Баскетбол ойыны

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Баскетбол ойыны

Бағыты: Этномәдени 

Пәні: Денешынықтыру

Мазмұны

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1 Денім сау болсын десең…

2.2 Баскетбол ойыны

2.3 Баскетбол тарихы

2.4 Баскетболдың он үш ережесі – Джеймс Наимми

2.5 Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері

2.6 Допты жүргізу – дриблинг берілгеннен кейін алаңда баскетбол добын жылжыту тәсілі. Допты жүргізу

3.Практикалық бөлім

Сауалнама

4.Қорытынды

Аңдатпа

Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды.

Ойын – балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнытқан) бөлшекті шектелуі мүмкін.

Бұл ғылыми жобада мен баскетбол ойыны жайлы зерттеймін.

Аннотация

Игра с давних времен является неотъемлемой частью жизни человека, ее использовали с целью воспитания подрастающего поколения и развития личности организма.

Игра-самостоятельная деятельность детей и взрослых в отношении. Она удовлетворяет потребности людей в отдыхе, развлечениях, познании, развитии духовных и физических сил.

Подвижные игры касаются проявления игровых действий, в которых четко ощущается место движения. Для подвижных игр характерны активные творческие двигательные действия, мотивированные (мотивированные) собственным сюжетом. Эти действия могут быть ограничены правилами, направленными на устранение различных трудностей на пути достижения поставленной цели (в общем случае, на месте ведущего или играющего).

В этом научном проекте я исследую игру в баскетбол. 

Annotation

The game has been an integral part of human life since ancient times, it was used for the purpose of educating the younger generation and developing the physical personality.

The game is a kind of activity involving children and adults. It meets the needs of people in recreation, entertainment, cognition, development of spiritual and physical strength.

Moving games relate to the manifestation of game activities, in which the place of movement is clearly felt. Mobile games are characterized by active creative motor actions motivated (motivated) by their own plot. These actions can be limited in detail by rules (generally applied, established by the leader or the player) aimed at eliminating various difficulties in achieving the goal.

In this research project, I will study the game of basketball.

Кіріспе

Мен спортпен әуестенетін адамдардың қатарына кіремін. Күн сайын таңертеңгілік жаттығулар жасаймын, бұл маған сабаққа барар алдында ұйқымды ашуға көмектеседі. Бос уақытымда, достарыммен бірге коньки тебуге және жүзуге барып тұрамын. Осының арқасында денсаулығым жақсарып, сирек ауратын болдым. Ғалымдардың айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа бөлсең, ауруға шалдығу қаупі 30%-ға азаяды. Спорт жаттығулары ағзаның иммунитетін көтереді, сол себепті спортпен шұғылданатын адамдар, вирустық инфекцияларға бейім болмайды. Физикалық белсенділік қан тамырларына жағымды әсер етеді. Жүрек – дененің ең маңызды органы, оның дұрыс жұмыс істемеуі, ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Күнделікті жаттығулар – жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруына кепілдік береді. Сондай-ақ, жаттығулардың көмегімен, қарт адамдардың буыны мен бұлшықеттері күшейеді. Барлығы спортпен айналысуы керек, әсіресе денсаулығы нашар кісілер. Бүгінгі таңда көптеген спорт секциялары бар, ол жердегі тәжірибелі жаттықтырушы, сізге ұнайтын жаттығу түрін таңдап береді. Салауатты өмір салтының қарапайым қағидаларын ұстанатын болсаң, денсаулығынды нығайтып, өміріңді ұзартуға мүмкіндік аласың. Сонымен бірге, дұрыс тамақтануды, ұйқының жақсы болуын және таза ауада серуендеуді ұмытпаған жөн.

Зерттеу жобамның өзектілігі:Дені сау ұлт-дені сау мемлекет. Біздің мемлекетімізге дені сау азаматтар қажет, сондықтан балалардың назарын салауатты өмір салтын сақтау қажеттілігіне аудару және балаларды өз денсаулығына қамқорлық жасауға үйрету маңызды. Әсіресе, бұл короновирус бүкіл әлемді шарпыған кезде, сіз өзіңіздің денсаулығыңызға, айналаңыздағы адамдардың денсаулығына қамқорлық жасап, қорғаудың барлық ережелерін сақтауыңыз керек. Менің ойымша, бұл тақырып бойынша жұмыс өзекті.

Адамның дені сау болу үшін ол спортпен шұғылдану керек. Соның ішінде баскетбол ойыны.Менің бұл ғылыми жобаны жазудағы мақсатым: салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға. Соның ішінде баскетбол ойынын басқа спорт түрлерінен ерекшелігін білуге шақыру.

Міндеттері:

* Салауатты өмір салты және оның компоненттері туралы ұғымды зерттеу;

* Сыныптастарымның назарын салауатты өмір салты проблемасына аудару.

  • Спорттық ойындардың түрлерімен таныстыру;
  • Баскетбол ойынының шығу тарихы, басқа спорттарға қарағанда ерекшелігін зерттеу.

Гипотеза:Егер мен болашақта денешынықтыру пәні мұғалімі болсам, баскетбол ойынына көп көңіл бөлер едім.

Зерттеудің жаңалығы:Мұндай жаттығулар дене үшін де футболдан кем емес. Бұлшықеттердің барлығы дерлік қатысады, үйлестіру мен ептілік, төзімділік жақсарады.

Жүрек, өкпе және қан тамырлары мұндай жаттығуға риза болады. Баскетбол ойнағанда перифериялық көру жақсарады, денесі жақсы күйде болады, адам өз күшін ұтымды пайдалануға жаттықтырады.

Баскетбол ойнау тірек -қимыл аппаратына жақсы әсер етеді. Егер сіздің міндетіңіз – арықтау болса – баскетболға мұқият қараңыз. Бір ойында адам орта есеппен 7 км жүгіреді, ал жүктеменің қосылуының арқасында калория өте тиімді жағылады.

Жаттығудан бұрын жарақат алмау үшін жақсы жылынуды және бұлшықеттер мен байламдарды жылытуды ұмытпаңыз.

Зерттеу құндылықтары: теориялық тұжырымдар, зерттеу. 

Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру, сараптау, қорытындылау. 

Зерттеу ақпарат көздері: ғылыми әдебиет, мұрағат материалдары, интернет, баспасөз материалдары.

Негізгі бөлім

Денім сау болсын десең…

Ұзақ өмір сүрудің көптеген жолдары, әркім өз бетінше түсіндіретін әдіс-тәсілдері бар, көп жағдайда ол – дұрыс тамақтану, қозғалыс, әрбір күнді дұрыс режимде өткізу және ерекше назар аударуды қажет ететін басқа да жағдайлармен толығып жатады. Әрине, қандай жағдайда да бұлардың бәрін тұрақты түрде қолдану ғана тамаша нәтиже беретінін ұмытпаңыз.

Спортпен айналысудың артықшылықтары.Тұрақты физикалық жаттығулар көңіл-күйді көтереді және стресспен күреседі. Арықтауға көмектеседі. Физикалық белсенділік – метаболизмді арттырып, қосымша калорийлерді азайтуға ықпалын тигізеді. Спортпен шұғылдану – иммунитетті және төзімділікті арттырады. Тез ұйықтауға көмегін тигізеді. Спорттық іс-шаралар денеден көп күш алады, сондықтан ұйқы ұзақ және күшті болады. Дене шынықтыру кезінде өкпеде өзгерістер пайда болады. Өкпенің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты, бронхит және пневмония аурулары туралы ұмытуға болады. Жаттығулар жасау кезінде, жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне жақсы әсер ететін эндорфиндер шығарылады. Мидың ойлау және есте сақтау қабілеттеріне тигізетін пайдасы үлкен. Созылмалы аурулардың пайда болуының басты себептерінің бірі – дене белсенділігінің болмауы. Жаттығулар қан айналымын жақсартады және адамның сүйегін қатайтады. 

Баскетбол ойыны

Баскетбол (ағылш. basketball, basket – себет (торқалта), ball – доп) — ептілікті қажет ететін қызу тартысты спорт ойын. Оған бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады. Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға кәрзеңке бекітіледі. Ойынның мақсаты- допты қарсыласының кәрзеңкесіне түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы оны мен тек екі адым ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы әріптестеріне тартып әперуге тырысады.

Баскетбол добы.Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта

себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.

Ұпай санау.Егер лақтырылған доп кәрзеңкеге дәл тиіп, кәрзеңкенің ішінен сырғанап жерге түссе, нысанаға жеткен болып саналады. Ойын уақытында доп дұрыс лақтырылса, команда екі ұпай алады. Мұндай лақтыру үш ұпайлық сызықтың ар жағынан жасалса ұпай саны үшеу болып саналады. Айып добын лақтыру (ереже бұзылғанда рұқсат етіледі) кезінде әрбір сәтті тигізуге бір ұпайдан есептелінеді. Ондай кезде ойыншы айып сызығының ар жағында тұруы тиіс. 

Баскетбол тарихы

Бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі – пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде  ұйымдастырылады.

Баскетболдың негізін 19 ғ. кейбір мемлекеттерде  кең таралған «құз басындағы үйрек» ойынымен байланыстырады. Бұл ойынның шартын Джеймс Нейсмит (1861–1939) жақсы білетін. Ойын шарты бойынша: ойыншы кішкентай тасты одан үлкен тастың үстіне лақтыру арқылы дәл ортасына орнатуға тиісті. Нейсмиттің жеке биографтарының айтуы бойынша, «құз басындағы үйректі» ойнаған кезінде жас Джеймстің басында баскетбол ойынының жалпы түсініктері қалыптасады. Бұл идея Джеймс Спрингфилд қалашығында орналасқан Халықаралық жастар жаттығу колледжінде анатомия мен дене шынықтыру пәнін жүргізген кезде пісіп жетіледі. Нейсмиттің байқағаны бойынша жастар қысқы гимнастикамен айналысуға ынта білдірмейтін. Содан Джеймс ойынды кішкентай  спорт залда жүргізуге болатындай студенттерді ептілік пен координацияға үйрететін ойынға қатыстыру керек деген ойға келеді. Спорт залдың екі шетінде орналасқан балконға екі жеміс-жидек себеттерін бекітеді. Еденнен балконға дейінгі биіктік 3м 5 см құрайтын (қазіргі кезде бүкіл дүниежүзі ұстанатын стандартқа сай). Студенттердің басты мақсаты себетке доп кіргізу болатын. Осылайша баскетбол пайда болған.

Алғашқы ресми тіркелген баскетбол ойыны 1891 жылдың желтоқсанында болған. Сол кездесу біз білетін баскетбол ойынынан сәл ерекшеленді. Нейсмит құрған командаларда 9 ойыншыдан болған (ол студенттер тобын тең  екіге бөлген) ойынды футбол добымен ойнаған.

Жаңа спорттық ойын туралы хабар бүкіл Америка жеріне жайылып, Нейсмиттің жұмыс істейтін жеріне көптеп хат келген. Хат авторлары жаңа ойынның шартын жазып беруді өтінген.

1892 жылы баскетбол ережелері жайлы алғашқы жарық көрген кітап 13 тарауды қамтитын, тараулардың көбісі күні бүгінге дейін күшін жоғалтпаған. Бірақ, Нейсмит ұсынған ойын ережелері бүгінгілерден ерекшеленеді. Мысалы, ойын ұзақтықтығы 15 минут болатын екі таймнан тұрады.

Командадағы  ойыншылар саны еріксіз бірақ, екеуінде де тең болуы керек еді. Добы бар ойыншыға шабуыл жасау тыйым салынатын – оған тек кедергі келтіруге болатын. Бұл  ережені бұзған жағдайда, техникалық фол белгіленген. Егер фол екінші рет қайталанса, ереже бұзған ойыншы келесі гол соққанға дейін алаңнан қуылатын. Егер бір команда фолды үш рет қайталаса, оның себетіне гол соғылды деген ереже орын алады. Осы ереже жүзеге асу үшін тек бір ғана  шарт қойылатын: қарсылас тарапынан бірде- бір фол болмау керек. Бір кезде команданың құрамында, себетті қорғайтын қақпашы да болған. Сол кездегі себеттерде бізге үйреншікті қалқан болмайтын.

Ойын  тез арада  көптеген адамдарға мәлім болған. 19 ғ аяғына таман студенттік кампустар мен әр түрлі қалалардан келген командалардың арасындағы баскетболдық кездесулер жиі өткізілген. Әуесқой лигалары пайда болды. 1896 жылы Американың Трентон қаласында ұйымдастырылған баскетболдық кездесуде, жеңіске жеткен команда сыйақыға ие болған. Осылайша, 20 ғасырдың феномены – кәсіпқойлық  баскетбол пайда болды.

Сол кездері АҚШ–та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне,

Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан орын алды.Жиырмасыншы жылдары алғашқы әлемдік кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді.

1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ-тың командалары қатысқан. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды.

ФИБА-ның алғашқы құрамына 8 мемлекет енді. Атап айтса,Аргентина,

Грекия, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швеция, Чехословакия.

1935 жылы халықаралық Олимпиадалық комитет баскетболды олимпиада ойындары қатарына қосу жөнінде шешім шығарды.

1936 жылы Берлинде өткен олимпиада ойындары аясында баскетболдың бағдарламасы дайындалды. Онда аталмыш ойын түрін ойлап тапқан азамат

Д. Нейсм доданың құрметті қонағы болды. Теннис алаңында өткен матчқа 21 ел қатысты. Олимпиада өтіп жатқан кезде ФИБА-ң алғашқы конгресі өтті. Онда халықаралық ойынның ортақ ережелері айқындалды. Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты. Сол жылдары Петербор қаласында «Маяк» қауымдастығы жұмыс істеген. Қауымдастықтың гимнаст шеберлері алғаш рет баскетбол командасын құрып, кейіннен «Богатырь» қоғамына айналған. Алайда, 1917 жылы орнаған Қазан төңкерісіне дейін баскетбол ойыны тек сол кездегі Ресей астанасы – Петерборда ғана танылған. Ал, 20 жылдары бұл ойын қарқынды дамыды. Бастапқыда әскери мектептерде жаттықтырылған еді. Көп ұзамай Мәскеу институты баскетболды денешынықтыру факультетінің бағдарламасына енгізілді. Бұл оқу ошағының түлектері кәсіби баскетболшы атанды. Ресей құрамасы алғаш рет 1923 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мерекесіне орай кездесу өткізді. Сәл осы кезде КСРО құрыла бастаған еді.
КСРО–ның екінші біріншілігі 1924 жылы өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап КСРО-да баскетбол спартакиадасы өткізіліп тұрады.

1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық баскетбол секциясы қабылданып, бір жыл өткен соң ерлер командасы Еуропа біріншілігінде бақ сынап, чемпион атанды. Ал, баскетболдан әйелдер құрамасынан

олимпиадалық ойын 1976 жылы сарапқа салынды. Олимпиадалық ойынның чемпиондары төмендегідей: 1976 ж. – КСРО, 1980 ж. – КСРО, 1984 ж. – АҚШ, 1988 ж. – АҚШ, 1992 ж.-Тәуелсіз достастық мемлекеттерінің құрама командасы, 1996 ж. – АҚШ.

Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. Олар 1936 жылдан бері өткізіліп келе жатқан барлық олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары саусақпен санаралықтай. Мәселен, 1987, 1988, 1990 және 1991, 1992 жылдары американ ойыншылары сәтсіз ойын көрсетіп, ұтылыс тапқан.

1992 жылы олимпида ойындарына тек білікті спортшылардан жасақталған ұлттық баскетбол қауымдастығы шеңберінде алғаш рет ұжымдық құрама құрылды. Бұл Америкада Dream Team», «ұжымдық арман» деп аталған. Оның құрамында Барселон ойындарында 40 ұпайдан жинап, жеңімпаз атанған МайклДжордан, Мэджик Джонсон, Чарльз Баркли және Ларри Берд алынды. Олар 1994 жылы әлем чемпионатында, 1996 жылы Атланта олимпиадасында тұғырдан көрінді.

Ал, АҚШ-тың әйелдерден құралған баскетбол командасы 1992 жылғы сәтсіздіктен кейін, олимпиадалық чемпион атағын 1996 жылы қайтарып алды деген болатын.

Баскетболдың он үш ережесі – Джеймс Наимми

  1. Допты бір немесе екі қолмен кез келген бағытта тастауға болады.
    Ағымдағы ереже: Бұл ереже бұрынғы ереже болып табылады, қоспағанда, енді команда оны сол сызық бойынша алғаннан кейін оны ортаңғы сызықтан өткізуге рұқсат бермейді.
  2. Допты бір немесе екі қолмен кез келген бағытта ұстауға болады, бірақ бірінші кезекте.

Ағымдағы ереже: Бұл әлі де қолданыстағы ереже болып табылады.

  1. Ойыншы доппен жүгіре алмайды. Ойыншы оны оны ұстап тұрған жерінен лақтырып тастауы керек, адамға жақсы жылдамдықпен жүгіріп өтуі керек.
    Ағымдағы ереже: Ойыншылар бір қолымен допты шабуылдап, өтіп кетсе де, бірақ олар өту кезінде доппен жүгіре алмайды.
  2. Допты қолмен ұстау керек. Қаруды немесе денені ұстап тұру үшін қолдануға болмайды.
    Ағымдағы ереже: Әлі де қолданылады, бұл саяхаттайтын бұзушылық еді.
  3. Қарсыластың қандай да бір жолмен көтерілу, ұстап қалу, итермелеу, соғу немесе өшіру. Кез келген адамның осы ережені бірінші рет бұзуы фолды деп есептеледі; екіншісі келесі мақсатқа дейін немесе егер адамға зиян келтіргісі келмейтін болса, ойынның барлығына дейін дисквалификацияланады. Ешқандай алмастыруға жол берілмейді.

Ағымдағы ереже: Бұл әрекеттер фолдар, және ойыншы бес немесе алты фолдармен дисквалификациялануы немесе бұзылған фолмен ойнату немесе суспензия алу мүмкін.

  1. Бүлінге ұрып, 3 және 4 ережелері бұзылған, 5-ережеде сипатталған.
    Ағымдағы ереже: әлі де қолданылады.
  2. Егер кез келген тарап бір-біріне үш рет қателесетін болса, ол қарсыластар үшін мақсат ретінде есептеледі.

Қазіргі ереже: автоматты мақсат емес, жеткілікті команда фолдары (НБА ойнау үшін төрттен бесеу) енді бонусқа қарсы қарсылас командаға тегін әрекет жасайды.

  1. Мақсат допты себетке тастағанда немесе ұрып тастаған және сол жерде қалдырылған кезде, мақсатты қорғайтындар қол тигізбейтін немесе мақсатқа кедергі келтірген жағдайда жасалуы керек. Егер доп шеттерге тұрса және қарсылас себетті жылжытса, ол мақсат ретінде есептеледі.
    Ағымдағы ереже: түпнұсқалық ойында қоржын сөре емес, себет емес. Бұл ереже ағылшындарға және қорғаныстарды қорғауға кедергі ережелеріне айналды. Допты атып алғаннан кейін қорғанысшылар құрсаудың шетіне тиіп бара алмайды.
  2. Доп шегінен шығып кетсе, оны далаға тастап, оны ұстаған бірінші адам ойнайды.

Келіспеушіліктер туындаған жағдайда, ол оны тікелей далаға тастайды. Лақтырушы бес секундқа рұқсат етіледі. Егер ол ұзағырақ ұстаса, қарсыласқа барады. Егер ойынды кідіртетін кез-келген тарап болса, онда төреші оларды бұзуға шақырады.

Қазіргі ереже: Допты ойыншының қарсылас командасы ойнатып тастайды, ол ойыншыдан шекарадан шығып кетпес бұрын, оған соңғы рет әсер етті. 5-ші ереже әлі де әрекет етеді.

  1. Сот төрешісі ерлердің судьясы болып табылады және форалардың барлығын ескеріп, төрешіге үш рет қателескен жағдайда хабарлайды. Ол 5-ережеге сәйкес еркектерді дисквалификациялау құқығына ие болады.
    Ағымдағы ереже: НБА баскетболында үш төреші бар.
  2. Төрешi доптың судьясы болып табылады және доптың ойнатылып жатқанын, қай жағынан тиесiлi екендiгi туралы шешедi және уақытты сақтайды.

Ол мақсат қойылған кезде және мақсаттарды есепке алуды шешеді, әдетте, төреші атқаратын кез келген басқа міндеттер.

Қазіргі ереже: Уақытты сақтаушылар мен командирлер қазір бұл тапсырмалардың кейбірін жасайды, ал төреші шарикті иеленуді анықтайды.

  1. Уақыт екі минуттан кем емес бес минуттық үзілістен тұрады.
    Ағымдағы ереже: Бұл орта мектеп пен колледж сияқты ойын деңгейіне байланысты өзгереді. НБА-да әр төрт минуттық, әр 12 минут, 15 минуттық үзіліс бар.
  2. Сол кезде ең көп мақсат қойған тарап жеңімпаз деп жарияланады.
    Ағымдағы: Жеңімпаз енді нүкте бойынша шешіледі. НБА-да бес минуттан артық уақыт кезеңі жеңімпазды анықтайтын қорытынды ұпаймен төртінші тоқсанның соңында тең болған жағдайда ойнайды. Егер әлі күнге дейін байланса, олар басқа жұмыс уақытын ойнайды.

Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері: 

Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).

Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өтемұқият болу.

Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.

  • Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.
  • Допты салмағына сәйкес таңдау.
  • Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.
  • ойынбасталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет. 

Допты жүргізу – дриблинг берілгеннен кейін алаңда баскетбол добын жылжыту тәсілі. Допты жүргізу 

      Допты жүргізу-Әрбір ойыншы өз бетімен допты алаңшамен шектеусіз қашықтыққа қозғала алатын техникалық тәсіл.

Баскетболда допты жүргізу допты алаңшамен ауыстыру және бір қолдың көмегімен допты еденнен бір уақытта секіріп алу болып табылады. Қарапайым айтқанда, сіз допты еденге лақтырасыз, ал ол секіріп, кері қайтады. Баскетболда допты жүргізу техникасы қиын емес, бірақ допты әр ойыншыға ұнатпайды. Өйткені, қарсылас кез келген секунд оны сіз таңдап немесе жай ғана шығып алады. Баскетбол добын жүргізу негізінен оны басқаның жартысына ауыстыру немесе қарсыласты жеңу үшін пайдаланылады. Ұзын беріліс кезінде жоғалту тәуекелін азайту және команда бойынша жолдастарға уақыт беру үшін алаңның бөтен жартысында позицияны иелену үшін доп дриблинг арқылы шығарылады.

Допты жүргізу техникасы мынада: доп кең орналасқан кернеулі емес саусақтары бар қолдың қылқаламымен төмен қарай бағытталады. Шынтақ буынындағы қол қозғалмайды. Допты жүргізу кезінде маневрлікті сақтау үшін аяқтың жұмысы маңызды рөл атқарады. Аяқтар тізеге сәл бүгіліп, жақсы серіппеге тиіс. Түзу аяқтарда допты жылдам ұстап тұру қиын, әсіресе жүгірмей тоқтау немесе қозғалыс бағытын өзгерту қиын.

Доп жүргізу техникасын сапалы меңгеру сізге ойыншы ретінде әмбебап қосады және қарсылас әлдеқайда ауыр қауіп жасауға мүмкіндік береді.

Допты жүргізуге оқыту-тұрақты тәжірибе. Доп көп болса, соғұрлым жақсы болады. Бұл бірінші шындық. Екінші шындық-оған қарап емес, допты жүргізу. бұл доп ұстап, бірден Пас беру немесе комбинацияны скомандациялау үшін алаңдағы жағдайды бір уақытта талдай алатын ойыншылар үшін ерекше маңызды. Баскетболды жылдам үйрену үшін түрлі жаттығулар жасау керек.
Тоқтау шабуылда жүріп-тұру тәсілдеріне жатады және баскетболшыға қозғалысты уақытында тоқтатуға мүмкіндік береді, соның арқасында қарсыластың қорғаншылығынан арылу, шабуылдаушы әрекеттер үшін позициялық артықшылыққа ие болу. Ойында екі түрлі тоқтату қолданылады: екі қадам және секіру.

Екі қадаммен аялдауға үйрету ойын дағдыларын меңгеру бойынша ең алғашқы сабақтарды арнайды, өйткені екі қадамдық ырғағы қозғалыста орындалатын шабуыл техникасының көпшілігінің негізгі тәсілдері болып табылады.

Екі қадаммен тоқтауды орындаудың екі нұсқасы бар:

1) оң аяқпен ұзартылған адыммен және

2) сол аяқпен ұзартылған адыммен.

Дайындық кезеңінде ойыншы қозғалыста. Негізгі фаза ұзын, жылдамдықтың адымымен аяқты бүкіл аяққа қоюмен және мұрынның сыртқа бұрылуымен басталады. Алаңның аяқпен жанасу сәтінде оның тізе және жамбас буындарында бүгілуі басталады, ал дене қозғалысқа қарама-қарсы жаққа жылжиды. Қозғалыс жылдамдығы көп болған сайын, аяқтың бүгілуі (дененің ауырлық орталығы төмен түсіріледі), мұрынның бұрылуы және дененің артқа ауытқуы артады. Екінші қадам тоқтату функциясын орындайды, ол үшін аяғы іс жүзінде түзетілген, ал табан — мұрынның ішке бұрылуы бар қозғалыс бағытына перпендикуляр. Тоқтаудың бірінші қадамын орындаған денені аяққа бұрып, ойыншыға тұрақты жағдай береді. Соңғы фазада ойыншы дайын тұрағына келеді.

Секірумен тоқтату оң немесе сол аяқты итерумен жүзеге асырылады.

Қабылдау орындау негізгі фазасында ойыншы кейіннен алға итеріп, қозғалыс бағыты бойынша барлық табаннан бастап итеретін аяқты қояды. Баскетболшы басқа аяқпен итермелейді немесе басып озады.

Соңғы кезеңде еденге екі табанмен бір мезгілде тие отырып, қатты бүгілген екі аяқты жерге қону керек. Тепе-теңдікті ұстап тұру үшін бас пен денені сәл артқа ауытқиды. Сонымен қатар, жоспарланған одан әрі іс-қимылына байланысты табанның алаңға бір деңгейде немесе Алға түкті аяқты қою арқылы қойылуы мүмкін. Бірінші жағдайда ойыншы табанның параллель орналасуы және екі аяқты сыртқа елеусіз бұрылуы бар тірекке келеді.

Екіншісінде – алға қойылған аяқпен дайындық тұсында.

Осылайша, секіру тоқтаған кезде көлденең жылдамдық төмендейді және ойыншының қозғалысы «стелящего» Алға секіру есебінен, сондай-ақ қону кезінде аяқты амортизациялық бүгудің арқасында тоқтатылады.
Баскетболдағы ең бастысы – тиімді лақтыру. Онда ойынның мәні мен мақсаты: ойыншылар саны жағынан көп команда допты қарсыластар шеңберіне лақтырған кезде жеңеді. Техниканың барлық басқа элементтері тиімді ату үшін жақсы жағдай жасау үшін жасалған.

Баскетбол техникасының негізгі элементтерін қарастырыңыз.

Лақтыруды екі қолмен бір-бірінен алшақ ұстап, допты барлық жағынан сенімді жабады.

Допты ұстап алу. Допты ұстап алу оңай, ойыншыға иек деңгейінде көп ұшып кетпеу. Ол үшін кез-келген аяғыңызбен допқа кішкене қадам жасаңыз, тік және созылған қолдарды саусақтарыңыздың арасынан алшақ қойыңыз («юбка»). Бас бармақтар бір-біріне бағытталған және 3-5 см-ге дейін жиналады (қатты ұшатын допты ұстағанда, бұл допты қолдар арасында сырғып кетуге және допты бетке алуға жол бермейді).

Доп саусақтарға тиген сәтте қолдар сәл иілген, доптың кеудеге соққысы бар. Жоғары ұшатын допты ұстау дәл осылай жүзеге асырылады, айырмашылығы – еттің ұшу жылдамдығын сөндіретін соққы сіңіргіш қозғалыс жоғарыдан жоғарыдан жасалады, содан кейін доп кеудеге дейін түседі.

Ең үлкен қиындық – жүгіріп келе жатқан ойыншының артынан ұшып келе жатқан допты ұстау (ол жылдам үзіліс кезінде шабуыл кезінде қолданылады). Жылдамдықты төмендетпестен, иықтың кішкене бұрылуын жасаңыз және күтілетін допқа қарай бағыттаңыз. Сонымен қатар, доптан ең алыс қол сол бағытта орнатылады. Саусақтарыңызды түрткенде, доп сізді қозғалмалы қозғалыс арқылы тартып, екінші қолыңызбен көтереді.

Допты өткізу. Аударымдар қарсыластардың қамқорлығынан босатылған, допты қарсыластың сақинасына лақтыру үшін ең ыңғайлы жерде орналасқан серіктеске беріледі.

Көбінесе доп кеудеден екі қолмен беріледі. Оның артықшылығы, біріншіден, бастапқы позицияда допты екі қолыңызбен қарсыластан жақсы қорғалған жерде ұстап тұру, екіншіден, бұл беріліс ең дәл және сенімді, оны тұрғанда да, қозғалғанда да орындауға болады. .

Ойын тоқтағаннан және бұрылғаннан кейін төменгі жағынан екі қолмен беруді жиі қолданады. Артқы жағында тұрған доп тізеге түсіп, жамбастың артына қарай тартылады, содан кейін екі қолдың өткір қимылымен бір уақытта алға қадаммен дұрыс бағытқа жіберіледі. Беріліс ұзын қарсыласты жеңгенде тиімді. Екі қолыңызбен сіз жоғарыдан, бүйірден, бастардан бере аласыз.
Допты бір қолмен беру допты жылдам әрі алыс өту керек болған кезде қолданылады.

Төменнен бір қолмен беру. Бұл әдіспен аяқтар мен қолдар тербелу кезіндегідей, екі қолмен төменнен беру кезінде бірдей жұмыс істейді.

Бір қолмен беру «ілгекпен» жүзеге асырылады – бастың үстіндегі кең арка қозғалысы.

Соттан секіру – бұл берілісті тоқтатып, допты иелене алатын қозғалмалы және епті қарсыласқа қарсы қолданылады. Сергіту екі немесе бір қолмен жасалуы мүмкін. Негізгі шарттар: допты итеру күшті болуы керек, ал серпіліс нүктесі әрдайым доп қабылдағышқа жақын және одан әрі доп ойнатқыштан алыс болуы керек.

Допты ұстау (диблинг) баскетбол техникасының маңызды элементі болып табылады допты иеленетін ойыншыға қатаң баскетбол ережелерін бұзбай шабуылға қолайлы позицияны енгізуге, рингке жақындауға және допты лақтыруға мүмкіндік береді. Дриблинг саусақтың серпімді қозғалыстарымен допты еденге (аймаққа) итеру арқылы жүзеге асырылады (бірақ допты ұрып тастамай).

Допты таңдау белсенді түрде жүргізілмейді, бірақ диблинг жақсарған сайын ол агрессивті және табанды бола бастайды. Бұл жаттығу дриблингтің сапасын жақсартудың тамаша тәсілі болып табылады.

Аялдамалар мен бұрылыстар агрессивті ойнап жатқан қарсыласпен кездескенде допты жоғалтпауға, жағдайды бағалауға және допты өткізудің ең жақсы нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді. Аялдамалар кезек-кезек екі қадаммен (екі санақ) немесе бір уақытта екі аяққа қону (секіру) арқылы жасалады. Секіру арқылы тоқтағаннан кейін бұрылыстарды кез-келген аяқта жасауға болады; екі санақта тоқтағаннан кейін – тек осьтік аяқта; Осьтік аяқ сайтта орналасқан алғашқы аяқ болып саналады. 

Практикалық бөлім

Сауалнамаға 21 оқушы қатысты

Cпортпен жиі шұғылданасыз ба? (сыныптастарым арасында сауалнама)

Сіз бірнеше мәрте спортпен шұғылдана бастап, алайда әркез тез бас тарттыңыз ба? Жаттығуды бастағыңыз келсе де, оны қалай қолға алу керектігін білмейсіз бе?

Дене шынықтырудың денсаулыққа пайдалы екені, дегенмен жаттығуды әдетке айналдырудың қиынға соғатыны бәріне аян. Спортпен айналыса бастау көптеген адамдар үшін оңай емес.

Біз сауалнама жүргізу арқылы спортпен тұрақты түрде шұғылдануға не кедергі болатынын және қандай спорт жаттығулары көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтынын білдік.

Сауалнамаға сай спортсүйгіштер – 51,7 % және түрлі себептермен (ауа-райы кедергі, сабақтан шаршаймын, аяқ киімім жоқ, сабаққа үлгермеймін…) одан бас тартатындардың – 42 % , пайыздық ара-қатынасы мейлінше жақын.

Сауалнамаға қатысқандар жаттығуға бару қажет пе, жоқ па деген сұраққа жауап берерде көңіл-күй, эмоционалдық жағдайларына қарайды. Сол себепті жаттығуға баратын күнді таңдау қиынға соғады. «Әркез түрліше» деген жауапты сұралғандардың 47% таңдады. Ал, 16.8% мұндай күндер жоқ, «мен машинамын» деп сенімді түрде жауап берді.

Сыныптастарымның көбі, яғни, 45,6% кешке жаттыққанды қалайды. 36.6% ерте тұрып, жаттығуға барады.

Сауалнамаға қатысқандардың 89.2% жүгіруден бөлек (спорттың өзге де түрімен айналысады. Ең танымалы футболда жаттығу– 37.2%. Одан кейінгі сұранысқа ие спорт жаттығулары  – бокс, баскетбол, таэквандо.

Жауап бергендердің көбі (43.6%) спортпен аптасына 3-4 мәрте шұғылданса, 31.2% аптасына 1-2 мәрте айналысады.

Бұдан шығатын қорытынды сыныптастарым спорттың қаншалықты пайдалы екенін біледі екен.

Өміріңіз қаншалықты белсенді болса, соншалықты деніңіз сау, өмір сүруге құлшыныс жоғары болады.  Өзіңізді аямай, жалқаулыққа берілмей, спортпен бүгін айналысыңыз! Сонда ғана жақын келешекте спорттың пайдасын сезіне аласыз!

Қорытынды

Әлем күн сайын жаңаруда. Күн сайын түрлі жаңалықтар ашылуда. Күн сайын жаңа жобалар іске асырылуда. Күн сайын бұл өмірдің бізге дайындаған сыйы артуда.

Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болу керек. Әлемдегі соңғы болған оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Еліміздегі мегаполистердің карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, қоғамдық шаралардың кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық. Ал, ең үлкен өзгеріс – адамдардың жаппай коронавирус ауруына шалдығуы.

Ғалымдар имунитеті жоғары адамдарда бұл ауру жеңіл түрде, ал имунитеті төмен, әлсіз адамдарда ауыр түрде өтетінін дәлелдеді.

Сол үшін біз имунитетімізді көтеруіміз керек.Ол үшін ең әуелі зиянды әдеттерден аулақ болу, дәруменге бай азық-түлікпен тамақтану, спортпен айналысу, 8 сағаттық ұйқы, салауатты өмір салтын ұстануымыз керек.

Сол себепті спортпен шұғылдануға шақырамыз. Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр адамның денсаулығы жақсы болады. Сол себепті спорт денсаулық кепілі екенін ұмытпайық! Спорт сенің серігің- жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- қимыл менен қозғалыс, – дегендей жазғы демалыс күндерінде спортпен айналысуды ұмытпаңыз!

Зерттеу жұмысымды қорыта келе мынадай ұсыныстар келтіремін:

1.Мектепте спортпен жиі шұғылданатындай тегін үйірмелердің (баскетбол) түрі көбейсе;

  1. «Аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп сыныптастарымды, спортпен шұғылдануға шақырамын!

3.Мектебімізде жиі баскетболдан спорттық жарыстар өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді!

You May Also Like

Жұмбақтар, ғылыми жоба

ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРМЕН БАЙЛАНЫС ЖҰМЫСЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІ, ғылыми жоба

Шеберханада жүннен әшекей бұйым жасау, ғылыми жоба

Мазмұны І.Кіріспе……………………………………………………………………………………………………3 ІІ.Негізгі бөлім………………………………………………………………………………………….5 2.2 Жүн өңдеудің түрлері ………………………………………………………………………….9 2.3 Шеберханада жүннен…

«Жер–сенікі, менікі» ғылыми жоба

Оқушысы: Тельман Малика Данияровна Тaқырыбы: «Жер –сенікі, менікі» Aвторы: Тельман Малика Даниярқызы…