Эмили Дикенсон лирикалық кейіпкер көзімен күннің көзін суреттеуге келмейтінін, оның айналаға қайталанбас бояу беретін сәулесін төгетіндігін сонымен қатар жаз мезгілінің тым қысқа және керемет болатындығын әйел адамның қырық жаны бар дегендей әр нәрсеге шыдамдылық көрсете білетіндіктерін ғажап  мінезімен теңейді. Ал күз мезгілін екі ақын апамыз былай деп жырлайды.

Күз туралы Фариза Оңғарсынова Эмили Дикенсон
Өлеңнің атауы «Күз»[14] Besides the Autumn poets sing.[15]

 

Лирикалық кейіпкер Адам Адам
Табиғатты бейнелеу тәсілі

 

Жердің қатуы, күн шапағатының азаюын, күзде табиғат иесінің солғын тартқандығын және адамның осы мезгілде көңіл-күйінің мұңды екенін бейнелейді. Күз мезгіліндегі ауа-райының адамға қатты әсер ететіндігін бейнелейді,күздің суықтығын адамның көңілсіз көңіл –күйімен теңейді.
Өлеңжолдарындағы тың тіркестер

 

Қаусайды барлық тамырлар

Жерден – дым,

Күннен нәр алмай,

даладан кеткен жалынды әр

аурудан тұрмас адамдай.  («Күз»)

Perhaps a squirrel may remain —
My sentiments to share —
Grant me, Oh Lord, a sunny mind —
Thy windy will to bear!  («BesidestheAutumnpoetssing») 

Из всех живых лишь белка только
Останется со мной.
Пошли Господь мне в душу солнце,
Дай выжить в холод твой!

Метафора Жерден – дым, Күннен нәр, аурудан тұрмас адамдай Grant me, Oh Lord, a sunny mind —
Thy windy will to bear

Екі ақын күз мезгілінде табиғаттың, тіршілік атауының солғын тартқан бейнесінжердің қатаюын, күн шапағатының азаюын,ауа-райының адам денсаулығына әсерін оның суықтығын, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.

Қыс туралы Фариза Оңғарсынова Эмили Дикенсон
Өлеңнің атауы «Қырдағы қыс»[15] « А Little shell of a snail, so whitened by the snow»[16]
Лирикалық кейіпкер Адам Адам
Табиғатты бейнелеу тәсілі

 

Қыс мезгілінің өте суық дауыл боранымен адамның қатал мінезімен теңеген. Көптен көрмеген досының ,шашының ақ түскендігін ақ қармен бейнелеген.
Өлеңжолдарындағы тың тіркестер

 

Түнімен долы дауыл құрыстаған

Секілді арыстандай жыны ұстаған.

Жамылып ақ көрпесін енді ғана

Маужырап байтақ дала тыныстаған.

Қалыпты қарауылда жыңғыл,құрақ,

Іліп ап ақ мамықтан бір-бір тымақ.

Мәз болып жас баладай, айналаға

Қарайды әр бұтадан күн жылтырап.

A little snow was here and there

Disseminated in her Hair –

Since she and I had met and played

Decade had gathered to

Decade

Небольшой снег был здесь и там

Рассеянный в ее волосах –

Так она и я встретились и играли

Десятилетие собрались, чтобы

Десятилетие

Метафора Долы дауыл,арыстандай жыны ұстаған,байтақ дала,ақ мамық,жас бала. A little snow ,Disseminated in her Hair –

 

Екі ақынымызда қыс кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты жыны ұстаған арыстанның бейнесіне ұқсатады. Қыста кең даламыз маужырап ақ көрпесін жамылып, жас балаша айналаға қарайтындығын. Күн сәулесінің әр бұтадан жылтың-жылтың шапағын төккенін, адамның шашын ақ қыраудай, ақ шалғанын бейнелейді. Екі ақынымыз да жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігімен ешкім таласа алмастай етіп суреттейді. Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам өмірімен нық байланыстыра білді.

Табиғат көріністері мен құбылыстарын жырлауда әсерлі бейнелеу, тың тіркестер мен әсем суреттер жасау – ақындардың басты ерекшелігі. Дәстүрдің озық үлгілерін өлеңдерінің бойына жинап, өзінше жаңартады. Екі ақынның да табиғат тақырыбындағы қай өлеңдерінде болмасын ұлттық өрнек айрықша аңғарылады. Табиғат лирикасы өзінің жаңа арна, тың бейнелеулермен дамуын толастатқан жоқ, қалыптасқан дәстүрді жалғастыра, байыта берді. Поэзияға келген әр ақын өз болмысымен, өз ерекшелігімен танылып, поэзия әлемінде дара қолтаңбаларын қалдырып келеді.

Екі ақын-апамыздың табиғат тақырыбындағы өлеңдері негізінде лирикалық кейіпкер ерекшелігі, болмыс-бітімі жан-жақты көрсетіледі. Фариза ақынның қай өлеңдерінде болмасын ұлттық өрнек айрықша аңғарылады және оған тән қасиет – байсалдылықпен бастап, адуын мінезімен ойын ашық айта білу өткірлігімен ерекшеленеді. Мысалы,

Мен даланың қызы едім,

Жазықтығында жатпайтын көз ілер қара

(жазира менің жанымның өзі де дала).

Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді

Өлшеуші ем сонау өзімен ғана. Бұл өлең жолдарынан  Фариза ақынның биікке ұмтылғантәкәппар мінезі байқалады. Дархан даланың кеңдігі менкөк аспанның биіктігін астастырған сұлу сурет, оныңарманы асқақ, ойы кең, мақсаты биік болғанын аңғартады. Ал Дикенсон поэзиясы  адам табиғаты мен табиғат  шынайылығын үндестіре білген  білімімен таңғалдырады. Оның өлеңдерінде  ешқандай артық нәрсе жоқ, тек сызықша қою арқылы өзінің ырғақты сезімін білдіріп отырады.

“Heaven” – is what I cannot reach…

The Color, on the Cruising Cloud –

The interdicted Land….

Бұл өлең шумақтарынан Эмилидің аспанға ұмтылғандығы, оның барлық тіршілікті иесі – Құдай деп білгендігін аңғартады. Өзінің қарапайымдылығымен көк аспанның биіктігімен сұлулығынан көп нәрсе білуге болатындығын көрсетеді. Табиғат – екі ақын үшін тазалықтың, пәктіктің бейнесі. Ол адам бойынан тазалық іздесе де табиғатқа жүгінеді. Ол көз алдында тарылып бара жатқан тіршілік қысымына табиғаттың кеңдігін қарсы қояды, шаң-тозаңға былыққан қара жерден мөлдірліктің белгісі – аспанға ұмтылады, жағадан жиіркеніп, теңіздің тұнығын кешеді, қасаң тартқан жандардың кеудесін тазартар дауылын күтеді. Адамды сүю, адамға жақсылық тілеу, оны жасауға ұмтылу, осыған қайшы ұғым, іс-әрекеттерге қарсы батыл күресу .

Табиғаттың құбылысын терең түсінген ақын-қыздарды «пейзажды суреттеудің шеберлері» деуге болады, себебі олардың пейзаждық лирикасы өзінің философиялық тереңдігімен өзгешеленеді.

ІІІ Қорытынды 

Фариза мен Эмилидің поэзиясын зерттеуде екі ақынның  психологиялық портреті айқындалып шықты:Эмили Дикенсон поэзиясындағы екі сөздің қайталанып келмейтіндігі, барлық сөздердің сызықша арқылы үлкен әріппен және жалаң жазылатындығы оның қоғамдық ортамен байланысының аз болғандығын және тұйық мінезді екендігін аңғартады. Фариза Оңғарсынова поэзиясында ұлттық өрнек айрықша аңғарылады және әр сөзді бояумен жаза білетіндігі оны ортаның адамы болғандығын көрсетеді. Табиғатты жырлауда әсерлі бейнелеу мен әдемі суреттер, теңеу  жасау – екі ақынның «пейзажды суреттеудің шеберлері» екенін көрсетеді. Бір жағынан тәкәппар мінездерімен, екінші жағынан қарапайымдылықтарымен тепе-теңдік ұстай білген ақын-қыздар терең философиялық поэзиясымен таңғалдырады. Екеуі де батыл, еркін ойлы, жүрекпен жаза білген ақындар.   Екеуінің де досы да, мұңдасы да, сенері де  поэзия бо    Эмили Дикенсонды «Мәңгілік Леди» деп атаса, ал Фариза  Оңғарсынованы «Поэзия падишасы» деп атаған. Жоба жұмысымды төмендегідей тұжырымдар жасадым: Эмили мен Фариза табиғатты бейнелеудегі дәстүрлі суреттеулерді жаңаша тұрғыда жаңғыртты. Ауыстыру, айқындау мен теңеу сияқты бейнелеу құралдары арқылы адам болмысының көңіл-күйін, сезімдерін танытты;

Оқырман қауымға суреткерлік ғұмырдың болмысын танытатын олардың туындылары құнды дүниелер болып табылады. Екі ақынның да сөз еркіндігі мен ой бостандығын, ақиқат пен шыңдық  негізінде жазылған өлеңдерін оқырман жақсы қабылдайды дей келе ағылшын тілі бағдарламасына осы екі ақынның шығармаларын енгізуге болатындығын ұсыныс етемін.

«Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың поэзиясындағы  табиғат бейнесі» атты ғылыми жұмысына  

Пікір

Зерттеуде Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың шығармашылықтарындағы табиғатты бейнелеудегі көркемдік әлемін ашу, кейіпкерлерді даралау, талдаулар жасау басты назарға алынған.

 Ғылыми жұмысының мақсаты. Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың поэзиясындағы табиғат бейнесіне аналитикалық талдау жасау арқылы, көркемдік ізденістердің табиғатын ашу және олардың ақындық шығармаларының негізінде психологиялық портретін жасау. Зерттеу жұмысында оқушы Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың поэзиясындағы табиғат лирикасын салыстыра отырып, кеңінен талдайды. Ақын қыздардың екі заманда өмір сүрсе де табиғаты жақын, шығармалары үндес екенін нақты мысалдар келтіру арқылы дәлелдеуге тырысқан.

Оқушы жоба зерттеу барысында екі ақынның табиғат бейнесін поэзияда көркем ізденіспен қолданатын шығармаларының оқырман жүрегінен жол табатынына аналитикалық талдау жасаған. Сондықтан тақырыптың өзектілігі еш күмән келтірмейді. Ғылыми жобада тақырыптың  жалпы мазмұны ашылған.

Поэзия әлеміне қанаттанған қос ақынның бірі-ағылшын, бірі-қазақ бола тұрса да, олардың досы, мұңдасы поэзия екендігін оқушы дәлелдеген. Ортақ тақырыбын аша білген. Әр тарауға тұнымды ой пікір, түйін жасалған жоба өзіндік зерттеу мүшелігі бар туынды болып қалыптасқан.

Зерттеу жүргізу барысында көптеген материалдарды қарап, талдау жасай отырып, өз ойын білдіріп отырған, көптеген еңбектермен, интернет материалдарымен таныса отырып, қызықты деректер келтіреді.  Сондықтан мен бұл жобаны барлық сұранымдарға жауап, ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалап, байқауға ұсынуға лайық деп ойлаймын.

Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады.                Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.

«Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың поэзиясындағы  табиғат бейнесі»

атты ғылыми зерттеу жұмысы жайлы

К Ү Н Д Е Л І Г І

(2020 жыл) 

Атқаратын жұмыс тізімі Мерзімі Жетек-ші қолы Нәтижесі
1 Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу Қаңтар -ақпан,

2020 ж.

«Эмили Дикенсон мен Фариза Оңғарсынованың поэзиясындағы  табиғат бейнесі» зерттеудің тақырыбы болып бекітілді.
2 Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізу. Наурыз-сәуір   2020 ж. Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп берді.
3   Зерттеу тақырыбы негізінде интернет, баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін іріктеу

 

мамыр-тамыз

2020 ж.

Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті мағлұматты алдым.
4 Ғылыми жетекшіден кеңес алу қыркүйек-қараша

2020 ж.

 Қажетті материалдарды жинақтап, саралап-жүйеледім.

 

You May Also Like

Халық ауыз әдебиетінде кездесетін металдар, ғылыми жоба

«Халық ауыз әдебиетінде кездесетін металдар» атты ғылыми жұмысына                                                               ПІКІР Қазақ халқының ерте…

Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп, жетілу ерекшеліктері, ғылыми жоба

Тақырыбы: Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп, жетілу ерекшеліктері Үй тауығы балапандарымен…

Абай шығармашылығындағы сын

«…Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ,барды ертегіден термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі…

Силикатты материалдардың саласы, ғылыми жоба

Ғылыми Конкурс: Силикатты материалдардың саласы» Бағыты: Химия   Мазмұны: Аннотация Кіріспе Негізгі…